1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары
39
Жобадан кейінгі талдау – барлық жағдайда міндетті, бір жыл сайын трансшекаралық
контекстегі қоршаған ортаға ықпалын бағалау жөніндегі Конвенцияның 7 бабына сəйкес
өткізіліп отыратын процедура.
Қоршаған ортаның стратегиялық бағасы (ҚОСБ) туралы Экологиялық кодексте анық ештеңе
айтылмаған. Дегенмен Экологиялық кодекстің (47(2) бап) ережесінде барлық мемлекеттік
құжаттар (заң жобалары, тұжырымдама, стратегия, бағдарлама жəне қызмет жоспарлары)
қабылданғанға дейін МЭС жіберілуі тиіс деген талап қойылған.
Қоғамдық экологиялық сараптама
Қоғамдық экологиялық сараптама (ҚЭС) МЭС теңбе-тең болып саналуы мүмкін, бірақ оған аз
талап қойылады. ҚЭС жекеше құралдармен қаржыландырылады. Оның нəтижелері ҚОЫБ пен
МЭС құжаттамаларына қосымша ретінде беріледі, əдістеме жасаушыға беріледі жəне
қарамағына МЭС кіретін жергілікті органда тіркеледі. Əзірше ҚЭС ықпалын бағалау оңай
мəселе емес, себебі 2003 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта тек екі ҚЭС қана өткізілді.
Экологиялық аудит
Экологиялық аудит Экологиялық кодекспен реттеледі. Кəсіпорын/заңды тұлға қоршаған ортаға
елеулі залал келтірсе, кəсіпорын қызметінің бірігуі, ажырауы жəне қайта таратылуы арқылы
қайта ұйымдастырылса, сонымен бірге кəсіпорын банкротқа ұшырағандығы туралы
мəлімдегенде аудит жүргізу міндетті болып саналады. Ерікті аудиттер де міндетті экологиялық
аудит процедурасы сияқты жүргізіледі. Аудит сəйкес кəсіпорындар арқылы
қаржыландырылады.
Интеграцияланған шешім
Экологиялық кодекс сондай-ақ Еуропалық Одақтың кешенді ластануды бақылау жəне
профилактикасына ұқсас интеграцияланған шешімін енгізді (КЛБП). Бірақ интеграцияланған
шешімді Экологиялық кодекстің бір ғана бабы реттеп отырады. Бұл істі жүзеге асыру
қолданыстағы институционалды шеңбер мен жобалау туралы ережелерге өзгерістер енгізуді
талап етеді. Осыған байланысты, мемлекет Экономика жəне бюджеттік жоспарлау Министрлігі
арқылы ҚОҚМ интеграцияланған шешімді жүргізуіне мүмкіндік беретін институционалды
реформамен жұмыс жасау үстінде. ҚОҚМ 2008 жылдың басында қабылдануы мүмкін қаулыны
жасауды қолға алды (2 тар.қар.).
Лицензиялау
2007 жылғы Лицензиялау туралы Заңға бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Біріншіден,
жұмыс басталғанға дейін міндетті лицензиялауға жататын қызмет түрлерінің тізімі
қысқартылды; екіншіден, бұрын бекітілген бірнеше органдарды лицензиялау үрдісіне кіргізу
тəртібімен салыстырғанда, қазіргі уақытта тек лицензия беруге жауапты бір ғана мемлекеттік
орган бар. Бұған қоса, лицензияны бір айға дейін (ірі кəсіпорындар үшін) жəне 10 күнге дейін
(шағын бизнес үшін) алу уақыты қысқартылды. Лицензияларды ҚОҚМ экологиялық бақылау
жөніндегі
Комитеті
тексереді.
Осылайша,
бұрынғы
процедуралардың
əкімшілік
ауыртпалықтары азайды, осыған орай кəсіпорындар өз қызметін ертерек бастай алады.
Басқа заңнама
Басқа заңнамалар жекелеген кодекстерге жинақталды (IV қосымшаны қар.). Орман кодексі,
Жер кодексі мен Су кодексі 2003 жылы қабылданды. Орман кодексі орманды қолдану, қорғау
жəне сақтау, сондай-ақ ормандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын реттейді. Ормандарды
қорғау жəне сақтауға қатысты жекелеген сұрақтар кішігірім заңдар арқылы реттеледі: мысалы,
40
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
Үкіметтің 2002 жылғы «Сексеуілді сақтау шаралары туралы»
9
Қаулысы, Үкіметтің 2002
жылғы «Орманға келтірілген залалға өтемақы төлеу ережелері туралы» Қаулысы, Үкіметтің
2001 жылғы «Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинау, зақымдау немесе жою
салдарынан келтірілген залал туралы» Қаулысы, сондай-ақ «Орманның өрт қауіпсіздігі
ережелері туралы» Шешімі. 2004 жылы Парламент Орман кодексінің жаңа нұсқасын
қабылдады. Су кодексі туралы толық ақпарат 9 тарауда берілген.
1.5
Институционалдық межелер жəне əлеует
Ұлттық деңгей
Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңес
жылы құрылған ТДҰК қызметтің барлық секторлық түрлеріне ТД қағидаларын енгізуге,
сонымен бірге түрлі министрліктердің қарамағындағы сəйкес қызметтерді интеграциялауға
жəне үйлестіруге бағытталып жасалған. ТДҰ Кеңесіне
ТДКТ
жүзеге асыру міндеті жүктелген.
ТДҰК – Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі, Еңбек жəне əлеуметтік қорғау Министрлігі мен
Экономика жəне бюджеттік жоспарлау Министрлігінің қолдауымен ҚР Премьер-министріне
тікелей есеп беретін жоғары деңгейдегі орган. Басқа министрліктер, ғалымдар, ҮЕҰ мен
халықаралық ұйымдар да мүше немесе бақылаушы болып саналады.
ҚОҚМ – Кеңестің атқарушы буыны. Ол Кеңестің ТДКТ
ағымдық жоспарында белгіленген
ағымдық басымдылықтардың негізінде стратегиялық бағыттар мен тірек құжаттары мəселелері
талқыланатын жыл сайын екі рет өткізілетін мəжілісін дайындаумен айналысады. ҚОҚМ
таңдап алған басымдылықтары ҚОҚМ ұсыныстарын жасағанға дейін, бекіту үшін ТДҰК
жіберіледі. Стратегиялық құжаттар кеңінен консультация беру процедурасына сəйкес негізгі
тараптардың қатысуымен жасалады (1.4 ендірмені қар.). Бұған қарамастан, министрліктер
арасында ынтымақтастық орнату оңай мəселе емес, осыдан жоба жасау барысында біліктілік
пен мүддеге қатысты дау-дамайлар жиі туындайды. ҮЕҰ ТД жобаларын жүзеге асыруға
қатысады.
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі
ҚОҚМ – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы орган. Ұлттық экологиялық
саясатты жасау жəне оны жүзеге асыру, заңды орындау жəне мемлекеттік бақылау мен
мемлекеттік экологиялық сараптама жұмыстарын атқару ҚОҚМ тікелей міндеті болып
саналады. ҚОҚМ елдің қоршаған ортаны қорғау мемлекетаралық экологиялық келісімдер
саласындағы бекітілген халықаралық конвенцияларын сақтауын қадағалайды. Ол сонымен
бірге ластаушы заттардың қалдығы мен қоқыстарын бақылайды, кəсіпорындарға I санаттағы
рұқсат береді жəне ластаушы заттардың ең жоғары көлемі мен құрамын белгілейді.
2000 жылы геология комитеттері, орман шаруашылығы мен аң шаруашылығы, су ресурстарын
басқару жəне қоршаған ортаны қорғау комитеттері ҚОҚМ құрамына кірді. 2000 жылдан бастап
2002 жылдар аралығында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеттен басқа барлық
комитеттер, сонымен бірге оларға жүктелген су, орман, ұлттық парк, биоалуандық жəне
жерасты ресурстарына қатысты міндеттері түрлі министрліктер немесе ҚР Президенті
Əкімшілігінің қарамағына ауысты. Бұл ереже 2008 жылы да осылай сақталады.
9
Haloxylon ammodendron немесе сексеуіл – құмды шөл топырақта өмір сүруге бейім ағаш түрі. Сексеуіл ағаштардың
басқа түрлеріне маңызды қолдау болады, мысалы, жабайы аңдар мен шөптесін өсімдіктерге көлеңке əрі қорғаныш
бола алады, сондай-ақ өзінің тамыр жүйесімен құмды нығайта отырып, эрозияның алдын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |