64
калық ойындар т.б. арқылы оқу мазмұны оқушылардың белсенді әрекетінде
игеріледі. Ал қорытынды бӛлім шығармашылық жұмыстарға арналады.
Жаңа оқыту технологиялары бойынша сабақ түрі оқушының білімді
меңгеру үдерісінің құрылымына қарай ұйымдастырылады
1
. Олар:
1.Қабылдау
2.Мәнін түсіну
3.Есте
сақтау
4.Қолдану
5.Қорыту
Әрбір сабақ түрі ӛзіне тән белгілі логикасына қарай құрылады. Оларды
саралар болсақ,
бірінші сабақ типі: «Бастапқы жаңа білімді оқып үйрену
және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері» делінеді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың қабылдау, мәнін түсіну және
бастапқы білімді оқып үйрену, есте сақтау әрекетінің әдіс-тәсілдерін ұйым-
дастыру.
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):
1.Мотивация
2.Оқушылардың оқу-таным түсініктерін ӛзектілеу
кезеңі
3.Оқушы түсінігін
алғаш тексеру кезеңі
4.Алғашқы қайталауды ұйымдастыру кезеңі
5.Талдау кезеңі
6.Рефлексия.
Бұл сабақты кӛбіне дәріс, кино сабақ,
саяхат сабақ, әңгімелесу т.б.
сабақтары түрінде ұйымдастыруға болады.
Екінші сабақ типі: «Оқушы білімін және іс-әрекет тәсілдерін жетіл-
діру» сабақтары.
Сабақтың мақсаты
– білімнің беріктігін орнықтыруды қамтамасыз ету
және іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру.
Сабақ құрылымы (кезеңдері):
1.Мотивация.
2.Жетекші білімді қалыпты және ӛзгерген жағдайда ӛзектілеу, білімді
ӛз бетінше қолдану.
3.Бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау.
4.Түзету.
5.Рефлексия.
Бұл сабақ практикум, семинар сабақ, «ашық ойлар» сабағы, «Брейн-
ринг» ойыны,
тренинг-сабақ, ӛзіндік жұмыс т.б. сабақ түрінде жүзеге асады.
Үшінші сабақ типі: «Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді
қолдану».
1
Управление образовательными системами.
Шамова Т.И., Давыденко Т.М., Шибанова
Г.Н. 4-е изд., стер. - М.: 2007. - 384 с.
66
Жаңа оқыту технологиясымен жүргізілген сабақтың үлгі жоспары.
Қазақ әдебиеті. (7- сынып).
Сабақтың типі: Бастапқы жаңа білімді оқып үйрену және есте сақтау
іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Сабақтың түрі: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»
технологиясына негізделген.
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» ӛлеңі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақын шығармасының идеялық,
кӛркемдік қырларын таныту, ӛлеңнің ерекшелігін, авторлық ұстанымды
таныту. Оқушылардың
кӛркем мәтінмен жұмыс барысында мәтіннің ішкі,
сыртқы композициялық құрылымдар жүйесін, кӛркемдік сипатын
саралай алу
қабілетін, мәтін талдау түрлері мен жолдарына сәйкес сараптамалық жұмыс
қабілеттерін шыңдау. Оқушыларды топтық жұмысқа қатыстыру арқылы,
шығармашылық ынтымақтастыққа, кӛшбасшылыққа, түрлі жағдайларға
икемді және ұтқыр болуға баулу, сезімталдық пен жаңа идеяларды қабыл-
дауға икемділік қабілетін дамыту, білім, білікті мақсатты пайдалана алу қабі-
леттерін шыңдау.
Танымдық міндеттері: 1. «Сыр сандық» сӛзінің тудыратын ұғымдары,
символдық белгілерін тану; 2. Ақынның аллегория арқылы жеткізетін ойын
анықтау: амал достықты мысал ете отырып, адамның ішкі сыры, болмысы,
жан дүниесінің күрделі қатпарларын түсініп, түйсіну үшін шын ниет,
шынайы достық керектігін тану; 3. лирик ақынның адамның ішкі әлемін
танытуда қолданған сӛз образдарын айқындау; 4. ӛлеңнің кӛркем айшықтары
мен композициялық құрылымын тану.
1.
Дамытушылық міндеті: «Сыр сандық» сӛзінің кӛмегімен ой қозғау,
оқушылардың
образды ойлауын дамыту, саралау, талдау,
ойды жинақтай білу
қабілеттерін жетілдіру; шығармашылығын дамыту.
2.
Тәрбиелік міндеті: Лирикалық шығарма арқылы эстетикалық,
әлеуметтік тәрбие беру.
Әдістері: ассоциация, кластер, кубизм, елес жетелеу.
Оқу материалы: 7-сынып Әдебиет оқулығындағы С.Сейфуллиннің
«Сыр сандық» ӛлеңінің мәтіні.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сабақты ұйымдастыру үшін сыныптың ішкі-
сыртқы жағдайын қамтамасыз ету. Студенттерді қарым-қатынасқа психоло-
гиялық жағынан дайындау.
Тақырыпқа қызығушылықты ояту кезеңі: Студенттер жыл мезгіліне
қатысты тӛрт топқа бӛлінеді. Сұрақ
: «Сыр сандық»; «досық»; «тау» «перне»,
сӛздері қандай ассоциация тудырады?
Мағынаны тану: Кластер құру. Идеялық, мағыналық қырларын
қарастыру. Кӛркемдік ерекшеліктерін іздеп, жүйелеу, жинақтау.
Кубизм:
Суреттеңіз – достыққа зәру жанның кӛңіл-күйі мен мінез-құлқын
суреттеңіз.