Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет60/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85

172
Өндірісішілік  факторларға    материалдық  қорларды  шығындаудың
нормаларын  жетілдіруді, озық  техника  мен  технологияны  ендіруді, өндірістің
механизациялануы мен автоматтандырылу деңгейін арттыру жатады. Сонымен
қатар, жабдықтардың, еңбек  қорларының  пайдаланылуын  жақсартуды, т.б.,
яғни, кəсіпорын тарапынан басқаруға болатын факторларды жатқызады.
Өндірістен  тыс  факторларға  шикізат, материал, жабдықтар
бағасының  өзгеруін, салық  пен  төлем  мөлшерлемелерін, т.б., яғни, кəсіпорын
əсер  ете  алмайтын  факторларды  жатқызуға  болады. Геологияда, басқа  да
өндіруші салалардағыдай, табиғи факторлардың да үлкен маңызы бар екендігін
айта кеткен жөн: пайдалы қазбалар мекенінің тау-кен геологиялық жағдайлары,
олардың  құрамы, сапасы, суландырылуы, экономикалық-географиялық
орналасуы.
Бақылау сұрақтары.
1. Геологиялық  барлау  жұмыстарын  орындауға  қатысты  шығындар
қалай жіктеледі?
2. Геологиялық  барлау  жұмыстарының  өзіндік  құнының  шығын
элементтері бойынша типтік құрылымын атаңыз.
3. Геологиялық  барлау  жұмыстарының  бағасы  мен  өзіндік  құнын
калькуляциялаудың негізгі бөлімдерін атаңыз.


173
12. БӨЛІМ. КƏСІПОРЫН ӨНІМДЕРІ. ӨНДІРІСТІҢ ПАЙДАСЫ МЕН
ТИІМДІЛІГІ
12.1 Тауарлық жəне нормативтікк таза өнім туралы ұғым
Өнеркəсіп  салаларында  өнімнің  бірқатар  баға  көрсеткіштері  кеңінен
қолданылады. Олардың  негізгілері: тауарлық, жалпы, нормативтікк  таза  өнім,
өткізілетін  өнім, жалпы  айналым, өңдеудің  нормативтікк  бағасы, таза  жəне
шартты-таза  өнім. Материалдық  өндірістің  барлық  салаларында  жалпы
қоғамдық өнімнің көрсеткіші қолданылады.
Жалпы  қоғамдық  өнім (ЖҚӨ) – материалдық  өндірістің  барлық
салаларының  дамуының  жалпылауыш  көрсеткіші. Ал  жоспарлы  жəне  есепті
кезеңдерде анықталады жəне оның есептік көрсеткіші болып табылады. Жалпы
қоғамдық  өнім  негізінен  өнеркəсіпте, ауылшаруашылығында, құрылыста
қалыптасады. Ондағы өнім үлесі жалпы көлемде 90%-ды құрайды.
Жалпы қоғамдық өнімді  өндіруде, сонымен қатар жүктерді  тасымалдау
көлігі, өндіріске қызмет ететін байланыс, айналыс аясындағы (тауарды сақтау,
қаптамалау, т.б.) өндірістің  жалғасы  мен  аяғы  болып  табылатын  бөлімдегі
сауда, қоғамдық тамақтану, ауылшаруашылық өнімдерін дайындау,т.б. салалар.
Баға түріндегі жалпы қоғамдық өнім көлемі аталған салалар өнімінің сомасына
тең болады.
Тауарлық  өнім (Т
ө
) – кəсіпорынның  нақты  кезеңде  өндірілген  жəне
кəсіпорын  сыртында  өткізуге  арналған, халық  шаруашылығына  айналымға
тапсыруға  дайындалған  өнім  көлемі. Тауарлық  өнім    кəсіпорынның  барлық
негізгі, көмекші, қосымша  жəне  жанама  цехтарымен  өндірілген  дайын  өнімді,
нақты  кезеңде  сыртқа жөнелтілген жартылай  өнімдер  мен  басқа  кəсіпорындар
мен  ұйымдардың  тапсырыстары  бойынша  сыртқа  орындалған  өнеркəсіптік
сипаттағы  жұмыстарды  қамтиды. Тауарлық  өнім    өзінің  құрамындағы
элементтерді, яғни кəсіпорынның барлық цехтарымен өндірілген жəне сыртқа,
өзінің  іргелі  құрылысы  мен  өнеркəсіптік  емес  шаруашылықтарына  өткізуге
арналған  дайын  өнімдердің  бағасын; өз  қазбаларының  жартылай  өнімдері мен
көмекші жəне қосымша өндірістердің сыртқа шығарылған өнімдерінің бағасын;
сыртқа жасалған өнеркəсіптік сипаттағы  жұмыстардың бағасын, оның  ішінде,
өз  жабдықтары  мен  көлік  құралдарын  іргелі  жəне  орташа  жөндеуден  өткізу
бағасын қосу арқылы анықталады.
Т
ө
 (Q
тауар
) көлемі мына формула арқылы анықталады:
.
.қызм
өнерк
жарт
дайын
тауар
Q
Q
Q
Q
+
+
=
;
мұндағы Q
дайын
– сыртқа  өткізілуге  дайын  өнім; Q
жарт
– сыртқа  өткізілетін
жартылай  өнімдер; Q
өнерк.қызм.
– сыртқа  жасалатын  өнеркəсіптік  сипаттағы
жұмыстар. Тауарлық өнім қолданыстағы жəне салыстырмалы бағаларда бірдей
анықталады.


174
Жалпы  айналым    кəсіпорынның  өндірген  жұмыстарының  жалпы
көлемін  сипаттайды  жəне  барлық  цехтардың: негізгі, көмекші, қосымша  жəне
жанама  цехтармен  өндірілген  өнім  сомасы  ретінде  анықталады. Жалпы
айналымға барлық олардың мақсатына қарамастан дайын өнімдерді, жартылай
өнімдер мен жұмыстарды қосады.
Өткізілген  өнім – кəсіпорын-өндірушінің  тапсырыс  берушілер  үшін
дайындаған  жəне  олармен  ақысы  төленген  өнім. Өткізілген  өнімге    дайын
өнім, тапсырыс  берушілерге  жіберілген  жартылай  өнімдер, сыртқа  жасалған
өнеркəсіптік  сипаттағы  жұмыстар  жатады. Өнімнің  өткізілуі, өндіріс
жоспарларының  дұрыс  əзірленгендігін, өнім  бөлінуінің  жəне  қоғамдық
қажеттіліктердің нақты құрамының анықталу дұрыстығын растайды. Өткізілген
өнімді  жоспарлау  мен  есеп  беру  көрсеткіштер  жүйесінде, пайдалану  табиғи
жəне  баға  көрсеткіштерінің  арасындағы  өзара  байланыстың  күшеюіне,
тауарлардың  бағасы  мен  тұтыну  бағасы  арасындағы  тұтастықтың  қамтамасыз
етілуіне  септігін  тигізеді. Дегенмен, өз  өтімін  таппағаған  жəне  сатылмай
қалатын  өнімдерді  өндіру  жағдайлары, мұндай  тұтастықтың  бұзылғандығын
дəлелдейді. Өткізілген  өнімнің  жоспарлы  көлемін, кəсіпорындар  өздерінің
келісімдері  мен  тапсырыс-нарядтарына  сəйкес, тапсырыс  берушілерге  өнімді
жеткізу бойынша міндеттемелерінің орындалуын бағалау үшін қолданады.
Тауарлық жəне өткізілетін өнім бойынша  жоспарларды  үйлестіру мына
формула бойынша жүзеге асырылады:
.
к
б
тау
Q
Р
Q
Q
+
=
+
мұндағы Q
тауар
– көтерме  бағамен  берілген  тауарлық  өнім; Q
б
– кезең  басына
қалған қалдық; Р – дəл сол бағамен өткізу; Q
к
– қоймада қалған тауар қалдығы
жəне кезең аяғындағы жүк тиеулер.
Нормативтікк-таза  өнім    өнім  бірлігін  өндіруге  жұмсалатын  адам
еңбегінің  қоғамдық  тұрғыдан  қажетті  шығындарының  көрінісі  болатын
салыстырмалы (тұрақты) нормативтер  бойынша  анықталатын  өнім  көлемінің
көрсеткіші. Қайта  құрылған  баға  нормативтікк  таза  өнімнің  экономикалық
мазмұны  ретінде, таза  өнімдегідей  саналады. Таза  өнім  нормативі (НТӨ)
өнімнің  көтерме  бағасының  бөлігі  болып  табылады. Ол  еңбекақыдан,
əлеуметтік сақтандыру мен табысқа төленетін қаржылардан тұрады. Нақты бір
өнімге  НТӨ  өндірістік  жұмысшылардың  əлеуметтік  сақтандыруға  төленетін
қаржыларымен  қоса  саналатын, негізгі  жəне  қосымша  еңбекақыларын (ол
өнімнің өзіндік құнын жобалық немесе жоспарлы калькуляциясынан алынады).
Өнеркəсіптік-өндірістік қызметкерлер құрамының өндірісте жұмыс жасау жəне
оны  басқару  бойынша  есептеу  жолымен  анықталатын  еңбекақыларын,
əлеуметтік сақтандыруға төленетін қаржыларымен қоса, нормативтікк табысты
қосу  арқылы  белгіленеді. НТӨ  көтерме  бағадан  жоғары  болмауы  тиіс. Егер
есептеулер бойынша ол жоғары болып шықса, оны сол баға деңгейінде бекітеді.
Норматив сыртқа өткізілетін көтерме баға бойынша бекітілген, дайын өнім мен
жартылай  өнімдердің  бүкіл  номенклатурасы  бойынша, дайындалады.
Нормативтікк таза өнімнің көлемі бүкіл  өнім номенклатурасы  бойынша, оның


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау