25
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
қағидалар белгіленген (11.1. – 11.4), олар Бала
құқықтары жөніндегі комитеттің №10 Жалпы
ескертуінде жетілдірілген, оның қысқаша мазмұны:
•
дивергенцияның нақты табиғаты мен мәні
қандай болатынын шешу қатысушы мемлекет-
терге ұсынылады. Бала құқықтары жөніндегі
комитет үшін ұсынылған мемлекеттердің
ақпараты қоғамдық жұмыстар немесе әлеуметтік
қызметкерлердің не сынақтан өткізу қызметі
қызметкерлерінің тәлімгерлік етуі, бастапқы
құқықтық жағдайды қалпына келтіру және
құрбандар үшін өтемақылар сияқты диверген-
ция шараларының аясы кең екенін көрсетеді;
•
дивергенция баланың қылмыс жасағаны туралы
сенімді дәлелдер болған кезде пайдаланылуға
тиіс;
•
заңда дивергенция қолданылуы мүмкін емес
істердің мөлшерлері белгіленуге тиіс, сондай-
ақ дивергенция шараларын пайдалануда
полицияның, прокурорлардың және басқа да
органдардың өкілеттіктері реттелуі тиіс. Дивер-
генция тек дүкендердегі ұрлық немесе аз зиян
келтірілген мүліктік ұсақ құқық бұзушылық
жағдайларында және/немесе құқық бұзушылық
алғаш жасалған жағдайда ғана қолданылуы
міндетті емес;
•
балаға дивергенцияның табиғаты, мәні,
ұзақтығы туралы, сондай-ақ, дивергенция бой-
ынша шараларының орындалмау салдарлары ту-
ралы қажетті, дәл ақпарат ұсынылуы тиіс;
•
баланың келісімі қажетті болып табылады және
ол келісім берілместен бұрын, құқықтық және
басқа да көмекке жүгіну мүмкіндігімен жазбаша
әрі ерікті түрде берілуге тиіс.
•
баланың дивергенция шараларын орындауы
істің түпкілікті тоқтатылуымен аяқталуға тиіс.
Әкімшілік және басқа да есепке алу шаралар үшін
сақталуы мүмкін дивергенция туралы мәліметтер
сотталғандығы ретінде тіркелуге тиіс емес.
Егер бала дивергенция бойынша шараларды орын-
дамаса, прокурор істі сотқа береді. Судьяның,
бұл жағдайда, мүмкін, дивергенция жөнінде
қайтарылған іспен айналысуына тура келеді.
Судья әр түрлі істерді қарауы мүмкін:
•
ол түпкілікті шешім (үкім) шығару кезінде ди-
вергенция шараларының аяқталған бөлігін
назарға алуы мүмкін. Мысалы, ол бала диверген-
ция шараларын толық орындамаған кездегіден
аз айыппұл тағайындауы мүмкін;
•
сондай-ақ, ол жағдайға қарай прокурордан балаға
тағы да мүмкіндік беріп, үкім шығаруды кейінге
қалдыруды сұрауы мүмкін. Мысалы, бала 40 сағат
қоғамдық жұмыс атқаруға міндеттелген, бірақ ол
жұмыс күннен- күнге ауырлай түскендіктен, оны
атқара алмауы да мүмкін.
4.5.3. Қалпына келтіру әділсоты
Қалпына келтіру әділсотының тарихи дамуының
мән-жайы бұл тараудың ауқымына сыймайды. Оның
пайда болу себептері маори тайпасының (Жаңа
Зеландия), Австралияның байырғы тұрғындары,
инуиттер (Канада), сондай-ақ, Африка мен Азия
тайпаларының өз қоғамдарында болған күрестердің
нәтижесінде туындаған деп айтуға болады.
31
Өткен
ғасырдың сексенінші жылдары қалпына келтіру
әділсоты қылмыскерлермен күресте жаңа әдіс
ретінде көрінді, Қалпына келтіру әділсоты бойын-
ша мысалдарды Жаңа Зеландия және Бельгиядан
көруге болады.
Пекин қағидаларында (1985 ж.) заң алдында жауап-
ты балаларға қатысты мұндай көзқарастардың жете
қарастырылмауынан, қалпына келтіру әділсотының
енді қалыптаса бастағанын көреміз. БҚК және №
10 Жалпы ескерту туралы да осыны атап өтуге бо-
лады. Қалпына келтіру бағдарламаларының жалпы
қағидаттарын пайдалану туралы ЭКОСОС 2002/12
Қарары қалпына келтіру әділсотына қатысты
бірден-бір халықаралық құжат болып табылады.
Қалпына келтіру әділсоты практикасының негізгі
қағидалары мен шарттарының қысқаша мазмұны:
32
•
полиция, прокурор немесе судья кәмелетке
толмағандардың істері бойынша сот істерін
жүргізудің кез келген кезеңінде қалпына
келтіру әділсоты процестерін қолдануы
мүмкін. Егер полиция немесе прокурор оны
қолданған жағдайда, қалпына келтіру әділсоты
процестерінде оң нәтижелер болған кезде, ди-
вергенция туралы мәселе туындауы мүмкін;
•
қалпына келтіру әділсоты процесі тек құқық
бұзушы мен қылмыс құрбанының келісімімен
ғана жүргізіледі және олар процесс барысын-
да кез келген уақытта өз келісімдерін қайтарып
алуы мүмін;
•
процестің мақсаты құқық бұзушы мен қылмыс
құрбаны құқық бұзушылыққа байланысты
тиісті әсер ету әрекеті қандай болады деген
келісімге келеді, мысалы, құқық бұзушы та-
рапынан нұқсанды қалпына келтіру, ақшалай
өтемақы немесе зардап шегушіге және қоғамға
пайда әкелетін қандай да бір іс-қимыл. Бірақ
31 Негізгі қағидалар қалпына келтіру әділсоты үшін, әрқайсысы
ересектер үшін және кәмелетке толмағандар үшін қолданылады.
ЭКОСОС Қарарында заң алдында жауапты балалар (кәмелетке
толмаған құқық бұзушылар) үшін өзіндік тән қағидалар
белгіленбеген Қысқаша баяндауда кәмелетке толмаған құқық
бұзушыларға қолданылатын қағидалар ұсынылған.
32 Негізгі қағидалар қалпына келтіру әділсоты үшін, әрқайсысы
ересектер үшін және кәмелетке толмағандар үшін қолданылады.
ЭКОСОС Қарарында заң алдында жауапты балалар (кәмелетке
толмаған құқық бұзушылар) үшін өзіндік тән қағидалар
белгіленбеген Қысқаша баяндауда кәмелетке толмаған құқық
бұзушыларға қолданылатын қағидалар ұсынылған.