90
ұғымына қатысты қызықты аңыз түрінде мысал етеді: «...Сократ ӛз
шәкірттерін үйретпеген, оның орнына оларға тек сұрақтар ғана қойып
отырған (атақты маевтика тәсілі). Оның сұрақтарына жауап бере отырып,
шәкірттері ӛз бойларында әу бастан қалыптасқан, бірақ ұмыт болып қалған
білімді есіне түсіріп, бастарынан «суырып» алғандай болған. Бірде тіпті
Сократ сұрақ қою арқылы қол ӛнер шеберінің сауатсыз, хат танымайтын 12-
13 жасар кӛмекшісінің ӛздігімен Фалестің теоремасын («теңбүйірлі
үшбұрыштың табанының бұрыштары бірдей болады») құрастыруына
себепкер болған».
Олай болса, сұрақ қоя білу үлкен ғылымға жолашар, ӛнер екен. «Сұрақ
қоя білу ӛнері сұрақты емес, сұрақтар жүйесі ретінде ӛзіңді таба білуден
басталады. Сұрақ қандай болса, оқушы да сондай. Мұғалім сүреңсіз, нәрсіз
сұрағына оқушыдан жауапты «суырып алып» мұны ӛзімнің
дербес жұмысым
деп санаса, онда ештеңе оңдырмайды. Сыңаржақ сұрақтарға сана мен
кӛңілге ұяламайтын сыңаржақ жауап аламыз», – деген ұтымды ой білдіреді
әдіскер-ғалым И.Н.Ильин
1
.
Сұрақ-жауап әдісі сабақтың бірнеше кезеңінде қолданылады. Үй
тапсырмасын тексеру, жаңа білімді алуға даярлық кезеңі, жаңа білім
қалыптастыру кезеңі, алғашқы тексеру кезеңі, сондай-ақ білімді бекіту
кезеңінде де сұрақ-жауап әдісін еркін қолдануға болады. Сабақтың қай
кезеңінде қолданса да сұрақ-жауап әдісінің тиімділігін арттыратын
сұрақтың қаншалықты дидактиаклық талаптарға қатысты қойылуында
болмақ. Сұрақтар әртүрлі мақсатта қолданылады. Білім ақпаратына дейінгі
оқушы таным, түсінігін анықтау мақсатында, алғашқы ұғым, түсініктерін
анықтау үшін, оқылған мәтін мазмұнының меңгерілуін т.б. мәселелерге
қатысты қолданылып отырады. Сабақтың мақсат, міндеттеріне байланысты
сұрақтарды бірнеше түрге бӛлуге болады. Олар:
1.анықтамалық сұрақтар;
2.талдау сұрақтары;
3.проблемалық сұрақтар;
4.ашық сұрақтар (ойды еркін айту талабы бар сұрақтар);
5.жабық сұрақтар (ойды ӛрбіту қажеттігі жоқ, шешіммен келісу
талабындағы);
6.риторикалық сұрақтар. т.б.
Анықтау сұрақтары кӛбіне «қандай?», «кім?», «қашан» «қалай
түсінесің?», «неге?» т.б. сұрау есімдіктері мен сұраулық шылаулар арқылы
келіп оқу мазмұнын әр қырынан тануға бағытталады.
Ал талдау сұрақтары кӛбіне «неліктен?», «не себепті», «қалай?» т.б.
сұрау есімдіктерімен келіп мәтіннің әр бӛлігін, композициялық құрылымын,
поэтикалық тіл қуаты мен идеялық мазмұнын талдауға бағытталады.
Ашық сұрақтар мен анықтамалық сұрақтар мазмұндас. Екеуінде де
оқушы білімін тексеру, ойын еркін айтқызу талабы болады.
1
Педагоикалық ізденіс.– А., Рауан. 1990.– 245-290 б.