Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет205/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   472

 

432 


 

баланың сабаққа дайындығына көңіл бөліп, оқуына мән беруін қадағалау, бала мен ата 

– ананың ортақ тіл табысуына, түсінісуіне ықпал жасауы қажет. Баланың балабақшаға 

көзқарасын, өмірге бейімділігін қалыптастыру, дамыту тәрбиешінің басты міндеті.  

3.Топ балалары  мен жеке бала қатынасын қадағалау. 

Баланы  ұжымдық  өмірге,  көппен  қарым  –  қатынасқа,  үлкенді  сыйлауға,  кішіге 

инабатты болуға тәрбиелей отырып, ұжымның белсенді мүшесі етіп шығару да басты 

міндет.  

Тәрбиешінің  баламен  қарым-қатынасына  көп  байланысты.  Себебі  бала  топтағы 

тәрбиешінің  көзқарасымен  қарайды.  Егер  тәрбиеші  баланың  топтағы  жетістіктерін, 

жақсы тәртібін дұрыс бағалап орынды мадақтап отырса, топтағы достары да, ата-ана да 

солай қарайды. Сондықтан балаға дұрыс қарай білу, мадақтаудың, үлкен тәрбиелік мәні 

бар. 

Ал енді ата  – ана рөліне келетін болсақ, ең  алдымен әрбір ата  – ана өз баласын 



қатарластарымен,  үлкендермен  қарым  –  қатынас  жасауға  дайындауы  керек.  Бала 

мінезінде мынадай сапаларды қалыптастыруы қажет: шындық, жинақылық, тіл табыса 

білу,  жауапкершілік,  сыйластық  т.  б.  .Сонымен  қатар  әрбір  ата  –  ана  баласының 

ұйымдастырылған күн тәртібін қадағалауы керек.  

Көбіне  күн  тәртібі  туралы  айтқанда  ата-аналар,  тәрбиешідер  оның  болатынына 

сенбейді  және  арнайы  көңіл  бөлмейді.Бала  күнделікті  2  сағаттай  уақытын  теледидар 

алдында  өткізеді.  Құрылған  режимнің  дұрыс  құрылмауы  баланың      жалығуына  әкеп 

соғады. 


 Ұтымды ұйымдастырылған күн тәртібінің пайдасы неде? 

1-ден, дәл белгіленген уақыт және үй тапсырмасын орындауға шығармашылықпен 

айналысуға қадағалайтын уақыт. 

2-ден, таза ауада демалуды ұйымдастыруды реттейді. 

3-ден, жүйелі түрде тамақтану, уақытылы ұйықтау, уақытылы тұруға көмектеседі. 

Бейімделу кезеңінде психологтың бірінші топтармен жұмыс істеуі туралы көптеген 

әртүрлі  көзқарастар  бар.  Солардың  біреуімен  келіссек  онда  психолог  бала  тезірек 

бейімделуі  үшін  белсенді  болуы  керек.  Психолог  функционалдық  ауытқулар  көрініс 

беретін балаларға ерекше көңіл бөлуі керек.  

Басқа көзқараспен келіссек, психолог бұл уақытты топқа байқау жүргізіп, баланың 

психикалық дамуы туралы мәлімет алуға, қолдануға міндетті, сонымен қатар психолог 

тек қажетті жағдайда ғана топп өміріне араласуы керек. Біздің ойымызша, бейімделу 

кезеңінде психолог топты «тәрбиешімен жеке қалдырып» тек қана педагогтың айтуы 

бойынша ғана араласуы қажет. Психологтың сабаққа қатысуы педагогқа да балаға да 

қиындық тудыруы мүмкін, онсыз да бұл кезең балабақшағы жаңа келген бала үшін ең 

қиын  кезең.  Балабақшаға  бейімделуі  өте  қиын  өтетін  балалар  тобы  болады.  Мұндай 

балалар жиі және ұзақ ауырады, аурулары көбіне психосоматикалық сипатта болады; 

бұл  балаларда  балабақша  неврозы  пайда  болып  «риск  тобын»  құрайды.  Бейімделу 

процессі  ұзаққа  созылатын  балалармен  психолог  жан  –  жақты  жұмыс  істеуі  қажет.  

Психологтың осы кездегі пайдалы жұмыс формалары ол  ата – аналар жиналысында осы 

кезеңнің ерекшелігі туралы, олар бала балабақшаға бейімделуі үшін не істеулері қажет 

екендігі жөнінде мағлұмат беру.  




 

433 


 

Отбасы – адам баласы үшін ең жақын әлеуметтік орта. Онда бала алғаш рет өмір 

жолымен танысады, адамгершілік нормаларды игереді. Сондықтан да әрбір ата – ана өз 

баласын,  сонымен  қатар  белгілі  –  бір  күн  тәртібіне  бағындыруы  керек.  Өз  бетінше 

жұмыс істеуге дағдыландыру және де эмоционалды – ерік сферасын дамытуы қажет.  

Жиі    кездесетін  бейімделу  кезіндегі  қиындықтардың  пайда  болу  себебіне 

әлеуметтік-педагогикалық  бетімен  кетушілік  факторы  жатады.  Бұл  бетімен 

кетушіліктің  дәрежесі  әр  түрлі  болуы  мүмкін  және  ол  отбасындағы  психологиялық 

жағдайға байланысты. Ата - аналарда білім деңгейі төмен болған кезде, бірінші кезекте 

баладағы  танымдық  сферасының  қалыптасуы  зардап  шегеді.  Мұндай  балалар  білім 

қорының аздығымен, ой-өрісінің тарлығымен көрінеді. Олар тапсырмаларды орындай 

алмай,  салыстыру  дағдысын  талап  ететін,  жалпылау,  әр  түрлі  өмірдегі  жағдайларға 

бағытталу,  заттар  мен  құбылыстарға  дәлме-дәл  анықтама  беру  сияқтыларды  талап 

ететін  Д.Векслер  әдістемесі  бойынша  тапсырмаларды  орындай  алмайды.  Мұндай 

балалардың  жетіспеушілігі  –  вербалды  сферасының    қалыптаспағандығы  болып  тұр. 

Сонымен  бірге  олар  талаптанғыш,  адал,  балабақша  ережелерін    жақсы  орындайды, 

эмоционалды  бір  қалыпты.  Осы  балалардың  тәрбиесіндегі  басты  қателік:  отбасы 

тәрбиесінде  интеллектуалды  дамуы  үшін  стимулдары  жеткіліксіз  болған.  Олардың 

өмірлерін  ұйымдастырғанда  бәрінен  бұрын  практикалық  іс-әрекет  (мысалы,  үй 

жұмысын  орындаудағы  көмек)  жағымды  бағаланды.  Ата-аналардың  берген  жоғары 

бағасы  өзіне  сенімділігін,  ұқыптылықты,  адалдықты  қалыптастырып,  бірақ  ең 

маңыздысы – танымдық сферасы жүзеге аспай қалып қояды. 

Отбасындағы мәдени деңгейдің төмендігінен, баладағы психологиялық дамудың 

кешеуілдеуінен  мұндай  балалар  топтағы  іс  –  шараларға  ынтасы  төмен  болады.Топқа 

келу  барысындағы  қиындықтар  олардың  толығымен  бейімделу  жолдарына  кедергі 

жасайды.  Мұндай  балалар  өздерін  жекелеп  бөлек  отыруға  тырысады.  Оны  ешкім 

мазаламғанын  қалайды  Топтағы  өткізілген  іс  –  шара,  сабаққа  қатыспайды. 

Тәрбиешілердің    мейірімді  және  сезімді  қарым-қатынасы  оларды  пайда  болған 

қиындықтарды жеңуге көмектесіп, біртіндеп балабақшаға бейімделе бастайды, бірақ та 

басқа бірінші топтастарына қарағанда, бейімделуі ұзақ мерзімде жүреді. 

Кейбір жағдайларда ата-аналардың төмен білім деңгейіне баланың қараусыз қалуы, 

отбасы  ішіндегі  дау-дамайлар,  алкоголизм  сияқты  жағымсыз  әлеуметтік  факторлар 

жатады. 

Баланың  балабақшаға  бейімделу  қиындықтарының  пайда  болуына  әкелетін 

факторлар,  яғни,  жағымсыз  тұлғалық  сапаның  қалыптасуы  бәрінен  бұрын  тәрбиелеу 

амалының  дұрыс  еместігінен  көрінеді.  Мұндай  балалардың  ата-аналарының  білім 

деңгейлері жоғары болуы мүмкін, балаға көп көңіл бөліп,баланың танымдық сферасын 

дамытумен  шұғылдануы  мүмкін.  Бірақ  та  оларда  балаға  жағымсыз  әсер  ететін  ата-

аналарының арасындағы дау- дамайлы қарым-қатынас бар. Балалардың әрқашан үрейлі, 

қорқынышты  жағдайда  болуы  тұлғаның  эмоционалды,  бір  қалыпты  емес  типінің 

қалыптасуына  әкеліп  соғады:  оларға  алаңдаушылық,  шиеленіс,  әлеуметтік 

жасқаншақтық, өзіне де сенімсіздік сияқты сапалар тән. 

Оларда жоғары қызығушылық бар. Д.Векслер әдістемесі бойынша, тапсырмаларды 

орындағанда,  орынсыз  асығыстық  көрсетіп,  көп  қателер  жіберіп,  өз-өзін  нашар 

бақылайды. Бұл жетіспеушіліктер балабақша тапсырмаларын орындағанда тікелей әсер 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау