89
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
туралы өтініштер баланың тұратын орны бойынша
беріледі. Өтініште істі дұрыс қарау үшін маңызды
болып табылатын өзге де мәліметтер көрсетілуі
мүмкін, мысалы, мүдделі тұлғалар – балалар үйінің
өкілі және т.с.с.
Өтінішке бала асырап алушының (бала асырап алу-
шылар) өзі қолын қоюы тиіс, өтінішті бала асырап
алушылардың атынан басқа біреудің беруіне рұқсат
етілмейді. ҚР АІК 151-бабының талаптарына
сәйкес мүдделі тұлғалар үшін құжаттардың барлық
көшірмелері, мемлекеттік бажды төлегені туралы
түбіртек, өтініш беруші өз талаптарын дәлелдейтін
жайттарды растайтын құжаттар өтінішке қоса
берілуге тиіс.
Сот шетелдік азаматтың өзі азаматы болып табы-
латын мемлекеттің не адамның тұрғылықты жері
болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы
берген, Қазақстан Республикасының азаматы бо-
лып табылатын баланы асырап алғысы келетін адам
ретінде аталған органдарда тіркелгенін растай-
тын Қазақстан Республикасының
дипломатиялық
өкілдігінің немесе консулдық мекемесінің
құжатын, оның асырап алушы болу мүмкіндігін
және өмір сүру жағдайы туралы қорытындыны та-
лап етуге міндетті.
Сот бала асырап алуға көмек көрсететін өзінің
филиалдары мен (немесе) өкілдіктері бар бала
асырап алу жөніндегі агенттіктің аккредитаци-
ядан өткендігін тексеруге тиіс. Оның үстіне
агенттіктің бір жылға аккредиттелетінін ескеру
керек. Филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің
аккредитациядан өткеннен кейін есепке алынып,
тіркелгенін тексеру қажет.
Істер өтініш берушінің тікелей қатысуымен,
қамқоршылық және қорғаншылық органы өкілінің,
сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен
қаралады. Одан басқа, бала мүдделерін барынша
ескеру мақсатында, сот асырап алынатын баланың
ата-анасын (ата-анасының біреуін), ата-анасы
болмағанда, оның жақын туыстарын, қамқорсыз
қалған бала
тұратын мекеменің өкілдерін, өзге
мүдделі адамдарды, сондай-ақ он жасқа толған
баланың өзін іске қатысуға тартуы тиіс.
Егер сот оның қаралатын іс бойынша пікірін білу
үшін 10 жасқа толған асырап алынатын баладан
сот отырысында жауап алудың орындылығы ту-
ралы байламға келетін болса, онда сотқа баланың
сотқа қатыстырылуы оған қолайсыз әсер етпеуі
үшін алдын ала қамқоршылық және қорғаншылық
органының пікірін анықтауы керек. Сұрау кезінде
бала пікірінің оған мүдделі адамдар тарапынан
болған ықпал әсерінен емес екенін, осы пікірді
білдірген кезде өзінің мүдделерін сезінетін/
сезінбейтінін және оны қалай негіздейтінін
анықтауы қажет.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен
белгіленген тәртіппен ресімделген некеде
тұрмайтын (ерлі-зайыпты)
анасының медициналық
ұйымда баласынан бас тартқаны туралы жазба-
ша өтініші болған жағдайда, сот ата-аналардың
бала асырап алуға берген келісімін растайтын өзге
құжаттарды талап етуге құқылы емес (НОтҚРК
94-бабы).
Сот бала асырап алу туралы талапқа мәні бойынша
рұқсат ете отырып, өтініш беруші үшін бала асы-
рап алушы болуға кедергі келтіретін мүмкіндіктің
жоқтығы туралы мәселені талқылауы қажет
(НОтҚРК 91-бабының 2-тармағы, 92-бабының
1-тармағы)
Сот шетелдіктердің бала асырап алу туралы ісін
қараған кезде, баланы халықаралық бала асырап
алуға ұсынғанға дейін олардың азаматтығына
не Қазақстан
Республикасы азаматтарының
тұрғылықты орындарына қарамастан, осы бала-
ны туыстарының патронаттық тәрбиелеу неме-
се бірінші кезекте асырап алу құқығын Қазақстан
Республикасының
балалардың құқықтарын қорғау
саласындағы уәкілетті органның жүзеге асыраты-
нына көзін жеткізуге міндетті (НОтҚРК 84-бабы).
Сот Қазақстан Республикасының ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы,
өңірлік, орталықтандырылған есепке қою туралы
заңнамасының талаптарын қамқоршылық және
қорғаншылық органдарының сақтауын тексе-
руге міндетті: ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балалардың, жетім балалардың тұратын жері бойын-
ша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы органдары балалар туралы
мәліметтер келіп түскен күннен бастап бір айдың
ішінде баланы орналастыруды қамтамасыз етеді
(бастапқы есеп). Баланы отбасына тәрбиелеуге беру
мүмкін болмаған жағдайда бір ай уақыт өткеннен
кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі
қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі
функцияларды іске асыратын
органға өңірлік есеп-
ке алу үшін және Қазақстан Республикасының
аумағында тұрақты тұратын азаматтардың отба-
сына баланы тәрбиелеуге беруге көмектесу үшін
бала туралы мәліметтерді жолдайды. Облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы органдары ата-ана қамқорынсыз
қалған жетім балаларды Қазақстан Республикасының
азаматтарына, асырап алуға, қамқоршылыққа неме-
се қорғаншылыққа, патронаттық тәрбиелеушілер
отбасына тәрбиелеуге беру мүмкін болмаған кезде,
оларға бала келіп түскен күннен бастап екі ай мерзім
ішінде ата-ана қамқорынсыз қалған жетімбалаларды
орталықтандырылған есепке қою үшін Қазақстан
Республикасы балалардың құқықтарын қорғау
саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндетті
90
кеткенде (бас тарқанда) сот баланың мүддесіне
сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының
бала асырап алу туралы ісін баланы тастап кеткен
немесе оны тауып алған соң үш ай өткеннен кейін
қарауға құқылы (НОтжҚРК 93-бабы). Егер сот
оларды белгісіз немесе қайтыс болған деп жари-
яласа, хабарсыз кеткен деп таныса; қабілетсіз деп
таныса; ата-ана құқықтарынан айырылған болса,
сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша ба-
ламен алты айдан артық бірге тұрмайтын және
оны тәрбиелеуден және бағудан жалтарған болса,
баланың ата-аналарынан бала асырап алуға келісімі
талап етілмейді. Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген
некеде (ерлі-зайыптылық) тұрмайтын анасының
медициналық ұйымдарда баладан бас тартқаны ту-
ралы жазбаша өтініші болған кезде,
сот баланы асы-
рап алуға ата-аналарының келісімін растайтын басқа
құжаттарды талап етуге құқылы емес (НОтҚРК
94-бабы). Сот кәмелетке толмаған балалар сияқты,
биологиялық ата-аналардың да құқықтарының
қорғалу ұстанымын сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.
93-баптың 6-тармағына сәйкес ата-ана
қамқорлығынсыз қалған және білім беру
ұйымдарында, медициналық және басқа да
ұйымдарда жүрген балаларды, жетім балаларды асы-
рап алу үшін аталған ұйымдар басшыларының жаз-
баша түрдегі келісімі қажет. Сот аталған келісімнің
белгіленген араласу мерзімінің біту нәтижелері
бойынша ғана орын алатынына назар аударуға тиіс.
Соттылығының жоқ екені туралы анықтамаларды
мұқият зерделеу қажет (АҚШ-қа қатысты, мыса-
лы, ақпаратты АҚШ-тың бір ғана штаты ұсынып
қоймай, АҚШ қылмыстық сот төрелігінің уәкілетті
ақпараттық қызмет органдары ұсынуға тиіс).
(НОтҚРК 117-бабы). Сот отырысында есеп-
ке алудың барлық түрлерінің дұрыс сақталғанын
анықтау үшін есепке алуды жүзеге асыратын
барлық тиісті органдар
толтыратын асырап алы-
натын балаға толтырылған сауалнаманы зерттеуге
міндетті, сот сондай-ақ асырап алынатын баланың
бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған есеп-
ке тіркелгендігі туралы деректерді талап етуі керек.
Сот шетелдік азамат асырап алғысы келетін
баланың орталықтандырылған есепте кемінде үш
ай тұрғанына көз жеткізуге міндетті.
Баланы асырап алу үшін, егер олар ата-ана
құқықтарынан айырылмаған болса, ата-аналарының
келісімі қажет. Ата-анасының баласын асырап
алуға келісімі баланы асырап алу орны бойынша
немесе ата-аналарының тұратын жері бойынша
қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын орган не ата-ана
қамқорлығынсыз қалған ұйымның басшысы но-
тариалды түрде куәландырған немесе растаған
өтініште көрсетілуге тиіс, сондай-ақ сотта бала
асырап алу өндірісі кезінде тікелей көрсетілуі тиіс.
Кәмелетке толмаған
ата-аналардың заңды өкілдері
болмаған кезде немесе егер кәмелетке толмаған
ата-аналары баланы медициналық ұйымда та-
стап кетсе және үш айдан артық оның тағдырын
ешкім ойламаған жағдайда, қамқоршылық және
қорғаншылық жөнідегі функцияларды іске асы-
ратын органның келісімі қажет. Некеде (ерлі-
зайыптылық) тұрмайтын ата-анасының екеуінің
де немесе анасының бас тарқаны туралы өтініш
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен ресімделмей, медициналық
ұйымда туғаннан кейін баладан бас тартқан
жағдайда, сондай-ақ үшке толмаған баланы тастап
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен