Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет38/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115

 2 
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері 
 
65 
 
 
жауап ретінде, орнындауды бақылау сатысында үкіметке сенімді арттыра түсетіндей етіп, 
санкциялардың жеңілінен ауырына көшу.  
 
 
 
Қайтадан бағалау жəне түзету əрекеттері 
 
Құзырлы  орындарда,  реттеушілік  сəйкестікке  қол  жеткізу  жолындағы  табыстар  туралы 
хабарлау,  басқару  жəне  бағалап  отыру  үшін  жекелеген  көрсеткіштері  болуы  керек.  Жұмыс 
нəтижелерін  басқарып  отыру  жүйесі  тек,  əдеттегідей  мониторинг  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ 
барынша  қолайлы  амалдар  мен  стратегияны  ойлап  табу,  үшін  сондай-ақ  жауапкершілік 
деңгейін көтеру үшін қажет.  
 
Қазақстанның табиғат қорғау ұйымдары жұмыс нəтижелерін басқару жүйесін жетілдіруге күш 
салды.  Дегенмен  жақсару  тек  ішінара  ғана  көрініп,  көп  жағдайда  ретту  циклының  жұмыс 
істеуін қамтамасыз  етуші бірқатар  ұйымдардан  түгел  емес, бірер ұйымдардан  ғана байқалды. 
Басты проблемалардың бірі-жұмыс нəтижесі туралы мағлұматтардың тек сипаттама түрде ғана 
болуы,  ал  бұдан  кейін  оның  шешім  қабылдауға  əлсіз  бейімделгенінде  жатыр.  қалың 
жұртшылықтың  қолы  жыл  сайын  жаряиланып  отыратын  статистикалық  мəліметтерге  ғана 
жетеді.  Ал  онда  сəйкестік  жəне  заң  қолдану  туралы  ақпарат  нəтижелерді  елеп-екшеуге  онша 
сəйкес  келмейтін,  қортынды  көрсеткіштермен  ғана  шектеледі.  Құзырлы  орындардың  жұмыс 
барысы туралы есептер жариялауға жатпайды.  
 
2.3 Ұсыныс: 
Экологиялық реттеудің барлық циклында қамтылған мекемелер қызметінің тиімділігін 
артыруға ықпал ету үшін Қоршаған Ортаны Қорғау Минситрлігі, Қазақстан 
Республикасының Сатистика жөніндегі агенттігімен, Бас Прокуратурамен жəне басқа да 
əріптестерімен бірлесе отырып, қарекет  нəтижелерін басқару жүйесін жақсартуы тиіс. Бұл 
үшін ҚОҚМ мыналарды қолға алуы керек:  
• 
Заңдылықты сақтау жəне сəйкестіктің көрсеткіштерін реттеуші циклды уақытында 
қайта қарап, тек ең оңтайлы көрскеткіштерді ғана сақтап қалу.  
• 
Заңдылықты сақтау жəне сəйкестік жөніндегі деректерді бір ізге салып, бір қалыпқа 
түсіру;  
• 
Шешім  қабылдау  процесін  көрсету  үшін  заңдылықты  сақтау  жəне  сəйкестік 
жөніндегі деректерге сəйкес нысанда талдау жасау; 
• 
Деректерді басқару жүйесін пайдаланушылар үшін оның барынша толыққанды, дəлме-
дəл  жəне  ыңғайлы  жүйесін  қалыптастыру  жəне  рұқсаттар  мен  инспекциялар  туралы 
хабарланып тұратын, жалпы жұртшылық қол жеткізе алатындай жүйеде деректер базасын 
қалыптастыру.  
• 
Экологиялық  реттеу  мен  заңдылықты  орындауды  қамтамасыз  етуге  қатысы  бар 
барлық ұйымдар тапсыратын, атқарылған жұмыс туралы есептерді жариялап отыру.   
 
