Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



жүктеу 3,63 Mb.
Pdf просмотр
бет14/47
Дата30.12.2019
өлшемі3,63 Mb.
#25459
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47

2.3. Қазақстандағы 
мүгедектігі бар 
балаларға арналған 
институционалдық 
құрылым
Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды 
қорғауға үш негізгі үкімет органы тартылған: ҚР 
Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДМ), ҚР Білім 
және ғылым министрлігі (ҚР БжҒМ), ҚР Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
(ҚР ЕжХӘҚМ).   
2.3.1. Қазақстан республикасының 
денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау 
министрлігі мүгедектігі бар балаларға сапа-
лы медициналық қызмет көрсетуге жауап-
ты. Бұдан бөлек, денсаулық сақтау мекемесі 
баланың бүлдірішін жастағы кезеңінен ба-
стап мүгедектік тобын анықтау мен белгілеу 
үшін де жауапты болып табылады. Ол үшін ҚР 
ДМ сәбиді алғашқы күннен бастап тексеруден 
өткізетін ерте жастан даму скринингін әзірледі. 
Нәрестелерге күтім жасауды қамтамасыз етуге 
жауапты медициналық мекемелер (перзентха-
налар) де сәби дүниеге келген сәттен бастап 
бірден «статистикалық нысанды» толтыруға жа-
уап береді. Нысан ҚР ЕжХӘҚМ-ге жіберіледі 
және мүгедектігі бар болып туылған әр балаға 
жеке жоспар әзірлеуге көмектеседі. 
Денсаулық сақтау министрлігіне бағынатын 
медициналық орталықтар да ересектер мен 
16 жасқа толмаған балалардың мүгедектік 
деңгейін (психикалық/физикалық) анықтауға 
және белгілеуге жауап береді. Бұл ағымдағы 
заңнамалық база негізінде жүзеге асы-
рылады және министрліктің актілерімен, 
бұйрықтарымен бірге регламенттеледі 
(5-кірістірмені қараңыз).  
ҚР ДМ-нің қарауындағы барлық емханалар 
мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетіп, 
ақпарат ұсынады және баланың (мүгедектігі 
бар) бүлдіршін жастағы дамуына қатыстырылуы 
мүмкін. Емханалардың жанында балалардың 
ата-аналары мен мүгедектігі бар адамдар кон-
сультация алатын жеке кабинеттер бар. 
Мүгедектігі бар балаларға күтім жасау және 
оңалту бағдарламаларын іске асыруға тікелей 
қатысатын басқа мекемелер 18 жасқа дейінгі 
балаларға арналған оңалту орталықтары бо-
лып табылады. Олар сондай-ақ Денсаулық 
сақтау министрлігінің қарауында болады және 
мүгедектігі бар балалардың емделуі мен білім 
алуын қамтамасыз етеді.   
5-кірістірме. денсаулық сақтау министрлігінің мүгедек балалар скринингі 
туралы бұйрықтары  
ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене 
бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығы (2003 жылғы 29 
қаңтардағы № 83, 08.27.2009 ж. берілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 
Бұл бұйрық психологиялық дене дамуының скринингі үш кезең бойынша жүзеге асырыла-
тын бес тексеру жүргізуден тұруды ұйғарады. Ол қауіп факторлары болған жағдайдағы іс-
әрекеттер мен қабылдау қажет болатын қадамдарды баяндайды. 
 ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының «Бүлдіршін жастағы балалардың 
есту қабілетінің бұзылуы скринингін және диагностикалауды ұйымдастыру ережесін бекіту 
туралы» (2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 478) бұйрығы 
Есту қабілеті бұзылуының скринингі мен оны диагностикалаудың нәресте дүниеге келгеннен 
кейін 2-3 күн ішінде перзентханада немесе аурухананың босану бөлімінде өтуін ұйғарады. Оң 
нәтиже болған жағдайда тереңдетілген аудиологиялық тексеру жүргізу қажет. 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Скрининг ұйымдастыру ережесін 
бекіту туралы» бұйрығы (2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704) 
Бұл бұйрықтың 2-бабы түрлі деңгейлерде пренаталды және неонаталды скринингті 
ұйымдастыруға және Феллинг ауруы мен туа біткен гипотериозға қойылған оң диагнозға 
медициналық әсер ету шараларына қатысты барлық техникалық ұйғарымдарды егжей-
тегжейлі сипаттайды. 
32


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау:  ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
2.3.2. Қазақстан республикасының 
еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек және 
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан 
Республикасындағы мүгедектігі бар балаларды 
анықтауға, қоғамға интеграциялауға, қорғауға 
және оларға мониторинг жүргізуге тартылған 
негізгі үкімет органдарының бірі болып табыла-
ды. Бұл бағыттағы алғашқы функциялардың бірі 
мүгедектікті анықтау (бүлдіршін жастан) болып 
табылады. ҚР ЕжХӘҚМ жанындағы ұйымдар 
ҚР ДМ-мен бірлесіп балалар мүгедектігі 
тобының санатын белгілейді. Шешуді та-
лап ететін екінші аспект балаға белгіленетін 
жәрдемақының сомасын анықтау. Отбасының 
әлеуметтік және экономикалық жағдайын 
ескере отырып (мысалы, ата-аналарының 
жұмыс істейтін/істемейтініне байланы-
сты), ҚР ЕжХӘҚМ жанындағы органдар бала 
мұқтаждығына көмек ретінде жәрдемақылар 
туралы шешім шығарады. Бұған қоса, жеке 
даму жоспарлары әзірленеді. Бұл жоспарлар, 
негізінен, мүгедектіктің түрі мен ауырлығына 
және баланың әлеуметтік жағдайына (баланың 
тұратын жерінің жағдайларын қоса алғанда) 
негізделеді. Сонымен қатар мамандандырылған 
жабдықтарға мұқтаждығы бағаланады. 
Әкімдік деңгейіндегі департаменттерде 
жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлер 
ҚР ЕжХӘҚМ жалпы басшылығымен жұмыс 
істейді. Олар балалардың мұқтаждықтарын 
анықтау үшін ата-аналармен жұмыс істейді. 
ҚР ЕжХӘҚМ жанында мүгедектігі бар бала-
лармен жұмыс істейтін шамамен 12 000-ға 
жуық әлеуметтік қызметкерлер бар. Алайда 
олар әлі күнге дейін деңгейлерге, яғни жеке 
бағалаумен айналысатындарға және үйдегі 
балаларға баратындарға бөлінбегендіктен, 
олардың мүмкіндіктерінің деңгейлері бір-
бірінен ерекшеленеді. Университеттегі 
бітіруші әлеуметтік қызметкерлерге арналған 
мамандандырылған курстар 2003 жылдан ба-
стап жұмыс істейді, бірақ соңғы кезде әлеуметтік 
жұмысқа оқытуға арналған гранттар мөлшері 
қысқарды. 
Психикалық-жүйке ауруларымен ауыратын 
балаларға арналған медициналық-әлеуметтік 
мекемелер секілді психикалық бұзылыстары 
бар балаларға арналған интернаттық мекеме-
лер де Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігінің қарауында. Елде психикалық-
жүйке ауруларымен ауыратын балаларға 
арналған 17 медициналық-әлеуметтік меке-
6-кірістірме. арнаулы әлеуметтік 
және оңалту қызметтеріне 
арналған заңнамалық база
•  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер тура-
лы» Қазақстан Республикасының Заңы 
(07.10.2012 ж. берілген өзгерістерімен 
және толықтыруларымен)
Мүгедектігі бар балалар арнаулы 
әлеуметтік қызметтерді алуға құқылы. 
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің 
кепілді көлемі бюджет қаражаты 
есебінен қамтамасыз етіледі, ал ақылы 
арнаулы әлеуметтік қызметтер кепілді 
көлемнен тыс ақылы негізде көрсетіледі.  
•  «Мүгедектерді
оңалтудың
жеке бағдарламасын әзірлеу 
ережесін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау 
министрінің (ЕжХӘҚМ) 2004 жылғы 
7 желтоқсандағы №286-ө бұйрығы 
(06.11.2012 ж. берілген өзгерістерімен 
және толықтыруларымен)
Жеке оңалту бағдарламасын Қазақстан 
Республикасының Еңбек және халықты 
әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау 
және әлеуметтік қорғау комитетінің 
аумақтық бөлімшелері мүгедектікті 
анықтау кезеңінде әзірлейді. Жеке 
оңалту бағдарламасының медициналық, 
әлеуметтік және кәсіптік бөлігі 
жүргізілген сараптамалық диагностика 
нәтижелеріне және мүгедектердің оңалту 
іс-шараларына мұқтаждықтарына бай-
ланысты әзірленеді. Динамикалық 
бақылау жасау кезінде жүзеге асырыла-
тын оңалту іс-шараларының тиімділігіне, 
сапасы мен толықтығына бағалау 
жүргізіледі. Медициналық көрсеткіштер 
болған жағдайда аумақтық бөлімшелер 
қосымша іс-шаралар әзірлеу арқылы 
немесе оңалту іс-шараларын әрі 
қарай жүзеге асыру қажеттілігі мен 
мақсаттылығы туралы мәселені шешу 
арқылы жеке оңалту бағдарламаларына 
түзетулер енгізеді. 
33


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау