Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет30/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   115

 2 
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері 
 
49 
 
 
2004-2007  жылдары  лабораториялар  инфрақұрылымын  жасақтауға 1,8 миллиард  теңге (13,9 
миллион  АҚШ  доллары)  жұмсалды.  Дегенмен  ҚОҚАБ  зертханаларының  өнімділігі  əлі  күнге 
дейін жеткіліксіз саналады. Мəселен, ЭБК есептеулері бойынша, қолда бар құрал-жабдық орта 
есеппен ауаның сапасын 15-20 параметр, су сапасын 25-30 параметр жəне топырақ сапасын 20 
параметр бойынша ғана бақылауға мүмкіндік береді. Бұлар ластауға бейімді мыңдаған заттар 
мен  қосындылардың  тек  аз  ғана  бөлігі.  Құрал-жабдықтың  мүлтіксіз  жұмысы  мен  оған 
техникалық  көмек  көрсету  үшін  қажет  құралдарға  (немесе  қаржыға?)  да  толық  қол  жетпей 
отыр.  Зертханалардың  сертификаттау  ісі  де  күрделі  болып  қалуда.  Атап  айтқанда  Қазақстан 
ISO 17025/2005 стандартын қабылдаған осы уақытта ол «Зертханалық сынақтар мен калибрлеу 
сапасына қатысты жалпы талаптар» деп аталатын стандарт негіздеріне қайшы келуде. Сондай-
ақ  қиындықтар  зертхана  қызметкерлерін  уақтылы  даярлау  мен  ұстап  отыруға  қажетті 
мүмкіндіктің шектеулігі жəне уақытқа тəуелділігіне байланысты болып отыр.  
 
2.2 Сурет: Қоршаған ортаны қорғаудың Аумақтық басқармасының ұйымдық 
құрылымы (ҚОҚАБ) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дерек көзі: Қарағанды ҚОҚАБ (http://www.karecology.kz/), 2007-ші жылы ашылған интернет ұясы. 
 
Қызметкерлер  құрамының  білімі  мен  біліктілігін  арттыу  үшін 2004ші  жылы  ҚОҚМ  ішінен 
мамандарды  дайындау  орталығы  құрылды. (3-ші  тарауды  қараңыз)  Бұл  орталық  мемлекеттік 
мекемелер  мен  сырттан  келген  басқа  да  адамдар  мəселен,  кəсіпорындардың  өкілдеріне  де 
қызмет  көрсетеді.  Жұмыстың  мұндай  реті  орталықтың  тұрақтылығы  үшін  қажет,  өйткені 
жекеменшік мекемелерден келгендер ақылы негізде оқиды. Сабақтарды ҚОҚМ қызметкерлері 
немесе  сырттан  шақырылған  мамандар  жүргізеді.  Дайындық  курстары 40 сағатқа  созылады 
ҚОҚАБ ТӨРАҒАСЫ (ұжым-68 адам) 
Төрағаның орынбасары, Бас 
экологиялық Инспектор  
Төрағаның орынбасары  
Экологиялық лицензиялау мен 
экономика бөлімі  
(4 адам) 
Мемлекеттік экологиялық сараптау 
бөлімі 
(4 адам) 
Кадрлар бөлімі мен қаржылық 
бақылау басқармасы   
(5 адам) 
Тексерулердіжоспарлаужəнезаңдылы
қтыорындаудыбақылаубөлімі  
(4 адам people) 
Лабораториялықбақылау жəне 
сапаны қамтамасыз ету бөлімі   
(7 адамpeople) 
Ауа сапасы мен радиологиялық 
ахуал бөлімі (4 адам) 
Жер асты қорлары, жер беті мен жер 
асты суы бөлімі (6 адам) 
Жер жəне биологиялық қорлар, 
өндірістік жəне тұрмыстық қалдықтар 
бөлімі (4 адам) 
Аудандық экологиялық иснпекторлар 
(9 адам) 
Жергілікті экологиялық 
иснпекторлар, оның ішінде 
Жезқазған мен Балқаш қалалары 
бойынша 


50
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
жəне  экологиялық  басқару  саласының  көптеген  мəселелерін,  оның  ішінде  реттеу  шеңберінің 
өзгеруі,  саяси  тетіктерді  қолдану,  сондай-ақ  тексеру  мен  заңдылықтың  орындалуын  бақылау 
мəселелерін қамтиды.  
 
Өндірістен  қол  үзбей  оқу  жəне  ұжымның  тəжірибе  алмасуы  əлеуетті  дамытудың  қосымша 
құралдары  саналады.  ҚОҚАБ  салалық  білім  алуға  хұқылы.  Мəселен  Шығыс  Қазақстан 
облыстық ҚОҚАБ тау-кен өндірісі мен металургия саласына тексеру жүргізе алатын білікілігі 
жоғары  мамандар  даярлайтын  орталық  бола  алады.  Білімді  тарату  үшін  ЭКБ  тұрақты 
(тоқсандық  немесе  жарты  жылдық  негізде)  семинарлар  ұйымдастырып  отырады.  өкінішке 
орай, мұндай семинарларға тек басшылар ғана қатысады жəне қатардағы инспекторлар үшін іс 
жүзінде  тəжірибе  жинау  қиынға  түседі.  Сонымен  қатар  халықаралық  əріптестер, (мəселен, 
БҰҰ-ның Европа жөніндегі экономикалық комиссиясы(ЕжЭК), БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, 
БҰҰ экологиялық бағдарламасы, Орталық  жəне Шығыс Европа елдеріндегі қоршаған ортаны 
қорғауға көмек пен Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымының (OECD/EAP)  жұмыс 
тобы  əртүрлі  тақырыптағы  семинарлар  өткізді.  Мамандарды  даярлау  деңгейі  екіжақты 
тəжірибе  алмасу  арқылы  мəселен,  Норвегия,  АҚШ  жəне  Канада  мамандарымен  тəжірибе 
алмасу арқылы одан сайын шыңдала түседі. Европалық Одақ Қазақстанда экологиялық саясат 
пен  осы  саладағы  заңдылықты  сақтау  мəселесінде  əлеуетті  арттыру  жолында  жаңа  жобаға 
бастамашы болып отыр.  
 
Осындай  күш  салуға  қарамастан,  тиісті  орындар  институционалды  мүмкіндіктерді  дамыта 
алмады  жəне  кей  кезде  тіпті  сақтап  қала  алмады.  Еңбекақының  аз  болуы  мен  жұмыс 
жағдайының  ауырлығы  біріге  келіп,  білікті  мамандардың  тұрақтамау  үрдісін  тудырды. 
Мамандар  тұрақтамауының  жоғары  болуы  жұмыстың  кейбір  түрінің  сапасыздығына  əкеп 
соқты.  Əлі  күнге  дейін  жекелеген  заңдар  мен  жарлықтар  ұжымның  өкілеттігін  шектеуде. 
Қазіргі  заманғы  табиғат  қорғау  заңдары  мен  саясат  туралы  түсінік  аз.  Осының  нəтижесінде 
ұжымдағы 800 адамның  қайсысы  биологиялық  сараптамаға,  лицензиялау  мен  тексерулерге 
қатысып жүргенін жəне олардың біліктілігі қандай екенін айту қиын.  
 
2.1 Кесте: Экологиялық  реттеу мен ереже сақтауды қамтамасыз етуге қатысатын ҚОҚМ 
қызметкерлер құрамының саны 
2000
2006
Ұлттық деңгей
Экологиялық сараптама
..
9
Рұқсаттар беру
..
9
Тексеріс пен орындауды бақылау 20
31
Ұлттық деңгейден төмен сатылар 
Экологиялық сараптама
..
..
Рұқсаттар беру ..
..
Тексеріс жəне орындауды  бақыау
408
505
Қортынды
428
536
 
Дерек көзі: Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, 2007. 
 
Бұл жағдай жүктеменің артуымен күрделен түседі. Мұның өзі шағын жəне орта кəсіпорындар 
саны көбеюімен(ШОК, келесі тарауды қараңыз) байланысты. Осы жағдай кем дегенде белгілі 
бір реттеуді жəне сəйкестік мониторингін жүргізіп отыруды қажет етеді. Алғашқы  жəне 2-ші 
кезектегі заңдардың шеңбері кеңейе түсуін есепке алғанда жəне қызметкерлер санын көбейтуге 
мүмкіндік  жоқ  кезде  ЛРТЫБ  мен  ЭБК  алдында  қолда  бар  қорларға  қатысты  жəне  жұмыстың 
сапасын қамтамасыз етумен байланысты қиындықтар пайда болуда.  
 
Бұл  мəселені  шешудің  бір  жолы  Үкіметтің  басқа  да  атқарушы  органдарымен  өзара 
ықпалдастықты  күшейтуі.  Осылайша,  қызметтердің  қосарланып  кетуінен  арылуға  жəне  оның 
нəтижесінде  қорларды  рəсуа  етуден  құтылуға  көмектеседі.  Ақпарат  алмасу  мен  бірлескен 
тексеру жұмыстары Денсаулық сақтау жəне Төтенше Жағдайлар министрлігі арасында, салық 
органдары  мен  полиция  арасында  да  жүргізіледі.  Бірлескен  қимылдың  белгілі  бір  деңгейі 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау