ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет13/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79

27
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Бұл бап бүкіл әлемдегі қабылданған стандарт-
ты растай түседі, яғни бұл бапқа сәйкес қылмыс 
жасаған кезде 18 жасқа толмағандар үшін өлім жа-
засы жазасы қолданылмайды. (Сондай-ақ, АСҚХП 
6-бабы, 5-тармақ қар.).
Жалпы алғанда, осы баптың мәтіні мәні түсінікті 
болса да, БҚК-ге қатысушы кейбір мемлекеттер 
бұл қағида бойынша тек 18 жасқа толмағандар 
үшін өлім жазасын жүзеге асыруға тыйым салынған 
деп есептейді. Бірақ аталған қағида бойынша тек 
қылмыс жасалған сәттегі жас ерекшелігі шешуші 
рөл атқарады. Бұл сот талқылауын жүргізген 
кездегі не үкім шығарылған немесе орындаған 
кездегі адамның жасына тәуелсіз, баланың 18 
жасқа толмаған кезде жасаған қылмысы үшін өлім 
жазасына кесілуі мүмкін емес деген сөз. Бұдан 
бөлек, қылмыс жасалған сәтте 18 жасқа толмаған 
бір де бір бала шартты мерзімінен бұрын босату 
мүмкіндігінсіз өмір бойы түрмеде отыруға кесілуі 
мүмкін емес. Балаларға қатысты шығарылған 
барлық үкімдер босатудың нақтылы мүмкіндіктері 
бойынша ұдайы қайта қаралып отыруы тиіс. Бұл 
туралы БҚК-нің 25-бабында күтім, қорғау немесе 
емдеу мақсатында қамқорлыққа алынған балалар 
үшін істерді мерзімді түрде қайта қарау жөнінде 
құқық көзделген. 
Бала үшін өмір бойы түрмеде отыру жазасы жас 
өспірімдер әділсотының мақсаттарына жетуді 
күрделендіретінін, тіпті мүмкін еместей ететінін 
ескере отырып, Бала құқықтары жөніндегі комитет 
оның мерізімінен бұрын босату мүмкіндігі барына 
да қарамастан, қатысушы мемлекеттерге 18 жасқа 
толмағандар тарапынан жасалған қылмыстар бой-
ынша өмір бойы түрмеде отырғызу шешімдерінің 
барлық түрлерін жоюды талап етеді.
33
4.6.3. бас бостандығынан айыру 
Заңмен қайшылықтағы балаларға қолданылатын, 
осы бапта пайдаланылатын халықаралық стандарт-
тар БҚК 37 (b) – (d)- бабында келтірілген. Ол мы-
надай ережелерден тұрады:
(b) бір де бір бала заңсыз немесе озбырлық түрінде 
бас бостандығынан айырылуға тиіс емес. Бала-
ны тұтқындау, ұстау немесе түрмеге қамау заңға 
сәйкес жүзеге асырылуға және тек ең ақырғы әрі 
мейлінше қысқа уақыт кезеңіндегі болатын шара 
ретінде қолданылуы тиіс;
(c) бас бостандығынан айырылған балаға қатысты 
ізгілікті көзқарас танытуға және де жас ерекшелігіне 
орай талап етілетін оның қажеттіліктері ескеріле 
отырып, жеке қадір-қасиеті құрметтелуге тиіс. 
Атап айтқанда, бас бостандығынан айырылған 
бала, егер бұл, өзінің басым мүдделеріне сай 
келмейді деп танылмаса, ересектерден оқшаулануға 
және айрықша жағдаяттарды қоспағанда, хат жазы-
су және жүздесулер арқылы өз отбасымен байла-
ныста болуға құқығы бар. 
(d) бас бостандығынан айырылған бала бірден 
құқықтық және басқа да тиісті көмекке тез ара-
да қол жеткізуге, сондай-ақ, сот немесе өзге де 
құзыретті, тәуелсіз және әділ орган алдында 
өзінің бас бостандығынан айырудың заңдылығын 
даулауға құқығы және кез келген осындай 
процессуалдық іс-қимылға қатысты олардың өз 
шешімдерін кідіріссіз қабылдатуға құқығы бар. 
Бұдан бөлек, 1990  жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Гава-
на қағидалары деген атпен белгілі бас бостандығынан 
айырылған кәмелетке толмағандарды қорғау ту-
ралы ережені қабылдады.
34
 Бұл құжат басқа ере-
желермен қатар, бас бостандығынан айырылған 
кәмелетке толмағандарға арналған мекемелерді 
басқару қағидалары, өмір сүру ортасы және тұрғын 
үй-жайларының стандарттары, білім, кәсіптік оқыту 
және жұмыс, медициналық қызмет көрсету стан-
дарттары, күш қолдану мен бас бостандығынан ай-
ыру тәртібі, тәртіптік шаралар, сондай-ақ тексеру-
лер жүргізу қағидалары мен шағым беру мүмкіндігі 
жөніндегі қағидалардан тұрады.
35
 Бұл қағидалар 
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттардың 
қызметі үшін айтарлықтай маңызды емес, сондықтан 
осы тараудың шегінен тыс болғандықтан, толығырақ 
қарастырылмайды. Бірақ судьялардың әсіресе, 
кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру 
орталықтарында болған кезде бұл қағидалар туралы 
түсініктері болуға тиіс. Олар мұнда, осы қағидаларға 
сәйкес келмейтін кәмелетке толмағандарды күтіп-
бағуға қатысты жол берілген жағдайларды немесе іс-
әрекеттерді байқап, бұған орталық қызметкерлерінің 
назарын аударуға тиіс.
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттардың 
іс жүзіндегі тәжірибесінде бас бостандығынан 
айыруды алдын ала қамауда ұстау мен судья 
қолданатын санкциялар ретінде қолданудың 
арасындағы айырмашылықты ескеру керек.  
Алдын ала қамауда ұстау
Көптеген елдерде балалар ұзақ мерзімдер бойы 
алдын ала қамауда отырады, бұл БҚК 37(b)-бабы 
талаптарының айтарлықтай бұзылғанын көрсетеді. 
Мұндай жағдайларда, түрлі балама шаралар 
қолданылып, бас бостандығынан айыру тек ең 
ақырғы шара ретінде қолданылуға тиіс. Алдын ала 
қамауда отырған баланың кінәсін сот/судья рес-
ми сот тыңдауында дәлелдегенше, ол кінәсіз бо-
лып есептелетіндіктен, бұл проблема шұғыл түрде 
шешуді қажет етеді. 
33 № 10 Жалпы тәртіптегі ескертулерді қараңыз, 77-тармақ.
34 14 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 45/113 Қарары
35 № 10 Жалпы ескертулердегі негізгі ережелердің қысқаша 
мазмұндалуын қараңыз, 89-параграф.


28
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы және басқа да халықаралық құжаттар
1-тарау. Халықаралық стандарттар: 
Бұған қоса, заңнамада алдын ала қамауда ұстау 
шарасы қолданылу үшін ерекше және шектеуші 
негіздер болуы шарт, сондай-ақ одан мерзімінен 
бұрын босату (қажет болған, белгілі бір 
жағдайларда) тетіктері де қарастырылуға тиіс.
Құзырлы органдар мейлінше қысқа уақыт ішінде 
(әдетте, 24 сағат ішінде), әрбір ұсталған және бас 
бостандығынан айырылған балаға қатысты оны бас 
бостандығынан айырудың заңдылығын анықтауға 
тиіс. Алдын ала қамаудың заңдылығы үнемі, 
мүмкіндігінше, әрбір екі апта сайын қаралып отыруы 
тиіс. Мәселен, баламалы шаралар қолдану арқылы 
баланы мерзімінен бұрын босату мүмкін болмаған 
жағдайда, оған ресми түрде айып тағылып, алдын 
ала қамауға алғаннан кейін 30 күннен кешіктірілмей, 
сот немесе өзге де құзыретті, тәуелсіз және әділ ор-
ган алдында жауапталуы тиіс. 
Баланың алдын ала қамауда отырған жағдайында 
сот оған қатысты істі барынша тез қарауға тиіс. Егер 
прокурорға тергеуді аяқтау үшін біраз уақыт қажет 
болып, істі қарау кейінге қалдырылған жағдайда, 
сот баланың (оның адвокатының) талап етуі неме-
се өз қалауы бойынша алдын ала қамаудан шартты 
түрде босату туралы мәселені қарауға тиіс. Бірақ 
сот айып тағылғаннан кейін 6 айдан кешіктірмей 
түпкілікті шешім шығаруға тиіс.
Бас бостандығынан айыру (полиция, прокурор 
немесе өзге құзыретті орган шығарған) әкімшілік 
шешім болып табылатын жағдайларда алдын ала 
қамаудың заңдылығын даулау құқығына тек шағым 
беру құқығы ғана емес, сондай-ақ, сотқа немесе 
өзге де құзыретті, тәуелсіз және әділ органдарға 
қол жеткізу құқығы кіреді. Еш кідіріссіз шешім 
шығару құқығы шешімнің шағым берілген екі апта 
ішінде немесе одан кешіктірмей қабылдануға тиіс 
екенін білдіреді.
36
БҚК 37-бабында ата-аналарынан ажырату және 
отбасымен байланысу туралы тұжырымдар секілді 
қағидалар, алдын ала қамаудағы балаларға да 
қатысты болады.  
Бас бостандығынан айыру түріндегі 
үкім
Прокурор, әдетте, бала жасаған қылмысқа 
баланың жағдайына және қылмыстың мәніне сай 
жауап беретіндей шараны ұсынады. Егер ол бас 
бостандығынан айыруды талап етсе, онда, ол БҚК 
37-бабына сәйкес, бас бостандығынан айыруға 
байланысты емес басқа шаралардың бұл жағдайда 
неге қолданылмайтынын түсіндіруге тиіс.
Судьяның бұл ретте, әрине, прокурордың та-
лабын қабылдауы міндетті емес. Судья істің бар 
мән-жайын таразылай келіп, ұсынылған ақпаратты 
жеткіліксіз деп санаса, ол сот отырысын кейінге 
қалдыруы және әлеуметтік саланың қызметкеріне 
баланың отбасы жағдайы, баланың жай-күйі және 
бас бостандығынан айырумен байланысты емес ша-
ралар қолдану мүмкіндігі туралы келесі отырысқа 
есеп жасау туралы тапсырма береді. 
Судья бас бостандығынан айырудың баланың 
біліміне келеңсіз әсері, оның өзінің отбасынан 
жырақта, оқшаулау мекемесіне отыру ықтималдығы 
сияқты факторларды ескеріп, әрі олардың баланың 
отбасымен байланыста болу құқықтарын іске асы-
руда елеулі кедергі болатынын назарға алуға тиіс. 
Егер судья бас бостандығынан айыру жасалған 
қылмыс үшін лайықты деп түпкілікті шешімге кел-
се, мынгадай қағидалар мен нақтылы мән-жайлар 
назарға алынуы тиіс:

 байқау қызметі немесе құзыретті әлеуметтік 
қызметкер тарапынан қадағалау туралы бұйрық 
шығара отырып, мүмкіндігінше, ұзақтығы 1-2 
жыл мерзімге ғана болатын шартты мерзіммен 
үкім шығару; 

  БҚК-де бас бостандығынан айырудың ұзақтығы 
жөніндегі арнайы қағидалар көзделмеген, бірақ 
оның мейлінше қысқа болуы қажеттігі тура-
лы тұжырым жазалау үкімінің ұзақ жылдарға 
шығарылмауға тиіс екенін көрсетеді. Ұзақ 
мерзімге бас бостандығынан айыру ювенал-
ды әділсот жүйесінің мақсатын – қоғамға 
қайта бейімдеу және қоғамдық пайдалы 
еңбекпен айналысуға қол жеткізуді әлдеқайда 
күрделендіреді;

  егер үкім шығарылған кезде бала 18-ге толған 
болса, бұл бала кәмелетке толмағандарды бас 
бостандығынан айыру мекемесіне орнала-
стырылмауы тиіс дегенді білдірмейді. Істің 
жағдаяттарына және баланың жеке басының 
ерекшеліктерін ескере отырып, судья баланың 
кәмелетке толмағандардың бас бостандығынан 
айыру мекемесінде отыру мерзімінің 
мүмкіндігін қарастыруға тиіс. Бұл пікірді Бала 
құқықтары жөніндегі комитет қолдайды, яғни 
олар, бас бостандығынан айырылған, кәмелетке 
толмағандар мекемесінде отырған баланы 
18 жасқа толған кезде ересектер түрмесіне 
ауыстырудың қажеті жоқ деп тұжырымдайды. 
Егер бұл оның басым мүдделеріне сай болса және 
осы мекемеде отырған өзге балалардың да жеке 
мүдделеріне қайшы келмесе, бас бостандығынан 
айырылған баланың, кәмелетке толмағандар 
мекемесінде отыру мүмкіндігі болуға тиіс; 
37

  25-баптың ережелеріне сәйкес судьяларға аталған 
мекемеде отырған балалардың жай-күйі тура-
лы ақпарат алу мақсатында бас бостандығынан 
айырылған, кәмелетке толмағандар мекемесінде 
жиі болу ұсынылады. Сондай-ақ, бұл сапарлар 
шеңберінде, балалардың өз еріктері бойынша 
олармен кездесулер де енуі мүмкін.  
36 № 10 Жалпы ескертулерді қараңыз, 83 және 84-параграфтар.
37 № 10 Жалпы ескертулерді қараңыз, 86-параграф.


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау