Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет15/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   115

15
  
Кіріспе
 
 
 
Бірақ  өнеркəсіп  өндірісінің  құлдырауына  ұшыраған  аймақтарда  тұратын  көптеген 
жұмысшылардың  бейресми  жұмыспен  қамтылу  фактісі,  ал  ауылдық  аудандарда  экстенсивті 
бейресми экономикалық əрекеттің байқалуы, халық қазір бастан кешіп отырған қиындықтарын 
əйтеуір жұмсартады. Есептік деректер бойынша, көлеңкелі экономика ЖІӨ-нің шамамен  30% 
-ын құрайды. 
 
I.5  
Институттар 
 
Қазақстан  – президенттік  республика.  Президент  мемлекеттік  басшысы  жəне  ол  халықтың 
дауыс  беруімен  жеті  жыл  мерзімге  сайланады.  Президент  Премьер-министрді    жəне 
Министрлер  Кеңесін  тағайындайды,  Конституцияға  түзетулер  енгізуге  ұйытқы  болады, 
Үкіметті тағайындайды жəне таратады, парламентті таратады, референдумдар шақырады жəне 
облыстар  мен  қалалардың  əкімдерін  тағайындайды.  Бұған  қосымша,  ҚР  Президенті  ҚР 
Парламенті қабылдаған заңнамаға тиым сала (вето) алады. 
 
Атқарушы  билікті  Үкімет  іске  асырады.  Премьер-министр  министрлер  Кеңесінің  төрағасы 
болып  саналады  жəне  ол  Үкімет  басшысының  міндетін  атқарады.  Министрлер  Кеңесі  Вице-
премьер-министрді,  Премьер-министрдің  үш  орынбасары  мен  министрліктердің  басшыларын 
өз құрамына енгізеді.   
 
Парламент екі палатадан тұрады. Мəжілістің (төменгі палата) құрамында 107 депутат (мүше) 
бар, олардың 98-і ұлттық бір сайлау округының партиялық тізімі бойынша сайланады. Қалған 
9 депутатты Қазақстан Халықының Ассамблеясы сайлайды. Мəжіліс депутаттарының өкілеттік 
мерзімі 5 жылды құрайды. Сенаттың (жоғарғы палата) құрамында əр облыстан сайланатын  32 
депутат  (əр  облыстан,  Алматы  жəне  Астана  қалаларынан 2 депутаттан),  сондай-ақ  ҚР 
Президенті тағайындайтын 15 депутат бар. Сенат депутаттары жартысының сайлауы əр 3 жыл 
сайын  өткізіледі.  Сенат  депутаттарының  өкілеттік  мерзімі – 6жыл.  Заңдардың  басым  бөлігін 
ҚР  Үкіметі  ұсынғанымен,  Мəжіліс  депуттатары  мен  ҚР  Үкіметінің  мүшелері  заңнамалық 
бастама көтеру құқығына ие. 
 
I.3 Кесте: Министрліктер 
 
Ауыл шарушылық министрлігі
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Экономика жəне бюджет жоспарлау министрлігі
Білім жəне ғылым министрлігі
Төтенше жағдайлар министрлігі
Энергетика жəне минералды ресурстар министрлігі
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Қаржы министрлігі 
Сыртқы істер министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігі
Индустрия жəне сауда министрлігі
Ішкі істер министрлігі
Əділет мнистрлігі
Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі
Туризм жəне спорт министрлігі
Көлік жəне коммуникациялар министрлігі
 
Дерек көзі  http://en.government.kz/structure/org 
19 қараша 2007 жыл. 
 
Сот жүйесінің үш деңгейі бар: Жергілікті соттар, облыстық  соттар жəне 44 мүшеден тұратын 
ұлттық  Жоғарғы  сот.  Бұған  қосымша,  сот  жүйесі  өз  құрамына  Конституциялық  Кеңесті 
енгізеді,  оның  құрамына 7 мүше,  мамандандырылған  төрелік  соттар  мен  əскери  трибунал 
жүйесі кіреді. 
 


16 
Кіріспе
 
 
 
Конституциялық  Кеңес  заң  шығарушы  органдар  қабылдаған  заңдардың  конституцияға 
сəйкестігін  анықтайды,  сайлаулар  мен  референдумдардың  нəтижелеріне  қарсы  болудың, 
сондай-ақ олардың мағынасын түсіндірудің ережелерін белгілейді. Президент төрағасын қоса 
есептегенде, оның үш мүшесін тағайындайды. 
 
Қазақстан  əкімшілік  тұрғыда 14 облысқа  жəне  екі  муниципалды  аудан-Алматы  мен  Астанаға 
бөлінген.  Облыстардың  құрамына 159 аудан, 241 кент  жəне 2,049 ауыл  кіреді.  Əрбір  облыс, 
аудан жəне Кент дербес сайланбалы əкімшілік органға ие, оларға бюджет қалыптастыру  жəне 
жергілікті  салық  салуға  бақылау  жасау  өкілеттіктері  берілген.  Қалалардың  да,  сондай-ақ 
əкімшілік органдары бар. Ірі қалалар  аудандарға  бөлінеді, əр  ауданның  өз əкімшілігі  болады. 
Осы əкімшілік органдар бес жыл мерзімге сайланады. 
 
Облыстық жəне аудандық Əкімшіліктер жергілікті орындаушыларды сайламайды. Əр облысты 
ҚР  Президенті  тағайындаған.  Əкім  басқарады.  Қала  əкімдерін  облыс  əкімдері  тағайындайды. 
Əр  əкім  жергілікті  бөлімдерді  басқаратын  штат  мүшелерін  тағайындайды.  Президент 
əкімдердің шешімдерінің күшін жоюға уəкілетті. 
 
Кейінгі  үш  жылдың  ішінде  маңызды  үш  саяси  оқиға  болды. 2005 жылғы  желтоқсандағы 
Президент  сайлауында  Нұрсұлтан  Назарбаев  қайта  сайланып,  оған  сайлаушылардың 91%-ы 
дауыс  берді. 2007 жылы  мамырда  Президент  өкілеттіктерінің  екінші  мерзімі  аяқталды  да, 
Парламент ҚР Президентін қайта сайлауға шек қоймау құқығын белгіледі. 2007 жылы тамызда 
өткен  Парламент  сайлауларында    «Нұр  Отан»,  президент  партиясы  жеңіп  шықты,  ҚР 
Парламентінің Мəжілісінде 98 орын алған осы партия елдегі ең үлкен партия болып табылады  
(88% дауыс).  
 
I.6  
Экономикалық қызмет жəне оның қоршаған ортаға əсері 
 
Ауыл шарушылығы 
 
2005  жылы  ауыл  шарушылығының  үлесіне  Қазақстан  Республикасы  ЖІӨ-нің 6.6%-ы  келді. 
Ауыл  шарушылығы  секторында  елдегі  жұмысқа  жарамды  халықтың 32.4%-ы  жұмыспен 
қамтылды. 
Қазақстан астық өндіру мен экспорттау бойынша əлемдік көшбасшылардың бірі. Елдегі егістік 
жерлердің  құнарлы  топырағы  мен  климат  бидай,  арпа,  күріш,  жүгері,  тары  жəне  қарақұмық 
өсіру  үшін  қажет  мінсіз  жағдайларды  қамтамасыз  етеді.  Дəнді  дақылдардың  негізгі  түріне 
жоғары  құрамдағы  протеин  бар  жоғары  сапалы  бидай  жатады.  Негізгі  өнеркəсіптік  дақылдар  
мақтаны, қызылшаны жəне май жасайтын күнбағыс, зығыр, соя жəне қыша сияқты дақылдарды 
қамтиды.  Осы  аталған  дақылдардың  ең  маңыздысына  –Оңтүстік  Қазақстанның  суармалы 
алқаптарында өсірілетін мақта жатады. 
 
Жерді  қарқынды  өңдеу  бастапқы  құнарлы  топырақтарға  елеулі  əсерін  тигізді  де,  топырақтың 
азуы  ауылшарушылық  өндірісі  үшін  күрделі  кедергіге  айналды. 20 ғасырдың 50-ші 
жылдарында  топырақ  баптау  қолға  алынғаннан  бері  топырақтың  органикалық  затының 50 
пайыздан  астамы  жойылып,  соның  есебінен,  топырақ  тығызданып,  құнарын  жоғалтты,  жел 
жəне  су  эрозиясына  ұшырады.  Өзбекстанда    мақта  өсірудің  нəтижесінде  Арал  теңізінің 
тартылуы  ауылшарушылық қызметінің Қазақстанның қоршаған ортасына  тигізген əсерінің ең 
айшықты мысалы болып табылады.. 
 
Елдің  солтүстік  жəне  орталық  аудандарына  əсерін  тигізетін  жел  эрозиясы  ауыл 
шарушылығына байланысты тағы бір экологиялық проблема болып табылады. 50-ші жəне 60-
шы  жылдарда  бидайды  кең  ауқымда,  суармалы  жерлерге  бидай  егуге  байланысты 
Қазақстанның байтақ далалары тың жəне тыңайған жерлерді игеру бағдарламасын іске асыру 
барысында  жыртылған  кезде,  құнарлы  топырақтың  едəуір  алқаптары  жойылды.  Соның 
салдарынан, 90-шы  жылдардың  орта  шеніне  қарай  түрлі  дəрежедегі  тақырға  айналу  елдегі 
жайылымдық жерлердің шамамен 60%-ын қамтыды.  


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау