Кіріспе
11
шығарды. Қазақстан 2015 жылға қарай мұнай өнімдерін 150 миллон тоннаға дейін көбейтуге
бағытталған орасан зор жоспарлар жасап отыр.
I.1 Сурет: 2001 жылғы ахуал бойынша жер пайдалану
Көпжылдық
шабындықтар
мен
жайылымдар
19,3%
Дара дақыл
егілетін
жерлер
4,8%
Егістік жерлер
0,05%
Өзге жерлер
7,9%
Ормандар
жəне орманды
алқаптар
68,0%
Дерек көзі : Қазақстанның ақпараттық базасы
(ұлттық индикаторлар).
http://www.undp.kz/infobase/tables.html?id=42: 2007 жылы 19-
шы қыркүйекте барды.
Табиғи газдың барланған қосалқы қорлары 1,500–2,500 миллиард шамасындағы текше метрді
құрайды да (мтм), елді қосалқы қорлардың деңгейі бойынша 11-ші орынға шығарады. Алайда,
Қазқастан 2003-ші жылы ғана құрғақ газдың экспортшысына айналды. 2006 жылы Қазақстанда
28 миллиард текше метр табиғи газ өндірілді. 10 жылдан кейін өндіру көлемдерін жылына 60-
80 мтм-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
I.3
Адамзаттық мəнмəтін
Қазақстан-халқы аз ел. Халықтың қоныстануының орташа тығыздығы 1 км
2
-ге шаққанда
шамамен 5,6 адамды құрайды. Ел халқының үлкен бөлігі солтүстік-шығыс жəне оңтүстік-
шығыс өңірлеріне шоғырланған. Орталық жəне Батыс Қазақстандағы облыстар халық аз
қоныстанған аумақтарға жатады. 1999 жылғы санақ бойынша елдің халқы негізгі этникалық екі
топтан тұрады-қазақтар жəне орыстар. Қазақстардың үлесі 59.2%-ды құрайды. Қазақстаннның
аумағында украиндарды (2.9%), өзбектерді (2.9%), татарларды (1.5%), ұйғырларды (1.5%),
немістерді, шешендер мен кəрістерді қоса есептегенде, 24 этникалық топтар тұрады.
Кейінгі алты жылдың ішінде елдің демографиялық көрсеткіштері біршама тұрақты болды (I.1
кестені қараңыз). 2001 жылдан бері халықтың жалпы санының өсуі 3.6%-ды құрады жəне
орташа өмір сүрудің ұзақтығы да сондай-ақ артып келеді. Бала туу деңгейі 32%-ға өсті. Өлім-
жітімнің деңгейі 2%-ға ұлғайды. Балалар өлімі деңгейінің 26%-ға төмендеуіне байланысты оң
серпін байқалады.
Қазақстан Республикасы – екі тілді ел. Халықтың 64.4%-ы сөйлейтін қазақ тілі мемлекеттік тіл
мəртебесіне ие.
Əдетте бизнесте пайдаланылатын орыс тілі ресми тіл болып жарияланды. Елдегі халықтың
үлкен бөлігі орыс тілінде сөйлейді. Алдын-ала жасалған деректер бойынша, елде тұратын
этникалық қазақтардың тең жартысы ғана қазақ тілін еркін меңгерген, дегенмен қазақ тілі
барған сайын кеңінен тарауда.
12
Кіріспе
I.1 Кесте: Демографиялық көрсеткіштер жəне денсаулыққа байланысты көрсеткіштер,
2000–2006 жылдар
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
Халық, млн адам
14,9
14,9
14,9
15,0
15,1
15,2
15,4
Бала туу (1,000 адамға)
14,9
14,9
15,3
16,6
18,2
18,4
19,7
Бала туудың Жалпы коэффиценті*
1,8
1,8
1,9
2,0
2,2
2,2
..
Туылған кездегі болжалды өмір сүру ұзақтығы
65,5
65,8
66,0
65,8
66,2
65,9
66,2
Ер адамдардың болжалды өмір сүру ұзақтығы
60,2
60,5
60,7
60,5
60,6
60,3
60,6
Əйелдердің болжалды өмір сүру ұзақтығы
71,1
71,3
71,5
71,5
72,0
71,8
72,0
0-14 жастағы халықтың %-ы
..
24,3
23,5
27,2
26,6
..
..
65 жастан жоғары халықтың %-ы
..
11,9
11,9
10,5
10,4
..
..
Өлім-жітім (1,000 адамға)
10,1
10,0
10,1
10,4
10,1
10,4
10,3
Балалар өлімі (1,000 адамға)
18,8
19,1
17,0
15,7
14,5
15,2
13,9
Дерек көзі: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі ұлттық агенттігі; 2006 жылғы статистикалық
жылнама. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің веб-сайты; 2007 жылғы 23 қараша.
Ескерту : Қазақстандағы БҰҰДБ (http://www.undp.kz/infobase/) Ақпараттық базасының веб-сайты 2007 жылғы 26-
шы қараша.
Дəстүрлі этникалық қазақтар мұсылман-сунниттерге, ал орыс тұрғындары православиеге
жатады. Қазір халықтың 47%-ы мұсылман дінін, 44%-ы орыс православиесін ұстанады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) адам дамуы туралы 2006 жылғы
есебінің деректері бойынша Қазақстан адам дамуының орташа деңгейіндегі елдер тобына
жатады. Елдегі адам дамуының индексі (АДИ) 0,723-тен (1995) 0,794-ке (2005) дейін
көтеріліп, Қазақстан Республикасын шолуда қамтылған 177 елдің арасында 73-ші орынға
орналастырды. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде ең жоғары АДИ-ге ие.
I.4
Экономикалық мəнмəтін
Бұрынғы Кеңес Одағының экономикалық жүйесінде бидай өсіруге, металлургияның дамуы
мен минералды ресурстар өндіруге байланысты Қазақстанға ерекше рөл берілді. Кеңес Одағы
ыдырағаннан кейін бұрынғы тығыз экономикалық байланыстар үзіліп, сондықтан ел өндірістің
күрт құлдырауын, жоғары инфляция мен елеулі қаржы үйлесімсіздігін (дисбаланс) бастан
кешірді. Қазақстанның экономикасы күрт қысқарып, ел 1990-шы жылдардың бірінші
жартысында 36 % ЖІӨ-і жоғалтты.
Елдегі экономиканың екінші ең ірі секторы жəне жұмыс беруші ауылшаруашылығында 1999
жылы өнім мол болып, ол 21,6 %-ды құраған жалпы ауылшарушылық өндірісінің өсуіне қозғау
салды. Сонымен қатар əлемдік рыноктағы мұнайдың жоғары бағалары 14.3%-ды құраған
өнеркəсіп өндірісінің өсуіне себеп болды. 1999 жылдың бас кезінде ауылшарушылық жəне
өнеркəсіп өндірісін ұлғайтумен ұштастырылған Қазақстандық валютаны (теңге) флотациялау
ел экономикасын өсу соқпағына шығаруға көмектесті. Мұнай секторына жасалған шетелдік
инвестициялар мұнай өндірушілік қуаттың ұлғаюына септігін тигізді жəне экспорт
көлемдерінің айтарлықтай өсуіне түрткі болды. 2000 жылдан бастап ЖІӨ-нің тұрақты жылдық
өсуі байқалып, ол 9.3%- 13.5% межелерінде құбылып отырды.
1999 жылы тіркелген теңгенің құнсыздануынан (девальвация) кейін, инфляция
қарқындарының қысқа мерзімді азайуы байқалды, бірақ бұл толқын ұзаққа созылған жоқ: 2001
жылға қарай тұтынушылық бағалар инфляцияның (ТБИ) орташа жылдық орташа деңгейі 10%-
дан аз шаманы құрады. Кейінгі 4 жылдың ішінде ТБИ 8 пайыздан төмен болды. Осы кезден
бастап инфляция қарқындарының шамалы ғана өсуі белгіленді; 2006 жылы инфляцияның
деңгейі небəрі 8.6%-ды ғана құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |