Сөйлеу тілін үйретудегі әдеби тіл нормаларының орны



жүктеу 55,02 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі55,02 Kb.
#13471


 

УДК:4С(КАЗ) (038).001.5 

 

 

Қ.С.БУРАХАНОВА,   З.А.АБДУЛЛИНА  

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті,   

қазақ тілі кафедрасы

 

 

КРЕДИТТІК   ОҚЫТУ  ЖҮЙЕСІНДЕ  СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Бұл    мақалада  сабақ      берудің      жаңа    технологияларын    меңгере    отырып,    әр    түрлі    әдістерді    пайдаланып,        білім    сапасын  

арттыру мәселесі  қарастырылған. Жаңа  әдіс-тәсілдердің  ерекшелігі – жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  өз  бетімен  жұмыс  істей  

алуда,      шығармашылыққа    баулуда        ерекше    рол    атқарады.    Тіл    сабақтары    эстетикалық,    адамгершілік,    еңбек    және  

патриоттық   тәрбие  беруде  өте  маңызды  болғандықтан,  ұстаздан  терең  білімді,  ізденушілікті,  қажырлықты  талап  етеді. 

Өздік    жұмыс    студенттің    өз  ойын,  қиялын    дамытып,    сөздік    қорын    молайтып,  өз  бетімен    ізденуге,    еңбектенуге   

дағдыландырады.  

Түйінді сөздер: кредиттік  технология,  тілдің дамуы,  сапа,  жаңа  технология, ұйымдастыру, шығармашылық, ізденіс 

 

Сапалы  ұйымдастырылған      өзіндік  жұмыстар    студенттердің  үлгерімін  жақсартудың  бірден-бір  кепілі.  Сондықтан  СӨЖ  тиімді 



жақтарын қарастырып, сапалы түрде ұйымдастыру  бүгінгі күннің талабы. 

Мақаланың  өзектілігі:  студенттерге      қазақ    тілінде    кәсіби      қарым-қатынасты    меңгеру      барысында      өздік    оқу    әрекетін   

қалыптастыру,   олардың  өз  бетімен  оқып-жаттығу   жұмыстарын  дамыту – өте  маңызды  мәселе. 



Зерттеу  мақсаты:  Медициналық    жоғары    оқу      орындарында      студенттерге    қазақ    тілін        оқытудың    негізгі    мақсаты    

студенттердің  сөйлеу   икемділігі  мен  дағдыларын  практикалық  тұрғыдан    меңгерте  білу.  Қазақ  сөзінің  құдіреттілігін, сырын  

сезіндіру,    тіл  үйренуге  ынталандыру.  

Зерттеу әдістері: ұйымдастыру, шығармашылық, ізденіс, қорытынды жасау 

Кіріспе. Қаіргі  кезде  біздің  республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі   жасалып,  қазақстандағы  білім  беру  жүйесі  әлемдік   

білім    беру    кеңестігіне      енуге    бағытталады.    Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан  өзгерістерге  байланысты 

студенттердің  таным-білім  белсенділігін  арттыру,  жеке  шығармашылық  қабілетін  дамыту  жұмыстары  ерекше  мәнге  ие  болды. 

Жоғары  оқу  орындарында  даярланатын  мамандардың  білімділік  белсенділігін  арттыруда  өз  бетінше  орындайтын  жұмыс 

түрлерінің орны ерекше.  

Сапалы,  әлемдік  стандартқа  сай  білім  беру  ең  алдымен    оқыту  әдістемесін   кредиттік   жүйеде  ұйымдастырумен  байланысты.    

Орыс    аудиториясындағы    студенттерге      қазақ    тілінде    кәсіби     қарым-қатынасты    меңгеру      барысында      өздік    оқу    әрекетін   

қалыптастыру,   олардың  өз  бетімен  оқып-жаттығу   жұмыстарын  дамыту – өте  маңызды  мәселе. 

Студенттердің  өз  бетімен  жұмысы  –  оқу  үрдісінің құрамдас  бөлігі.  Сабақ  барысында  толық  игере  алмаған  материалдарды  түрлі 

әдістер  арқылы,  яғни  өз  бетімен  істейтін  жұмыс  түрлері  негізінде  жан-жақты  игереді.  Ол  үшін  тапсырманың  тиянақты  болуын 

қадағалай отырып, студенттерді уақытты тиімді пайдалануға үйретуіміз керек. Сонда ғана жұмыс өз нәтижесін береді. 

Өз  бетімен  жүзеге  асыратын  жұмыс  негізінде  студент  сабақта  толық  қамтылмай  кеткен  мәселелер  бойынша  тереңірек  ізденіп, 

берілген  әдебиеттермен  жұмыс  істейді.  Сондықтан  студенттердің  өз  бетімен  орындайтын  жұмысы  тиянақты,  мақсат  қоя 

ұйымдастыруға, әр кез білімін жетілдіріп отыруға назар аударылады. 

Өзіндік жұмыстың маңыздылығы мынада:  

-  студенттер бұрын өздері білмейтін білімдік мағлұматтарды өз беттерінше ізденіп, білімді терең меңгеруге мүмкіндік алады;  

-  жұмыс  барысында  олар  өз  бетімен  ғылыми  тұжырым  жасай  алуға,  алынған  деректі  жүйелеп  қорытындылауға  дағдыланады. 

Осының негізінде өзіндік пікірлері қалыптаса бастайды. 

Қай кезде де жұмыстың сапасы болуы үшін жоспарлы түрде жұмыс істеген жөн. Мәселен, студенттердің жауапкершілігін арттыру 

мақсатында  апталық,  айлық  жұмыс  жоспарын  енгізген  артықтық  етпейді.  Онда  жұмыстың  тақырыбы,  мақсаты,  қай  мерзімде 

орындау керектігі, апта күндері, тексеру формалары көрсетіледі. 

Өзіндік жұмысты тиісті дәрежеде орындау үшін студент өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі жаттықтыруға, міндеттеме алуға тәрбиелеуі 

қажет.  Әдетте,  өзін-өзі  тәрбиелеу  мен  өз  бетімен  жұмыс  екеуі  екі  түрлі  нәрсе  болғанымен, олардың  арасындағы  сабақтастықты 

жоққа  шығаруға  болмайды.  Айталық,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  дағдыларын  меңгерген  студент  дербес  білім  алуға,  өз  бетімен 

ізденуге, оқытушының берген кеңестерін тыңдауға, өзіндік пікір айтуға үйренеді. 

Мемлекеттік    тіл – қазақ    тілін     жаңа    технологиялар   арқылы    оқыту   ісі    күннен-күнге     өзекті    болып   келеді.       Қазақ    тілін    

студенттерге   өздік  жұмыстар  арқылы   да  оқыту   тіл  үйренушінің  өз  бетімен   тіл  үйрену  қабілеттерін    жетілдіруіне   игі  

ықпал  ететін  тиімді  жүйе  болып  табылады. 

Қоғам  өз  бетімен    білім  ала  алатын   және  алынған  білімнің    өмірдің  түрлі  жағдайларында    қолдана  білетін  жеке  тұлғаның   

қалыптасуын  қамтамасыз  ететін   оқытудың    жаңа  технологияларына    көшу  талабын   қойып  отыр.  

Оқытушының    сабақ  берудегі  басты  міндеті   тіл  үйренушіге    тек  оқу  материалын   ғана    үйрету  емес,  оған  өз  бетінше   оқу  

іс-әрекетін  тиімді    ұйымдастырудың       жолдарын  көрсету   болып  табылады. 

Медициналық    жоғары    оқу      орындарында      студенттерге    қазақ    тілін        оқытудың    негізгі    мақсаты        студенттердің    сөйлеу   

икемділігі    мен    дағдыларын    практикалық    тұрғыдан        меңгерте    білу.    Қазақ    сөзінің    құдіреттілігін,  сырын    сезіндіру,        тіл  

үйренуге  ынталандыру. 

Сабақ      берудің      жаңа    технологияларын    меңгере    отырып,    әр    түрлі    әдістерді    пайдаланып,        білім    сапасын    арттыруға  

тырысамыз.  Жаңа    әдіс-тәсілдердің    ерекшелігі  –  жеке    тұлғаны    қалыптастыруда,    өз    бетімен    жұмыс    істей    алуда,   

шығармашылыққа  баулуда    ерекше  рол  атқарады.  Тіл  сабақтары  эстетикалық,  адамгершілік,  еңбек  және  патриоттық   тәрбие  

беруде  өте  маңызды  болғандықтан,  ұстаздан  терең  білімді,  іденушілікті,  қажырлықты  талап  етеді. Өздік  жұмыс  студенттің  

өз ойын, қиялын  дамытып,  сөздік  қорын  молайтып, өз бетімен  ізденуге,  еңбектенуге   дағдыландырады.  

Студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру барысында түйінделген ойлар: 

1. Оқытушы көбіне бағыт бағдар беруші, өзіндік жұмысты орындау кезінде студенттер өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. 

2. Әр студент өз білімінің деңгейін анық байқайды, білімді жүйелі түрде өз бетінше алуға үйренеді. 

3. Студенттердің ауызша және жазбаша баяндау дағдысы қалыптасады.  

4. Жазба жұмыстарын сауатты жазуға, сөйлемдерді стильдік тұрғыдан дұрыс әрі көркем жазуға машықтанады, ойы ұшқырланады. 

5. Студенттердің танымдық қабілеттерін де, танымдық үрдістерін де дамытуға мүмкіндік береді. 

6.  Қажетті  білімді  меңгеру студенттердің интеллектуалдық,  кәсіптік, адамгершілік,  рухани азаматтық қабілетінің қалыптасуына 

игі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытуға көмектеседі.  

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің қарқынды дамуы студенттердің өздігінен білім алуына кең жол ашты. Соның негізінде адам 

қабілеттері  мен  икемділіктерінің  барынша  дамуына  ықпал  етті.  Бұл  білім  беру  технологияларын  жетілдіріп,  студенттердің  оқу 

белсенділігін  арттыруға  жетелейді.  Бүгінде  заманның  ағымына  сай  оқытудың  технологияларына  арналған  бірнеше  оқулықтар 

мен оқу құралдары жарық көрді. 




 

Демек, студенттерге  толыққанды  білім  беру  үшін  бар  мүмкіндікті  пайдаланып, оқыту  технологияларын  жетілдіру  көп  нәтижеге 

қол жеткізеді. 

Оқытудың  кредиттік  жүйесінде,  негізінен,  СӨЖ  дәрісханада  оқытушының  басшылығымен  және  дәрісханадан  тыс  уақытта 

ұйымдастырылады.  

Жиі қолданылатын өзіндік  жұмыстардың мынадай формаларын атауға болады: 

 

машықтық, зертханалық сабақтарға дайындық; 



 

коллоквиумға, сұрақтарға дайындық; 



 

үй тапсырмасы мен бақылау жұмыстарын орындау; 



 

дәрісханалық бақылау жұмысына, тестке дайындалу; 



 

баяндама, эссе, реферат жазу; 



 

түрлі ойындарға дайындық; 



 

курстық жұмыс; 



 

практика бойынша есеп жазу; 



 

диплом жұмысы т.б. 



Әр  пәннің  өзіндік  ерекшеліктеріне  қарай  жүргізілетін  СӨЖ  берілетін  уақыт  көлемі  оқу  жоспары  бойынша  жүргізіледі.  Дұрыс 

жүйелі құрылған  өз бетімен жұмыс студенттердің оқу  үлгерімдеріне үлкен септігін тигізіп,  оның сапасын көтереді. Ол үшін СӨЖ 

әдістемелік  нұсқаулары    талапқа  сай  жазылып,  мақсаты  айқын  болғаны  жөн.  Сонда  ғана  студенттер  өздерінің  алған    білім 

дәрежесін  өзіндік  жұмыс  жазу  кезінде  көрсете  алады.  Дегенмен  СӨЖ  түрлері,  оны  жүргізу  жүйесі  мен  барысы  әлі  де  назар  

аударуды қажет етеді. 

Студенттердің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыруда  оқытушы  жетекші  орын  алады.  Оқытушының  жеке  шығармашылығына  орай 

СӨЖ түрленіп, әр түрлі сипатта болады.  

Білім  берудің  қай  түрі  болса  да,  сабақ  арқылы  іске  асатыны  белгілі.  Сондықтан  сабақты  дұрыс  ұйымдастырып,    жүйелі  жүргізу 

жағына көп мән берілуі керек.  

Өзіндік  жұмыс  –  ізденіс  айнасы.  Студенттер  өзіндік  жұмыс  арқылы  білмегенін  білуге,  білгендерін  одан  әрі  толықтырып, 

жетілдіруге  ұмтылады.  Сабақтың  негізгі  мазмұнымен  таныстырып,  пәннің  проблемалық  сипатын  анық  жеткізгенде  ғана 

студенттер  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  ынталы  болады.  Берілетін  материалдардың  сипатын  анықтап,  оқытудағы  сабақтастықты 

сақтағанда,  студенттердің  білімдері  кеңейе  түседі.  СӨЖ  сәтті  болуы,  көбінесе,  оны  шығармашылықпен  ұйымдастырып,    дұрыс 

жүргізуге тікелей байланысты. 

Сондықтан болашақ мамандардың білім алу мақсатындағы ізденістерін жетілдіре түсу керек. Бұл мәселе оқу орындардың талапқа 

сай материалдық базасын нығайтуды, білім беру саласындағы үлкен мәселелерді шешуді көздейді. 

Әр пәннің мазмұны мен құрылымына, сипаты мен ерекшелігіне орай, өзіндік жұмыстарға берілетін тапсырмалар да алуан түрлі 

болып келеді. Біз жұмыс барысында  ауызша сұрақ-жауап ұйымдастыру,  қысқаша жазбаша жұмыстар жүргізу, жеке  кеңес беру,  

студенттерді аттестациялау т.б.  тексерудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданамыз. 

Қорытынды.  Студенттердің  танымдық  іс-әрекетін  арттыру  –  университеттегі  оқу  тәрбие  үрдісінің  шешуші  буыны  болып 

табылады.  Жоғары  оқу  орындарының  жаңа  кезеңде    алға  қойып  отырған  міндеттерінің  бірі    -  кәсіптік  білімі  мол,  өмірлік  іс  – 

тәжірибесінде  алған  білімдерін  шығармашылықпен  қолдана  білетін  білікті  кадрлар  даярлау.  Студенттерді  болашақ 

мамандықтарын  игеруіне тәрбиелеуде тек дәрісханалық  жұмыстарымен  ғана  шектелмей,  өзіндік  жұмыстарды  да түрлендіріп  

отыру – студенттердің  терең  білім  алуына, кәсіби  шеберліктерінің шыңдалуына, ақыл -ойының    ұшталуына септігін тигізеді.  

Сапалы  ұйымдастырылған      өзіндік  жұмыстар    студенттердің  үлгерімін  жақсартудың  бірден-бір  кепілі.  Сондықтан  СӨЖ  тиімді 

жақтарын қарастырып, сапалы түрде ұйымдастыру  бүгінгі күннің талабы. 

 

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1  Ж.А.Қараев «Кредиттік   оқыту  жүйексіне   арналған  педагогикалық   технологиялар». -  Алматы: 2004. – 182 б. 

2  Г.Т.Әбітова «Қаақ  тілін  оқытуда  өзіндік   жұмыстарды  ұйымдастыру». – Алматы: 2008. – 253 б. 

3  Тілдерді   қолданумен   дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.  «Тіл  және  қоғам  журналы». 

–  Алматы:  2001. – 52  б. 

4  Сматова  К.Б.  Кредиттік  оқыту  жағдайында  студенттердің  өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастырудың  педагогикалық 

алғышарттары: дис. ... канд. пед. ғыл. - Алматы, 2008. - 79 с. 

5  Қазақстанда  білім беруді дамыту //Егеменді Қазақстан. - 2004. – 22 б. 

 

 

 

 

 

Қ.С. БУРАХАНОВА, З.А. АБДУЛЛИНА 

ЭФФЕКТИВНОСТЬ ОРГАНИЗАЦИЙ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ СТУДЕНТА В КРЕДИТНОЙ СИСТЕМЕ 



 

Резюме: В  этой  статье   рассматривается   вопросы   органиации  самостоятельной   работы  студентов используя разные методы 

и новые педагогические технологии. Особеноостью новых методов являются  формирования индивидуальности, к ттому же играет 

особую  роль  в  развитии  творчества  и  самостоятельности  в  работе.  Уроки  языка  очень  важны  для  эстетическо-нравственного, 

патроитического  воспитание,  поэтому  это  работа  требует  от  преподавателя  высокого  образавания,  терпения  и  мастерства. 

Самостоятельная работа развивает воображение, словарный запас,  трудовые навыки студента. 

Качественно  организованная  самостоятельная  работа  студента  может  стать  гарантией  его  успешной  работы,  хорошей 

успеваемости. Поэтому учитывать полезность самостоятельной работы и ее качественная организация является немаловажным  

факторам. 



Ключевые слова: кредит, технологии, развитие речи, качество, новая технология, организация, творчество и исследование. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 


 

K.C. BURAHANOVA, Z.A. ABDULLINA  

EFFECTIVE ORGANIZATION OF INDEPENDENT WORK OF STUDENTS IN THE CREDIT SYSTEM 



 

Resume:  This  article  discusses  the  issues  organizations  of  independent  work  of  students  using  different  methods  and  new  teaching 

technologies. Osobenoostyu new methods is the formation of individuality to ttomu also plays a special role in the development of creativity 

and independence in work. Language lessons are very important for aesthetic and moral, patroiticheskogo education, so this job requires a 

high obrazavaniya teacher, patience and skill. Independent work develops the imagination, vocabulary, labor skills of the student. 

Qualitatively  organized  by  the  students'  independent work  can  be  a guarantee  of its  success, excellence.  Therefore,  take into  account the 

usefulness of independent work and its quality organization is an important factor. 



Keywords: credit, technology, language development, quality, new technology, organization, creativity and research.  

жүктеу 55,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау