Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет21/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   115

30
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
əлсіз  жүйесі,  қоғам  талабына  бара-бар  емес  білім,  күннен-күнге  артып  келе  жатқан  білікті 
мамандардың  жетіспеушілігі,  сондай-ақ  құрылыс  индустриясының  тез  көтерілуімен 
байланысты  экологиялық  мəселелері  бар.  Осы  айтылған  мəселелерге  қарамастан,  азаматтық 
қоғам əзірше ТД қатысты тиісті белсенділігін көрсете қойған жоқ. ТД бағдарламасын жасауға 
қатыспаған  іскер  топтар  өздерінің  дербес  өнеркəсіптік-инновациялық  бағдарламаларын 
жасауда.   
 
Дегенмен  ТД  осындай  бағдарламалары  мен  жоспарларын  жасау  сегіз  аймақтың  мемлекеттік 
басқаруындағы  əрбір  облыстық  орган  үшін  оңай  шешілер  шаруа  емес,  себебі  олар  ҚОҚМ 
тарапынан  қолдау  күтіп  отыр.  ҚОҚМ  ТД  жөніндегі  жергілікті  кеңесін  құрып,  дайындықты 
ұйымдастырып,  ережелер  жасап  жəне  ТД  облыстық  жəне  жергілікті  жоспарларын  құра 
отырып,  бұл  мəселенің  одан  əрі  өркендеуіне  əрекет  ету  үстінде.  Ауылдық  аудандармен 
салыстырғанда, ТД үрдісімен жақсырақ таныс жекелеген қалалық аумақтар (қалалар) үкіметтік 
емес  ұйымдар (ҮЕҰ) мен халықаралық ұйымдардың көмегіне иек артты.   
 
Тұрақты дамудың басқа да  стратегиялары мен жоспары    
 
Мыңжылдықты дамыту жəне кедейлік деңгейін төмендетудің мақсаты   
 
2005  жылы  Үкімет  «Мыңжылдықты  дамытудың  мақсаттарын»  қарастырды  (МДМ).  Елдің 
ағымдық  негізгі  бағыттары 1 МДМ («Кедейлік  пен  аштықтың  кеңінен  етек  алуы»), 6 МДМ 
(“ВИЧ/СПИД,  безгек  жəне  басқа  да  ауру  түрлерімен  күресу»)  жəне 7 МДМ (“Экологиялық 
тұрақтылықпен қамтамасыз ету”) негізінде жасалған. 
 
Кедейлік,  білім,  жұмысбастылық,  əлеуметтік  көмек,  бастапқы  денсаулық  сақтау,  тұрғын  үй, 
көлік,  халықтың  кедей  бөлігінің  мемлекеттік  шешімдер  қабылдауға  қатысуын  жəне  олардың 
ақпаратқа қолжетімін қамтамасыз ету үрдістеріне қатысуы көзқарасы тұрғысынан жан-жақты 
анықталды. 1 МДМ  жетістікке  қол  жеткізу  мақсатында  Қазақстан  келесі  қысқа  мерзімді 
шараларды жасап шығарды:   2000-2002 жылдары кедейлікпен жəне жұмыссыздықпен күрес 
жүргізу  Бағдарламасы, 2003–2005 жылдарға  арналған  кедейлік  деңгейін  төмендету 
Бағдарламасы  жəне  2005–2007  жылдарға  арналған  əлеуметтік  реформаларды  тереңдету 
Бағдарламасы.  Аталған  бағдарламалар  қатарына  сондай-ақ  экологиялық  компоненттер, 
мысалы, қауіпсіз ауыз суға қол жеткізу мəселесі де кіреді. Кедейлік деңгейі (кірісі күнделікті 
тұрмыстық  шектен  төмен  халықтың  пайыздық  көрсеткіші)  экономикалық  өсімнің  қарқындап 
артуының нəтижесінде 2000 жылғы 31.8%-дан 2006 жылға дейін 9.8% елеулі түрде төмендеді. 
Бұл көрсеткішті мемлекеттің 2000 жылы алға қойған, яғни 2005 жылға дейін кедейлік деңгейін 
20%  дейін  төмендету  қажеттілігі  туралы  міндетімен  салыстыруға  келеді.  Алайда 
жұмыссыздықтың  жоғары  деңгейде  болуы  ауылдық  аудандар  мен  шағын  қалаларда  күрделі 
мəселе болып отыр. Сондай-ақ еңбек сұранысы мен ұсынысының аймақтық теңсіздігі де орын 
алған, себебі жұмыс күші тұрмысына сəйкес баспананың жетіспеушілігіне байланысты бірден 
ұжымдаса алмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) өзінің сипатына 
қарай 2003-2005 жылдары  кедейлік  деңгейін  төмендету  бағдарламасын  жүзеге  асыруға 
қатысты  кедейлік деңгейін төмендетудің жəне адамзат капиталын дамытуға бейім əлеуметтік 
дамудың  кешенді  ұлттық  аймақтық  бағдарламасын  жасауға  ұсыныс  жасады. 2005–2007 
жылдары əлеуметтік реформаны тереңдету жөніндегі Бағдарлама кедейлік деңгейін төмендету 
үшін  əлеуметтік  саясаттың  құралдарын  қолдануға  бейімделді  (мысалы,  еңбекақы  мен 
зейнетақының  төменгі  мөлшері).  Дегенмен  көрсетілген  бағдарламаға  экологиялық 
компоненттердің қамтылуы мүмкін емес.    
 
Қазақстан жалпы бастауыш білімінде ғана емес (2 МДМ), сонымен бірге бастауыш жəне орта 
білім аралығында тепе-теңдік болуына қол жеткізді (3 МДМ). Осы жайтқа байланысты мектеп 
пен  мұғалімдердің,  əсіресе  ауылдық  жерлерде  жетіспеушілігі  ең  күрделі  мəселеге  айналып 
отыр.   
 


1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары 
31
 
 
 
Балалар  мен  аналардың  өлім  деңгейін  төмендету  мақсаты (4 жəне 5 МДМ)  жəне  зорға  қол 
жеткізілген  күрделі  аурулармен  жүргізілген  күрес (6 МДМ)  сияқты,  денсаулық  сақтау 
көрсеткіштерінің  артуы  да  баяу  қарқынмен  жылжыды.  Денсаулықты  қорғау  мəселелері  де 
судың  ластануы  өзекті  мəселесі  мен  халықтың  су  мен  канализацияға  шектеулі  қолжетімі  бар 
екендігінің  айқын  көрсеткіші.  Сумен  жабдықтау  жүйесіне  инвестиция  салынып 
отырғандығына  қарамастан,  судың  сапасы  көптеген  ауылды  жерлерде  əлі  күнге  дейін  төмен 
болып  отыр.  Қала  тұрғындарының 15 пайызы  жəне  ауыл  тұрғындарының 29 пайызының 
қауіпсіз ауыз суға қол жеткізе алмауда. Бұл көрсеткіштерді 2005 жылғы МДМ мəліметтерімен 
салыстыру қажет – 6 пайыз жəне соған сəйкес 15 пайыз.    
 
Барлық  облыстардың  билігі  мен  Алматы  жəне  Астана  қалаларының  билік  орындары  МДМ 
жергілікті  деңгейде  жүзеге  асыруға  байланысты  атқарылатын  қызметтердің  сəйкес 
жоспарларын  дайындаулары  қажет.  БҰҰДБ  дайындық  кезеңінде  оңтүстік  облыстарға  көмек 
көрсетті. 2005 жылы  БҰҰДБ  облыстардың  есептерінің  қорытындылары  бойынша  бағалау 
жұмыстарын  жүргізіп,  МДМ  орындалуын  алға  жылжыту  жөніндегі  ұсыныстарымен 
таныстырды.  
 
Секторлық стратегиялар  
 
Секторлық стратегиялардың бірқатары қоршаған ортаны қорғау саласы қызметі нəтижелерінің 
бірінші  Шолуы  дайындалғаннан  кейін  жасалынды,  алайда,  мұнда  ТД  мен  қоршаған  ортаны 
қорғау мəселелері теңбе-тең деңгейде ескерілмеген.  
 
2015  жылға  дейінгі  аумақтық  даму  Стратегиясы (2006 г.)  экономикалық  аймақ  құру, 
экономикалық 
диверсификациялау, 
ішкі 
миграциялану 
үрдістері 
мен 
аумақтық 
инфрақұрылымның  дамуын  басқаруды  қосқанда,  елдің  аумақтық  дамуының  стратегиялық 
бағыттарын  анықтайды.  Берілген  стратегия  сондай-ақ  мемлекеттік  инвестицияның  негізгі 
басымдылықтарын анықтай отырып, өнеркəсіп, энергетика, инжиниринг, көлік, байланыс жəне 
əлеуметтік  инфрақұрылымның  ұлттық,  облысаралық  жəне  облыстық  деңгейде  дамуын 
үйлестіреді.  Стратегия  экономикалық  дамуды  алға  жылжытудың  басымдылығын  алға  қояды 
жəне  оған  ТД  қағидалары  немесе  қоршаған  ортаны  қорғау  мақсаттары  кіргізілмеген.  Осыған 
байланысты, 2007 жылы  барлық  облыстар  өзіндік  аумақтық  стратегияларын  жасап,  осы 
мəселені  ілгерілетуге  бағытталған  кластерлерді  белгілеуі  керек  болатын.  Шындығында, 
облыстардың аумақтық бағдарламалары сонымен бірге кедейлік пен серіктестік мəселелерін де 
қамтуы  тиіс  еді.  Алайда  ТД  аймақтық  бағдарламалары  мен  аумақтық  бағдарламалары  түрлі 
əдістерді қолданады, жəне осыған орай,  үйлестіруші механизмнің болмауына қарай бір-бірін 
қайталауы немесе тіпті бір-біріне қарама-қайшы келуі де ықтимал.  
 
2003  жылы  экономикалық  диверсификация  мен  инновациялық  қызметті  күшейту  мақсатын 
алға  ілгерілетуге  байланысты  2003–2015  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының  
индустриалды-инновациялық  даму  Стратегиясы  (ИИДС)  жасалынды.  Стратегия  сандық 
нəтижесі  мен  мерзімі  белгіленген  қызметтік  үш  кезеңнен  тұрады (2003–2005 жылдар, 2006–
2010  жəне 2011–2015 жылдар).  Мемлекет  осы  Стратегия  мен  тұрақты  дамудың  əдістеріне 
қатысты бұрынғы СПУР арасында бірқатар сəйкеспеуші тұстары бар екендігін мойындады, бұл 
кемшіліктер  ИИДС  жүзеге  асыру  барысында  елеулі  түзетулер  енгізуді  қажет  етеді.  ИИДС 
жүзеге  асыру  барысын  жеңілдету  үшін, 2006 жылы  билік  орындары  ТД  Қорын  құрды 
(«Қазына»
6
  қоры) (6 тар.қар.),  бұл  қорға  Инвестициялық  қор,  Инновациялық  қор  жəне  Даму 
Банкі сияқты бұрыннан қызмет көрсетіп келе жатқан қорлар бірікті. «Қазына» қорының негізгі 
мандаты – кен  өндірмейтін  салалардағы  инвестициялық  жобаларды  жүзеге  асыру  арқылы 
экономикалық өсімді жəне бəсекеге қабілеттілікті алға ілгерілету. Өзінің атауына қарамастан, 
Қордың  портфелінде  қоршаған  ортаны  қорғаумен  байланысты  бірде-бір  жоба  жоқ,  тұрақты 
дамудың критерийлері немесе қоршаған ортаны қорғау, əзірше ұсынылып отырған жобаларды 
қаржыландырудың шарты болып табылмайтын іспеттес.    
 
                                                 
6
 “Қазына” қазақ тілінде “байлық қоры” деген мағынаны білдіреді. 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау