А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет50/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103

117 
 
жайқаған»  тіркесі,  кӛбіне,  «шайқаған»,    яғни,    қозғаған  мағынасымен 
алмастырылып      та  ұғынылуы  мүмкін.    Бұл  екі  сӛз  екі  мағынада  қолданы-
лады.  «Кӛл  жайқау»  кӛлді  аласапыран,  астан-кестен  ету,    бұл  әрекет    құс 
қимылын,  әрекеті  мен  мінезін  білдіреді,  сол  арқылы  сипатталып  отырған 
тұлға Қазтуғанның бір қырын танытады. 
Доспамбет жыраудың «Алғаным Әли ағаның қызы еді» деп басталатын 
толғауында   «маңдайы күнге тимеген»,  «желге шашын ӛрмеген», «серпіліп 
адам  бетін  кӛрмеген»    «Қосақай,  Қосай,  Ер  Досай»  сынды  балаларының 
ардақты  анасы,  сүйген  жарының    «қалай  белін  шешкені»  де    түсіндіруді 
қажет  етеді.    «Ер  Тӛстік»  ертегісінде  Кенжекейдің    сүйген  жарын  алыс  та 
қауіпті  сапарға  шығарып  салып  тұрып,  белін  таңатыны,  ол  белдікті  «Ер 
Тӛстік не ӛлгенде шешіл, не аман-есен келгенде шешіл» деп серт қылатыны 
бар.  Яғни,  жарын  соғысқа  аттандырған  сүйген  жар  «жанын  шүберекке 
түюге»,  тілек  тілеп,  амандыққа  бел  бууға  серт  қылғандығын  айқындайды.  
Бұл да адалдық пен амандықтың тілекшісі сипатты бір дәстүр болуы мүмкін. 
Біздің  заманымызға  жетпеген  бұл  дәстүрдің    бір  белгісі  тілімізде  кӛрініс 
береді.  Ӛзі  қан  майданда  жүрген  жауынгер  жырау  Доспамбет  «жағдайсыз 
жаман  қалып  бара  жатқандағы»  жағдайын  айта  отырып,    үйдегі  жарының 
мұңын сезінеді, «қалай да белін шешті екен!..» деп уайым жейді. Жыраулар 
поэзиясы үшін мұндай нәзік кӛрініс пен сезімдерді жеткізу — сирек құбылыс.  
Осы  күнгі  тілімізде  қолданылып  жүрген    бір  іске  бет  бұру,    орындауға, 
атқаруға  шешім  қабылдау  ұғымдарында  қолданылып  жүрген  «бел  буу» 
тұрақты тіркесі біз түсіндіріп отырған  дәстүр мен салттан туындауы да әбден 
мүмкін.  
Шалкиіз «Би Темірге  бірінші толғауында»: 
Аспанды бұлт құрсайды — 
Күн жауарға ұқсайды,  
Кӛлдегі қулар шулайды — 
Кӛкшіліден ол айуан 
Соққы  жегенге ұқсайды, 
Кӛп ішінде бір жалғыз 
Кӛп мұңайып жылайды —  
Күйбеңдескен кӛп жаман 
Сӛзі  тигенге  ұқсайды...,  -  деп  толғайды.  Паралеллизм  тәсілімен 
беріліп отырған жалғыздық сарыны. Кӛп ішінде жалғыздыққа қамап отырған 
күйбеңдескен  кӛп  жаманның  сӛзі.  Толғаудағы  күйбең  сӛзінің  мағынасы  да 
әдеттегіден  ӛзгеше.  Күйбеңдеу,  күйбең  тірлік  ұсақтықты  білдіреді.  
«Күйбеңдескен кӛп жаманның» әрекеті де сондай ұсақ.  
Туырлықсыз қара үйге 
Ту байламақ не керек! 
Туғаны жоқ жалғызға 
Кӛп ішінде суырылып, 
Жауға шаппақ не керек! 
Бұл толғауда да «туырлықсыз қара үй» тіркесі  ӛзекті ойға қызмет етіп 
тұр.  Керегенің  сыртынан  жабылатын  киіз,  туырлық  болмаса  үйдің  жылу 


118 
 
сақтамас,  аңғал-саңғал    болғаны.  Оның  үстіне  қара  үй  болса,  тіпті  де 
кішкентай,  жұпыны  болғаны.    Қазақта  үйдің  кереге-қанатына  байланысты 
шаруашылыққа  тігілетін  кӛлемі  шағын  қара  үйден  бастап,  он  екі,  он  сегіз 
қанат  ақ  ордаға  дейінгі  атаулары  кездеседі.  Қара  үй  тіркесі  осы 
ерекшеліктерге  қатысты  қолданыс  тапқан.  Ту  байлау  тіркесі  де  мағыналық 
жағынан  кең  түсіндіруді  керек  етеді.  Осы  айтылғандар  сияқты  сӛздің 
мағынасын тану арқылы автордың ойын айқындау, толғаудың философиялық 
мәнін  ашу  қажеттігі  туындайды.  Сӛздер  мен  сӛз  тіркестерінің  әлеуметтік 
астары,  терең  мағыналары,  философиялық  қабаттары  бар.
   
  Бұл  тек  тілдік 
талдаудың,  герменевтикалық  талдаудың  нәтижесінде  жүзеге  асады. 
Шығармалардағы  таңбаларды,  құпиялы  сӛздерді  түсіндіру  тәсілі  ретінде 
герменевтикалық талдау оқушылардың таным белсенділігін арттырады. 
Әдебиетті  оқытуда  кӛптен  қолданылып  жүрген  талдаудың  бір  түрі  – 
проблемалық  талдау.  К.К.Ахметов:  «проблемалық  талдау  -  оқушының 
танымдық-шығармашылық  қабілетін,  ойлау  белсенділігін  дамытатын,  ӛз 
жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін 
әдістің  бірі»  -деп  атап  кӛрсетеді.  Алайда  әдебиетті  оқыту  әдістемесінде 
проблемалық  талдаудың  бір  жақты  түсіну  басым.  Проблемалы  талдауда  ең 
маңыздысы  проблемалық  сұрақ  пен  проблемалық  жағдаят  туғыза  білу. 
Әдістемелік  мақалалар  мен  әдістемелік  құралдарда  проблемалық  талдаудың 
басты  тетігі  саналатын  проблемалық  сұрақты  жете  түсінбеу  байқалады. 
Әсіресе  оқушыны  ойландыратын  сұрақтардың  барлығын  проблемалыққа 
жатқызу  бар.  Кей  әдіскерлер  бірнеше  жауабы  бар  сұрақты  проблемалық 
деген  ой  білдіреді.    Мысалы,  неліктен  Кӛксерек  ауыл  жағдайына  кӛндіге 
алмады? Бұл сұраққа бірнеше жауап алуға болады. Оқушылардың бірі ауыл 
иттерін  кінәласа,  бірі  ас-судың  ӛзгешелігін  айтуы  мүмкін.  Енді  бірі 
бӛлтіріктің  табиғи  ерекшелігін  айтар.  Бірақ  бұл  сұрақтар  проблемалық 
жағдаят туғызбайды.  Проблемалық жағдайды қолдан жасау да мүмкін емес. 
Әдістемелік  құралдарды  проблемалық  жағдаят  туғызуға  итермелейтін  сұрақ 
түрі  ретінде  «дұрыс  па?»  деген  жадағай  сұрақты  қою  кездеседі.  Мәселен, 
Қ.Бітібаева проблемалық талдау жолдарын айта келіп, жай сұрақ түрлері мен 
проблемалық сипаттағы сұрақ түрлерін ұсынады
1

«Жай сұрақтар: Бақтығұл қандай кейіпкер? Ол неге Жарасбайды барып 
паналайды?  Осы  іс-әрекеті  дұрыс  па?  Бақтығұл  Жарасбайды  неге  ӛлтірді? 
Ұрлық жасауы, кісі ӛлтіруі дұрыс па?» 
«Проблемалық  сипаттағы сұрақтар: Қалай ойлайсыңдар Бақтығұл кім?  
Ол  Сәлмен  мен  Жарасбайдың  «құрбаны»  ма,  әлде  кек  алушы  күрескер  ме? 
Немесе  қорғансыз  сорлы  ма?  Бақтығұлдың  Жарасбайды  ӛлтіруінде 
қылмыстық іс-әрекет бар ма?» 
Әдіскер  мұнан  ӛзге  де  осы  тектес  сұрақтарды  берген.  Байқап 
отырғанымыздай  «жай  сұрақтар»  деп  берілген  анықтамалық  мақсаттағы 
сұрақтарда да, «проблемалық сипаттағы» делінген сұрақтарда да оқушының 
шығармаға тереңдеуден гӛрі ӛз ойымен шектелуіне әкеп соқтыратын «дұрыс 
                                                           
1
 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Рауан, 1997.– 68 б. 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау