Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет63/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85

180
12.3 Тиімділік жəне оны анықтау тəсілдері
Табыстың  абсолюттік  көлемі, кəсіпорындар  қызметінің  сапасын
сипаттау  үшін  жеткілікті  негіз  бола  алмайды. Кəсіпорынның  алған  табысы,
өндірілетін  өнім  мен  өндіріс  көлемінің  сипатына  байланысты. Ал  ол  өз
кезегінде  бірқатар  факторлардың  функциясы  болып  табылады: өндірістік
қорлардың  көлемі, олардың  еңбек  өндірісділігі. Сол  себепті, кəсіпорын
жұмысының  сапасы  туралы  пікірді, өндірістің  қандай  да  бір  факторына
қатысты  табыстылық  дəрежесін  білдіретін  салыстырмалы  көрсеткіш  бойынша
қалыптастырған дұрыс. Мұндай көрсеткіш  тиімділік деп аталады.
%
100
×
+
=
нОбС
оф
өнд
С
С
П
R
.
Баға  жүйесі  дұрыс  болған  жағдайда, тиімділік  деңгейі, кəсіпорын
жұмысының  сапасы  туралы  экономикалық  тұрғыдан, негізді  пікір
қалыптастыруға мүмкіндік беретін жалпыланған көрсеткіш болып табылады.
Кəсіпорын  көрген  табыстың  көлемін (П) оның  қолындағы  өндірістік
қорларының  көлемімен (Қ
ө
) салыстыру  арқылы, бұл  жерде  негізгі  өндірістік
қорлар, олардың бастапқы бағасы бойынша есепке алынады:
ө
жыл
р
Қ
П
Д
100
×
=
;
ө
жыл
р
Қ
Т
Д
100
×
=
;
з
жыл
р
V
П
Д
100
×
=
;
Д
р
–тиімділік  деңгейі, %, П
жыл
 – кəсіпорынның  жылдық  табысы,  V
з
  –
аяқталған жұмыстар көлемі.
Геологиялық барлау өндірісі рентабельділігінің жалпы деңгейінің мəні:
з
g
р
V
R
Т
Д
100
)
(
×
+
=
;
мұндағы R
g
– дифференциалдық тау-кен табысы.
Шаруашылықтың  жаңа  жағдайында  тиімділік  деңгейі, кəсіпорынның
жылдық  табысының (Д)  оның  өндірістік  қорларының (Қ
ө)
  орташа  жылдық
бағасына қатынасымен анықталады:
%
100
×
+
=
ОбС
ОФ
р
С
С
Д
Д
.


181
Шаруашылық  жүргізудің  жаңа  жағдайында  жұмыс  жасайтын
геологиялық  ұйымдардың  тиімділік  деңгейі (Д
р)
  жылдық  табыстың  (Т)
аяқталған жұмыс көлеміне (Q
грр)
 қатынасы ретінде есептеледі:
%
100
×
=
грр
р
Q
Т
Д
.
Жоғарыда 
көрсетілген 
əдістен 
басқа, геологиялық 
барлау
жұмыстарының тиімділік деңгейі, минералды шикізатты пайдаланудан түсетін,
геологиялық  барлау  жұмыстарына  бөлінетін 1 теңге  шығынға  шаққандағы
дифференциалдық тау-кен табысымен (R
g)
 сипатталуы тиіс.
Геологиялық барлау өндірісі рентабельділігінің жалпы деңгейінің мəні:
жалпы
g
р
З
R
Т
Д
100
×
+
=
.
Тиімділікті 
арыттырудың 
негізгі 
бағыттары. 
Мемлекеттік
кəсіпорындардың  рентабельділігін  арыттыру, ақыры, жалпы  қоғамдық  еңбек
өндірісділігін  өсіру  тəрізді, ғылыми-техникалық  үдерістің  жетістіктерін
жоспарлы ендіру, өндірістік қорларды, еңбек жəне табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану  арқылы  қамтамасыз  етіледі. Өнім  өндірісі  көлемін  ұлғайту,
кəсіпорын  шығындарын  азайту, еңбек  құралдарын  барынша  толық  пайдалану,
кəсіпорын  қорларының  айналымда  болу  ұзақтылығын  қысқарту, тиімділіктің
өзгеруіне  тікелей  əсер  етеді. Тиімділіктің  артуына, кəсіпорындар  мен  оның
бөлімшелеріндегі  шаруашылық-есептік  қатынастарды жетілдіру  де, өз септігін
тигізеді. Кəсіпорынның  пайдалы  жұмысын  қамтамасыз  етудің  маңыздылығы,
оларды өзін-өзі қаржыландыру жағдайына ауыстыруға байланысты арта түседі.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары.
1. Геологиялық барлау саласының өнімі болып нелер саналады?
2. Тауарлық жəне өткізілетін өнім дегеніміз не жəне ол қалай
есептеледі?
3. Нормативтікк таза өнім көрсеткішінің мəні неде жəне ол қалай
есептеледі?
4. Пайда дегеніміз не, оның атқаратын рөлі?
5. Геологиялық барлау саласында пайданы қалыптастырудың
ерекшеліктері неде?
6. Шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайында, пайданы
қалыптастырудың тəртібі қандай?
7. Өндірістік қорларды пайдалану үшін төлем мен банк несиесінің
пайызының мəні неде?
8. Өндірістің тиімділігі дегеніміз не жəне ол қалай есептеледі?


182
13. БОЛІМ.
КƏСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫ
13.1 Кəсіпорынның өндірістік қуаты
Кəсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаты — бұл оның артынан
бекітілген  еңбек  заттарының (машиналардың, жабдықтың  жəне  өндірістік
алаңдардың  технологиялық  жиынтығының) орнатылған  жұмыс  тəртібіне
сəйкес бір жыл (тəулік, ауысым) ішінде максималдық өнім шығару қабілеті.
Кəсіпорынның (цехтың, учаскенің) өндірістік қуаты, қағида бойынша, өнім
шығарылымының көлемі жоспарланатын заттай (шартты-заттай) бірліктерде, ал
кейде, білдек-сағаттарда  жəне, ерекшелік  ретінде, құндық  тұлғалануында
есептелінеді. Өндірістік  қуат  пен өндірістік  бағдарлама (өндіріс  көлемі)
арасындағы айырмашылық кəсіпорын резерві болып табылады, яғни өндірістік
бағдарлама  өндірістік  қуатты  қолдану  дəрежесін  көрсетеді. «Өндірістік  қуат»
атауымен  бірге «шығару  қабілеті» атауы  да  қолданылады. Ол  учаске, цех,
кəсіпорын  үшін  емес, жабдық, білдек, агрегат, ағын  желісі, білдектер  тобы
жұмысына  қатысты  өнімнің  максималдық  шығарылымын  сипаттайды.
Жабдықтың  шығару  қабілеті  онкүндік, тəулік, ауысым  жəне  сағат  үшін
есептелінеді, ал  өндірістің  құрылымдық  бірліктерінің  өндірістік  қуаты – бір
жыл (кейбір жағдайларда – тоқсан жəне ай) үшін.
Өндірістік қуат келесі бастапқы деректер бойынша есептелінеді:
1. Жабдықтың  саны, құрамы  жəне  техникалық  күйі  жəне  өндірістік
алаңдар жөнінде деректер.
2. Жабдық 
өнімділігінің 
жəне 
шығарылатын 
өнімнің 
еңбек
сыйымдылығының  техникалық  нормалары. Жабдық  өнімділігінің  келесі
нормаларын  ажыратады (15.1-сурет). Жаңадан  құрылатын  кəсіпорындардың
өндірістік  қуатты  есептеу  кезінде  жабдық  өнімділігінің  төлқұжаттық
нормалары, ал  əрекет  етуші  кəсіпорындар  үшін – жабдық  өнімділігінің
техникалық  негізделген, бірақ  төлқұжаттық  өнімділігінен  төмен  емес
нормалары алынады.
3. Жабдық  жұмысының  уақыт  қоры  жəне  кəсіпорынның  жұмыс  тəртібі.
Кəсіпорынның  өндірістік  қуатын  есептеу  кезінде  жабдық  жұмысының
максималдық ықтимал жоспарлы (тиімді) жылдық уақыт қоры қабылданады
15.1.-сурет. Жабдық өнімділігінің нормалары.


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау