97
ассоциациясы тудыратын кӛріністерге сипаттама жасау, қажетті тұсында
қарама-қарсылық ассоциациясын да пайдалану қажет. «Чем большим
количеством ассоциаций мы располагаем, тем легче устанавливается новая
ассоциация и, следовательно, повышается качество нашей специальной
памяти»
1
– деп психологтардың атап кӛрсеткеніндей аталған әдіс-тәсіл ақын
шығармасының ішкі астарын айқындап, оқушы есінде берік сақталуын
қамтамасыз етеді.
Сондықтан мәтінмен танысар алдында шығарма тақырыбының ӛзі
оқушыларға қандай ассоциация туғызатынын білу маңызды. Мәселен, 5
сыныптағы М.Жұмабаевтың «Қысқы жолда» ӛлеңіне қатысты «Қысқы жол»
сӛзін естігенде «қандай ассоциация туындайды?» деген сауал тастауға
болады. Жауаптардың әрқилы болуы заңды. Біреуі «қар», «суық», «шана»
деп жатса, енді бірі «таза», «аяз», «қырау» т.б. кӛптеген ұғымдар туындайды.
Оқушы ассоциациясындағы ұғымдардың қай-қайсы болмасын мәтінді
қабылдауға алғашқы жәрдемші болары сӛзсіз. Себебі оқушы жаңа бір ұғым
түсінікті ӛз тәжірибесіне сүйеніп қана қабылдайды. Сабақ барысында
шығарма мәтінін кӛркем қабылдай отырып, оқушы санасы жаңа ұғымдармен
толыға түседі.
Әдістеме ғылымы үшін оқушылардың мәтінді кӛркем қабылдауын
зерттеуде маңыздысы – әдеби шығарманы талдауды жетілдіру, тың бағыт-
тары мен жолдарын мейлінше молайту болып есептеледі. Н.О.Корст шығар-
маны қабылдау мәселесіне мейлінше ден қояды, тіпті оны талдаумен бірдей
деңгейге теңестіре қарастыру керектігін айтады. Әдебиетті оқу кезінде «жаңа
сәттердің»
2
кӛп болу керектігі, сол арқылы эстетикалық сезім мен бірге
оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту қажеттігін дәлелдейді. Автордың
ерекше салмақ түсіре айтатын пікірі шығарманы мәнерлеп оқуға қатысты.
Көркем шығарманы мәнерлеп оқу, оны қабылдау мен танытудағы
алғашқы қадам. Кӛркем шығарманы мәнерлеп оқу қабылдауға жолбасшы
болатын ең басты тәсілдің бірі. Мәнерлеп оқылған мәтін оқушыға әр сӛздің
ӛзіндік ӛрнегі мен мәнін ашып, сезінуіне тиімді ықпал етеді. Ӛз мәнінде
мәнерлеп оқылған мәтін тыңдаушысына кӛркем кӛріністі де, мәтіндегі автор
толғанысын да, поэтикалық образды да т.б. шығарма ӛзегіндегі қат-қабат
ойлардың ағымын да сездіруге дәрменді.
Мәтінді мәнерлеп оқу мәселесін сӛз еткенде екі жақты жұмыс түрін
анықтаған орынды. Оның бірі, мәтінді оқушының алғаш қабылдауын
ұйымдастыру мақсатында мұғалімнің оқуы. Екіншісі, әдебиет пәні аясында
оқушылардың мәнерлеп оқу дағды, машығын қалыптастыру. Мұғалімнің
мәтінді мәнерлеп оқуы да аса маңызды. Себебі мәтінді қабылдауға, талдауға
алғашқы қадам ретінде мұғалімнің мәнерлеп оқуы, мәтін аясында
жүргізілетін басқа да оқу-танымдық жұмыстардың тиімді жүргізілуіне ықпал
1
Выготский Л. Педагогическая психология. М., Педогогика, 1991.–175
2
Корст Н.О. Восприятие литературного произведения и его анализ в школе
//Вопросы анализа литературных произведений. –М,. 1969.
98
етеді. Мектеп практикасында тек лирикалық шығармалар ғана мәнерлеп
оқуға ұсынылады деген бір жақты пікір қалыптасқан. Негізінде прозалық
шығарманың үзіндісі де, шығармадағы пейзаж, монолог, кейде диалог,
драмалық шығарма бӛлігі де мәнерлеп оқылады. Басты мақсат шығарманы
мәнерлеп оқуға дағдыландыру болмақ. Мәтінді жатқа оқу мәнерлеп оқудың
тиімділігін арттыратын бір амал. Себебі жаттаушы мәтінді ӛзегінен шығара
жатқа айту арқылы авторлық ойға жақындай түседі. Әр сӛздің мәнін ашатын
дауыс ырғағы мен екпінін түсіруге жақын болады.
Мәнерлеп оқуға оқушыларды тӛселдіру үлкен дайындықты қажет етеді.
Бағдарлама талаптары бойынша мәнерлеп оқуға дағдаландыру 5-7 сынып-
тарда міндеттеледі әрі ол үздіксіз жүргізілуі тиіс жұмыстың бірі. Аталған
сыныптарда кездесетін қиындықтың бірі мәтінді жүргізіп шапшаң оқу
дағдыларының әр оқушыда әр дәрежеде болуы. Мәтінді әрі жылдам, әрі
дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Оқу жылдам-
дығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынтасы да арта
түседі. Мәтінді баяу оқыған бала оның мазмұнын түсінбейді. Кейде шапшаң
оқимын деп сӛздің кей буындарынан қате жіберіп жатады. Шапшаң оқуға
жүйелі түрде күнбе-күн оқыту арқылы ғана дағдыландыруға болады. Мәтінді
оқу – бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру.
Дұрыс түсініп, жылдам мәнерлеп оқу – бір-бірімен тығыз байланысты.
Сондықтан оқушыны жаттықтыру үшін де әр сабақта іске асырып отыру
қажет. Мәнерлеп оқу екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, тыныс
белгілерін сақтап, дұрыс кідіріс жасау, дауысты сӛйлемдегі ой мазмұнына сай
баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, кӛңіл-күйді кӛтеріңкі күйде оқу
ескеріледі.
Мектеп тәжірибесінде оқушылардың кӛбінде ӛлең шумағын, тармағын
бір ырғақта оқу қалыптасқан. Мәнерлеп оқуға тӛселдіру жұмыстарында
мұғалім мәтінді байыппен оқи отырып оқушыларға дауыс қарқыны, ырғағы,
логикалық, психологиялық екпіндері, белгілі бір мәндегі сӛздерді оқығандағы
қысқа және ұзақтау кідірістерді байқатуы керек. Мұғалімнің мәнерлеп
оқуының ӛзі оқушылар үшін «дыбыстық кӛрнекілік» болуы мүмкін. Бірақ
бұл үнемі мұғалім ӛзі оқып, бақылату керек деген ой емес. Мәнерлеп оқу
әдіс-амалдарын да түрлендіріп жүргізу керек.
Мәнерлеп оқудың негізгі шарттары, әдіс-тәсілдері.
Енді мәнерлеп оқуға тӛселдірудің бірнеше шарттарына тоқталайық.
Біріншіден, оқуға байланысты әрекет болғандықтан мәнерлеп оқу үшін
оқушының тыныс алу, ауаны жұту және сыртқа шығару, еркін дем алу
дағдыларын қадағалағаны жӛн. Оқу барысында дем алуын басқара алмаған
оқушының мәнерлеп оқу дағдысы оңайлықпен қалыптаспайды. Қалыпты
тыныс алу жағдайында адамның дем алуы мен дем шығаруы бірдей. Ал
сӛйлеу, оқу, ән салу сияқты вербальды әрекеттерде демді алу мен сыртқа
шығару ұзақтығындағы тепе-теңдік ӛзгереді. Демді ішке алу жиілейді, не
демді іште ұстау уақыты ұзарады. Осы әрекеттерді оқушылардың білгені
және жаттыққаны мәтінді мәнерлеп оқуда ӛз әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |