Кіріспе
17
I.1. Ендірме: Арал теңізін қалпына келтіру
Арал теңізі Өзбекстанның ирригациялық, əсіресе мақта өсіруге байланысты қажеттіліктері күрт өскен 1960
жылы таяздана бастады. Ауылшарушылығының мұқтаждарына қажет су Сырдария жəне Əмудария
өзендерінен алынды да, соның салдарынан өзендер теңізді қанықтыру мен оның су қорларын толықтыру
мүмкіндігін едəуір азайтты.
1993 жылға қарай Арал теңізі су көлемдерінің 60%-ға жуығынан айырылды. Соның нəтижесінде Арал теңізі
өзара байланыссыз үш суайдындарына бөлініп, судың деңгейі 15 метрге төмендеді де, шегіне түскен жаға
сызығы Арал портын теңіздің бастапқы шекарасынан 25 км-ге қашықтатты. 2004 жылға қарай Арал теңізі
бастапқы көлемінен ¼
-ге дейін таязданды, сондықтан судың өсе түскен тұздылығы табиғи орта
аумағының кемуіне байланысты Арал теңізіндегі балық популяциясын толық дерлік жоюға ұшыратты.
Арал теңізінің суын молықтыру жəне экожүйеге тигізілген зиянды азайту үшін Сырдариядағы
ирригациялық құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұған қосымша, 2005 жылы тамызда бетон
бөгеті салынды (Көкарал), ол Арал теңізінің екі жартысын бөлді. Теңіздің Солтүстік бөлігіне жіберілген
судың қосымша көлемдері судың деңгейін 30-дан 38 метрге дейін көтеруге, яғни тіршілікке қабылеттілік
деңгейі болып есептелетін 42 м белгіге дейін жақындатуға мүмкіндік туғызды. Қосымша сулар тұздың
құрамын азайтуға септігін тигізді де, сондықтан Арал теңізі жоғалған акваториясын (су айдынын) қалпына
келтіре бастады. 2006 жылы қайтармалы сулар Арал теңізінің Солтүстік бөлігінде балық аулау кəсібін
жаңғыртуға жағдай туғызып, балықтардың айтарлықтай саны қайтып оралды да, тіпті экспорт үшін де
жететін балық аулауды қамтамасыз етті.
Орман шарушылығы
2006 жылы орман алқаптарының аумағы 24,6 миллион га-ны құрады, соның жартысын (12,3
миллион га) толығымен орман жайлаған. Орман қорының шамамен 2/3 тамыры жағынан
ағаштың қылқан жапырақты түрлерін қамтиды, солардың ішіндегі ең көбі қарағай мен шырша.
Жапырақты тоғайдың ең көп тараған түрлеріне қайың, тал, қандағаш жəне үйеңкі жатады.
Құрлықтың жалпы аумағына пайыздық арақатынаста қабылданған орман алқаптарының
аумағы 4.2%-дан (1998) 4.5%-ға (2006), дейін шамалы өсті, бірақ осы оң серпінге ағаш егу
аумағымен салыстырғанда ағымдағы ағаш кесу көлемдерінің артуына байланысты қауіп төніп
тұр. Бұл орайда, кеңістік қатынаста ормандар өте əркелкі бөлінген: орман алқаптарының басым
бөлігі (69%) республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс жəне солтүстік шекараларының
бойында кездеседі. Заңсыз ағаш кесу мен орман өрттері ормандарға ең үлкен қауіп төндіреді.
Қытайға, Қырғызстанға жəне Өзбекстанға экспортқа жіберілетін ағаш материалдарының
рыногы 1995 жылы ашылды, сол себепті ағаш дайындайтын жеке компаниялар құрылды жəне
ағаш экспорты өсе түсті. Сонымен қатар, ағаш материалдары экспортының күрт өсу шамасына
қарай да, сондай-ақ заңсыз ағаш кесу проблемасы пайда болды. Өнімнің жеке түрлерінің
экспортына тиым салу арқылы Үкімет заңсыз ағаш қырқуды тотатуға немесе тым болмағанда
азайтуға əрекет жасады, бірақ осындай күш-жігердің нəтижесі əзірше байқалмайды.
2001 жылдан бері ағаш кесудің көлемдері орман алқаптарын регенерациялау аумағынан асып
түседі. 2006 жылы ағаш кесудің аумағы 41,400 га-ны, ал ағаш отырғызудың көлемі небəрі
21,700 га-ны ғана құрады. Көп жылдық қарқынды ағаш кесудің нəтижесінде əсіресе Алтай
ормандары зардап шекті. Қағида бойынша, ағаш кесу елді мекендердің жанындағы оңай
жетуге болатын аудандарда немесе жолдар мен өзен арналарының бойында жүргізілді.
Осындай аудандарда ағаш дайындау жұмыстарына орман кодексі қатаң тиым салады, бірақ
экологиялық заңнаманы сақтамау орманды тез сиретуге ұшыратады.
Орман өрттері-орман ресурстарына айтарлықтай зиян тигізетін кең тараған құбылыс. 2004
жылы 1,315 орман өрттері тіркелді. (ең көп саны). Олардың саны 2005 жылы 760-қа дейін
төмендеп, 2001 жылғымен салыстырғанда біршама азайды (786). Сонымен қатар өрт шалған
орман алқаптарының аумағы 30,800 га-дан 14,500 га-ға дейін екі есеге қысқарды. Ағаш
материалдары ысырабының бағасы тұрғысынан кері серпін болды-ысырап болған ағаштың
бағасы 3 58,6 миллион теңгеден (2001) 724,1 миллион теңгеге дейін (2005) екі есе өсті.