А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет40/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103

92 
 
Ӛзін-ӛзі тексеру сҧрақтары мен тапсырмалары: 
1.Қазақ  әдебиетін  оқыту  тарихынан  анықталған  оқытудың  әдіс-тәсілдер 
жүйесінің жіктемесіне сүйене отырып методологиялық карта түзіңіз. 
2.Ресей әдіскер-ғалымдарының әдіс-тәсілдер туралы ойларын саралаңыз. 
3.Қазақ зиялыларының  әдістемелік ойларын саралаңыз. 
4.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі тарихынан белгілі  қандай әдіс-тәсілдерді 
білесің? 
5.Білім  беру  жүйесінде  Ә.Қоңыратбаев,  А.Кӛшімбаев  т.б.  әдіскерлердің  
қандай әдістері белсенді қолданылып жүр? 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Голубков В. В. Методика преподавания литературы. – М., 1962. – С. 69. 
2.Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1985. 
3.Кӛшімбаев А. Қазақ  әдебиетін оқыту методикасы. – А., Мектеп, 1969. 
4.Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. –А., Білім, 2009. 
5.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.– А., Рауан,1997. 
 
Қосымша: 
1.Роткович  Я.А.  Вопросы  преподавания  литературы.  –М.,  Просвещение, 
1965. 
2.Богданов  О.Ю.,  Леонова  С.А.,  Чертова  В.Ф.  Методика  преподавания 
литературы.– Москва, 1999. 
3.Қоңыратбаев  Ә.  Әдебиетті  оқыту  м  етодикасының  очерктері.  ––Алматы, 
1962. 
4.Сембаев Ә. Қазақ совет мектебінің тарихы.– Алматы, 1966. 
5.Қыдыршаев  А.    А.Байтұрсынұлының  әдіскер  ізбасарлары.  Қазақ  тілі  мен 
әдебиеті. 1988, № 2. 
6.Рез  З.Я. Методика преподавания литературы. М., Просвещение, 1985. 
 
ІІ. 3. ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫ КӚРКЕМ ҚАБЫЛДАУ  
ЖОЛДАРЫН ҦЙЫМДАСТЫРУ 
 
1. Оқушылардың  кӛркем  шығарманы  қабылдау  үдерісінде  жас  ерек-
шелік мәселесі. 
2. Қабылдауда оқушылардың типтік ерекшеліктерін есепке алу. 
3. Кӛркем шығарманы қабылдауды ұйымдастыру жолдары. 
4. Кӛркем  шығарманы  мәнерлеп  оқу  –  оны  қабылдау  мен  танытудағы 
алғашқы қадам. 
5. Мәнерлеп оқудың негізгі шарттары,  әдіс-тәсілдері. 
6. Әдебиет  сабағында  кӛркем  шығарманы    қабылдау  мен  талдаудың 
байланысы. 
Оқушылардың көркем шығарманы қабылдау үдерісінде жас ерекше-
лік мәселесі. Кӛркем шығарманы оқушының оқырман ретіндегі қабылдауы – 
оның  ӛміртанымдық,  эмоциялық,  эстетикалық  тәжірибесіне  сүйенетін 


93 
 
күрделі  шығармашылық  үдеріс.  Таным  дүниесінде  кӛркем  шығарманың 
алғашқы  әсері  аса  маңызды.  Кӛркем  шығарма  күрделі  танымдық  жүйе  деп 
қарастырар болсақ, сол жүйеге дендеп бойлау үшін де алғашқы қабылдау аса 
маңызды.  Оқушының  алдағы  кӛзқарасы  мен  танымына,  сезіміне  бірден  бір 
ықпал  ететін  де    кӛрем  әлеммен  алғашқы  қауышу.    Егер  ол  поэзиялық 
шығарма  болса,  композициялық  құрылым  жігін  айқындап,  логикалық, 
психологиялық  екпіндерін  дұрыс  түсіре,  мәнерлеп  оқылған  мәтіннің  ӛзі 
оқушылардың  алғашқы  қабылдауына  ықпал  етіп,  алдағы  түсінік  деңгейін 
жеңілдетеді. Ал прозалық шығарманы оқушының ӛздігінен оқуына ықпал ету 
– мұғалімнің аса жауапты ісі.  
Р.С.  Немов  сӛзімен  айтқанда:    «қабылдау  дегеніміз  –  адамның  сезім 
мүшелеріне  тікелей  әсер  ету  барысында  обьектінің  түрлі  жеке-жеке  қасиет-
терінің  жинақталғанын  танытатын  психикалық  процесс»
1
–  деген  түйіндеме 
жасайды. 
Б.С.Мейлах:  «Қабылдау  деңгейі  әр  факторларға:  оқырманның 
мәдениеті мен білімі, эстеикалық-этикалық тәрбиесіне, психо-физиологиялық 
ерекшеліктеріне,  ӛмір  құбылыстарына  байланысты,  ӛйткені  кӛркем  шығар-
маны  қабылдау  –  тек шығарманың  авторымен  араласу  емес,  жаңа  дүниенің, 
ӛзіңді танудың, ғибрат, ләззат алу мен ӛзіңді тәрбиелеу» дейді
2
 . 
Психолог О.И.Никифорова кӛркем шығарманы қабылдауды үш кезеңге 
бӛледі:  «1    кезең  –  елестеу,  2  кезең  –  идеялық  мазмұнын  түсіну,  3  кезең  – 
кӛркем шығарманың оқырманның жеке тұлғасына әсері»
3
.  
Кӛркем  шығарманы  қабылдау  мен  тану  үдерісіне    бірден-бір  ықпал 
ететін талдау жұмыстары. Кӛптеген әдіскерлер мен психологтар «ӛнертану» 
дегенді талдаудың нәтижесіне балайды. Кӛркем шығарманы түсініп, түйсіну, 
қабылдау үдерісі оқырмандықты қалыптастыру міндеттерінен тысқары емес. 
Оқырмандықты  қалыптастыру  барысында  оқушының  дүниетанымы,  рухани 
әлемі, тұлғалық болмысы дамиды.    
Кӛркем шығарманың оқушы танымы мен қабылдауына ықпалы туралы 
әдебиетші-әдіскерлер  де,  психологтар  да  ӛз  зерттеулерінде  қарастырған 
(В.В.Голубков, 
А.Н.Леонтьев, 
П.М.Якобсон, 
Н.И.Кудряшев, 
О.И.Никифорова, 
Н.О.Корст, 
Н.Д.Молдавская, 
В.Г.Маранцман, 
О.Ю.Богданова).  Оқушының  шығармашылық  қызығушылығын  қалып-
тастыру  мәселелерін  қарастырған  әдістемелік  еңбектер  мен  бай  іс-тәжіри-
белер  де  бар.  Оқушының  кӛркем  шығарманы  түсініп,  түйсінуі,  қабылдауы 
әртүрлі  аспектілерде  қарастырылып  жүр.  Әртүрлі  жанрдағы  шығармаларды 
қабылдау кезеңдері мен негізгі ерекшеліктері, оқырмандық қызығушылықты 
туғызуда  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескеру,  оқушы  танымы  мен  
кӛркем  шығарманы  талдаудың  арақатысы  туралы  А.А.Леонтьева,  З.Я.Рез, 
В.Г.Маранцмана, С.Тілешова, А.Тамаев еңбектерінде қарастырылған.  
                                                           
1
 Немов Р.С. Учебное пособие «Психология».–М., 1990 –32 б. 
2
 Мейлах Б.С. Художественное восприятие.– М., 1971. -19 б. 
3
 Никифорова О.И.  Восприятие художественной литературы школьников. –М., 
1969.– 47 с.
 


94 
 
Кӛркем  шығарманы  қабылдаудың  кӛптеген  ӛзіне  тән  ерекшелігі  бар: 
тұлғаға  тән  сыртқы  ортаны  ӛзіндік  құбылыстары  мен    болмысына  қарай 
қабылдау бар да, ӛнер туындысын кӛркем қабылдау бар. Бұл екеуінің аражігі 
алшақ болмағанымен, кӛркем шығарманы қабылдауда тұтастық, белсенділік, 
шығармашылық  қабілет  пен  әрекеттер  тиімділік  танытады.    Кӛркем 
туындыны  қабылдауда  шығарма    тұтастығы  мен  бӛлігі,  анализ  бен  синтез, 
сезім  мен  таным,  эмоциялық  және  теориялық  байлам,  субъективті  кӛзқарас 
пен    объективті    таным,  репродуктивті  баяндау  мен  ӛзіндік  түсінік  сияқты 
мәселелер  маңызды.  Қабылдау  үдерісі  ӛнердің  бір  түрі  -  кӛркем  шығармаға 
қатысты  болғандықтан,    қабылдаушының    әлемнің  тұтас  бейнесі  туралы, 
сыртқы  болмыс,  жазушы  пайымы  туралы  түсінік  беретінін  ескерген  абзал. 
Сондай-ақ,  оқушы    шығармадағы  адам  ӛмірінің  кӛрінісін,  образ  болмысын 
тану арқылы ӛзін тануға да мүмкіндік алады. Шығарма оқырманның кӛркем 
әлемін,  дүниетанымын  кеңейте  отырып  ӛзіндік  ой  мен  пікірге  баулиды. 
Нәтижесінде  оқырман  кӛркем  шығармадағы  образдар  жүйесінен  ӛз  болмы-
сының  бейнесін  табады.  Кез-келген  талдаудың  негізіне  кӛркем  шығарманы 
алғашқы  қабылдау  жолбасшы  болады.  Егер  шығарманы  кӛркем  қабылдау 
болмаса, шығарма адресатсыз болар еді.  
Отандық 
және 
шетелдік 
психолог-ғалымдардың 
пайымынша 
(Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  О.И.Никифорова,  М.Арнаудов,  Р.Арнхейм) 
кӛркем  қабылдау  шығарманы  санаға    қалыпты  кӛшіру  немесе  қарапайым 
ақпарат  алу  ғана  емес.  Қабылдау  –    қажеттілік  пен  қызығушылықтан  туын-
дап,    әртүрлі  түсінік  пен    қандай  да  бір  әсерге  әкелетін  сананың  белсенді 
қызметі.  
Шығарманы  оқушының  қабылдауы  және  мұғалім  басшылығымен 
шығарманы  оқуы  оқу    үдерісі  болып  есептеледі.  Сол  себепті  оқу  мен 
талдауда шығарманың ӛзіндік ерекшелігімен қатар оны қабылдаудағы оқушы 
ерекшелігін  ескерген    маңызды.  Әсіресе  орта  деңгейдегі  немесе  тӛменгі 
буынды  құрайтын  оқушылардың  ӛміртанымдық  ұғым-түсінігін,  олардың 
жалпы және тікелей сӛз ӛнеріне деген  таным-түсінігі мен қарым-қатынасын 
ескеруді естен шығармаған абзал.  
Әр  жастағы  оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекеттерін  бақылау  мен 
зерттеу  нәтижесінде  бірнеше  тұжырым  жасауымызға  болады.  Мәселен, 
кішірек  жастағы  балаларды  шығарманың  жеке  эпизодтары  қызықтыруы 
мүмкін. Олар кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне бір жақты кесімді пікір айтуға 
жақын  болады.  Кейде  ӛздерінің  сүйікті  кейіпкерінің  іс-әрекетіне  еліктеп, 
оларды жай-күйін бастан кешіргендей болуға бейім келеді.  
Ал,  жасӛсірімдерді  кейіпкерлер  бойындағы  мінез  ерекшеліктері,  адам 
табиғатындағы  тұлғалық  қасиеттер  қызықтыратыны  байқалады.  Кейіпкер 
характерінің  жасалуына,  оның  шындық  ӛмірдегі  адамдарға  ұқсастық  жақта-
рына ден қояды. Шығармадағы кейіпкер тұлғасынан ӛмірдегі адамдар әлемі-
нің  болмысына,  шынайы    құндылықтарға  ойыса    бастайды.  Кейіпкердің 
моральдік бейнесінен ӛмірдегі адамдардың  сипатын тануға бейімделе түседі. 
Кейіпкерлердің  қалыптасу  жолына,  іс-әрекетінің    мотивін    іздеуге    қызығу-
шылықтары артады. 


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау