32
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
2010 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарының (2001 ж.) бір бөлігі болып
саналатын 2010 жылға дейінгі агроөнеркəсіптік саясат өндірістік технологияларды заман
талабына сай жаңарту жəне отандық нарықты қорғау арқылы ауылдық аудандардың
экономикалық жағдайын жақсартуды басты нысана етіп алған. Дегенмен аталған Саясатқа
қоршаған ортаны қорғауға, тұрақты ауыл шаруашылық тəжірибе немесе тұрақты жер,
пестицид жəне жер тыңайтқыштарын қолдануға қатысты ешқандай мəселелер енгізілмеген.
2006–2010 жылдарға арналған ауыл шаруашылығын Тұрақты даму тұжырымдамасы (2005
ж.) ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру, оның тиімділігін арттыру жəне азық-түлік
өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған болатын. 2006–2010
жылдары ауыл шаруашылығын тұрақты даму Тұжырымдамасын (2005 ж.) жүзеге асыруға
арналған 2005–2008 жылдары атқарылатын іс-шаралар жоспары техникалық ауыл
шаруашылығы құралдарын жаңартумен қатар, Бүкілəлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіру туралы
ағымдық келіссөздерді назарға ала отырып, ауыл шаруашылығына тиесілі отандық өнімдердің
бəсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында, БСҰ талаптарына сəйкес, ауыл шаруашылық
өнімдерінің қауіпсіздік жүйесі мен сапасын бағалау үрдістерін үйлестіруге бағытталған.
2004–2010 жылдарға арналған ауылдық аудандарды дамыту Бағдарламасының əлеуметтік
бағытқа негізделген. Оны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2004–2006) 100 ауыл мектебі, 63
денсаулық орталығы, сумен қамтамасыз ету жүйесін қосқанда, ауыз суын өндіруге қатысты
193 қондырғы құрылыстарына 202 миллиард теңге (бұл шамамен 1.6 миллион доллар)
жұмсалды. Келесі кезеңі ауылдық аудандардағы ақпараттық технология мен байланыс
технологияларын (АБТ) арттыруды жəне микрокредиттеу арқылы кəсіпкерлікті дамытуды
ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ пошта жəне банк жүйелері ұйымдастыруды талап
етеді. Сонымен қатар 5,250 ауылдық білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет жəне спорт
орталықтары жəне 1000 сумен қамтамасыз ету пункттері құрылыстарын қаржыландыруды
қарастыратын, ауылдық аудандарды дамытудың облыстық бағдарламаларын құру жөніндегі
жоспар да жасалынған.
1.3
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі саясат, стратегиялар жəне жоспарлар
2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы
жылы қабылданған 2004–2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы
(ЭҚТ) қоршаған ортаны қорғау туралы негізгі стратегиялық құжатқа айналды. ЭҚТ экожүйенің
сақталуы мен табиғи жəне өнеркəсіптік апаттардың алдын алуды қосқанда, қоршаған ортаны
қорғауды қамтамасыз етудің қағидалары мен басымдылықтарын айқындайды. Оның бірінші
сатысына (2004–2007 жылдар) қалдық деңгейін бағалау жəне ластану деңгейін төмендету
шараларын дайындау міндеттері тиесілі. Екінші (2008–2010 жылдар) жəне үшінші (2011–2015
жылдар) сатылары қоршаған ортаның сапасын тиісті деңгейде тұрақтандыруға жəне жабайы
табиғатты қорғауға қатысты экологиялық талаптарды күшейтуге бағытталған.
ЭҚТ төмендегідей негізі сұрақтарды анықтайды :
•
ауа райының өзгеруіне жəне озон қабатының бұзылуына əкелетін антропогенді қызмет
түрлерін азайту ;
•
биоалуандықты сақтау, шөлге айналудың жəне жердің нашарлауының алдын алу ;
•
экологиялық апатты аймақтарды жəне əуе/ғарыштық сынақ полигондарынан
залалданған аймақтарды қайта қалпына келтіру ;
•
Каспий теңізінің ластануының алдын алу ;
•
су ресурстарын ластанудан қорғау жəне суды пайдалануды қысқарту ;
•
бұрын жіберілген ластануды жою;
•
ауаның радиоактивті, бактериологиялық жəне химиялық ластануын төмендету, ауаның
трансшекаралық ластануын қосқанда;
•
өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтардың көлемін қысқарту;
•
табиғи апаттардың салдарына əрекеттесу.
1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары
33
Экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі қызмет жоспары (2004
ж.) қоршаған ортаның жағдайын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталды жəне ол 2005–2007
жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының жасалуына негіз болады.
2004 жылы Тұжырымдаманың бірінші сатысын іске асыру мақсатында 14 облыстың
əрқайсысы, сонымен бірге Алматы мен Астана қалалары 2005–2007 жылдары қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі өзіндік жергілікті бағдарламаларын жасап шығарды (1.5 ендірмені қар.). Бұл
бағдарламаларда есеп айыру бағасы мен қаржыландыру дереккөздерін қосқанда, белгілі бір
жобалар қамтылуы мүмкін еді (мысалы, орталық немесе жергілікті бюджеттен, кəсіпорын
құралдары жəне шетелдік гранттар).
1.5 Ендірме Қарағанды облысының 2005–2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау
бағдарламасы
Қарағанды облысында қоршаған ортаның елеулі прессингін құрайтын, кен өнеркəсібі, ауыр өнеркəсіп пен
ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Табиғи ресурстар мұнда кеңінен қолданылады, жəне оларды қорғау
мəселесі көбіне назардан тыс қалып қояды. Жергілікті суларда сынаптың жоғары деңгейде кездесетіндігі
анықталды. Балқаш көлі өнеркəсіптің ластау қаупіне ұшыраған, оның деңгейі суарылуға жіберілетін судың
басым бөлігіне орнатылған су қақпағының ықпалымен төмендетілген. Облыстағы экологиялық жағдайды
жақсарту мəселесі ұзақ мерзімді шараларды талап ететін негізгі міндет болып саналады.
2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық Бағдарламаға сəйкес 2005
жылдың желтоқсан айында жергілікті басқару органдары қоршаған ортаны қорғау туралы Облыстық
бағдарламасын жасап шығарды. Берілген бағдарламада ауа мен судың, жерасты ресурстарының ластану
деңгейін төмендету жəне қалдықтарды азайту туралы нақты жұмыс бағыттары көрсетілген. Бюджеті 3.8
миллиард теңгені құраған Бағдарлама (375 миллион АҚШ доллары) жергілікті бюджет, ластаушы
кəсіпорындар мен басқа да дереккөздердің құралдары тарапынан қаржыландырылды. Кəсіпорындар
салған құралдары Бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалатын жалпы шығынның жартысынан астамын
құрайды деп күтілді.
Негізгі басымдылықтар қатарына кəсіпорындардың күкірт қалдықтары мен көмір шахталарының метан
қалдықтарын тастауын қысқарту, сондай-ақ жерасты жəне жерүсті суларын ластанудың барлық
көздерінен, ішінара Кен өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығының ластаушы көздерінен қорғау жұмыстары
кіреді. Облыста оның аумағына жақын Семей ядролық сынақ полигонының радиоактивті жəне химиялық
сынағын зерттеу жəне қоршаған ортаға ықпал етуін бағалау, сондай-ақ осы аумақтарды қайта қалпына
келтірудің техникалық шараларын дайындау жұмыстары жалғастыру жоспары жасалынды. Бұған қоса,
облыста «Байңоңыр» жұмысымен байланысты оның ықпалын төмендету жөніндегі жұмыстар атқару қолға
алынбақ (мысалы, зымыран жəне оның құрамдас бөлшектерінің жекелеген бөліктері).
Ескерту: 2005–2007 жылдарға арналған қызмет Жоспарының бір бөлігінде 2005–2007 жылдарға арналған
Қарағанды облысының жердің шөлге айналуымен күресу Бағдарламасы жобасын жүзеге асыру міндеті
қамтылған. Аталған жоба облыстағы құрғақшылық жерлерін (Шет ауданы) басқару жүйесін жетілдіруге
бағытталған. Жобаның бағасы 550 миллион теңгені құрайды (4.3 миллион АҚШ доллары).
2005–2015 жылдарға арналған шөлге айналумен күрес жүргізу бағдарламасы
Жердің шөлге айналуы мен тозуы – Қазақстанның ең өзекті мəселесі. Ел Үкіметі осы аталған
мəселелерді 2005 жылы қабылданған 2005-2015 жылдарға арналған шөлге айналумен күресу
Бағдарламасы арқылы шешуді көздеп отыр. Оның бірінші сатысына (2005–2007 жыл) шөлге
айналуға ұшыраған жерлерге инвентаризация жүргізу жəне бағалау жұмыстары кіргізілді.
Шөлге айналумен күрес жүргізу шаралары туралы шешім қабылдауда жұртшылықтың
қатысуы мен ақпараттылықтың деңгейін арттыру мəселелеріне басты назар аударылды.
Шектеулі ресурстардың болуына қарай жердің құлдырауының алдын алу мақсатында жерді
қайта қалпына келтіру жөніндегі ұшқыш жобасының тек кішігірім бөлігі ғана бағдарламаның
бірінші сатысында қамтылды. Ал шөлге айналу барысы
бақылауға қол жеткізу мен осы
мəселені кідіртуге арналған тұрақты жағдай қалыптастыру бағдарламаның екінші (2008–2010
жыл) жəне үшінші (2011–2015 жыл) сатыларының негізгі міндетіне айналды. Бұл жерді
қолдану үрдістерін ұйымдастыруға байланысты нормативтік талаптарды жүргізу, тұрақты жер
қолданысының экономикалық ынталандыруы жəне халықаралық конвенцияның талаптарын
орындау сияқты шараларды қолдану арқылы іске асырылмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |