203
дейін тасымалдау бойынша көлік шығындары; (С+П
н
)
сб
– өнімді өткізумен
айналысатын ұйымдардың шығындары мен пайдасы; Н
об
– айналым үстінен
салынатын салық.
Өнеркəсіптің көтерме бағасынан басқа, сауданың үстеме бағасын да
қамтитын бөлшек сауда бағасының үлгісі құрамы бойынша неғұрлым күрделі
болып келеді.
Үлгіні анықтау барысында табыс бағасына енгізілетін есептеу əдісін, ал
ең алдымен пайданы есептеу əдісін негіздеу қиындық тудырады. Ақша түрінде
берілген осы экономикалық категорияны анықтау үшін, түрлі тəсілдер
ұсынылады. Олардағы нормативтікк пайда мына негізде есептеледі:
өзіндік құнға қатысты тиімділіктің орташа нормасы;
жоспарлы еңбекақыға қатысты тиімділіктің бірыңғай нормасы.
Ұсынылған тұжырымдамалардың əрқайсысының қандай да бір кемшілігі
болады: материалды көп қажет ететін өнімдерді, немесе еңбек шығындарын көп
қажет ететін өнімдерді шығаратын өндірушілер неғұрлым тиімді жағдайда
болады. Ол
өндірістік
қорлар
өз
бетімен
жаңа
құнды
қалыптастырмайтындығына қарамастан, пайданы қалыптастырудың негізіне
айналады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Баға дегеніміз не жəне оның əулеметтік экономиканы жоспарлы
басқару жүйесіндегі рөлі қандай? Бағаның деңгейі мен өсу қарқынына
қандай факторлар əсер етеді? Жоспарлы бағаның негізгі функциялары
қандай?
2. Жоспарлы баға қалыптастыру қандай қағидалар негізінде жүзеге
асырылады? Мемлекеттік баға саясатының экономикалық мəні неде?
Əулеметтік экономикадағы бағаның түрлері қандай?
3. Бөлшек сауда бағасының типтік (болжалды) құрылымы?
4. Жоспарлы бағаның жалпы түрдегі үлгісі қандай?
5. Таза табыстың нормативі, оны бағаға енгізудің түрлері мен
нысандары?
6. Геологиялық барлау, тау-кен өндіруші жəне өңдеуші салалардағы
қоғамдық қажетті шығындарды қалыптастыру ерекшеліктері?
7. Қатты пайдалы қазбалар бойынша геологиялық барлау жұмыстарының
шығындарын қайтарудың орташа мөлшерлемелері қалай есептеледі?
8. Минералдық шикізат пен оны өңдеу өнімдерінің көтерме бағаларының
құрамы қандай?
9. Жоспарлы баға қалыптастырудағы табиғи фактордың негізгі
қағидалары.
204
15. БӨЛІМ. САЛЫҚ ЖƏНЕ САЛЫҚТЫ ЖОСПАРЛАУ.
15.1 Нарық жағдайында экономикасы дамыған елдерде кəсіпорындарға
салық салу
Бюджет пен бюджеттен тыс қорларға заңмен бекітілген тəртіпте
алынатын салық, алым, баждардың жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттің бірқатар маңызды функцияларын жүзеге асыруға
міндетті: фискальдық, бөлу жəне ынталандыру. Фискальдық функция
мемлекеттік табыс көздерін қалыптастырумен байланысты, бөлу – қоғамда
қалыптасқан мақсатқа лайықтылық пен əлеуметтік əділеттілік қағидаларына
сəйкес табыстарды қайта бөлуді меңзейді. Ал ынталандыру функциясы
белгілі өндірістер мен экономика салаларын дамытуды ынталандыру
мақсатында, салық салуда жеңілдіктер мен басымдылықтар ұсыну арқылы
жүзеге асырылады.
Салық салудың нысандары, салық түрлері мен оларды жинаудың
тəсілдері көптеген факторларға: мемлекеттің əлеуметтік құрылысына, оның
даму деңгейіне, мемлекет аумағына, тіпті климаттық жағдайларға да
байланысты. А. Смит кез келген салық салу жүйесінің құрылысын анықтайтын
мына ережелерді бөліп көрсетеді: салықтардың біркелкілігі, олардың айқын
нақтылығы, қолайлығы, салық төлеушілердің мүдделерін ескеру қажеттігі.
Мемлекетте салық салу субъектілері ретінде салық төлеу міндеті заңмен
жүктелген заңды немесе заңсыз тұлғалар болады (20-сурет).
20-сурет. Салық төлемдерін дифференциациялау
САЛЫҚТАР
ТІКЕЛЕЙ
Заңды жəне заңсыз тұлғалардың
табысы немесе мүлігінен
алынады
ЖАНАМА (АКЦИЗДЕР)
Тауар немесе қызметтердің құнынан
пайыз түрінде белгіленіп жəне
олардың бағасына енгізіледі
НАҚТЫ ТІКЕЛЕЙ
Жер телімдерінен, малдан,
жылжымайтын мүліктен алынады
ЖЕКЕ ТІКЕЛЕЙ
Заңды жəне заңсыз тұлғалардың
табысы немесе м
үлігінен алынады
Ақшалай
капитал
салығы
Мүлік
салығы
Табыс
салығы
Үстеме
табыс
салығы
Мұра жəне сыйға
берілетін мүлік
салығы
205
Нарықтық экономикада акционерлік қоғамдар, корпорациялар,
фирмалар мен кəсіпорындар заңды тұлғалар болып саналады. Заңсыз тұлғалар
ретінде, əдетте азаматтығы болуы тиіс жəне азаматтық құқық аясында алатын
жағдайына қарай салық салынуы керек жеке адамдар бола алады.
Нарықтық экономика дамыған елдерде салық салынатын нысан рөлін,
табыс немесе мүлік атқарады.
Салық салудың əлемдік тəжірибесінде салықтың көптеген түрлері
қолданылады: 1) салық салу көзіне қарай салықтарды, еңбек етіп табылған жəне
еңбек етпей табылған заңды қаражаттар деп бөлуге болады. Еңбек етіп
табылғандарына еңбекақы, шығармашылық мамандықтардағы тұлғалардың
қаламақылары, жеке
кəсіпорынның
табысы
жатады. Еңбек етпей
табылғандарына дивиденділер, салымдар бойынша пайыз, жер жəне
жылжымайтын мүлік рентасы, т.б. жатады.
2) нысандар бойынша: табыс (табыс салығы), мүлік (жер, жылжымайтын
мүлік), мүлікті тапсыру (мұрагерлік пен басыбайлы беру салығы, сатып алу-
сату мəмілесі, сақтауға тапсыру), пайдалану (тауарлардың жеке түрлеріне акциз
салу), шетелге енгізу-шығару (кедендік баж).
3) сипатына қарай: тура жəне жанама салықтар.
Тура салықтар (жекекменшік пен табысқа салық салумен байланысты
салықтар) жеке жəне нақты болып бөлінеді. Жеке салықтар – төлеушінің
мүліктік жəне əлеуметтік жағдайына байланысты белгіленетін салықтар.
Олардың ішінде негізгі орынды, табыс салығы алады (заңды тұлғалардың да,
заңсыз тұлғалардың да – пайда салығы). Нақты салықтар – сауда-өнеркəсіптік
ғимараттар мен кəсіпорындардың мүлігінен, сондай-ақ жерден алынатын
салықтар. Мысалы, АҚШ федералдық бюджетінің 55%-дан астамы тура салық,
Ұлыбритания мен Германияда – 50-ден жоғары, Жапонияда – шамамен 70.
Жанама салықтарға төмендегілерді жатқызуға болады:
Мұрагерлік, елтаңбалы, кедендік, сот, лицензиялық, т.б. бірқатар
салықтар.
Мұрагерлік немесе мүліктік-мұрагерлік салықтар жекекменшікпен
жəне отбасы құқығымен байланысты болады. Елтаңбалы салықтар ерекше
елтаңбалы қағаздың немесе марканың қолданылуымен қамтамасыз етіледі.
Кеден салықтарын тауарларды кіргізу-шығару жəне транзиттік тасымалдау
барысында шекарашылар мен кеденшілер алады. Сот салықтары талап
арыздарынан, шағым арыздарынан алынады. Лицензиялық салықтар
қызметтің белгілі бір түрлеріне берілетін рұқсаттарды рəсімдеу жəне берумен
байланысты.
Салық алу тəсілдері:
табыс көзінен (мысалы, еңбекақы төленетін сəтте алушыдан табыс
салығы алынады);
жұмсау сəтінде (мысалы, кез келген сатып алуға қосымша құн салығы
салынады, теміржол билетін сатып алған кезде, сатып алушы комиссиялық
алым төлейді);
Достарыңызбен бөлісу: |