Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



жүктеу 3,63 Mb.
Pdf просмотр
бет17/47
Дата30.12.2019
өлшемі3,63 Mb.
#25459
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47

Мүгедектігі бар балалар (I топ) 
 
Мүгедектігі бар балалар (II топ)
Мүгедектігі бар балалар (III топ) 
 
16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар
мөлшері баланың жасы (ең көп дегенде 18 
жасқа дейін) мен мүгедектігінің тобы ескеріле 
отырып анықталады. Бұдан бөлек, мүгедектігі 
бар балалардың ата-аналары да балалары-
на күтім жасағаны үшін ең төменгі жалақы 
мөлшерінде (18 660 теңге шамасында, 125 
АҚШ долларына барабар) жәрдемақы ала-
ды (ЮНИСЕФ, 2012 ж.). Жәрдемақылардың 
деңгейін Шығыс Еуропаның басқа елдерімен 
салыстырып қарайық. Албанияда мүгедектігі 
бойынша жәрдемақы деңгейі айына 86 АҚШ 
долларын құрайды (баласы мектепке немесе 
жоғары оқу орнына баратындар үшін айына 
86 доллар мөлшерінде қосымша үстемеақы 
көзделеді), ал Украинада мүгедектігі бойын-
ша жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейі 
мөлшерінің 60 – 100%-ына тең келеді, ол айына 
шамамен 113 АҚШ долларын құрайды (Oxford 
Policy Management, 2011 ж.). Өңірдегі басқа 
елдер де мүгедектігі бар балаларға арналған 
жәрдемақылардың салыстырмалы сызбала-
рына ие. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы 
Түркіменстанда базалық жалақының 1,6-
дан 3,3-есеге дейінгі мөлшерінің диапазо-
нында (мүгедектік тобына байланысты), ол 
80 АҚШ долларына тең. (ЮНИСЕФ, 2013 ж.). 
Өзбекстанда 16 жасқа дейінгі балаларға 
арналған мүгедектігі бойынша жәрдемақы екі 
ең төменгі жалақы сомасына тең (ЮНИСЕФ, 
2013 ж.). Қырғызстанда мүгедектігі бойынша 
ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы 63 АҚШ дол-
ларына барабар және ол отбасыларға олардың 
табыстарының мөлшеріне қарамастан төленеді. 
Бұл сома Қазақстанға қарағанда айтарлықтай 
төмен. 
ҚР ЕжХӘҚМ деректері 2006 жылдан 2013 жылға 
дейінгі кезеңде мүгедектігі бар балаларға 
арналған әлеуметтік жәрдемақының өскенін 
көрсетеді. Жәрдемақының мөлшері баланың 
жасына (16 жасқа дейінгі барлық мүгедектігі 
бар балалар бірдей жәрдемақы алады) және 
мүгедектігінің тобына (мүгедектік тобы 16 
жасқа толған соң белгіленеді) байланысты бо-
лады. 16 жасқа дейінгі барлық мүгедектігі бар 
балаларға арналған жәрдемақының мөлшері 
тұрақты жылдамдықпен болмаса да, жыл сайын 
өсіп отырды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 
(2007 жылмен салыстырғанда) пайызға 
шаққанда біршама өсім 2008 жылы байқалды, 
мұнда 2012-2013 жылдарда өсім 26 пайыз-
ды, ал ең төменгі өсім (сәйкесінше, 2011 және 
2012 жылдармен салыстырғанда) 7 пайызға 
артты. Алайда 12-сурет өсу белгілі бір дәрежеде 
нақты кезең ішіндегі ақшаның құнсыздануымен 
өтелетінін көрсетеді. Іс жүзінде сурет тұтыну 
бағасы индексін пайдалана (ТБИ) отырып, 
тұрақты бағаларды көрсеткен кезде жәрдемақы 
мөлшерінің артуы номиналдық тұлғалаудағы 
сияқты оң болып қалады, бірақ айтарлықтай 
жоғары емес. Мүгедектікке байланысты үш 
топқа арналған жәрдемақылар сомасы 16 
жасқа толмаған мүгедектігі бар балаларға 
арналған жәрдемақы сомасынан 1,36, 1,11 
және 0,86 коэффициенттеріне (сәйкесінше, I, II 
15000
10000
5000
0
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2014
12-сурет. Мүгедектігі бар балаларға арналған мүгедектігі бойынша берілетін ай сайынғы 
жәрдемақының тұрақты бағасымен көрсетілген (ТТИ (тұтыну бағасының индексі) 2007 ж. = 100)
Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі деректерінің негізіндегі жеке іріктелім, 2012 ж.
Ескертпе. 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің 
мөлшерлемесіне байланысты белгіленді. 2006 жылғы 1 қаңтардан мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 
«базалық» әлеуметтік жәрдемақы болып өзгертілді және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты 
белгіленеді (2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 101 Заң). 
38


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау:  ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
және III топтар үшін) ерекшеленеді. Сондықтан 
өткен жылдар ішіндегі кез келген үрдістер 
ұқсас болып табылады (11 және 12-суреттерде 
көрсетілгендей, қисықтар бір-біріне параллель 
орналасқан). 
Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдардың 
көпшілігінің мемлекет ұсынатын күтімге де, 
қолауға да мұқтаж екенін ескерсек, олар та-
бысы төмен отбасылар санатына жатады 
(Қазақстанға арналған Мыңжылдық даму 
мақсаттары (МДМ) туралы баяндама, 2010 
ж.). Басқа есептер отбасында мүгедектігі 
бар адамның болуы кедейлік пен әлеуметтік 
оқшаулану қаупінің арту фактісін растайды 
(ПРООН, 2009 ж.). Бұл, ең алдымен, (еңбекке 
мейлінше жарамсыз және отбасының өзіне 
қамқорлық жасау үшін жұмысын тастайтын 
басқа мүшелері тарапынан неғұрлым бейресми 
көмекке мұқтаж) мүгедектігі бар адамның ерек-
ше мұқтаждықтарына байланысты. Сондай-
ақ бұл мүгедектік салдарынан туындаған 
қосымша мұқтаждықтарды жабу үшін бөлінген 
жәрдемақы сомасы жеткіліксіз болатындықтан 
(мысалы, медициналық қызметтерге және 
т.б. ерекше мұқтаждықтар), мүгедектігі бар 
адамдарға қаржылай қолдау көрсету кейде 
мардымсыз болатынын да айғақтап берді деп 
көрсетеді, (Қазақстанға арналған МДМ баянда-
масы, 2010 ж.). 
2.4.3. жүйені қаржыландыру 
мен оған мониторинг жүргізудегі 
ықтимал кедергілер 
Жоғарыда келтірілген талдау Қазақстандағы 
мүгедектігі бар балалар мен олардың 
отбасыларының мүгедектігі бойынша 
жәрдемақыларының салыстырмалы түрде 
жоғары екенін (әсіресе өңірдегі Қырғызстан 
секілді басқа елдермен салыстырғанда) 
көрсетті. Мүгедектігі бойынша жәрдемақыны 
нақты көбейту оның азғана, болмашы екеніне 
қарамастан, үкіметтің халықтың дәл осы то-
бын қорғауға бел байлағанын растайтын 
жақсы белгі болып табылады. Екінші жағынан, 
Қазақстан Республикасында қабылданған 
түрлі заңдардың қолданысқа енгізілгеніне 
қарамастан, жүйе бұрынғысынша мониторинг 
жүргізу мен бағалаудың қанағаттанарлықсыз 
тетіктерінен зардап шегуде. Мұндай тетіктер 
халықтың мақсатты санаттарына әлеуметтік 
көмек көрсетудегі сапаның тиімсіздігі мен 
кемшіліктерін анықтамайды және жоймайды. 
Елдегі әлеуметтік көмек көрсету жүйесі туралы 
есептердің бірі осы жетістіктердің кейбіреулерінің 
түрлі облыстардағы көрсетілген әлеуметтік 
қызметтердің құнымен салыстырғанда 
айтарлықтай жоғары айырмашылықтармен 
ерекшеленетінін көрсетеді (Ковалевский, 
2012 жыл). Мысалы, үкімет Атырау облысын-
да психикалық-жүйке ауруларымен ауыратын 
мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан 
асқан мүгедектігі бар адамдарға үйде күтім жа-
сау үшін жылына бір күтім жасаушыға шамамен 
79,8 мың теңге жұмсаса, Алматы облысында бұл 
мақсаттарға 217,7 мың теңге жұмсалды. Үлкен 
айырмашылықтар сондай-ақ неғұрлым стандарт-
ты қамқорлық жасау мекемелерінде, мысалы, 
балаларға арналған жартылай стационарлық 
үлгідегі (немесе медициналық, немесе әлеуметтік 
орталықтардағы) медициналық-әлеуметтік ме-
кемелерде байқалады, мұнда шығынның сома-
сы Солтүстік Қазақстан облысындағы 66,7 мың 
теңге мен Батыс Қазақстан облысындағы 5,174 
мың теңге (шамамен 78 есе айырмашылық) 
ЮНИСЕФ және Спешиал 
Олимпикс ұйымдастырған 
спорттық жарыстар 
кезінде, Семей қ. 
39


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау