ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет40/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79

83
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Сотқа бала асырап алу туралы өтініш берушілер 
өтініштерінің мәнін түсіндіруде іс үшін 
маңызы бар жағдайларды балаларды асырап 
алу негіздемелері, шарттары мен тәртібі тура-
лы Кодекс нормаларын ескере отырып дұрыс 
белгілеуі, дәлелдемелердің салыстырмалылығы, 
қолжетімділігі және дұрыстығы туралы ҚР АІК-
нің 67, 68, 70-баптарының ережелері бойыша олар-
ды растайтын барлық дәлелдемелерге баға беруі 
қажет.
Материалдық құқық нормаларын тиісінше 
қолдануға байланысты, бала асырап алу туралы іс 
бойынша маңызды құқықтық жайттарға мыналар 
жатады: 1) Кодекстің осы өтініш берушінің жеке 
басының бала асырап алушыларға қоятын талап-
тарына сәйкестігі; 2) аталған баланы асырап алуға 
арналған негіздеменің болуы; 3) заңда көрсетілген 
адамдардың баланы асырап алуға келісімінің болуы; 
4) бала асырап алудың бала мүдделеріне сәйкестігі.
Бала асырап алу бойынша құқықтық маңызды жайт-
тарды белгілеу және осы жайттарды дәлелдеу бой-
ынша жан-жақты түсіндірмелер Жоғарғы Соттың 
2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 нормативтік 
қаулысының 9-13- тармағында көрсетілген.
Өтініш берушілердің жеке басына қатысты жайт-
тарды ерекше бөліп көрсету қажет. Бала асырап 
алғысы келетін адамдарға ҚР Кодексі (91, 92-бап-
тар) белгілі бір талаптарды белгілейді. Оларды 
сақтау кәмелетке толмағандардың құқықтарын 
қамтамасыз етудің кепілдігі болып табылады, 
сондықтан әрбір жағдайда міндетті болып табы-
лады. Бала асырап алушының жеке басының ҚР 
Кодексінің талаптарына сәйкестігін бала асырап 
алу туралы істің мәні бойынша қараған және шеш-
кен кезде сот тексереді.
Заңның бала асырап алуы мүмкін адамдардың 
қатарынан мыналарды алып тастайтынын еске 
сақтау керек, атап айтқанда: бір балаға қатысты 
өзара некеде тұрмайтындар; сот қабілетсіз деп 
таныған немесе қабілеті шектелген; біреуін сот 
қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған 
ерлі-зайыптылар; сот бойынша ата-ана құқығынан 
айырылған немесе ата-ана құқықтарына сот шек-
теу салған тұлғалар; өзіне заңмен жүктелген 
міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін 
қамқоршының (қорғаншының) міндеттемелерінен 
шеттетілген адамдар; бұрынғы бала асырап алу-
шылар, егер сот бала асырап алуды олардың кінәсі 
бойынша кері қайтарған болса; тұрақты тұратын 
жері жоқ адамдар; бала асырап алған сәтте қасақана 
қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдар; 
денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын 
іске асыра алмайтын адамдар. Сондай-ақ ҚР 
субъектісіне белгіленген ең төменгі күнкөріс 
деңгейін қамтамасыз ете алатын кірісі жоқ адамдар 
бала асыраушылар бола алмайды.
Бала асырап алушы мен асырап алынатын баланың 
жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуға 
және ол қырық бес жастан аспауға тиіс. Сот 
дәлелді деп таныған себептер бойынша жас ай-
ырмасы қысқартылуы мүмкін. Сонымен бірге заң 
шығарушы сот дұрыс деп таныған себептер бой-
ынша жас айырмашылығының азайтылуына жол 
береді. Баланы өгей әкесі (өгей шеше) асырап ала-
тын кезде жас айырмашылығы талап етілмейді.
Бала асырап алу туралы мәселенің мәні бойынша 
соттың дұрыс шешуі үшін Кодекстің 93 – 96-бапта-
рында талап етілетін белгілі бір адамдар тобының 
бала асырап алуға келісімінің болуын анықтау 
маңызды мәнге ие: а) заңды өкілдерінің, баланың 
ата-анасының; ә) он жасқа толған баланың өзінің; 
б) егер баланы ерлі-зайыптылардың біреуі асырап 
алатын болса, асырап алушының жұбайы/зайыбы. 
Заңға байланысты аталған адамдардың келісімін 
алу бала асырап алудың міндетті шарттарына жа-
тады, яғни соттың бала асырап алу туралы өтінішті 
қанағаттандыруына себеп болады.
Сөйтіп, егер баланың ата-анасы болса, олардың 
келісімінің болуы асырап алудың міндетті шарты 
болып табылады. 16 жасқа толмаған кәмелетке жет-
пеген ата-аналар бала асырап алған кезде олардың 
заңды өкілдерінің келісімі, олар болмаған кезде 
қамқоршылық және қорғаншылық органының 
келісімі қажет (Кодекстің 93-бабының 1-тармағы). 
Ата-анасы баланы нақты адамды көрсете отырып 
не нақты адамды көрсетпей асырап алуға келісімін 
бере алады (Кодекстің 93-бабының 3-тармағы).
Ата-аналардың бала асырап алуға келісімі но-
тариалды түрде куәландырылған немесе ата-
ана қамқорлығынсыз қалған бала өткізілген 
ұйымның басшысы не баланы асырап алу орны 
немесе ата-аналарының тұрғылықты жері бой-
ынша қамқоршылық немесе қорғаншылық функ-
цияларын жүзеге асыратын орган куәландырған 
өтініште көрсетілуге тиіс, сондай-ақ асырап алу 
өндірісі кезінде тікелей сотта көрсетілуі мүмкін.
Баланы асырап алу туралы сот шешім шығарғанша, 
ата-аналар өздерінің асырап алуға берген 
келісімдерін өзгертуге құқылы.
Аталған жағдайда істің сотта қаралуы сәтінде 
анасының баланы асырап алуға келісімінің 
қайтарылып алынбағанын тексеру қажет.
Некеде (ерлі-зайыпты) тұрмаған ата-анасының 
екеуі де немесе анасы медициналық ұйымда 
туғаннан кейін Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен баладан 
бас тарту туралы өтінішін ресімдемей, бала-
дан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ жасы үшке 
толмаған тастанды (бас тартылған) баланы тау-
ып алған жағдайда сот баланың мүддесі үшін бала 
тастап кеткен кезден немесе тауып алғаннан соң 


84
үш ай өткеннен кейін Қазақстан Республикасы 
азаматтарының асырап алу туралы ісін қарауға 
құқылы.
Ата-ананың сотта баланы асырап алуға берген 
келісімі сот отырысының хаттамасында тіркелуі 
және оған өздері қол қоюы тиіс, сондай-ақ ол 
шешімде көрсетілуге тиіс. Ата-аналардың баланы 
тәрбиелеуге қатысты берілетін құқықтарының 
басымдығына байланысты олардың кез келгені сот 
шешімі шыққанша осылай істеуге мәжбүр еткен 
дәлелдерге қарамастан, бұрын баланы асырап алуға 
берген келісімін кері алуы мүмкін екенін ескеру 
қажет. 
Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларда ғана 
оның ата-анасының келімісінсіз баланы асырап 
алуға рұқсат етіледі. Аталған баптың нормаларын 
қолдана отырып, сот мынаны ескеруі қажет: а) 
соттың ата-анасын әрекетке қабілеті шектеулі деп 
тануы осындай ата-ананың келімісінсіз бала асырап 
алуға негіздеме бермейді, себебі ҚР АК 27-бабына 
сәйкес, ол мүліктік құқықтармен ғана шектеледі; 
ә) алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу 
мен күтіп-бағудан жалтарған жағдайлар бойынша 
себептерді барлық ұсынылған дәлелдерді зерт-
теу және бағалау негізінде бала асырап алу тура-
лы өтінішті қараған кезде сот белгілейді (мысалы, 
алимент төлеуден жалтарған, іздеудегі ата-ананың 
тұратын жері туралы ішкі істер органдарының ха-
барламалары, куәлер көрсетімдері және басқа да 
қолжетімді дәлелдемелер).
Тәжірибеде ерлі-зайыптылар бірлесе бала асы-
рап алушы ата-ана болып табылады. Баланы ерлі-
зайыптылардың біреуінің ғана асырап алуына (бұл 
ретте басқа жұбайы/зайыбы асырап алынатын 
баланың ата-анасы болып табылмайды) басымдық 
мейлінше аз беріледі, бірақ заңмен тыйым салын-
байды. Алайда, егер баланы некеде тұрған адам 
асырап алатын болса, онда Кодекстің 96-бабының 
1-тармағына сәйкес бала асырап алу өтініш 
берушінің жұбайының/зайыбының келісімі болған 
кезде ғана мүмкін.
Ерлі-зайыптылар отбасылық қатынасты тоқтатқан, 
бір жылдан аса бірге тұрмайтын және өтініш беруші 
жұбайының/зайыбының тұратын жері белгісіз 
оқиғалар бұған жатпайды. Аталған жайттар АІК 
64-бабында көзделген, дәлелдеу құралдарымен
сондай-ақ соттың осы жұбайдың тұратын жерін 
хабарламай кеткенін мойындау туралы заңды 
күшіне енген шешімімен белгіленуі мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың бірінің бала асырап алуға 
келісімі бала асырап алу туралы келісімге қоса 
берілуге және жазбаша түрде жазылуға тиіс 
(2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 17 нормативтік 
қаулының 3-тармағы). Кодекстің 93-бабына ұқсас, 
жұбайының/зайыбының жазбаша келісіміндегі 
қолын нотариус куәландыруы, бала тұратын меке-
ме басшысы не баланы асырап алу өндірісінің орны 
бойынша немесе осы жұбайының/зайыбының 
тұрғылықты орны бойынша қамқорлық және 
қорғаншылық органы куәландыруы мүмкін. Ал-
маты қаласы Кәмелетке толмағандардың істері 
мүдделерін қорғау бойынша азаматтық істерді қарау
4-тарау 
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау