97
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Сотта ата-ана құқықтарынан айыру туралы істі
қараған кезде тараптар Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 65-бабына сәйкес
өздерінің талаптары мен теріске шығарулары бой-
ынша жазбаша және заттай дәлелдемелер ұсынуға,
өкілдерін, сарапшылар қорытындыларын танысты-
руы тиіс.
Ата-ана құқықтарынан айыру туралы істер бойын-
ша талап арыз негіздемелерінің дәлелдемелеріне
мыналар жатады:
•
балалардың туу туралы куәліктері (немесе
куәліктердің көшірмелері);
•
балалардың өмір сүру жағдайларын тексеру
актілері;
•
білім беру органдарының, қамқоршылық және
қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын
органдардың кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі комиссияларының қорытындылары;
•
полиция хаттамалары, тергеу
органдарының
қаулылары, сот үкімдерінің көшірмелері;
•
алименттер бойынша берешектері туралы
қаулылар;
•
алименттік міндеттемелер бойынша
орындаушылық өндірісі;
•
ата-аналарға берілетін сипаттамалар;
•
ата-аналардың созылмалы маскүнемдіктен не-
месе нашақорлықтан зардап шегетіні туралы
медициналық мекемелердің анықтамалары.
Ата-ана құқықтарынан айыру туралы істі қараған
кезде алименттерді өндіру туралы мәселе
шешілетіндіктен, сотқа жолданған материалдарға
ұйым ұстап қалатын жеке табыс салығын
шегеріп тастағандағы талапкердің орташа айлық
жалақысының сомасы туралы анықтаманы қоса
беру қажет.
Сондай-ақ ата-ана құқықтарынан айыру туралы
туындайтын талапқа қатысты өзге де құжаттар
ұсынылуы мүмкін.
4.3. ата-ана құқықтарын
қалпына келтіру туралы
істерді қарау
«Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 21-бабына
сәйкес әрбір бала, бұл оның мүдделеріне қайшы
келетін жағдайларды қоспағанда, отбасында өмір
сүруге және тәрбиеленуге құқылы, өзінің туы-
стары мен басқа жақын туыстарын білуге құқылы,
олардың қамқорлығы мен тәрбиесін алуға құқылы.
Ата-ана құқықтарынан айыру Қазақстан
Республикасының заңнамасында өзінің кәмелетке
толмаған баласына қатысты міндеттерін
орындамаған ата-анаға қолданылатын соңғы шара
болып анықталған.
Сонымен бірге ата-ана құқықтарынан айы-
ру қайтымды шара болып табылады. Қазақстан
Республикасының
заңнамасымен белгіленген
тәртіппен сот ата-ана құқықтарынан айырумен
қатар, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы
істерді де қарайды.
Ата-ана құқықтарын қалпына келтіруді сот ата-ана
құқықтарынан айырылған ата-ананың талап арызы
бойынша іске асырады.
Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы талап
басқа ата-анаға не қамқорлығында бала бар адамға
қойылады (қамқоршы, қорғаншы, патронаттық
тәрбиелеуші, балалар мекемесі және т.с.с.).
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР
кодексінің 78-бабының 1-тармағына сәйкес ата-
аналар мінез-құлықтарын, өмір сүру түрін және
бала тәрбиесіне қатынасын өзгерткен жағдайларда,
сот олардың ата-ана құқықтарын қалпына келтіруі
мүмкін.
Талап арызда аталған жайттардың бар екенін
куәландыратын жағдайлар көрсетілуге тиіс.
Аталған жайттар сотта тиісті дәлелдемелермен
расталуы тиіс. Осы
мақсаттарда талапкер сотқа
тұрғылықты жерінен және жұмыс орнынан
мінездемелер, табысы туралы мәліметтер, өзінің
спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын, психотроп-
ты заттарды және оларға ұқсас заттарды және т.с.с.
асыра пайдалану бойынша есепте тұрмайтыны ту-
ралы мәліметтер ұсынады.
Сондай-ақ қамқоршылық және қорғаншылық ор-
ганы міндетті түрде баланың қалыпты өмір сүруі
үшін жағдай жасалуына қатысты талапкердің
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына тексеру
жүргізеді.
Талапкердің жұмыс орнынан берілетін
мінездемесін қолайсыз отбасы бақылауында тұрған
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор
тапсырады.
