«5-сынып оқушыларының оқудың жаңа талаптарына бейімделуі» атты консилиум-ата-аналар жиналысы
Мақсаттары:
Оқушылардың бейімделу кезеңінде тәрбиелеу процесінің барлық қатысушыларының ұстанымдарын анықтау
Оқушылардың дезадаптация себептерін анықтап, пайда болған қиыншылықтарын шешу жолдарын табу
Бейімделу қиыншылықтарына ата-аналардың көңілін аудару
Қатысушылар:
5-сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, мектеп психологы, дәрігер
Дайындық
Жиналыс бастамас бұрын ата-аналарға балаларының 5-сыныпта оқу барысында пайда болған сұрақтарын жазып, сынып жетекшісіне беру ұсынылады.
Оқушылармен «Оқушылардың мектеп өміріне қанағаттануын зерттеу әдістемесі» жүргізіледі.
Оқушылардың мектеп өміріне қанағаттануын зерттеу әдістемесі
Мектепте бекітіліп, оқушыларға ұсынылған келесі ұсынысқа оқушылардың келісімін бағалауы
4 – толығымен келісемін
3 – келісемін
2 – жауап беруге қиналамын
1 – келіспеймін
0 – мүлдем келіспеймін
Мен таңертең мектепке қуана келемін
Әдетте, мектепте жақсы көңіл-күйде боламын
Біздің сынып жетекшіміз жақсы адам
Біздің мектеп мұғалімдерінен қиын жағдайда кеңес және көмек сұрауға болады
Менің сүйікті ұстазым бар
Сыныпта мен өз ойымды әрқашан еркін айта аламын
Менің ойымша, біздің мектепте менің қабілеттерімнің толық дамуына жағдай жасалған.
Менің сүйікті пәндерім бар
Менің, ойымша, мектепте мен
Жазғы демалыста мен мектепті сағынамын
Оқушылардың мектеп өміріне қанағаттануының «У» көрсеткіші барлық оқушылардың жауаптарының баллдарының қосындысын барлық жауаптар санына қатынасы болады. Егер «У» 3-тен үлкен болса, онда қанағаттану деңгейі жоғары, егер «У» 2-ден үлкен болса, бірақ 3-тен кіші болса, онда сәйкесінше орташа және төмен қанағаттану деңгейін көрсетеді.
Пән мұғалімдеріне келесідей сұрақтарды пайдаланып, сыныпты бағалауын ұсынуға болады:
Жалпы бұл сыныптың қандай ерекшеліктері бар (басқа 5-сыныптармен салыстырғанда)?
Біздің сыныпқа сабаққа келгенде қандай көңіл-күйде келесіз?
Сыныптағы оқушылардың қайсысының сіздің сабағыңыздан дайындығы жақсы?
Оқушылардың қайсысына сіздің сабағыңыздан қосымша сабақтар қажет?
5-сынып оқушыларының ата-аналарына қандай ұсыныстар айтар едіңіз?
Сынып жетекшісіне қандай кеңестер бересіз?
5-сынып оқушыларының «Мектептегі мен» атты көрмесі ұйымдастырылады
Безендірілуі мен жабдықталуы
Парталар дөңгеленіп қойылады
Тақтада «Мектептегі мен» көрмесі ұйымдастырылады
Жиналыс барысы
I. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі
Адам өмірінің әрбір кезеңі қиыншылықтармен байланысты. Оқушылардың бастауыш мектептен ауысуы – бұл күрделі және жауапкершілікті кезең; бейімделу кезеңінің өтуінен оқушылардың мектептегі болашақ өмірі тәуелді. Біздің міндетіміз – балаларымызды қобалжытып, мазасыздататын не екенін, олардың қандай қиыншылықтармен кездесетінін және оларға қандай көмек көрсете алатынымызды анықтау.
Бүгінгі жиналыста біздің оқу процесінің барлық қатысушыларының көзқарастарын біле алатын мүмкіндігіміз бар және балаларымызды психолог, мектеп дәрігері, пән мұғалімдерінің көздерімен көре аламыз.
II. Психологтың көзқарасы тарапынан...
Мектеп психологы қатысушыларды 5-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен таныстырып, оқытудың жаңа талаптарына бейімделу кезеңінде қандай қиыншылықтар пайда болатыны туралы айтады.
III. Пән мұғалімдерінің көзқарасы тарапынан...
Сынып жетекшісі:
Біздің жиналысымыз консилиум түрінде өтіп жатқандықтан, балаларымызды оқыту мен тәрбиелеу процесіне қатысушылардың екі жағын да тыңдауымыз қажет. Жиналыс басталмас бұрын осы сыныппен жұмыс істейтін барлық мұғалімдерге арнайы сауалнамалық сұрақтар берілген. Деректерді өңдеп, келесідей қорытындыға келеміз...
(Сынып жетекшісі мұғалімдердің сауалнама сұрақтарына берген жауаптарын оқиды)
IV. Дәрігердің көзқарасы тарапынан...
Мектеп дәрігері немесе валеолог 5-сынып оқушыларының денсаулық жағдайы жайлы, денсаулық сақтау және күн тәртібін оптималды ұйымдастыруынаұсыныстар жасайды.
V. Ата-аналар көзқарасы тарапынан...
Сынып жетекшісі:
Жиналыс басталмас бұрын ата-аналарға оларды мазалайтын сұрақтарды жазба түрінде мұғалімге беруі ұсынылған.
(Сынып жетекшісі сұрақтарды жинақтап, сұрақ мазмұнына байланысты өзі жауап береді, не психологты, не пән мұғалімдерін жауап беруін жүйелейді. Сұрақтар алдын ала берілгендіктен мамандар оған негізді түрде жауап беруге дайындала алады. Сынып жетекшісі ата-аналарға өз ойларын айтуға немесе «Сұрақ-жауап» түріндегі диалогты ұсына алады)
VI. Балалар көзқарасы тарапынан...
Сынып жетекшісі:
Барлық жақтарға өз ойын айтуға мүмкіндік берілді, бірақ консилиумның басты кейіпкерлеріне сөз берілмеді. Балалардың мектептегі өмірлері туралы не ойлайтынын көрейік? Оқушылардың мектеп өміріне қанағаттану дәрежесін анықтайтын арнайы зерттеу жүргізілген.
(Сынып жетекшісі қатысушыларды «Оқушылардың мектеп өміріне қанағаттануын зерттеу әдістемесінің» нәтижелерімен таныстырады)
Ал енді қатысушыларды «Мектептегі мен» атты көрмемізді тамашалауға шақырамыз. Мүмкін кейбір ата-ана баласының суретін танитын шығар?
VII. Консилиум-жиналыстың қорытындысы.
Сынып жетекшісі жиналыстың барлық қатысушыларына көрсеткен көмектері үшін ризалығын білдіріп, жиналыстың келесідей қорытынды шешімін ұсынады:
Мектеп психологына оқушылардың бейімделу процесін бақылауын жалғастырып, оқушылармен, ата-аналармен жеке-дара жұмыс пен қосымша зерттеулер жүргізуге ұсыныс жасайды.
Ата-аналарға сабаққа қатынасуға мүмкіндік жасау
Ата-аналар мен сынып жетекшісі жасөспірімдердің бос уақыттарында үйірме, секция, сыныптың қоғамдық өміріне қатынасуын қадағалау.
|