 
 
 



 67 
 
 
3 Тарау 
 
АҚПАРАТ, ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚАТЫСУЫ 
ЖƏНЕ БІЛІМ 
 
 
3.1 
Кіріспе 
 
Қазақстанда 2000 ж.  өткізілген  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  қызмет  нəтижелерінің 
бірінші  Шолуы  (ҚОҚҚНШ)  ҚР  экологиялық  ақпараттылық  табиғатты  қолдануды  басқару 
тізбегіндегі  аса  əлсіз  орта  болып  отыр.  Қоршаған  ортаның  қалпын  қадағалау  жұмысы 1997 
жылдан бастап өз жұмысын тоқтатты. Қолда қандай ақпарат бар екендігін анықтау аса күрделі 
мəселеге айналды, қажетті ақпаратқа қол жеткізудің де мүмкіндігі күрделене түсті. 2000 жылғы 
Шолуда  Қазақстанға  қоғамның  барлық  өкілдері  мен  субьектілерінің:  мемлекеттік  органдар, 
жұртшылық,  ғылым  қайраткерлері,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жəне  үкіметтік  емес 
ұйымдардың (ҮЕҰ)  ынтымақтастығын талап ететін қалыптасқан өзекті мəселелердің шешімін 
тез арада табуы қажеттігі туралы айтылған. 
 
Содан бері Қазақстанда қоршаған орта мониторингі мен ақпарат жүйесінің елдің экологиялық 
саясаты үшін түбегейлі өзгеруіне маңызды мəні бар екендігі туралы жоғары деңгейдегі түсінік 
қалыптасты.  Экономиканың  жалпы  өсімі  жəне,  ішінара,  аса  ластаушы  салалардың  дамуы 
жағымсыз  экологиялық  жағдайлардың  артуына  алып  келуі  мүмкін.  Осындай  нəтижелердің 
алдын  алу  жəне  оларды  азайту  үшін  толық  мəлімет  жəне  сапалы  баға  қажет,  осы  жайттарды 
іздестірумен қазіргі таңда мемлекеттік, облыстық жəне жергілікті деңгейдегі жауапты тұлғалар 
айналысып  келеді.  Түрлі  аймақтарда  адам  денсаулығы  мен  экожүйеге  кері  əсерін  тигізіп 
отырған  жағдайлар  көп  байқалады.
 
Басқа  күшті  санамағанда,  осындай  өзгерістерге  себеп 
болып  отырған  қозғалушы  күштердің,  себеп-салдарлық  байланыстары  мен  əрекеттесу 
шараларының тиімділік деңгейін қалыптастыру үшін жаңа да тиімді əдістер табу қажет. 
 
Бірінші  ҚОҚҚНШ  жазылған  уақыттан  бастап,  Қазақстан  экологиялық  ақпаратқа  үлкен 
қолжетімді  жағдай  қалыптастыруға,  əрі  жұртшылықты  шешім  қабылдауға  тартуға  мүмкіндік 
алып, көптеген жетістіктерге жетті. Аса жетік ақпараттандырылған азаматтық қоғам билік пен 
ластаушы кəсіпорындарға қысым көрсете бастады, осылайша олар саясаткер, бизнесмен жəне 
өнеркəсіпшілердің назарын қоршаған ортаны жақсарту қажеттілігіне жəне соның нəтижесінде 
пайдаға қол жеткізуге болатындығына аударуға күш салды.   Дегенмен, Қазақстан үшін белгілі 
бір  экологиялық  мақсаттық  көрсеткіштерге,  сондай-ақ  қоршаған  орта  жағдайын  уақтылы  əрі 
қолжетімді бағалауды пайдалану мүмкіндігіне жетуі аса күрделі мəселе болып отыр. 
 
3.2 
Қоршаған ортаның мониторингі 
 
«Қазгидромет»  Республикалық  мемлекеттік  кəсіпорны  елдегі  қоршаған  ортаның  қалпын 
бақылау жөніндегі басты ұйым болып есептеледі, сонымен бірге оның құрамында құрылымдық 
бөлімі - Қоршаған  ортаның  экологиялық  мониторинг  орталығы  (ҚОЭМО)  құрылған.  Бұл 
орталық бақылау станциялары мен талдамалық зертханалар торабын басқарады, облыстар мен 
қалаларға  арналған  əдістемелік  нұсқауын  жасап  шығарады,  зерттеулер  жүргізеді  жəне 
экологиялық ақпараттар ағынын басқарады.  
 
«Қазгидромет»/ ҚОЭМО 19 қалада орналасқан 22 талдамалық зертханадан құралған тораптың 
қызметін  басқарады.  Он  зертханада  ауа  мен  су  сынамаларына;  тоғызында – ауа  сынамасына, 
екеуінде – ауа  үстінің  сынамалары  жəне  біреуінде – радиоактивтіліктің  өлшеміне  талдау 
жүргізіледі.  Екі  зертханадан  басқасы  арнайы  аккредиттеуге  ие  болды. 2008 жылы  соңғы  екі 
зертханана да аккредиттеледі деп күтілуде. Зертханаларда жасалынған талдау жұмыстарының 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау