С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
|
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ҚҰЗІРЕТІН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ЕРЕЖЕ
|
ЖОБА
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
ҚазҰМУ-нің медициналық білімнің құзіретті-бағдарлау моделін жүзеге асыру жағдайында тьюторлардың іс-әрекетін ұйымдастыру қажеттілігі туындады, оның негізгі құзіретінің бірі білім алушылардың өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру болып табылады.
Тьютор студенттің жоғарғы оқу орынындағы білім процесінде үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жеке білімін қадағалап, тәжірибелік қабілетін жүзеге асырады. Тьюторлар қызметі қолдану саласы әртүрлі болса да, олардың бәрі жалпы негізгі-ашықтық, үздіксіздік және жеке даралық қағидаға бағынады. Тьютор қарамағында білім алатын студенттер, өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайына тезарада бейімделеді, бірінші курстан бастап білімнің нақты нәтижелерін көрсетеді, тәжірибелік және ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне шығармашылық көзқарасын қалыптастырады, сонымен қатар университеттің өміріне белсенді қатысады. Сонымен тьютор-бұл кеңесші, оқытушы, жетекші, тәлімгер, студенттің білім алуын ұйымдастырушы және тұлға ретінде дамуда көмекшісі болып табылады.
Бұл ереже Қазақстан Республикасының білім беру саясатының қағидасына негізделген, Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының Білімді дамытудың 2011-2012 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасымен, Қ Р Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жж. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен, Болондағы еуропалық елдердің Әлемдік Декларация конференциясында білім министрлері Жиынында жоғарғы білім туралы ұсынылған.
Тьюторлардың іс-әрекеті Ғылыми Кеңестің 31.08.2012 жылғы келісілген шешімімен ұйымдастырылады және Университеттің Жарғысы негізінде және осы ережеге байланысты жүргізіледі.
Тьюторлық қызмет университет оқытушыларының кәсіби іс-әрекетінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Оқытушылардың рейтингісіне әсер етіп, жылдық аттестацияда ескеріліп, келесі жылға жеке еңбек келісім шарты жасалады.
Тьюторды тағайындауды және істеген қызметінен бостауды кпафедра меңгерушілерімен сұхбаттасып келісілген соң, факультет деканының ұсынуымен ректор бұйрығымен жүргізіледі.
Тьюторлардың іс-әрекетін деканаттар мен тьюторлар Кеңесімен келісе отырып, үйлестіреді және бақылайды, ал олардың жұмысын студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту басқармасы бағалайды.
Әр тьютордың қарамағында 10-12 студенттен артық болмау керек.
Тьюторлардың еңбек ақысы істелген жұмысына байланысты тоқсанына 1 рет сыйақы ретінде немесе негізгі еңбек ақысына қосымша ақы ретінде төленеді.
ТЬЮТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:
Студентті бәсекеге қабілетті жеке тұлға болып қалыптастыру.
ТЬЮТОРЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Оқу үрдісін ұйымдастыру
жеке оқу жоспарының, сабақ кестелерінің құрастырылуына көмектесу;
қадағаланатын топтағы студенттердің оқу үлгеріміне және күнделікті сабакка қатысуын қадағалау;
жеке оқу жоспарының орындалуын бақылау жасау;
СӨЖ өз уақытында орындалуына бақылау жасау;
пәндерден академиялық рейтингтердің сапалық және сандық нәтиже көрсеткіштерін талдау;
студенттерді академиялық мабильділікке, тіл үйренуге жұмылдыру;
студенттердің университетке бейімделуін және өзін-өзі басқару ұйымдарынан өз орнына табуға көмектесу.
Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатыстыру:
қадағаланатын топтағы студенттердің СҒҮ қатысуы (конференцияларға қатысу, тезистер, мақалалар жазу және т.б);
студенттерге оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, электронды кітапханаларды дұрыс қолдануына көмек көрсету.
Студенттердің мәдени-рухани өсуіне мүмкіндіктер жасау:
қадағаланатын топтағы студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануы үшін үйірмелерге, клубтарға, спорттық секцияларға және т.б қатыстыру;
театрларға, кино, мұражайларға, көрмелерге апару.
Университеттегі қоғамдық жұмыстарға қадағаланатын топтағы студенттерді қатыстыру:
волонтерлық жұмыс;
форум, конференциялар өткізу және ұйымдастыру т.б;
қоғамдық пайдалы еңбекке, сенбіліктер қатысу.
Студенттердің белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға көмектесу:
құқық бұзушылықтың алдын алу (Университет Жарғысымен, Ар намыс Кодексімен, Жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасының Заңымен, Университеттің ішкі тәртіп Ережесімен таныстыру)
миграциялық ережелердің сақталуына бақылау жасау (шетел студенттері және оралмандар)
толеранттылықты қалыптастыру.
Студенттердің денсаулығын күшейту және әлеуметтік қорғау:
«Д» есепте тұрған студенттерді ақпараттандыруды игеру, сонымен қатар қадагаланатын студенттердің денсаулығын қадағалау. Студенттер әлеуметтік жеңілдік ала ма, шәкіртақы ала ма немесе ақылы бөлімде оқиды ма, уақытылы оқу ақысын төлейді ма, қосымша жұмыс истейді ма? қадағалау.
туберкулез профилактикасы, нашақорлық, темекі, ЖТҚБ.
Салауатты өмір салтын құру, спортпен шұғылдану;
қадағаланатын топтағы студенттердің тұрақты мекен жайын (тұрмыстық жағдайын) бақылау, мекен жайларын өзгерткен жағдайда ақпаратта болу;
студенттердің ата-аналарымен тығыз байланыста болу.
Тьютор келесі көрсетілген құжаттарды алып жүруі міндетті:
Тьютор күнделігі
Жұмыс жоспары
Студенттердің ата-аналарымен байланыс журналы
ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептер.
ТЬЮТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:
Студентке бағытталу
Жекелік қасиет
Жүйелілік
Серіктестік
Икемділік
Жайдарылық
ТЬЮТОРЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Тьютордың қызмет ету міндеттері келесі:
жоғарға кәсіптік білімділігінің болуы;
ғылыми-педагогикалық тәжірибесінің болуы
Тьютордің этикалық және адамгершіліктік сапасына жоғарғы талаптар қойылуы қажет.
ТЬЮТОРЛАРДЫ ІРІКТЕУ
Тьютор қызметіне үміткерлер жекелеп іріктеуден өтеді.
Тьютор қызметіне үміткерлердің берген жеке өтініші қабылданған соң, екі кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді.
Сауалнаманың басты мақсаты тьютор қызметіне үміткердің ғылыми-педагогикалық, әдістемелік қызыметімен қатар, студенттермен жұмыс жасаудағы дағдысын анықтаудың формалды анкеталық мәліметтерін алуға бағытталады. Тьютор қызыметіне үміткердің өтініші қабылданған соң, әңгімелесу факультет деканаттарында өтеді.
Әңгімелесудің негізгі мақсаты:
тьютор қызметіне үміткерлердің әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау.
ТЬЮТОРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
Тьютор құқылы:
Жетекшілік ететін топқа университеттің, факультеттің тәрбие жұмыстары бойынша жылдық жоспарын, студенттердің қызығушылығы мен ұсыныстарын ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін, түрін өзі анықтауға құқылы.
Оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары және студенттер өміріндегі мәдени-тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстар бере алады.
Оқытушылармен алдын-ала келісімі бойынша, студенттік топтарда өтетін семинарлар, дәрістер, тәжірибелік сабақтарда қатыса алады.
Топтағы студенттердің туған-туысқандарымен, ата-аналарымен ұдайы қарым-қатынаста болуы.
Топтағы студенттердің қоғамдық ұйымдардағы дербес жұмыстарына немес оларға байланысты әкімшіліктің шешім қабылдауына және іске асыруына қатысуға құқылы. (шакіртақы дайындауға, университеттен шығаруға, қоғамдық және әкімшілік жазалар тағайындауда және т.б.).
Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстарына, олардың жұмыстарын жақсарту үшін ұсыныстарын енгізуге, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстарына топ студенттерін қатыстыруға және ол ұйымның басшылығына үздік, белсенді студентін үміткер ретінде ұсынуға құқылы.
УНИВЕРСИТЕТТІҢ ТЬЮТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Университеттің тьюторлық қызметі әдістемелік және ұйымдық қолдау көрсете отырып, факультеттердің аға тьюторларының жұмысын үйлестіреді.
Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың төрағалық етуімен студенттерді әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту басқармасы, тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасарлары, факультеттің аға тьюторлары университеттің тьюторлық қызметінің құрамын құрайды.
Кеңес, кезектен тыс отырысын есептемегенде, семестрде 2 рет бас қосады.
Тьюторлық қызмет келесі міндеттерді іске асырады.
Тьюторлардың қызметін үйлестіреді және бақылайды.
Кафедрадағы тьютор қызыметіның тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады.
Тьютордарға тәрбие жұмыстарының іске асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану бойынша тәжірибе алмасу үшін семинарлар ұйымдастырады.
Шешім жобасы:
Тьюторлар қызметі туралы Ереже бекітілсін.
Жауапты: ОТЖ бойынша проректор К.А.Тулебаев
беттің беті
Достарыңызбен бөлісу: |