Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет18/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   115

Кіріспе
 
21
 
 
 
жарылыстары жасалып, біршама аумақтарға радиоактивті жауын-шашындар жауды. Сынақтар 
көбіне  жергілікті  халықты  эвакуациялаусыз  немесе  ескертусіз  жүргізіліп,  адамдар 
радиацияның  үлкен  дозаларына  ұшырады.  Семейдегі  сынақтарға  тиым  салу  күшіне  енгеннен 
кейін 1990 жылы  ядролық  сынақтардың  тоқтатылғанына  қарамастан,  өңірде  радиациямен 
зақымдалу, туа біткен кемістіктер, анемия (қаназдық) пен лейкомия оқиғалары тарады. 
 
Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  қызметтің  Бірінші  шолуын  дайындаған    кезден  бері 
(2000  ж)  Семей  Ядролық  сынақ  полигонында  радиацияға  қатысты  бірқатар  іс-шаралар 
жүргізілді.  Осы  іс-шаралар  негізінен,  полигон  аумағына  барлау  əрекетін  жүргізуге  жəне  
зақымдалған  аймақтың  картасын  жасауға  бағытталды.  Қазір  Ұлттық  ядролық  орталық  осы 
аталған аумақта радиологиялық жəне экологиялық сараптама жүргізуде.  
 
Семей сынақ полигонының қауіпсіздігін, соның ішінде, іргелес аумақтарда  тұратын халықтың 
қауіпсіздігін  арттыруға  байланысты  шаралар  қабылданды.  Полигоннан  тыс  жерлердегі 
радиацияның  анағұрлым  айқын  дерегін  алу  үшін  мемлекеттік  эпидемиологиялық  қадағалау 
қызметі  Павлодар  облысындағы  іргелес  Май  ауданында  өзінің  мониторингтік    қызметін 
кеңейтті. 2005 жылы сынақ полигонының шекараларын белгілеу үшін 600 км демаркациялық 
сызықты қамтитын шаралар жоспарланды, бұл шаралар жергілікті халықтың, мал жаю  сияқты 
заңсыз  əрекеті  үшін  зақымданған  жерлерді  пайдалануына  бағытталады.  Өкінішке  қарай,  осы 
қауіпсіздік шараларының іске асырылғаны туралы ақпарат жоқ. 
 
1999-2006  жылдар  арасында  халықаралық  ұйымдардың  қатысуымен  радиацияның  əсерін 
зерттейтін  бірқатар  жобалар  жүргізілді.  Осы  бағдарламалар  радиацияның  əсеріне  ұшыраған 
халықтың  ұлттық  электронды  медициналық  тізімдемесін  жасауды,  сондай-ақ  иондайтын 
радиацияның  шекті шамадан тыс дозаларының халықтың өмір сүру ұзақтығына, бала туу мен 
өлім-жітімге тигізетін əсерін зерттеуді қамтыды. 
 
Аудандарды  аймақтарға  бөлуді  жəне  бүкіл  ел  бойынша  уран  өндірудің  нəтижесінде 
радиоактивті  заттармен  зақымдалған  учаскелерін  анықтауды  мамандандырылған  ұйым 
жүргізеді. Бірқатар радиоактивті артқы үйінділерді қалпына келтіру ісі қолға алынды (сондай-
ақ 8 тараудағы 8.3 Ендірмені қараңыз).     
 
 


 
 
 
  
Кіріспе
  
 
22 
I.1 Карта: Қазақстан картасы 
 
Ескерту: Картада көрсетілген шекаралар мен атаулар ресми түрде танылмауы жəне БҰҰ тарапынан бекітілмеуі  мүмкін.
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
I БӨЛІМ: САЯСАТ ЖАСАУ, ЖОСПАРЛАУ 
ЖƏНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
 
 
 
 
 
 
 
 



25
 
 
 
1 Тарау 
 
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖƏНЕ 
ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДА САЯСАТ 
ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ  
 
 
1.1 1999 
жылдан бері қол жеткен прогресс, жəне ағымдағы мəнмəтін   
 
Экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық жағдай 
 
Он  жыл  құлдыраған  Қазақстан  экономикасы 2000-жылдан  бастап  жоғары  қарқынмен  өсе 
бастады. Шынайы ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) –нің жылдық орташа өсімі 10 пайыздан асты. Елдің 
мол  көлемдегі    қазба  байлықтары  мен  минералды  ресурстарына  деген  əлемдегі  жоғары 
сұраныс,  мал  шаруашылығы  мен  бидай  өндірісі  бар  аймақтарда  ауыл  шаруашылығының 
гүлденуі,  экономикалық  реформалардың  қолдауын  көрген  қызмет  көрсету  саласының  екпінді 
дамуы,  жекешелендіру  саласындағы      алға  басушылық  пен  тікелей  инвестициялардың  келіп 
құйылғаны –қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылдарды қарастырған алғашқы Шолу 
жазылғаннан кейін елдің экономикалық ахуалының мейілінше өзгеруіне мұрындық болды. 
 
Аталған кезеңдегі басты мəселе кедейшілікті жою (халықтың 28% - ы күнкөріс қалтасының ең 
төменгі  көлемінен  аз  келетін    табыс  тауып  отырды),  қоршаған  орта  сапасының  нашарлауын 
ауыздықтау, атап айтқанда, қоршаған ортаға экономикалық тірлікке байланысты тиетін əсерді 
өсірмеуге  тірелді. 2006-жылы  Қазақстан  Республикасының  Президенті  елдегі  тұрақты  дамуға 
(ТД) жоғары басымдылық берілетінін жариялады.  
 
ҚР  Үкіметінде 2000-2002 жылдар  аралығындағы  кезеңде  экологиялық  мəселелер  аясындағы 
құзыреттерді  қайта  бөлістіру  бағытында  өзгертулер  орын  алды,  ол  кезде  су  қорлары  мен 
ормандарды  қорғау  үшін  жауапкершілік  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінен  (ҚОҚМ) 
Ауыл  шаруашылығы  министрлігіне  (АШМ)  көшті.  Бұған  қоса,  Тұрақты  даму  жөніндегі 
əрекеттердің  ұлттық  жоспары  күшін  жойды.  Оның  орнына 2003-жылы  ҚР  Үкіметі  2004-
2015  жылдар  аралағындағы  экологиялық  қауіпсіздік  тұжырымдамасын  қабылдады.  ТД-дың 
маңыздылығы 2006-жылы  қабылданған  2007-2024-жылдар  аралығында  ТД-ға  көшу 
тұжырымдамасынан  (ТДКТ)  көрініс  тапты.  Табиғатты  қорғау  саласындағы  заң  қабылдау 
бағытында  болған  елеулі  жетістік  деп 2007-жылы  қабылданған  Экологиялық  Кодекстің 
сомдалуын атауға болады.  
 
Тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау ісінің кешенді саяси негіздері 
 
2002-жылдан  бері  экологиялық  реформаларды,  соның  ішінде  жаңа  бюджеттік  жəне  салық 
жүйесі, 
бағалар 
мен 
сауданың 
либерализациясы, 
мемлекеттік 
кəсіпорындардың 
жекешелендірілуі,  іскерлік  пен  кіші  бизнестің  етек  жаюы,  мемлекеттік  басқаруды  жетілдіру, 
сондай-ақ  стратегиялық  жоспарлауға  деген  көзқарас  тұрғысында  жүзеге  асыру  ісі  мейілінше 
алға  басты.  Стратегиялық  жоспарлау  Қазақстаннның  экономикалық  жəне  əлеуметтік 
дамуының  ұзақ  мерзімді  перспективаларын  жəне  экономикалық  əрекеттерді  мемлекет 
тарапынан реттеуді айқындау ісінде мемлекеттің қолданатын маңызды құралына айналды.  
 
Стратегиялық  жоспарлаудың  бір  іргетасы  деп  Қазақстаннның 2030-жылға  дейінгі  дамуының 
стратегисы  немесе  «Қазақстан-2030»  деп  аталатын  бағдарламаны  атауға  болады.  Оны  ҚР 
президенті 1997- жылдың  қазан  айында  жария  еткен  болатын.  Бұл  стратегия  кең  ауқымды 
саяси мақсаттарға жетуге бағытталған барлық стратегиялар мен тиісті жоспарлар үшін сілтеме 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау