430
жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық
ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға
болады. Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні,
тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға,
оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас
шамаларына лайықты болу қажет. Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды
көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті
аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек. Оларға «Бесік жыры»,
«Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық» сияқты шығармалар арқылы
дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады.
Ертегі сахналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын
келтіріп айтуға машықтандыру қажет. Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге
байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн. Дыбыстарды анық
дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу
қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың,
киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-
мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті,
ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді. Балалармен күннің ІІ
жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, желілі - ролді ойындары арқылы
сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады. Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап
бере білуге дағдыландыру керек. Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар
екенін балалар айтып береді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала
отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету. Көркем шығармалармен
балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы
балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек.Қорыта
айтқанда, балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым тәрбиеші жаңаша әдіс-
тәсілдерді тауып, ізденісте болуы қажет. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекеттерінің
бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да тіл дамыту сабақтарында сөздік
қорын байытуға ойын элементтерін пайдаланудың балалардың ой белсенділігін
арттыруда маңызы зор.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
«Бала тәрбиесі» 1.2013ж..
2.
«Отбасы және балабақша» №4 2015ж.
БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУІНДЕ ТӘРБИЕШІ МЕН АТА-
АНАНЫҢ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГТЫҢ РӨЛІ
Жалбирова Б.Сейтжанова П.
КМҚК №145 «Балапан» балабақшасы, Қарағанды қаласы
Баланың балабақшаға баруы – оның өміріндегі қиын кезеңнің бірі. Сондықтан да
тәрбиеші бірінші рет балабақша табалдырығын аттаған баланы тәрбиеленуші
431
міндеттеріне бейімдеу үшін алуан түрлі жұмыс атқаруға тура келеді. Балаға
тәрбиешінің жылы лебінсіз білім жоқ. Егер кішкентай балдырған өз ұстазын ұнатса
онда ол білімге де құмарта түседі. Егер ол ұстазын ұнатпай, одан қорқатын болса, өзіне
дос санамаса, онда бала үшін білім құнын жояды. Балалардың махабатына ие болу
алғашқы тәрбиешінің ең маңызды міндеті, өйткені өз тәрбиешісіне деген махаббаты
арқылы ғана бала білім әлеміне бойлап, қоғам байлықтарын меңгереді.
Баланың балабақшаға тез бейімделуі тәрбиешінің жылы сөзіне, баланың жағымды
қарым – қатынасына, іс - әректтің түріне байланысты. Тәрбиешімен мен ата – ана балаға
ережелерді, тәртіптілік нормасын тек көңілі түскенде, не анда - санда орындамай үнемі
сақтап жүруі керек екендігі түсіндірілуі тиіс. Баланың мектепке дейінгі кезеңдеріне
қарағанда міндеттерінің өзгергендігін, қандай құқтары бар екендігін айтулары керек.
Егер бала бір нәрсені бүлдіріп қойса, не жат қылық жасаса,тәрбиеші үндемесе, ол
қылықты істей беруге болады екен деп келесі жолы да қайталайды. Ал егер ескерту алса,
ендігәрі қайталамайды. Бала кінәсін мойындай алады. Балаларға тәртіп ережелерін
түсіндіріп қана қоймауы керек. Бұл процесс балада адамгершілік нормаларының пайда
болумен дамуын да қамтуы керек. Оқу әрекеті ұжымдық сипат алады. Яғни бала
құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылану керек.
Көптеген балалар бір-бірімен тез танысып, кетеді, жаңа ұжымды тез игеріп алады,
бірігіп істер атқарады. Ал кейбіреулер көпке дейін құрбыларымен жақын сөйлесе
алмай, өзін жалғыз сезініп, үзілісте жалғыз ойнап жүреді. Балалардың бір-бірімен
қарым-қатынасының қалыптасуына тәрбиеші себепші ретінде болуы керек. Бала
құрбылары арасында өзіне тиісті орын алуы да, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Бұл
жерде тәрбиеші үлкен рөл атқарады. Егертәрбиеші балаға нашар көзбен қараса,
балаларда оған солай қарайды. Сондықтан балаларға теріс баға беруден қашу керек.
Кейбір тәрбиешінің топта алғашқы күннен бастап, «сүйіктілері» шыға бастайды.
Баланы балабақшаға бейімдеу үшін тәрбиеші мынадай ұстанымдар ұстануы тиіс:
асықпа, бала өзіне қажетті іс – қимыл түрімен сипатын өзі табатын уақыт бер; көмектес,
бірақ баланың өз шамасы келетін істі жасап берме; балалардың өзара қарым –
қатынасына араласпа, бірақ назарыңда болсын, оларға басшылықтың қажеттігі
туындаған шақта қасынан табыла біл, қолда, ақыл – кеңес бер және үлгі көрсете біл,
байыпты бол, баланы бар қалпында қабылдай біл, түсіне, сезіне білуің қажет. Тәрбиеші
баланы балабақшаға тез бейімдеу үшін мыналарды ескеруі керек:
1.Балалардың денсаулығын анықтау, балабақшаға, топқа, деген ынтасын аңғару.
Тәрбие барысында баланың медициналық картасын қарап, денсаулығының
ақауларын аңғарып, ыңғайына қарай жұмыс жүргізу. Кейде ата – ана ден қоймаған
ақаулар да шығып отырады. Көзінің дұрыс көрмеуі, есту қабілетінің нашар болуы. Бұл
жағдайларда ата – аналармен пікірлесіп, дәрігерге көрсету керектігін ескерту.Баланың
сөйлеуін, ойлауын, еңбекке бейімділігін, еске сақтауын, қабілетін зерттеу де басты
назарда болуы қажет. Күнделікті қарым – қатынас, сұрақ – жауап, қимыл – қозғалыс,
жүріс – тұрыс арқылы жеке баланың оқуға деген ынтасын да аңғарып, баланың
ыңғайына қарай жұмыс жүргізу.
2. Ата – анамен байланысты нығайту.
Баланың тұрғылықты мекенін, тұрмыс жағдайын білу, оның отбасы мүшелерімен
танысу – оқу-тәрбие ісінде мақсатқа жеткізер жолдың бірі. Тәрбиеші ата – ананың