111
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министр
Кеңсесінің Басшысы
Н.Ш. Алдабергеновке
Құрметті Нұрлан Шәдібекұлы!
Әлеуметтік осал топтарды, ең алдымен лайықты тұрғын үймен
қамтамасыз
ету
мәселесі,
Қазақстан
Республикасы
Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық құжаттарында маңызды орын алады. Осы
міндетті іске асыру мақсатында мемлекеттік тұрғын үй қоры шеңберінде,
аталған санаттағы азаматтарға тұрғын үй белгіленген тәртіппен беріледі.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне
азаматтардың тұрғын үй құқықтарының бұзылуына қатысты келіп түсетін
шағымдары бұл құқықтардың жүзеге асырылуына кедергі келтіретін
факторлардың бар екендігін дәлелдейді.
Қолданыстағы заңнамамен «Алтын алқа» белгісімен марапатталған
немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналарға нақты әлеуметтік
кепілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, 1995 жылғы 12 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк наградалары туралы» Заңының
36-бабына сәйкес, аталмыш көп балалы аналар санаты белгіленген нормалар
бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес, мемлекеттік
тұрғын үй қорынан Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары,
жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үйді
алуға құқылы.
Аталмыш заңға сәйкес, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп
балалы аналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тек көпбалалы
отбасылар санаты бойынша ғана үміткер бола алады, бұл жоғарыда аталған
заңдардың нормалары арасында заңды қайшылықтың бар екендігін көрсетеді.
Бұл заңды қайшылықты Астана қаласының прокуратурасы растап, алайда
бұл, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының
12-бабына
сәйкес,
бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің
нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт
нормалары қолданылатынын түсіндірді. Осыған байланысты азаматтарды
тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібімен байланысты құқықтық қатынастар
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
74-бабының ережелерімен реттеледі.
Қазіргі ахуал, көптеген балалары бар аналармен бірінші кезектегі
тәртіппен тұрғын үй алу құқығын іске асырылуында сөзсіз екімәнділікті
қалыптастырады, өйткені жергілікті атқарушы органдардың осындай құқықты
112
беруден бас тартумен келіспейтіндіктерін білдіретіндіктен, олар өздерінің
мүдделеріне заң жүзінде бекітілген нормаларын басшылыққа алады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы мәселе бойынша
заңнаманың нормаларын жан-жақты талдау негізінде тиісті сәйкестікте келтіру
қажет.
Тұрғын үй қатынастары саласындағы тағы бір маңызды мәселе,
санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай емес тұрғын
үйлер, азаматтарды есепке қоюдың айқын тетігінің жоқтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының
69-бабына сәйкес, тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан
берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер
өздерінің
тұрып
жатқан
тұрғынжайы
белгіленген
санитариялық-
эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе, мемлекеттік
тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
Сонымен қатар, біздің сұранымызға аталмыш тәртіппен жауап берілген
Астана қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, тұрғын үйдің жоғарыда
көрсетілген талаптарға сай келмеуі/сәйкестігін растайтын куәлікті беру
бойынша осы уақытқа дейін уәкілетті орган бірде-бір нормативтік актімен
айқындалмады.
Бұл, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында нақты нормасы бар кезінде оны іске асыру тетігі ұзақ уақыт бойы
болмағандығын білдіреді.
Осы жағдайларға байланысты, Омбудсмен мекемесімен Қазақстан
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен аталған
олқылықты толықтыру бойынша жұмыс жүргізілді. Атқарылған жұмыстың
нәтижесінде, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен
бекітілген, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке меншік
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған үйге мұқтаж Қазақстан
Республикасының азаматтарын тіркеу ережесіне ҚР Үкіметінің 2017 жылғы
17 ақпандағы қаулысымен өзгерістер енгізілді.
Бұл өзгерістер қажетті қорытындылар берудің келесі тәртібін белгілейді:
1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті
органның аумақтық бөлімшесі тұрғын үйге арналған санитарлық-
эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасы беріледі; 2) тұрғын үйді
техникалық байқаудан өткізудің нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған сарапшымен тұрғын
үйге техникалық қорытындының түпнұсқасы беріледі.
Алайда, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мемлекеттік
тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу бойынша жергілікті
атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген келесі мониторингі, бұл органдар
жоғарыда аталған нормативті өзгерістер туралы хабарланбағанын және
тиісінше, олардың тұрғындары белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық
және техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда азаматтарды
тіркеуден бас тартатынын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |