44
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
жəне қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын толық ескере бермейді. Бұған қоса, осы
аталған стратегиялардың басым көпшілігі
2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға
көшу Тұжырымдамасына (2006 ж.) дейін жазылуына орай, оларда сектораралық əдіс жасау
қажеттілігі де ескерілмеген. Кең жұртшылық, оның басты қатысушы ретіндегі рөліне
қарамастан, дамудың жергілікті жоспарлауымен қатар, стратегиялық жоспарлау үрдісіне
қатыстырылып жүр, жұртшылықтың, осыған сəйкес, осы мəселелерге қызығушылық
танытандығы да айқын.
ТД мақсатына саяси тұрғыдан қуатты қолдау көрсету жəне
Экологиялық кодексті орындау
міндеті орталық үкімет деңгейінде атқарылды, мұнда, тұтастай алғанда, осыған сəйкес
тұжырымдар мен мəселелерге қатысты жақсы түсінік қалыптасқан. Сонымен бірге, қызмет
жоспарлары мен стратегиялар жасауға талап етілетін əлеует облыстық жəне муниципиалды
деңгейге мүлдем бара-бар емес. Осы мəселе əр түрлі бағыттағы (мысалы, экономикалық даму
бағдарламасы, облыстық аумақтық стратегия, өзен бассейндері деңгейінде ТД қатысты
облыстық қызмет жоспарлары жəне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі облыстық
бағдарламалар) бағдарламаларды қатар жасаумен байланысты міндетті күрделендіріп отыр.
Тұтастай алғанда аса күрделі болып саналатын осы мəселелерді жергілікті деңгейде реттеу,
келісу де қиындық туғызып отырғандықтан, осы қиындықтар олардың тиімділігінің беделін
түсіріп, ресурстардың шығындалуына себеп болуда. Орталық билік осы бағдарламаларды
жасауға байланысты аймақтық жəне жергілікті деңгейде соған сəйкес басшылық жасауды
қамтамасыз етуі тиіс. ҮЕҰ жəне халықаралық донорлар бірқатар облыс жəне қалаларға қолдау
көрсетуде (мысалы, экологиялық білім мəселелері жəне жоба жасау жəне оны жүзеге асыру
əлеуетін арттыру мəселелері бойынша), дегенмен, бұл ережеден гөрі, ерекшелікке ұқсайды.
1.7
Қорытындылар мен ұсыныстар
Тұрақты даму – Қазақстан үшін негізгі міндет. ТД өзара байланысты жəне өзара тамырлас үш
негіздің көзқарасы тұрғысынан қарастырылады, олар: экономикалық даму, əлеуметтік даму
жəне қоршаған ортаны қорғау.
Қазақстандық 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға
көшу Тұжырымдамасы (ТДКТ), бұған қарамастан, экономикалық өсімге ерекше назар аударып
отыр, осылайша ТД əлеуметтік жəне экологиялық көрсеткіштерінің маңыздылығына
жеткіліксіз мəн беріліп жүр. Ұлттық даму Стратегиясы, ең бастысы, экономикалық
диверсификациялау мен бəсекеге қабілеттілікті алға ілгерілетуге бағытталған. Осындай
мақсаттардың маңыздылығымен қатар, бүкіл қоғамның көзқарасы тұрғысынан шарасыз
келісімдерді оңтайландыру үшін қоршаған орта мен экономикалық белсенділік арасындағы
байланысты да ескерген жөн. Бұл осы даму стратегияларының экологиялық саясаты
мəселелеріне қатысу жəне интеграциялауды қамтамасыз ететін институционалды құрылымды
қалыптастыруды талап етеді.
Тұжырымдама энергетика, көлік жəне ауыл шаруашылығы
сияқты салаларды сектораралық əдіс жəне қоршаған ортаны интеграциялау құралдарымен
қамтамасыз етпейді. Кедейлік деңгейін төмендету мəселелеріне байланысты қол жеткен елеулі
жетістікке қарамастан, əлеуметтік жағдайды жақсарту жəне өмір сапасын, əсіресе ауылдық
жерлердегі тұрмыстық жағдайды арттыру үшін алда
атқарылуы тиіс міндеттер өте көп. Жалпы
алғанда, азаматтық қоғамның ТД стратегиялық жоспарлау жəне оны жүзеге асыру үрдісіне
қатысуы шектеулі күйінде қалып отыр.
1.1 ұсыныс:
Экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық саясат салалары аралығында оңтайлы
үйлестіктің орнауына қол жеткізу үшін Үкімет Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңес
арқылы келесі міндеттерді шешуі қажет:
•
секторлық саясат пен стратегиядағы экологиялық жəне əлеуметтік мəселелерді
тиісті деңгейде интеграциялауды қамтамасыз ету үшін білікті министрліктер
аралығындағы ынтымақтастық деңгейін арттыруда Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
Министрліктің үйлестіруші рөлін күшейту;
•
ҚОҚМ секторлық саясат жобаларына талдау жасауға жəне соған сəйкес тұрақты
даму қағидалары стратегиясын орындауға байланысты жауапкершілік жүктеу;