беріледі. Арнаулы балабақшалар мен басқа да
арнаулы түзеу ұйымдары ашылады немесе қажет
болған жағдайда, үйде оқытылады. Мемлекет
мүгедектігі бар балалар білім алған кезде олар-
ды ұстауға жұмсалатын шығындарды толық
немесе ішінара көтереді. Жергілікті атқарушы
органдар сәулет, қаланы жоспарлау, тұрғын
үй құрылысы және көлік инфрақұрылымының
мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждықтарын
ескеруін қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы
органдар мүгедектігі бар адамдардың мәдени-
ойын-сауық іс-шараларына, сондай-ақ дене
шынықтыру және спортпен айналысу үшін спорт
ғимараттарына қол жеткізуге жағдай жасайды.
Балалар арасында мүгедектікті анықтаудың
маңызды аспектілерінің бірі, мысалы,
мүгедектігі бар балаларды бүлдіршін жа-
стан тексеру денсаулық сақтау министрінің
бірнеше бұйрықтарымен реттеледі. Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
«Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-
дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру
ережесін бекіту туралы» бұйрығы (2003 жылғы
29 қаңтардағы № 83, 08.27.2009 ж. берілген
өзгерістерімен және толықтыруларымен)
психологиялық дене дамуын тексеру үш кезең
бойынша жүзеге асырылатын бес тексеру
жүргізуден тұруды ұйғарады. Ол қауіп фак-
торлары болған жағдайдағы іс-әрекеттер мен
қабылдау қажет болатын қадамдарды баян-
дайды. «Бүлдіршін жастағы балалардың есту
қабілетінің бұзылуы скринингін және диагно-
стикалауды ұйымдастыру ережесін бекіту ту-
ралы» бұйрық (2009 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 478) есту қабілетінің бұзылуын тексеру
және диагностикалаудың нәресте дүниеге
келгеннен кейін 2-3 күн ішінде перзентха-
нада немесе аурухананың босану бөлімінде
өтуін ұйғарады. Оң нәтиже болған жағдайда
тереңдетілген аудиологиялық тексеру жүргізу
қажет. Денсаулық сақтау министрінің «Скрининг
ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» тағы бір
бұйрығы (2010 жылғы 9 қыркүйектегі) түрлі
деңгейлерде пренаталды және неонаталды
скринингті ұйымдастыруға және Феллинг ау-
руы мен туа біткен гипотериозға қойылған оң
диагнозға медициналық әсер ету шаралары-
на қатысты барлық техникалық ұйғарымдарды
егжей-тегжейлі сипаттайды.
Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды
оқытқан кездегі оларды ұстауға байланысты
шығындарды толық немесе ішінара көтереді.
Мүгедектік тобына қарай бұл қызметтер бюд-
жет қаражаты есебінен 50% немесе 100%
төленеді.
бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау
министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы
№ 83 бұйрығы
• «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
әзірлеу ережесін бекіту туралы» ҚР
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің (ЕжХӘҚМ) 2004 жылғы 7
желтоқсандағы № 286-ө бұйрығы
• «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің
қызметін регламенттейтін нормативтік
құқықтық актілерді бекіту туралы» ҚР
Білім министрінің (БМ) 2004 жылғы 3
қыркүйектегі № 712 бұйрығы
• « П с и х о л о г и я л ы қ - м е д и ц и н а л ы қ -
педагогикалық консультация қызметін
ұйымдастыру тәртібі туралы ережені
бекіту туралы» ҚР Білім министрінің 2004
жылғы 14 қыркүйектегі № 744 бұйрығы
• «Оқушыларды
аттестациядан
өткізу
әдістемесі ережесін бекіту туралы»
ҚР Білім министрінің 2004 жылғы 2
наурыздағы № 166 бұйрығы
қамтылуға, сондай-ақ шығармашылық
қабілеттеріне қолдау алуға құқылы. Мүгедектігі
бар адамдарды әлеуметтік қорғау оларға қоғам
өміріне қатысуда және төлемдерді қоса алғанда,
әлеуметтік көмек көрсетуде басқа азаматтар-
мен тең мүмкіндіктер беруге бағытталған. Тиісті
мүгедектік тобы мүгедектігі бар бала 16 жасқа
толған кезде медициналық-әлеуметтік сарап-
тама жүргізу арқылы белгіленеді және жеке
оңалту бағдарламасы әзірленеді. Мүгедектігі
бар адамдарды медициналық оңалту қалпына
келтіру емінен, қалпына келтіру хирургия-
сынан, протездік-ортопедиялық көмектен
тұрады. Шипажай-курорттық емдеу жеке
оңалту бағдарламасына сәйкес ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту
негізгі әлеуметтік дағдыларды үйретуді, жүріп-
тұруға қосымша техникалық құралдар ұсынуды,
сондай-ақ алғашқы көмек көрсетуді, үйде жіне
мекемелерде әлеуметтік қамтамасыз етуді, жеке
көмекші немесе қажет болған жағдайда ымдау
тілі маманының қызметін ұсынуды қамтиды.
Үйде және аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету
орталықтарында әлеуметтік қызмет көрсету
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Оның үстіне бұл заң мемлекеттің сурдоаудар-
ма ұсыну арқылы мүгедектігі бар адамдардың
ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ететінін
растайды. Мүгедектігі бар адамдарға тегін ба-
стауыш, негізгі, жалпы орта білім алуға кепілдік
30
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
2.2.1. Заңнамалық базаны іске
асыруға байланысты кедергілер мен
проблемалар
Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі
бар балалардың қорғалуын қамтамасыз
ететін жалпыға бірдей заңнамалық базаға
қарамастан, мүгедектігі бар балаларды қоғамға
араластыру бұрынғысынша қиын мәселе бо-
лып қалып отыр. Бұл айтарлықтай деңгейде
«ескірген көзқараспен» байланысты, яғни
негізінен, оларға оңалту және әлеуметтік қорғау
желісін қамтамасыз ету үшін қажет болатын
мейлінше аз ресурстар бөлінеді. Соған сәйкес,
мүгедектігі бар адамдар мен балалар халықтың
әлеуметтік қауқарсыз топтары болып саналады,
олар талап етілетін қоғамдық игілік деңгейін
алуға тиіс (көбінесе – барынша шектеулі) және
қоғамның толық құқылы мүшелері ретінде
қарастырылмайды (БҰҰДБ, 2009 ж.).
Қоғамдық өмірден аластату мәселесі
жуық арада осы мәселеге қатысты Үкімет
қабылдаған шараларға қарамастан,
мүгедектігі бар адамдарға қатысты неғұрлым
шетін мәселелердің бірі болып қала береді.
Қазақстан - «Білім туралы» Заңға (2007 ж.)
инклюзивті білім беруді қосқан Орталық
Азиядағы бірден-бір мемлекет. (ЮНИСЕФ, 2013
ж.). Осы Заң қабылдаған білім беру моделі
мектеп жасындағы бүкіл балаларға олардың
қабілеттеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктері мен
мұқтаждықтарына қарамастан, бірдей қолдау
көрсетуді білдіреді. Бұған қоса, Үкімет неғұрлым
ықпалдасқан әлеуметтік қызметтер жүйесі
бағытымен қозғалуға тырысады. Ықпалдасқан
жүйе әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және
білім беру саласындағы басқару шараларын
әлеуметтік қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін
зерттеу арқылы біріктіреді (Ковалевский,
2012 ж.). Алайда кейбір жағдайларда мұндай
өзгерістер мүгедектігі бар балаларға қызмет
көрсетуден бас тартудың көзі болды. Мысалы,
Ковалевтің жуық арада жасаған баяндамасын-
да (2012 ж.) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ту-
ралы» ҚР Заңын қабылдау білім беру, денсаулық
сақтау және әлеуметтік қорғау арқылы әлеуметтік
қызмет көрсетілетін халықтың тобын қайта
бөлуді қамтығаны атап өтіледі. Мұндай балалар-
мен әлеуметтік жұмыс жүргізу тұжырымдамасы
секторлар арасында қайта қаралған болса да,
балаларға (соматикалық аурулармен ауыратын
балаларды қоса алғанда) арнаулы әлеуметтік
қызмет көрсетуге жауапкершілік білім беру және
денсаулық сақтау секторлары арасында қайта
бөлінді (Ковалевский, 2012 ж.). Баяндамада
мұның кейбір жағдайларда мүгедектердің
белгілі бір топтарын осындай қызметтерді алудан
шығарып тастауға әкелуі мүмкін екені айтыла-
ды. Мұндай топтар әлеуметтік қызметтерді алуға
көрсеткіштері бар соматикалық бұзылыстар
салдарынан белгілі бір деңгейде мүгедек бала-
ларды, үшінші топтағы мүгедектігі бар балалар-
ды және бірқатар басқа санаттарды қоса алар
еді. Олар бәрінен бұрын білім беру, денсаулық
сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында
әлеуметтік көмек көрсетуге арналған стандарт-
тарды іске асыру тәсілдерін түсінуде немесе
анықтықтың болмауынан жүйеден шығарылуы
мүмкін еді.
Қызметтерді үйлестіру және ұсыну мәселесін
қатысушылар сондай-ақ фокус-топтарда және
респонденттер терең сұхбаттарда талқылады.
3-тарауда сапалық зерттеу нәтижелері ба-
рынша егжей-тегжейлі қарастырылатынына
қарамастан, көптеген респонденттердің бұл жер-
де заңнамаларды іске асыруда кемшіліктері көп
жетілмеген үдерістердің бар екенін хабарлағанын
еске салуға болады. Мүгедектігі бар балалардың
құқықтарын нақты қарастыратын заңнамаларды
қабылдау алға қарай басқан маңызды және
жаңашыл қадамды білдірсе де, оны үйлестіру
бұрынғысынша алаңдаушылық туғызады.
Кейбір респонденттер мысалы, заңнамаларды
іске асыру барлық өңірлерде біркелкі
жүзеге асырылмағанын, қаладағы аудан-
дарда ақпараттық ресурстарға қолжетімділік
неғұрлым жоғары болғандықтан, ауыл мен
қала аудандарында анық айырмашылықтардың
болғанын хабарлады. Басқа респонденттер
заңнама қорғау үшін негізгі қызмет көрсетуші
қызметкерлердің мүмкіндіктері мен біліктіліктері
жетіспейтін құқықтарға кепілдік беретінін атап
көрсетті. Мысалы, заңнама мүгедектігі бар
балалардың басқа балалармен бірдей білім
алуға қолжетімділігіне кепілдік береді, алай-
да инклюзивті сыныптардың проблемалары
мен арнаулы мұқтаждықтарын қанағаттандыра
алатын даярлықтан өткен мұғалімдер мен
педагогикалық білімі бар көмекші қызметкерлер
жетіспеушілігі бар. Мамандандырылған оқу
бағдарламалары мен мүгедектігі бар балалар-
мен жұмыс істейтін мұғалімдердің біліктілігінің
жоқ екенін назарға ала отырып, мұндай әлеуетті
өсіруге мүмкіндіктер жоқ. Бұл заңнаманың жал-
пыны тегіс қамтуы үшін айтарлықтай олқылық
болып табылады. Мұнда келтірілген мысалдар
респонденттер атап көрсеткен заңнамалар
ережелерін іске асырудағы практикалық
қиындықтардың тек аз ғана бөлігін көрсетеді; іске
асыруда қабылданатын мәселелерге жасалған
тереңдетілген талдау 3-тарауда келтіріледі.
31
Достарыңызбен бөлісу: |