20
Кіріспе
бөліктерін электр станциялары жəне металл рудаларын байыту кəсіпорындары
генерациялайды. Қарағанды облысында ластау көздеріне Кен өндіру (атап айтқанда, көмір
өндіру), металлургиялық жəне химиялық кəсіпорындар жатса, ал мұнайгаз кəсіпорындары
Қызылорда, Атырау жəне Батыс Қазақстан облыстарындағы қалдықтар шығарудың көздері
болып табылады. Уытты жəне раиоактивті қалдықтар да сондай-ақ əскери базалар «Байқоңыр»
ғарыш айлағы жəне Семей ядролық полигоны сияқты өнеркəсіптік емес аудандардан
байқалады.
Қазақстанда қалдықсыз кəсіпорындар іс жүзінде жоқтың қасы. Кейбір кəсіпорындар өздерінің
өнеркəсіптік қалдықтарын екінші қайтара пайдаланады. Қалдықтарды екінші қайтара
пайдаланудың пайызы аймақтар бойынша Павлодарда 1.5% -дан 2.0% -ға дейін, Қарағандыда
25% -ға дейін өзгеріп отырады.
Муниципалды қалдықтардың жалпы көлемі жылына шамамен 13.9-15.0 миллион м
3
құрайды.
Кенттенудің үрдіс қарқындары қатты қалдықтардың шығуын көбейтіп жіберіп, соның
салдарынан бірқатар қалалардағы коммуналдық қызметтердің саны өсе түскен халықтың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға шамалары келмейді.
Муниципалды қызметтер көлік, отын
жəне кадрлар тапшылығын бастан кешіп отыр. Қалалардың сыртында қалдық жинаудың
жоғары бағасы мен қаржыландырудың болмауы қызметтер көрсетудің толық тоқтауына,
тұрғын аймақтарда қалдықтардың жиналуына немесе заңсыз үйінділердің пайда болуына себеп
болады.
Қалдықтарды басқару негізгі үш проблемамен бетпе-бет кезедеседі: (a) қалдықтар
сұрыпталмайды жəне жинау кезінде бөлінбейді; (б) муниципалды қалдықтар көбіне қауіпті
қалдықтармен араласады; (в) қалдықтарды қайта өңдейтін құрылыстардың жетіспеуі.
Қалдықтардың басым бөлігі экологиялық жəне санитарлық нормаларға сай емес қаладағы
қоқыс тастайтын жерлерде сақталады.
Жердің тозуы жəне тақырға (шөлге) айналуы
Құрғақ климатпен, жауын-шашынның төмен деңгейімен, қатты буланумен жəне дүркін-дүркін
қуаншылықтармен сипатталатын Қазақстанның экожүйесі əрине шөлге айналуға бейім.
Жердің тозуы мен шөлге айналу проблемасы Кеңес заманында ауыл шарушылығы мен жер
пайдаланудың тұрлаусыз əдістері арқылы шиеленісе түсті. Қазақстан жерінің жалпы
аумағының шамамен 2/3 (66%) бөлігі тозуға ұшыраған. Ахуал елдің бидай өсіретін солтүстік
аудандарында, сондай-ақ мақта мен күріш егілетін Сырдария өзенінің аңғарындағы Оңтүстік
аудандарда қиындай түседі. Дара дақылға негізделген егін шарушылығы экожүйелерге зиян
келтіріп, жел эрозиясы мен тұздың ұлғаюының əсерінен топырақ құнарсызданды.
Қоршаған ортаға төнетін ауылшарушылық емес қауіптердің қатарына іс-əрекеттің өндіруші
түрлерімен байланысты жердің тозуы жатады, олар жиналып қалған, көбіне уытты
қалдықтарды көметін орындар ретінде пайдаланылатын орасан үлкен жер алқаптарына əсерін
тигізеді. Екінші себеп биологиялық алуан түрлілік пен шабындықтардың аумағын азайта түсіп,
орман-тоғайлардың жайылмалы экожүйесін тоздыратын өзен ағысын реттеумен байланысты.
БҰҰ шөлге айналумен күресу жөніндегі Конвенциясы (ШК БҰҰК) бойынша үшінші есепте
(2006 ж) мазмұндалған цифрлар көрсеткендей, жердің шөлге айналуы мен тозуына байланысты
жалпы жылдық экономикалық ысыраптар 93 миллиард теңгені құрауы мүмкін (6,2 миллиард
АҚШ доллары).
Радиоактивті ластау
Радиация, сірə, Қазақстандағы ең тұрақты жəне күрделі қауіп болса керек. Кеңес заманында
елдің солтүстік-шығысында орналасқан Семей полигонында 500-ден аса ядролық қарудың
сынағы жүргізілді. Сынақтардың едəуір санының барысында (116) ядролық қарудың жер үсті