428
саяхатшылар мен зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс тіршілігі,
мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдік
этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы,
әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, ұлттық наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі,
көшпенді өмір сүргеніне қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы, біртұтас
тілде
сөйлеуі,
қолөнері
мен
бейнелеу
өнерінің,
ауыз
әдебиеті
және
музыка
өнерінің
жалпы
дала
мәдениетінің таң қаларлық үлгілері туралы таңдай қаға айтып, баяндайды. Ендеше
біз осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін ұмыт
қалдырмай келер ұрпақтарға көздің қарашығындай сақтап, жеткізуіміз керек.
Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп кейбір отбасыларда ата-аналары балаларына
дұрыс көңіл бөлмей жатады. Сонымен қатар, үлкендердің «біз өзімізбен-өзіміз
өстік»,-деп осы мәселеде қолдау көрсетпеуі және оған мән бермеуінің соңы көптеген
олқылықтарға әкеп соқтырып жатады. Бірақ «заман басқа, заң басқа» дегендей, кешегі
біркелкі өмір мен бүгінгі жанталас күнкөріс, алдыңғы ұрпақ пен бүгінгі ұрпақтың сана-
сезімі мен психологиялық ерекшеліктері – салыстыруға келмейтін екі жат дүние. Міне
сондықтан бұл жағын да естен шығармаған жөн.Ұрпақ тәрбиесі ол тұтас ұлттың
тағдыры. Сондықтан ұлт тағдырына селқос қарауға әсте болмас..
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана,2010 ж.
2.
Төлеубекова Р.К. «Ұлттық тәрбие және оның философиясы»\\Педагогика
және Психология журналы №1, 2009.
3.
Тілеужанов М.М. «Халық тағылымы» - Алматы: Рауан,1996.
4.
Пралиев С.Ж. «Ұлттық тәрбие және жаһандану», Егемен Қазақстан, 25
желтоқсан, 2009 .
5.
ҚР. 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.
6.
Сайлауғазинова Б. Жеке тұлға тәрбиелеу // «Сынып жетекшісі», [№4],2010
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫНДАҒЫ ЗАМАН
ТАЛАБЫНА САЙ ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР
КМҚК Қарлығаш б/б
Жақанбаева С.А, Абильмажинова Г.А.
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгерту, оқыту, қазіргі заманға
сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі
балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін
дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік
қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.
Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр.
Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды
429
өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді
қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу
барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді,
сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу
үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл
дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка
және т.б. материалдар арқылы сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры
біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және
өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту
барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы
бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіру. Сабақтың ортасында – көңіл-
күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру. Сабақтың соңында –
тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын арқылы
балалар тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы
қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі
ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу,
әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды
дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны
өз сөзінде дұрыс қолдану. Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді
түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік
жұмысында іске асады. Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі
суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады.
Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек. Мысалы : «Ұлттық заттар»
тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз
үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады. Мысалы: Алма - сөзін алманы көрсету
арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар,
тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді,
сөз тіркестерін үйретуге болады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні
– домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін. Мысалы, жемістер –
көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне
жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкен ойыны кезінде дүкенге
кіріп амандасады, керек затын сұрайды. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз?
(түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады.Осы
тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен ажырат», «Не
артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта», балалардың назарын бақылау
үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру,
мысалы түсі қызыл, сары, дөңгелек тәтті ағашта өседі – бұл не? және де басқа да
тақырыптарға келтіруге болады. Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі
қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.
Мысалы: шақ – шақ – шақ – кішкентай құлыншақ. Ыр- ыр – ыр – ырылдайды қасқыр.
Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде
көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу
мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы