170
жұмыстарының неғұрлым қолайлы ұйымдастырылуын таңдауға мүмкіндік
береді.
11.4 Өзіндік құнды есептеу əдістері
Өзіндік құнды есептеудің əр түрлі əдістерін қолдану, кəсіпорындағы
басқару-аналитикалық сипаттағы бірқатар міндеттерді шешеді. Нормативтік
(жобалық), жоспарлы, нақты жəне болжамды өзіндік құн түрлерін ажыратады.
Нормативтікк өзіндік құн өнім жұмыс, қызмет шығарудың
технологиясымен қарастырылған орташа салалық шығындарды көрсетеді.
Орташа
мəндер
жобалау-сметалық
құжаттамалардағы
есептеулерде
пайдаланылып əрбір кəсіпорында қол жеткізілуі тиіс орташаланған өндіріс
жағдайларын бейнелейді.
Жоспарлы өзіндік құн нақты кəсіпорында жəне нақты уақытта
өндіруге жұмсалатын шығындардағы жағдайды көрсетеді. Жоспарлы өзіндік
құн кейбір жұмыс түрлері бойынша өндірудің жеке ерекшеліктерін ескеруге
мүмкіндік береді. Жоспарлы өзіндік құнда, əдетте, кəсіпорынның өндіріс
шығындарын азайту, табыс пен пайдалылықты арттыру бойынша жұмысы
көрініс табады. Жоспарлы өзіндік құн болашақ өндіріс үшін есептеледі.
Нақты өзіндік құн өндірістік цикл аяқталғаннан кейін, белгілі бір
уақыт кезеңі үшін анықталады. Жоспарлы жəне нақты өзіндік құнды салыстыру
кəсіпорынның қажетті экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізе алғанын
анықтауға мүмкіндік береді. Кейбір жұмыс түрлері бойынша нақты өзіндік құн
туралы мəліметтер жоспарлау үшін, ал кей кезде болашақ кезеңге жобалау үшін
де негіз болады.
Болжамды өзіндік құн ауысып тұратын экономикалық жүйеде жаңа
өнім немесе қызмет шығаруға кететін шығындардың есебі болып табылады.
Бұл инфляция, салықтық ортаның өзгеруі, баға мен тарифтердің өзгеруі болуы
мүмкін. Кəсіпорынды дамыту бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау
үшін, өзіндік құнның болжамды көлемі, сəйкесінше, өндірілетін өнімнің бағасы
туралы ақпарат негізгі ақпаратқа айналады.
Көп жағдайларда мұндай болжамды есептеулер, кəсіпорынға өз
қызметінің қайта бағдарлануын өткізуге, өнім өндірісінде алдын ала дұрыс
шешім табуға мүмкіндік береді.
Кəсіпорынның бəсекелік күресте табысты болуы, жəне оның тұрақты
қаржылық жағдайы көбіне өндіріске бөлінетін шығындардың деңгейімен
шартталады. Біріншіден, шығындардың азаюы, кəсіпорын табысын арттырудың
маңызды көзі болып табылады. Яғни, өндірістің техникалық-технологиялық
деңгейін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту жəне еңбек ұжымының, сондай-
ақ кəсіпорын иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері кеңейеді.
Екіншіден, шығындардың азаюы, өнім бағасын төмендету мүмкіндігін
қамтамасыз етеді, ал бұл бəсекелік күрес шарттарының бірі. Үшіншіден,
шығындардың төмендеуі, айналымдық қаражаттарға деген қажеттілікке өз
171
əсерін тигізеді. Мұндай жолмен босаған айналымдық қаражаттарды
кəсіпорынның өндірістік жəне əлеуметтік қажеттіліктеріне бағыттауға болады.
Шығындарды төмендету мүмкіндіктері екі бағыт бойынша ажыратылып
талданады: көздер жəне факторлар бойынша. Көздер өзгеруі есебінен,
үнемдеуге қол жеткілуі мүмкін шығын элементтері.
Өзіндік құнның өзгеруіне ең алдымен еңбек өндірісділігі əсер етеді, ол
«еңбекақы» элементінде өз көрінісін табады:
%
100
1
×
×
-
=
D
еа
еө
еа
У
J
J
C
;
мұндағы ΔС – өзіндік құнның төмендеуі, %; J
еа
– орташа еңбекақының өсу
индексі; J
еө
– еңбек өндірісділігінің өсу индексі; У
еа
құрылымдағы
еңбекақының үлестік салмағы, %.
Салалық
ерекшеліктерге
байланысты, геологиялық
барлауда
материалдар мен шикізатқа жұмсалатын шығындар іс жүзінде болмайды.
Сəйкесінше, бұл элементтер өзіндік құнды төмендету көздері ретінде
қарастырылмайды. Дегенмен, төменде келтірілген формула бойынша отын мен
қуат, басқа да шығыс материалдары сияқты өзгермелі шығындардың өзгеруінің
əсерін есептеуге, сондай-ақ олардың бағаларының өзгеруін ескеруге болады.
Өндіріс көлемінің ұлғаюы, өзгермелі шығындар көлемінің өзгеруіне,
шикізат пен материалдарға бөлінетін шығындардың ұлғаюына, олардың
бағаларының өзгеруіне, отын жəне қуат қорларының ұлғаюына, т.б. əкеледі:
%
100
1
×
×
-
=
D
м
б
м
У
J
J
C
мұндағы J
м
– өнім бірлігіне жұмсалатын материал шығындарының өзгеру
индексі; J
б
– материал бағасының өзгеру индексі; У
м
— материалға бөлінетін
шығындардың өзіндік құн құрылымындағы үлестік салмағы.
Өндіріс көлемі өскен жағдайда, кəсіпорынның тұрақты шығындары
өзгермейді немесе шамалы өзгереді:
%
100
1
×
×
-
=
D
тш
к
тш
У
J
J
C
;
мұндағы J
тш
– тұрақты шығындардың қандай да бір түрінің өзгеру индексі; J
к
–
өндіріс көлемінің өзгеру индексі; У
тш
тұрақты шығындардың қандай да бір
түрінің өзіндік құн құрылымындағы үлестік салмағы.
Сөйтіп, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі көздеріне: материал,
отын, қуат шығындарын азайту, амортизацияға бөлінетін қаражат шығындарын
азайту, еңбекақыға қатысты шығындарды төмендету, əкімшілік-басқару
шығындарын қысқарту, өндірістік емес шығындарды жою жатады.
Қорларды үнемдеуге техника-экономикалық факторлар айтарлықтай
əсер етеді. Оларды екі үлкен топқа біріктіруге болады: өндірісішілік жəне
өндірістен тыс факторлар.
Достарыңызбен бөлісу: |