16.04.2021 жыл
Бұйрық №
Жекелеген сыныптарға
қашықтан оқытуды
ұйымдастыру туралы
Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13 сәуір 2021 жылғы «Қызылорда облысы бойынша шектеу, оның ішінде карантиндік шаралар туралы» №8 қаулысына Арал аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 26.03.2021 жылғы №107 қаулысына сәйкес кейбір сыныптардың онлайн оқыту форматына ауысуына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1.Ағымдағы жылдың 19 сәуірінен бастап :
мектептегі 1-8,10 сыныптардың оқушылары үшін қашықтық форматта оқытылсын.
оқушылардың білім жоғалтуының алдын алу және орнын толтыру мақсатында қажеттілігіне қарай сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту ұйымдастырылсын.
оқу бітіретін сыныптар (9, 11 сыныптар) үшін аптаның 5 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтық режимде жүргізілсін.
1-8,10 сыныптардың білім алушыларының жекелеген санаттарының тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларды мектепке тамақпен қамтамасыз ету тоқтатылсын.
1-8,10 сыныптар бойынша – 140 оқушыға ыстық тамақ беру тоқтатылсын.
9 сыныптағы 10 оқушыға тамақ беру ұйымдастырылсын.
2. Білім беру ұйымында оқу тоқсанын тиімді ұйымдастыру мақсатында қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілсін:
3. Оқушылардың білім жоғалтуының алдын алу және орнын толтыру мақсатында қажеттілігіне қарай 15 білім алушыға дейінгі топтарда жеке консультациялар жоспары, кестесін жасауды және оқыту шараларының сыныптар бойынша икемді сабақ кестелерімен жүргізілуін, 9-11 сынып оқушыларының сыныптан тыс уақытта қосымша сабақтармен қамтылуын және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және олардың білімдеріндегі олқылықтарды жою мен орнын толықтыру бағытында шараларды ұйымдастыру әрі орындалуын бақылауды оқу ісі жөніндегі орынбасарлар М.Бертакова мен Қ.Күзембайға жүктелсін;
4. Оқушылардың сабаққа уақытылы қатысуы мен келу-кетудегі сақтық шаралары, сынып ішінде, сыныптан тыс уақытта, үзіліс кезеңінде оқушылардың санитарлық норманы сақтауын, ішкі тәртіп бойынша сынып жетекшілерінің жұмысын үйлестіру және барлық сынып оқушыларының сыныптан тыс уақыттарында қосымша сабақтармен қамтылуын қадағалау; қашықтан оқитын сынып оқушыларының оқу үдерісімен толық және қажеттілігіне сәйкес жеке консультациялармен қамтылуын қажетті шараларды жүргізу; жалпы мектепішілік психо-педагогикалық ахуалды реттеу бағытындағы қызметтерді жоспарлау әрі іске асыру Ғ.Турмантаев, К.Есиркепова,М.Құрманәли, М.Ізбасарова, А.Қуанышоваға және М.Ниязоваға жүктелсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
№177 мектеп директоры К.Сулейменова
Достарыңызбен бөлісу: |