Сот талапкер ұсынатын құжаттарды зерттеумен
шектелмейді, қажетті жағдайларда талапкер ту-
ралы қосымша
мәліметтерді талап етеді, куәлерді
сұрастырады (оның ішінде талапкердің көршілері,
педагогтар, жұмыс берушілер немесе оның
өкілдері ішінен, кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі инспектор және т.с.с.).
Егер бала ата-анасын ата-ана құқықтарынан айырған
соң балалар мекемесінде болатын болса, онда ата-
ана құқықтарын қалпына келтіруді қалайтын ата-
ана қамқоршылық және қорғаншылық органының
рұқсатымен балаға барып тұрады.
98
А-ның талап арызында өзінің 2007 жылы екі ба-
ласына: 2002 жылы туған Н. мен 2004 жылы
туған П.-ға қатысты ата-ана құқықтарынан
айырылғанын көрсетті. Осыдан кейін балалар
әкелері К-мен бірге болған. 2008 жылы ол өз от-
басына оралған, қазіргі уақытта ол өзінің мінез-
құлқын, өмір сүру
салтын және өз балаларының
тәрбиесіне көзқарасын түбегейлі өзгерткен, К-мен
бірге жеке қосалқы шаруашылық жүргізумен айна-
лысады, спирттік ішімдіктер ішуді қойған. Балалар
және талапкер оның ата-ана құқықтарын қалпына
келтіруге келіседі.
Сот отырысында талапкердің өмір сүру салты мен
мінез-құлқын өзгертуге байланысты К-мен және
балаларымен бірге 2008 жылғы тамыздан бері бірге
тұратыны нақтылы анықталды, тұрғылықты жері
бойынша берілген сипаттамасы жағымды, тұратын
үйін жақсы ұстайды. Талапкер А аталған жайт-
тарды растау үшін тұрғылықты жерінен алынған
мінездемелер, тұрғын үй жағдайының зерттелу
актісін, қажетті құжаттарды тапсырды.
К. А-ның көрсеткен мән-жайларын растады,
А-ның өмір сүру салтын өзгерткенін,
спирттік
ішімдіктер ішуді қойғанын, жұмыс істейтінін,
қазіргі уақытта К жұмыс істейтіндіктен, талапкер
уақытша жұмыс істемей, балаларды бағумен айна-
лысатынын, балалардың да аналарының өздерімен
бірге тұруын қалайтын түсіндіріп берді.
Қамқоршылық және қорғаншылық органы
талапкердің және балаларының тұратын жері бой-
ынша сотқа А-ның кәмелетке толмаған балаларын
асырау үшін барлық жағдайы бар екені туралы
қорытынды ұсынды.
Мұндай жағдайларда сот ата-анасымен кезде-
скен кездегі баланың мінез-құлқы, бала мен
ата-анасының арасындағы қалыптасқан өзара
қарым-қатынастар
туралы мәселені анықтау бой-
ынша балалар мекемесінің педагог-психологынан
сұрайды.
Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру тура-
лы істі сотта қараған кезде қамқоршылық және
қорғаншылық жөніндегі қызметтерді іске асыра-
тын органның және прокурордың қатысуы міндеті.
Ата-ана құқықтарын жасы онға толған балаға
қатысты қалпына келтіру үшін баланың келісімі
міндетті талап болып табылады.
Бала асырап алуға берілген жағдайларда, егер
асырап алу жойылмаған болса, онда ата-ана
құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.
Егер іс бойынша барлық жағдайларды зерт-
теу нәтижесі бойынша сот талапкердің ата-ана
құқықтарын қалпына келтіру үшін жоғарыда
аталған кедергілердің жоқтығы және ата-ана
құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне
қайшы келмейтіні туралы тұжырымға келсе ғана
ата-ана құқықтарын қалпына келтіреді.
Тәжірибеде ата-ана
құқықтарынан айырылған
ата-ана басқа ата-аналардың немесе бала
қамқорлығында болатын өзге адамдардың
келісімімен баламен араласып, балаға күтім жасап,
оған басқаша түрде қамқорлық көрсеткені жайын-
да оқиғалар кездеседі.
Мәселен, сот А-ның К-ге ата-ана құқықтарын
қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша істі
қарады.
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен