28
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
ТДКТ ресурстарды пайдалану тиімділігінің индекстерімен өлшенетін (РПТИ), өндірістегі
ресурстарды қолдану тиімділігін арттыруға басты назар аударады. Оның назар аударатын
келесі бағыты Қазақстанда əлі күнге төмен болып отырған өмір сапасын арттыру. Бұл
көрсеткіш өмір сүру ұзақтығы, халықтың жан басына кірісі, білімі мен экологиялық
қауіпсіздігі саласындағы жетістік сияқты индикаторлардың көмегімен өлшенетін болады.
Қоршаған ортаның басымдылығына мыналар жатады:
•
кедейлікпен күресу;
•
халықтың денсаулығына қатысты экологиялық қауіптің алдын алу жəне деңгейін
төмендету;
•
шөлге айналумен күресу;
•
биологиялық əралуандықты сақтау;
•
көшетханалық орындардан бөлінетін газ жəне озон қабатын бұзатын заттармен қатар,
атмосфераға тасталатын қалдықтарды қысқарту;
•
ауыз суға қолжетім деңгейін кеңейту;
•
трансшекаралық қоршаған орта мəселелерін шешу;
•
қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру;
•
радиациялық жəне биохимиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.
ТДКТ жүзеге асырудың «Қазақстан-2030» бағдарламасына сəйкес 4 кезеңі мен мерзімі
қарастырылған.
Сондай-ақ
экономикалық
диверсификациялау
мен
технологиялық
инновацияларды уақтылы алға жылжытумен бірге барлық саяси салаларға ТД қағидаларын
енгізуге арналған дайындық кезеңі де (2007–2009 жж.) назардан тыс қалмаған. Келесі кезең
(2010–2012 жылдар) басты мақсатқа қол жеткізуге, яғни Қазақстанды Бүкілəлемдік
экономикалық форум индексімен анықталатын бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізуге
бағытталған.
2007–2009 жылдардағы дайындық кезеңіне арналған іс-шараларының жоспарында мақсаты
жəне атқарылатын нақты іс-шаралар қамтылған, тағайындалған мемлекеттік органдар
көрсетілген, осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қолданыстағы қаржы ресурстары мен
мерзімі белгіленген. Негізгі қабылданған іс-шаралар қатарына заң шеңберіне кіретін ТД
қағидаларын интеграциялау жəне жаңа стратегия мен заңдарды өңдеу, мысалы
энерготиімділік, қайта қалпына келтірілетін энергия жəне суды қосқанда, қайта қалпына
келтірілетін дереккөздер туралы заңдарды өңдеу шаралары жатады (1.4 енд.қар.). ТД жөніндегі
ұдттық орталық жəне су ресурстары орталығы сияқты жаңа институттар құру жұмысы да
жоспарланған. 2006 жылы қаржы құралы ретінде қызметтегі даму институттарының негізінде
Тұрақты даму қоры құрылды («Қазына»
4
Қоры) (6 тар.қар.). Бұл қордың мандаты – ТД
қағидаларымен қатар экономикалық өсімді жəне бəсекеге қабілеттілікті алға ілгерілету. Бүгінгі
таңда аталған қордың портфелінде экологиялық жобалар жасалынған жоқ.
Қызмет
Мемлекет қоғамның барлық секторын ТД жəне экологиялық қауіпсіздік мəселелерін
талқылауға қатыстыруға талпыныс жасауда. Елде ҚОҚМ өкілдері, мемлекеттік тұлғалар,
ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, мəслихат
5
мүшелері, іскер топ жəне халықаралық
ұйым өкілдерінің қатысуымен бірқатар семинар, конференция т.б. іс-шаралар өткізілді. Осы
аталған оқиғалар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды жəне ТД туралы
қоғамдық пікірдің қалыптасуына жəне оны насихаттауға қатысты маңызды рөл атқарды.
Жалпы алғанда, мұндай кездесулер ТД алға жылжыту бойынша мемлекеттік ұйымдар құруға
үлкен септігін тигізді.
4
Слово “казына” в переводе с казахского означает “казна”.
5
Мəслихат – жергілікті деңгейдегі дəстүрлі қазақ кеңесі (əкіматпен сал.).
1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары
29
Облыстық жəне жергілікті деңгейде тұрақты дамуға көшу туралы Тұжырымдаманың
жүзеге асырылуы
ТД облыстық жоспары су ресурстарын шоғырлана басқаруға (СРШБ) (9 тар.қар.) берілетін,
елдің негізгі өзен бассейндеріне (1.1 картаны қар.) сəйкесетін, сегіз аймаққа арналған аймақтық
деңгейде жасалуы қажет. ТДКТ жоспарына сəйкес, оған басқа іс-шаралармен қатар, еңбек
қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздікке, кедейшілік деңгейін төмендетуге, азаматтық қоғамды
дамытуға, аймақтық экономикалық дамуға, экологиялық тұрақтылық пен қоршаған ортаның
экономикалық құралдарын енгізуге бағытталған іс-шаралардың кең аясын жүзеге асыру
барысы қамтылған. Бірқатар облыстарда, мысалы Балқаш-Алакөл аймағында ТД дербес
бағдарламалары мен жоспарын жасау жұмысы басталды. 2007–2009 жылдарға арналған
Балқаш-Алакөл бағдарламасының жүзеге асырылуы 215.3 миллион теңге шамасында
бағаланып отыр (бұл шамамен 1.8 миллион АҚШ долларын құрайды). Бұл сомаға мемлекеттік
бюджетті, жергілікті кəсіпорындар мен халықаралық грантты ассигнациялау міндеті кіреді.
2008 жылы Арал-Сырдария аймағы мен Жайық-Каспий аймағының ТД бағдарламасы
жасалады деп күтілуде. Ұлттық үкімет пен ТД аймақтық бөлімдерінің аралығындағы диалогқа
əрекеттесу үшін ТД негізгі мəселелерін шешуге бағытталған үйлестіру орталықтарын құру
жоспары да бар.
1.4 Ендірме: Энергияны тиімді пайдалану жəне ТД мəнмəтінінде жаңғыртылатын энергия көздерін
2024 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасы
Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің (ТДҰК) сұранысы бойынша, ҚОҚМ жəне Экология жəне Климат
Қазақ Ғылыми-зерттеу институты (ҚазЭжКҒЗИ) энергияның баламалы дереккөздерін дамыту туралы
Тұжырымдама жасады. Тұжырымдама жобасы энергетика жəне минералды ресурстар Министрлігінің
қарарына ұсынылды, бұл Министрлік оның техникалық мазмұнын талдауға жəне жөндеуге қатысты жұмыс
тобын құрды. Қаржы салдарын талқылау мақсатында барлық министрліктер бойынша мəтінге енгізілген
толықтырулар мен өзгерістер 2007 жылдың қыркүйек айында ТДҰК мақұлданып, ҚР Үкіметінің қарарына
ұсынылды.
Аталған Тұжырымдама 2024 жылға дейінгі кезеңдегі энерготиімділікті арттыру есебінен энергияны сақтау
мақсатын алға қояды. Мұндағы аралық мақсат – 2009 жылға дейін энерготиімділігін 33 пайызға дейін
арттыруды көздеп отыр. Құжатта сондай-ақ қайта қалпына келтірілетін энергияның баламалы көздерінің
үлесіне қатысты бастапқы энергияның жалпы ұсынысында (БЭЖҰ) қайта жаңартылатын энергияның
дереккөздерін дамытудың орташа мерзімді жəне ұзақ мерзімді мақсаттары берілген (мысалы, энергияның
баламалы дереккөздерінің үлесі бастапқы энергияның жалпы ұсынысында 2012 ж. – 0.05%, ал 2018 ж. –
5% құрауы тиіс). Қайта жаңартылатын энергияны дамыту барысы жел, күн энергиясы мен жылу
сорғыларына негізделген. Іске асырылып жүрген пилоттық жобалары түрлі энергиялық баламаларда
айқын басымдылығымен, уақтылы орындалуымен көзге түсуде. Мəселен, Алматы облысында
халықаралық қауымдастықтың қолдауы бойынша жел қондырғылары құрылысының пилоттық жобасы
жасалынды. Тұрғын үй бөлмелерін жылытуға қолданылатын жылу сорғыларының қолданылу тиімділігін
көрсететін демонстрациялық жобалар да қолданыста бар. Тұжырымдамада қайта жаңғыртылатын
энергияға арналған баламалы құқықтық шеңбер құру, сондай-ақ осы технологияларды кеңінен таратуға
деген ынталандыруды арттыру қарастырылған.
Іс жүзінде, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау Министрлігі энергияның баламалы көздерін қолдануға өз
салымдарын салуға дайын инвесторларды (отандық жəне шетелдік) қызмет барысына тарту
бағдарламасын жасады. Баламалы энергия өндіретін инвесторлардың салық жеңілдіктері болады.
Дегенмен елде халықты өз үйлерінде энергияны қайта жаңартатын көздер орнатуға бастайтын ешқандай
экономикалық ынталандыру жоқ, ал электроэнергияның бағасы бұрынғысынша төмен болып отыр, бұл
энергияны қайта жаңарту нарығы деңгейін көтеруге мүмкіндік бермейді (8 тар.қар.). Тұжырымдамада алға
қойылған мақсатқа қол жеткізумен байланысты қаржы нəтижелерінің талдауы берілмеген.
Астана жəне Алматы сияқты екі ең ірі қалаларда ТД дербес жоспары жасалынған, бірақ
олардың əрқайсысы сегіз аймақтың біреуінің құрамына кіреді. Астана қаласының тұрақты
даму стратегиясы жəне қызмет жоспары (ТДСҚЖ) ҚР Президентінің 2006 жылғы үкімімен
бекітілді. Үш жылдық қызмет жоспары Астана қаласының атқарушы комитеті жəне жуырда
құрылған Астана ТД Орталығының қамқорлығымен жүзеге асырылуда. 26 бағдарламаны
жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жұмыс барысын мониторингтеу мақсатында ТД
индикаторлары жасалады. Сондай-ақ жұмыс барысы туралы жыл сайын есеп те дайындалмақ.
Астана қаласының негізгі əлеуметтік мəселелерінің қатарында мұндағы денсаулық сақтаудың
Достарыңызбен бөлісу: |