Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет207/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   472

 

436 


 

дұрыс  тәрбиелеу  үшін  онцы  жақсы  білу  керек,Ал  бұл  үшін  педагогикалық  білім 

қажет.Бұл  атаналардың  баланыңимінез-құдқындұрыс  талдап,оны  тәрбиелеудің  дұрыс 

жолдарын   таңдап алуына көмектеседі.Балаларды тәрбиелеуде отбасы өмірінің жалпы 

жағдайы:жұбайлар  теңдігі,отбасы  мүшелерінің  арасындағы  дұрыс  қарым-қатынас 

жалпы  ізгі  тілектестік,өзара  құрметтеу  және  қамқорлық  жасау,патриотизм,еңбек 

сүйгіштік  ахуалы,ортақ  тәртіп    мен  отбасы  дәстүрі  ересектердің  балаға  қоятын 

талаптарының бірлігі маңызды роль атқарады.Отбасы өмірі материалдық тамақ, киім, 

жылу,т.с.с  жөніндегі  қажеттер  ғана  емес  ,рухани  қажеттер  де  толығырақ 

қанағаттандырылып  ,дамып  отыратындай  етіп  ұйымдастырылуға  тиіс.Ата-ананың 

баланың алдында беделі болуға тиіс,мұнсыз тәрбие мүмкін емес.Ата-ананың беделінің 

негізі ата-ананың азаматтық келбеті,олардың омірі,мінез-құлқы,өз отбасы үшін қоғам 

алдынджағы  жаупкершілігін  сезінуі  болып  табылады.Еңбек  пен  қоғамдық  қызметі 

отбассындағы міндеттермен ойдағыдай ұштастаратын өз балаларының өміріне ықылас 

қойып,көңіл бөліп отыратын,олардың өмірі мен дамуына шебер ірі адеппен басшылық 

жасап  отыратын  ата-аналар  ең  көбірек  беделге  ие  болады.  Ата  –ананың  балаға 

көзқарасы оған деген табиғи әрі тамаша махаббат сезіміне негізделген.Абайдың әуел 

балаңды өзің алдайсың Әне оны берем,мұны берем деп.Баста балаңды алдағаныңа бір 

мәз  боласың.Соңыбалаң  алдамшы  болса  кімнен  көресің?Боқта  деп  біреуді 

боқтатып,кәпір қияңқы осыған тимеңдерші деп,оны масаттандырып,әбден тентектікке 

үйретіп қойып,сабаққа бергенде ,молданың ең арзанын іздеп хат таныса болады деп,қу 

сұм,бол деп,пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді деп тірі жанға сендермей 

жат мінез қылып,осы ма берген тәлімің?Осы баладан қайыр күтесің бе?деген сөзі бізіді 

бүгінде  көп  ойлантады.Өйткені  дәл  қазір  бір-бір  отбасының  төрелері  Абайдың 

мысалындай тәрбиеленіп жатқанында ешкімнің таласы жоқ.Түсінеміз....Көзіміздің ағы 

мен  қарасындай  екі-үш  баланы  еркелетпегенде  қайтеміз  дейтін  болармыз.Бірақ  ,сол 

еркін  иерекміз  өз  маңдайсызға  таяқ  болып  тимес  дейсің.Бар  әңгіме  ата-ана 

махаббатының  шегінен  асып  кетпеуінде  оның  баланың  жек  басына  деген 

талапкершілікпен және құрметпен ұштасуында.Баланы  шексіз жақсы көріп,оның мен 

ананы  қаламаймын  мен  мынаны  қаламаймын  бер,сатып  әпер,деген  тілектері  мен 

талаптарының  бәрін  екі  етпей  орындай  беру,оған  ашықтан-ашық  үздігіп  тұру  оның 

білінер  білінбес  қабілеттерін  жер-көккее  сыйғызбай  дақпырттау-осының  бәрі  сәбиге 

зиян  келтіреді,оны  шәлкес,өзімшіл  етеді,ерік-жігерін  әлсіретеді.Балаға  деген  мұндай 

сүйіспеншілікті соқып сүйіспеншілік деп атайды. 

Ата-ананың  балаларға  дұрыс  қарауы  еркелетуді,  жұмсақтықты,аялауды  баланың 

мүмкіншілігін  ,әсіресе  жасын  ескертетін  қатаң  дәйекті  ұштастыра  білуде.А.С. 

Макаренко 

ата-аналарға 

баланы 

қалағаныңызша 



еркелетіңіз,қалжыңдаңыз,ойнаңыз,бірақ қажет болған кезде қысқа бір-ақ рет тәртіп бере 

біліңіз.деп 

кеңес 

айтқан.Демек 



ата-ананың 

балалармен 

қарым-

қатынас,салмиақтылықты  жылы  жүзділікті,шешімділікпен,іскерлікпен  ұштастыратын 



болуға тиіс.Балаға дұрыс қарау дегеніміз  -бала әлі кішкентай ,әлә өмір тәжірбиесі аз 

болғанымен,оны адам деп құрметтеу,оның ересектер назарында болу,олармен қатынас 

жасау,алуан түрлі іс-әрекет үшін өзіне жағдай туғыздыру,құқығын қадірлеу деген сөз. 

Жеткіншек  ұрпақты  тәрбиелеудің  табысқа  жетуі  мемлекеттік  тәрбие 

ұйымдарында,отбасында  және  қоршаған  орта  арқылы  жүзеге  асырылатын  қоғамдық 



 

437 


 

тәрбиенің  тәрбиелік  ықпалының  бірлігі  мен  үйлестілігіне  байланысты.Бұл  бірліктің 

негізі-  жан  –жақты  және  жарасымды  дамыған,  қоғамға  пайдалы,  Отанға  беріген 

азаматтар қалыптастыратындай етіп жаңа ұрпақты тәрбиелеуде мемлекет пен отбасы 

мүддесінің  толық  сәйкес  келуі.  Қоғамдық  тәрбиенің  жетекшілік  рөлі  мынаған 

байланысты:баланы тәрбиелеу өз құрдастарының ұжымында жүзеге асырылады, бала 

онда  қоғамдық мінез құлықтың алғашқы дағдыларын  үйренеді; ондағы тәрбие ғылыми 

негізделен  сипатта болады, арнайы құрылған педагогикалық  ортада өтеді және кәсіби 

тұрғыдан дайындалған мамандар жүзеге асырады. Қоғамдық тәрбиенің жетекші рөлін 

мойындау  баланы  жеке  басын  қалыптастырудағы  отбасының  орасан  зор  маңызын 

кемітпейді.  Отбасы-қоғамның  алғашқы  ұясы,жаңа  адам  сол  ұяда  дүниеге  келеді,  бұл 

шағын әлеуметтік топ-бала үшін алғашқы  өмір мектебі. Ата-ана оның бірінші ұстазы 

және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке адамға оның ықпал күші орасан зор. Ата-

ананың  балаға  әсерінің  негізі  олардың  перзентіне  деген  сүйіспеншілігі,  қамқорлығы  

болып  табылады.  Осы  сүйіспеншілік  пен  қамқорлыққа  ата-анасына  мейлінше  бауыр 

басу және сүйіспеншілік  сезімімен,олардың артықшылығы  мен беделін мойындаумен, 

солардан  өнеге  алуға,  солар  сияқты  болуға  ұмтылумен  жауап  қайырады.Отбасы 

әсерінің  күші  баланың  тәрбиелік  ықпалға    көнгіштігіне,  оның  електегіштігіне 

байланыста.                                                                      

Отбасы мен балалар бақшасында балаға тәрбиелік ықпал жасауда бірлік пен өзара 

ынтымақ  орнатуға  ұмтыла  отырып,  олар  ата-аналарды  педагогикалық  біліммен 

қаруландыруды,оларға  практикалық  көмек  көрсетеді.  Н.К.Крупская  «Біздің  мектепке 

дейінгі  мекемелерімізде  берілетін  қоғамдық  тәрбиені  отбасындағы  тәрбиемен 

ұштастыру адамдардың тамаша ұрпағын өсіріп шығарады»деген даналық ақыл-кеңесін 

басшылыққа  ала  отырып,  тәрбиешілер  отбасымен  үлкен  жұмыс  жүргіеді.,  қоғамдық 

және отбасылық тәрбиенің бірлігіне жетуге күш салады.  

Отбасымен жұмыс-мектепке дейінгі ұйым тәрбмешісі мен басқа да қызметкерлері 

қызметінің маңызды күрделі саласы. Ол мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:  

-балаларды тәрбиелеуде бірлік орнату; 

-ата-аналарға педагогикалық білім беру;                                                                                               

-отбасындағы тәрбиенің озат тәжірибесін зерттеу және тарату;                                                 

- ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның өмірімен және қызметімен таныстыру; 

Б а л а л а р д ы  т ә р б и е л е у д е  б і р л і к  о р н а т у.                                                 

Мектепке  дейінгі  ұйымда  отбасымен  жүргізілетін  барлық  жұмыс  осы  міндетке  

бағындырылған.  Балаларды  тәрбиелеудегі  бірлік  балалардың  бойында  дұрыс  мінез-

құлық  қалыптастыруды  қамтамасыз  етеді,  дағдыларды,  білімдерді,  іскерліктерді 

меңгеру  процесін    тездетеді,  балалардың  алдында  ересектердің-ата-аналар  мен 

тәрбиешілердің беделіңің  артуына көмектеседі. Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың 

педагогикалық  білімділігі,  олардың  мектепке  дейінгі  ұйым  жұмысы    туралы 

хабардарлығы болып табылады.                                                                              

А т а – а н а л а р ғ а  п е д а г о г и к а л ы қ     б і л і м  б е р у. Мектепке дейінгі 

ұйым  тәрбиешілерінің  міндеті  ата-аналардың  бала  туралы,  оның  дамуының 

заңдылықтары  және  оны  жан-жақты  жарасты  дамыту,  мектепке  оқуға  дайындау 

мақсатымен  оған  ықпал  жасау  жолдары    туралы  білім  алуына  көмек  көрсету  болып 

табылады.  Бұл  үшін  ата-аналарды  психалогияның,  педагогиканың,  анатомияның, 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау