1 Тарау: Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты даму саласында саясат жасаудың негізгі қағидаттары
37
органдардың біліктілігін анықтады, жеке жəне заңды тұлғалардың құқығы мен
міндеттемелерін, сондай-ақ атмосфералық ауаның қауіпті ластағыш көздері жəне ауаны
қорғауды мемлекеттік бақылау процедуралары бойынша базалық талаптарын белгіледі.
2006 жылғы Ерекше күзетілетін табиғи аумақтар туралы Заң жоғары экологиялық, ғылыми,
тарихи, мəдени жəне рекреациялық құндылықтарды танытатын басқа да облыстарды жəне
табиғи ресурстардың шекарасын кеңейту жəне тұрақты басқару мен əкімшіліктендіру
мəселелеріне қатысты сұрақтарды реттеді.
2005 жылғы Міндетті экологиялық сақтандыру туралы Заң міндетті экологиялық сақтандыру
арқылы кездейсоқ ластану жағдайындағы кепілденген өтемақы төлемін жасауға бағытталған,
мұндай өтемақы қызметі қоршаған ортаға жəне жеке тұлғаларға залал келтірумен тікелей
байланысты кез келген жеке немесе заңды тұлғамен орнатылған келісімшартта қарастырылуы
тиіс. Алдын ала атқарылған экологиялық аудиттің негізінде сақтандыру келісімшарты
экологиялық залал өтемақысын жабады. Сақтандыруға тиесілі іс-шаралардың тізімі ҚР
Үкіметімен анықталған. Сақтандыру сондай-ақ ластану салдарынан адамның өміріне,
денсаулығына, мүлігіне жəне қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіру үшін өтемақы
төлейді. Халықаралық келісімшартқа негізделіп жасалынған əрбір қызметте келісімшарт
талабы Заң ережесімен алмастырылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру туралы Заң ластанудың тікелей салдарының мəселелерін
реттейді, дегенмен мұнда өндірістің салдары немесе айқын тəуекелдер (мысалы, ауыз суының
ластану салдарынан Адам денсаулығының нашарлауы) туралы ережелер берілмеген. Заң əлі
бастапқы сатыда қолданылып жүр, осыған сəйкес əлі де кейбір бөлімдеріне, əсіресе өтемақы
есептеу бөліміне түзетулер енгізуді қажет етеді. Заң жазылған уақытта оның ықпалына
ұшыраған бірде бір оқиға тіркелген жоқ. Осылайша, қоршаған ортаға келтірілген залалға
қаншалықты өтемақы жұмсалатындығын өлшеу мүмкін емес. Заң залалды қайта қалпына
келтіруге кім жауапты екендігін қарастырмайды.
Экологиялық кодекс
Жалпы мазмұны
2006 жылдың наурыз айының басында ҚР Президенті 2006 жылдың соңына дейін қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі кодекс жасау шартын ортаға салды. Берілген қысқа мерзімге
қарамастан, Экологиялық кодекс 2007 жылдың қаңтар айында қабылданды. Халықаралық жəне
қазақстандық, сонымен қатар халықаралық ұйымдар тарапынан түсіндірме беруге де сұраныс
жасалынды. Жұртшылықпен ашық талқылаулар арқылы консультациялар алынды. Басты
мақсат қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ағымдағы заңнаманың жаңа стандарттарды
қамтамасыз етуі жəне бақылау жүйесін жетілдіруі тиіс озық халықаралық стандарттармен
үйлесуіне негізделді.
Экологиялық кодекске қоршаған ортаны қорғау жөніндегі негізгі ұлттық заңнама (жоғ.қар.),
сондай-ақ Базель Конвенциясы
7
жəне Роттердам Конвенциясы
8
сияқты көптеген халықаралық
экологиялық конвенциялардың талаптары қамтылған. Дегенмен бұл құжатта жуырда
Экономикалық ынтымақтастық жəне даму Ұйымының (ЭЫДҰ, 2007) өкілдері атап көрсеткен
жекелеген сəйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.
Мысалы, Кодекс
қабылданға дейінгі экономикалық тиімділікке талдау жасалмауымен байланысты, бірқатар заң
талаптарының орындалуы туралы мəселелер əзірше өз шешімін тапқан жоқ.
Кодекс əрбір азаматтың экологиялық ақпаратқа қолжетімді құқығын жəне жұртшылықтың
қоршаған ортаны қорғау жəне ТД жөніндегі шешім қабылдау үрдісіне қатысу туралы құқығын
қарастырады. Экологиялық ақпарат туралы Кодекстің 21 тарауында органдардың экологиялық
7
Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау жəне оларды жоюды бақылау Конвенциясы
8
Жекелеген қауіпті химиялық заттар мен пестицидтерді халықаралық саудаға шығарудың алдын ала негізделген
келісімі процедурасы туралы Конвенция.
38
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
ақпарат беруге, сонымен бірге оны берудің шарттары мен тəртібіне қатысты құқығы мен
міндеттері берілген.
2007 жылдың аяғында Кодекстің орындалуын қолдайтын ережелер қабылданды. Оларға,
мысалы, озонды бұзатын заттарды басқару, сондай-ақ импорт, экспорт жəне қалдықтардың
барлық түрлерін басқару жəне кəсіпорынның өзін-өзі бақылау ережелері жатады. Дегенмен
осы тұста Кодексті жасауға бөлінген қысқа мерзімді есепке алғанда, құжаттың түрлі тараулары
аралығындағы ықтимал айырмашылықтар мен ақтаңдақтарды жоюға арналған оның түрлі
ережелерін жан-жақты тексеру қажеттілігі туындайды. Кодекстегі негізгі ұғымдарды анықтау
үшін оның аяғына дейін өңделуі талап етіледі, ал екінші заңнама жеткілікті деңгейде
жасалынбаған.
Рұқсат жəне кешенді экологиялық рұқсат беру
Рұқсат беру жүйесі Экологиялық кодекстің құрамдас бөлігі болып саналады. Кодекс күшіне
енгенге дейін рұқсат бір жылға берілетін, ал енді рұқсаттың үш жылға берілуі кодекспен
енгізілген басты өзгеріске айналып отыр. Лицензиялауға тиесілі қызметтің төрт түрлі санаты
бар. Олар Денсаулық сақтау Министрлігімен жасалған, Министрліктің 2005 жылғы
“Санитарлық-эпидемиологиялық норма жəне ережелер туралы”, “Өнеркəсіптік нысандарды
жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы” Бұйрығына сəйкес
жіктелген. Бірінші санатқа қауіптің 1 жəне 2 класына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ жай
минералдарды қоспағанда, минералды ресурстарды барлау жəне қазу жұмыстары енгізілген.
Қауіптің 3 кластағы қызметі, жай минералдар кені, орман қызметінің барлық түрлері жəне
ерекше су қолдану II санатқа кіреді. III санатқа қауіптің 4 класындағы барлық қызмет түрлері
жатады. Қауіптің 5 класы мен фауна қолдану, əуесқой (спорттық) балық жəне аң аулауды
қоспағанда, IV санатқа тиесілі. ҚОҚМ I санат қызмет түрін атқаруға рұқсат, ал қалған үш
санаттағы қызметтерге рұқсатты жергілікті басқару органдары береді. 2002 жылдан бастап
қызметтің бір ғана түріне берілетін рұқсат шешімдері кешендік экологиялық рұқсатпен
алмастырылды.
Экологиялық сараптама жəне қоршаған ортаның ықпалын бағалау
2006 жылға дейін қоршаған ортаға ықпал етуді бағалау ережесі (ҚОЫБ), қоғамдық
экологиялық сараптама (ҚЭС) жəне мемлекеттік экологиялық сараптамалары (МЭС)
Экологиялық сараптама туралы Заңда қарастырылды. Қазіргі уақытта осыған сəйкес ережелер
Экологиялық кодекске енгізілді. ҚОЫБ процедурасы Министрліктің 2007 жылғы «Жоспарлы
экономикалық жəне басқа да қызмет түрлерінің қоршаған ортаға ықпалын алдын-
ала жоспарланған, алдын-ала жобаланған жəне жобалану үстіндегі құжаттарды жасауды
дайындау арқылы бағалау жұмыстарын жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Бұйрығымен
реттеледі. Ашық дəрістер өткізу процедуралары Министрліктің 2007 жылғы «Ашық дəріс
өткізу туралы» Бұйрығымен реттеледі.
ҚОЫБ жəне – өзара байланысты екі процедура. Əдістемеші аккредиттелген жекеше
компаниялар арқылы орындалатын ҚОЫБ өткізуі тиіс, сондай-ақ ҚОЫБ құжаттамаларының
дайындығының жауапкершілігі де əдістемешіге жүктеледі. ҚОЫБ процедурасы екі кезеңде
өткізіледі: ҚОЫБ өзінде жəне МЭС. ҚОЫБ бекітілген соң əдістемеші МЭС өткізілуін
қамтамасыз етуі қажет. Білікті орган құжаттардың сапасын тексереді, визалайды жəне екі
құжатты да əдістемешіге қайтарып береді. Виза жұртшылық пен осы үрдіс барысына қатысқан
басқа да органдардың пікірін ескере отырып қойылады. ҚОЫБ процедурасы рұқсат беру
процедурасына дейін атқарылады, əдістемеші соған сəйкес есеп беруі жəне білікті органның
рұқсат алуға қатысты өтінішіне қорытынды жасауы тиіс. ҚОЫБ процедурасы шамамен – екі
ай, ал МЭС - үш ай уақыт ішінде атқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |