Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет19/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115

26
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
жасалатын  басты  құжат  болып  табылады.  Басты  кешенді  тапсырма 2001-2010 – жылдар 
аралығындағы экономикалық тіршілік деңгейін екі есе көтеруге келіп саяды.  
 
«Қазақстан-2030» қоршаған ортаны қорғау мен ТД бойынша бірқатар мақсатарды біріктірген. 
Солардың  ішінде:  қоршаған  орта  сапасын  тұрақтандыру,  адам  өміріне  жайлы  келетін  ортаны 
қамтамасыз  ету,  келер  ұрпақ  үшін  табиғи  байлықтарды  қорғау  мен  солардың  өндірілуі  мен 
пайдаланылуын тиімді ету секілді мақсаттар бар.  
 
«Қазақстан-2030» бағдарламасының екінші кезеңі 2010-жылға дейінгі дамудың стратегиялық 
жоспарының    2001-  жылы  қабылдануымен  қатар  келді.  Бұл  жоспар  еңбекпен  қамту  мен 
əлеуметтік  қорғау,  денсаулық  саласындағы  реформалар  жəне  агроөндірістік  саясат 
бағытындағы стратегиялық негіздерді қамтиды. Бұл жалпы бағыттар неғұрлым егжей-тегжейлі 
келетін  жəне  1998-2008  жылдарға  арналған    «Халық  денсаулығы»  бағдарламасы  мен  2005-
2007-жылдардағы  əлеуметтік  реформаларды  тереңдету  бағдарламасында  қарастырылған  
мақсаттар мен шаралар жиынтығына негізделіп айқындалған. 
 
«Қазақстан-2030»  жəне  мемлекет  таңдаған  өзге  де  басты  стратегиялық  бағыттармен  бірге 
қоршаған  ортаны  қорғау  мен  ТД  бойынша  бірқатар  құжат  пысықталып  алынды (1.1 
салындысын қара).  
 
1.1 Ендірме:  Тұрақты даму жəне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі негізгі стратегиялық құжаттар 
 
ƒ
 1999 
– 
Биоалуандықты сақтау мен тұрақты дамытудың ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспары  
ƒ
 
2000 –  2030-жылға дейін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен белгілеу 
тұжырымдамасы 
ƒ
 
2002 – 2002–2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы 
ƒ
 
2003 – 2003–2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында кедейшілікті азайту 
бағдарламасы 
ƒ
 2003 
– 
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдар аралығындағы өндірістік-инновациялық даму 
стратегиясы    
ƒ
 
2003 – 2004-2015 жылдар аралығындағы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы 
ƒ
 2005 
– 
Қазақстан Республикасында 2005-2015 жылдар аралығында  шөлейттенумен күрес 
бағдарламасы 
ƒ
 2006 
– 
Қазақстан Республикасының  2015 жылға дейінгі аумақтық дамуы  жөніндегі стратегиясы  
ƒ
 2006 
– 
Қазақстан Республикасының  2007-2024 жылдар аралығында тұрақты дамуға көшу 
тұжырымдамасы (ТДКТ)   
 
2008–2010  жылдар  аралығындағы  əлеуметтік-экономикалық  дамудың  орта  мерзімді 
жоспары  
 
Қазақстан  Республикасы  үкіметінің 2008–2010 жылдар  аралығындағы  əлеуметтік-
экономикалық  дамудың  жоспары  стратегиялық  жоспарларында,  Президент  жолдауларында 
жəне  Республикалық  бюджеттік  комиссия  қабылдаған    Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  
2007–2009  жылдарға  арналған    бағдарламасында  белгіленген  басымдылықтар  бойыша 
қортындылар шығарады, сондай–ақ шешілуі тиіс келешек мəселелерді айқындап қарастырады. 
Атап  айтқанда,  Жоспар  экологиялық  сақтандыру  мен  аудит,  экологиялық  білім  беру, 
экологиялық  хабарландыру  жəне  шешім  қабылдауға  қатысу,  сонымен  қатар  жаңғырмалы 
энергияға  қатысты  ісшаралар  секілді  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  ТД  жөніндегі  іс–
қимылдарды қамтиды.  Оларға ТД индикаторлары, ТД бойынша орталықты жəне стандарттау 
бойынша жаңа техникалық комитеттерді ашу кіреді. 
 
1.2 
Тұрақты дамудың саясаты, стратегиялары жəне жоспарлары  
 
Тұрақты дамуға көшудің тұжырымдамасы 
 
2006  жылы  қабылданған  2007–2024  жылдарға  арналған  тұрақты  дамуға  көшудің 
тұжырымдамасы (ТДКТ) Қазақстанда  ТД-ға  қол  жеткізудің  басты құжаты  болып табылады. 
Соны  жүзеге  асыру  мақсатында  Қазақстан  Республикасының  үкіметі  2007– 2009жылдарға 


1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары 
27
 
 
 
арналған ТДКТ – ны жүзеге асыру қимылдары жоспарының алғашқысын бекітті (Cалынды 1.2. 
қараңыз). Орталық жəне жергілікті атқарушы органдар əр жартыжылдық сайын жұмыс барысы 
жайында Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (ҚОҚМ) есеп беріп тұруы тиіс.  
 
ТДКТ  мақсаты    ел  экономикасының  ұзақ  мерзімді  бəсекелестігіне  қауіп  төндірмей, 
экономикалық,  əлеуметтік  жəне  экологиялық  мақсаттардың  тиісті  тепе-теңдігіне  қол  жеткізу. 
Ол  ТД  негізгі  қағидаларын  анықтайды,  негізгі  міндеттерін  сипаттайды  жəне  саяси  іс-
шараларды жүзеге асыруға қатысты базалық механизмдерін ұсынады. ТДКТ белгілі бір мерзім 
ішінде  атқарылуы  тиіс  сандық  мақсаттағы  тиімділіктің 12 индикаторын  белгіледі    (1.3 
ендірмені қар.). 
 
1.2 Ендірме: Мемлекет қаржыландыратын жобаларды бекіту үдерісі 
 
Мемлекеттік бюджет қаржысымен қаржыландырылатын жобаларды мақұлдаудың процедурасы келесідей 
негізгі сатылардан тұрады: жобалық ұсынысты пысықтаған əкімшілік орган сол жобаны жүзеге асырудың 
шаралары жоспарын жəне қажет болып тұрған бюджетті  ұсынуы тиіс. 
 
Республикалық бюджеттік комиссия жобаның жүзеге аса алу мүмкіндігін жəне жобаның қайталанбауын 
тексереді. Жоба мақұлданған жағдайда сұралып отырған бюджет автоматты түрде мемлекеттік 
бюджет аясында  бөлініп тұрады. Жобаны жүзеге асырушы жыл сайын  Республикалық бюджеттік 
комиссияға жəне Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігіне жобаның іске асу барысы жөнінде 
есеп беріп отырады. 
 
 
Əрбір жобаның  жүзеге асырушылары мен мақсаттары болуы тиіс. Процедураның жақсы пысықталғанына 
қарамастан, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі жобалардың игерілуін неғұрлым тиімді 
сараптауға мүмкіндік беретін сараптамалық тетіктердің қажет екенін мойындап отыр. Бұл əсіресе 
ТД жөніндегі жобаларға қатысы бар, олар өзара байланысқан үш түрлі негізді біріктіретіндіктен əдетте 
күрделі келеді. 
 
Дереккөзі: 2007–2024 жылдары тұрақты дамуға көшу жөніндегі Тұжырымдама  (2006 ж.)
 
 
Тұрақты  даму  жөніндегі  Ұлттық  Кеңес  (ТДҰК)  оның  жұмысшы  органы  ретінде  қызмет 
атқаратын  ҚОҚМ  бірге  ТДКТ  жүзеге  асыруға  жауапты  институт  болып  саналады 
(Институционалды шеңбер жəне потенциал тар.қар.).  
 
ТДКТ жүзеге асыру барысындағы алға басушылық 2006 жəне 2024 жылдар аралығында, əрбір 
үш жыл сайын өлшенетін болады. Қоршаған ортаның сапасына келетін болсақ, мұндағы алға 
басушылық  экологиялық  заңнама  жəне  саясат
3
  бойынша  экологиялық  тұрақтылық  жөніндегі 
Йельск  Орталығымен  (ИЭО)  жасалынған  индекстің  негізінде  өлшеніп  отырады.  ИЭО  орташа 
шамамен 21 жиынтық  экологиялық  индикаторды  білдіреді,  өз  кезегінде,  олардың  əрқайсысы 
негіз құрайтын 76 өзгермелі бірліктің жиынтығына негізделіп жасалған. Осы ауыспалылардың 
көпшілігінде Қазақстан бойынша ешқандай мəлімет жоқ. Осыған байланысты негізді мəнге ие 
болғанға дейін, индекске тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.    
 
1.3 ендірме:  Тұрақты дамуға өту тұжырымдамасы тиімділігінің 12 негізгі көрсеткіші 
 
1. 
Халық, миллион адам 
2. 
Болжалды өмір сүру ұзақтығы, жыл 
3. 
Орташа өмір сүру ұзақтығы 
4. 
Еркектер мен əйелдердің болжалды орташа өмір сүру ұзақтығының айырмашылығы, жас 
5. 
Энергия тұтыну , ГВт 
6. 
Энергияны өңдеу, ГВт 
7. 
Энергиядан айрылу, ГВт 
8. 
Ресурстарды қолдану тиімділігі Ағымдағы жылдағы энергия өндірісі көрсеткіштерінің  
өткен жылғы энергия қолдану көрсеткіштеріне арақатынасы. 
9. 
Қоршаған ортаның сапасы 
10. 
Тұрмыс деңгейі, КВт/халықтың саны 
11. 
Тұрмыс сапасы, КВт/ч 
12. 
Экологиялық тұрақтылық көрсеткіші 
 
 
                                                 
3
  http://www.yale.edu/esi/ қар. 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау