Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет39/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   115

68
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
қорытындысы  Орталыққа  жай  немесе  электронды  пошта  арқылы  жөнелтіледі.  Сынаманың 
шамамен 40% жуығы  өз  зертханасы  жоқ  компаниялардан  түседі  жəне  экологиялық 
нормалардың сақталуын тексеру үшін мемлекеттік зертханамен келісімшарт орнатылған.    
 
90-шы жылдардағы құлдыраудан кейін қоршаған орта мониторингі станциялары торабы қайта 
қалпына  келтіріле  бастады.  Қаржыландыру  жағдайының  жақсаруына  байланысты, 2000 ж. 
бастап  мониторинг  станциялары  мен  нүктелерінің  саны  көбейді (3.1 кесте).  Мониторингтің 
мембюджеттен  жыл  сайын  қаржыландырылуы («Қазгидромет»/  ҚОЭМО  бюджетінің 70% 
құрайтын)  жылына  орта  есеппен 2% артып  отырады.  Бүкіл  артық  үлесті  қаржыландырудың 
басқа да көздерін, ішінара жекеше кəсіпорындар да құрайды.   
 
Қазақстанда  мониторингтің  қолданыстағы  ережелерінің  талаптарына  жауап  беретін 
мониторинг станциялары торабының оңтайлы жəне тиімді беріктігін бағалауға бірде-бір жұмыс 
жүргізілмеген.  Осының  нəтижесінде  қаржыландыруға  қатысты  басымдылықтары  да 
белгіленген  жоқ.  Мембюджеттен  қаржыландыруға  қатысты  түскен  өтініштер  «Қазгидромет»/ 
ҚОЭМО  олардың  аймақтық  органдарынан  түсетін  өтініштерді  іріктеу  түрінде  рəсімделеді. 
Мұның негізгі мақсаты қолданыс станцияларындағы ескірген құрал-жабдықтарды алмастыруға 
жəне өлшеулерді автоматтандыруға негізделеді. 2007 ж. мониторинг үшін қолданылып отырған 
құрал-жабдықтардың шамамен 30 %  жаңартуға немесе алмастыруға мұқтаж болды. 
 
3.1 Кесте: 2000–2007 жж. «Қазгидромет» қоршаған орта мониторингі торабын дамыту. 
 
Торап 2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2010 
жоспарл
ануда
Ауа сапасының мониторингі
мониторинг өткізілетін қалалар
19
20
20
20
20
20
20
21
35
стационарлық бақылау посттары, с.і.
44
43
46
47
47
47
47
50
73
автоматты
23
жылжымалы зертханалар
6
9
13
23
трансшекаралық мониторинг
1
1
1
1
1
1
1
1
Атмосфералық жауын-шашын мониторингі
28
32
40
40
41
41
41
42
53
Қар қабатының мониторингі
32
20
29
32
32
33
47
Жерүсті сулары күйінің мониторингі
бақыланатын су айдындары
44
48
52
67
72
75
74
80
94
гидрохимиялық қақпақтар
80
133
157
168
174
188
180
190
мəлімет 
жоқ
Су мен ауа сапасының аялық мониторингі
1
1
1
1
1
1
1
1
2
Топырақ күйінің мониторингі
топырағында ауыр металдардың болуына
бақылау жүргізілетін қалалар
7
10
11
15
18
32
берік органикалық ластағыштардың болуына
бақылау жүргізілетін қалалар
30
Радиациялық аяның мониторингі
гамма-сəулелену күнделікті өлшейтін 
посттар
49
48
77
69
66
66
67
78
мəлімет 
жоқ
бета-радиоактивтіліктің жиынтығын есептеу 
үшін
жауын-шашын сынамасына іріктеу жүрг-н 
посттар
27
34
40
39
39
40
40
40
мəлімет 
жоқ
Дереккөзі:
 
«Қазгидромет». ЕЭК БҰҰ ОЭП тобына ақпараттық мəлімет жəне ЕЭК БҰҰ қоршаған орта мониторингі 
жəне бағалау жөніндегі Жұмыс тобына елдік баяндама жасау, 2007ж.
  
 
Соңғы  жылдары  жұмсалған  күшке  қарамастан,  мониторингтік  бақылау  жұмыстары  елеулі 
салаларды  қамтымады,  осыған  сəйкес  өлшеуіштердің  сапасы  сынамалардың  сирек  іріктелуі 
себебіне  сəйкес  үнемі  күмəн  туғызады.  Республиканың  солтүстік  өңірінде  жалғыз  ғана 
«Бурабай»  аялық  мониторинг  станциясы  орналасқан.  Қосымша  аялық  өлшеу  жұмыстарын 


 
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім 
69 
 
 
жүргізу  үшін    «Қазгидромет» 2010 ж.  Қазақстанның  оңтүстігіндегі  атмосфера  қалпының 
мониторингтік станциясын жаңалау мүмкіндігін қарастырып отыр.   
 
Өлшеу  нəтижелері  бұрынғыдай  қазіргі  уақытта  да  қоршаған  ауа,  яғни  басым  көпшілігі  тіпті 
бұрынғы  кеңес  одағы  кезеңінде
 
белгіленген  су  қоймалары  мен  топырақтағы  ластаушы 
заттардың шекті-ықтимал концентрацияларымен (ШЫК) салыстырылады. Қазақстан егемендік 
алған  уақыттан  бастап  қайта  қарастыруға  ұшырамады  жəне  мұнда  қоршаған  орта  сапасы 
стандарттарының тізімі халықаралық норма талаптарымен сəйкестендірілмеді. Стандарттардың 
саны  шамадан  тыс  көп;  олар  аса  төмен  ықтимал  концентрациядағы  мыңдаған  ластағыш 
заттармен астасып жатыр. 
 
Регламенттелген  ластаушы  заттардың  шамадан  тыс  мөлшері  мемлекеттік  органдарға 
экологиялық  талаптарды  сақтаудағы  мониторинг  пен  бақылауға  қатысты  орындалуы  қиын 
міндеттер  жүктейді.  Біріншіден,  Қазақстанның  қоршаған  орта  сапасының  кейбір  нормалары 
қолда  бар  өлшегіш  құралдардың  өлшеу  шегінен  тыс  жатыр.  Екіншіден,  кейбір  стандарттар 
жекелеген  заттардың    белгілі  бір  географиялық  облыстарды  немесе  қоршаған  орта 
нысандарында  (мысалы,  су  қоймаларында)  табиғи  жолмен  пайда  болу  жолдарын  мүлдем 
ескермейді. Үшіншіден, жай мониторинг қазір жəне келешекте ластаушы көрсеткіштердің тек 
шектеулі  ғана  жиынтығын  қамти  алады.  Төртіншіден,  қазақстандық  нормалар  өнеркəсіптік 
кəсіпорындардың  осы  нормаларды  сақтауының  техникалық  (кейде  тіпті  экономикалық) 
мүмкіндіктерін  ескермейді.  Нəтижесінде  мониторингтің  қорытындысы  түрлі  деңгейдегі  ПДК
 
артуын үздіксіз хабарлап отырады. Тұтастай алғанда, экологиялық нормалардың қолданыстағы 
жүйесі тиімді экологиялық саясат құруға мүмкіндік бермейді жəне халықаралық озық  тəжірибе 
бойынша қайта қарастыруды жəне келісуді қажет етеді.  
 
Қазақстан  БҰҰ  ЕЭК  қоршаған  ортаны  қорғау  жəне  мониторингтеу  жөніндегі  Жұмыс  тобына 
белсенді  түрде  қатысады.  Алайда  ауаның  ластануының  адамның  денсаулығына  əсер  етуі 
туралы  бағдарламаны  қоспағанда,  Қазақстан  ЕЭК  БҰҰ  ауаның  ластануының  əсерінің 
мониторингі  жəне  бағалауы  жөніндегі  Халықаралық  біріккен  бағдарламаларына  (ХББ)  өзі 
қатысушысы  болып  саналатын  үлкен  арақашықтықтағы  ауаның  трансшекаралық  ластануы 
туралы Конвенциясының (ҮАТАЛК) шеңберінде қатыса алмайды. Бүгінгі таңда Қазақстан өзі 
əлі  белсенді  түрде  қатысып  көрмеген  ауаны  ластағыштардың  ықпалын  зерттеу  жөніндегі 
ұлттық  үйлестіру  орталығын  анықтауға  байланысты  Конвенцияның  Атқарушы  органының 
бірнеше  ұсыныстарына  назар  аудармады.  Бұл  жағдай  Республикадағы  ауаның  ластануының 
орман,  су,  өсімдік  жəне  материалдарға  жағымсыз  əсер  етуі  туралы  қазақстандық  білім  қорын 
едəуір деңгейде əлсіретеді.    
 
Мониторингтің  негізгі  тораптарының  қалпы  төменде  сипатталған,  сондай-ақ 3.1 картада 
берілді.   
 
Ауа сапасының мониторингі 
 
«Қазгидромет»  қалалардың  ауа  сапасын  стационарлық  посттар  арқылы  да,  жылжымалы 
зертханалар  арқылы  да  бақылайды.  Торап  станцияларының  орналастырылу  тығыздығы 
мониторингтің  мемлекеттік  ережелерінің  талаптарымен  сəйкеспейді (50 – 100 мың  қалалық 
тұрғындарға  бір  станциядан).  Дегенмен  бұл  торап  бүгінде (3.1 кес.қар)  жаңаланып  отыр. 
Мембюджеттік  ассигнациялау 14 қаланың  ауа  сапасына  бақылау  жүргізуге  мүмкіндік 
туғызады,  осылайша 2010 жылға  дейін  стационарлық    бақылау  посттарының    жалпы  санын 
46% арттырады. Əрбір үшінші станция келешекте автоматтандырылады.  
 
Қалалардың басым көпшілігінде мониторинг бағдарламасы 4 ластағышты қамтиды: өлшенген 
бөлшектердің  жиынтық  мазмұны  (ӨБЖМ),  азот  қос  тотығы (NO
2
),  күкірт  қос  тотығы (SO
2
), 
көміртегі  тотығы (CO). Кейбір  станцияларда  қалдықтардың  жəне  қолданыстағы  өнеркəсіптік 
күштерінің аймақтық жəне/немесе жергілікті ерекшеліктеріне байланысты қосымша ластағыш 
заттардың пайда болуы байқалуда (Өскеменде олардың 16 түрі бар екендігі анықталып отыр).  


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау