58
II.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
а) Оқушылардың мәтінмен толықтай таныс екендігін байқау
(анықтамалық сұрақтар қою арқылы).
1.Абайдың сырт келбеті қалай суреттеледі?
2.Абай портретін жасауда автор қандай детальдарды қолданған?
3.Басты кейіпкерлерді атаңыз.
4.Абайдың сырқатынан айығуына себепші болған не?
5.Әжесі Зере Абайға қандай әңгімелер айтты?
6.Зере қандай адам болған?
7.Ауылға кімдер қонаққа келеді?
8.Абайдың неге қызығушылығы оянады?
ә) Мәтінмен жұмыс:
Мәтіннен Абайдың портретін тауып оқытқызу;
Мәтіннен Барлас ақынның Абайға берген батасын тауып оқытқызу.
III. білімді жан-жақты тексеру кезеңі:
а) мәтінге жоспар құру (топ бойынша)
ә) тілдік талдау (түсініксіз сӛздермен жұмыс)
Мүсін - бет әлпет, келбет, пішін;
Рең – шырай;
Қылаң - ақшыл, бозғыл;
Құлан
таза - әбден, мүлде;
Сейілу - айығу, жадырау;
Машық - әдет, дағды;
Пейіл - ниет, ықылас;
Қажау - мазалай беру;
Қан базар - қалың жиын;
Сүле науқас - созылып, айықпаған
ұзақ ауру;
Мәтіннен кӛркемдік құралдарды (теңеу, метафора, эпитет) синонимдік,
антонимдік қатарларды табу.
ІҮ. Оқу материалын қабылдауға даярлық кезеңі:
а) Талдау сұрақтарын беру
1.Ауылға келген қандай қонақтар еді? Олар кімдер?
2.Абай Байкӛкшені алғаш рет қашан және қайдан кӛрген?
3.Мәтіннен Абай мен Барластың
диалогын тауып бер
4.Абайға домбыраны сыйға тартқан кім?
5.Барлас ақын қандай бата берді? Ол батаның Абай үшін маңызы
қандай?
6.Ұлжанның ерекше қасиетін кӛрсететін сӛздерді мәтіннен тауып оқы.
7.Ұлжан ақындарға не үшін ризалығын білдіреді?
8. Ақындармен қоштасардағы Ұлжан әрекетінен оның қандай адам
екенін байқауға болады?
9. Ақын қонақтар кеткеннен кейінгі Абайдың әрекетін баянда.
10. Ақындардың Абайға әсері қандай болды?
11. Мәтінге сүйене отырып кейіпкерлерге мінездеме бер (Зере, Ұлжан,
Барлас)
59
VІ. Оқушылардың түсінуін тексеру, пысықтау кезеңі:
Мәтіндегі фразеологизмдерді табу, синонимдерін, антонимдерін жазу.
Кестемен жұмыс
Фразеологизм
Мәтіннен үзінді
Мағынасы
Синонимі
Антонимі
Пейілін беру
Сондай шеше
әңгімелеріне бар
пейілін беріп
жүрген күндерде
Кӛңіл бӛлу
Құлақ салу,
қызығу
Құлақ аспау,
құлағына
ілмеу
Ішіне бүгу
Білгенін ішіне
бүгіп отыратын
үлкендердей емес
Жасыру
Айтпау,
бүкпелеу,
жария етпеу
Әлемге аян
ету, жариялау
Салмақ салу
Осы жолы Абай
шешесі арқылы
салмақ салып
Сұрау
Бұйымтайы
болу, ӛтіну,
айту
Тілге тиек
етпеу, кӛңіл
бӛлмеу
Пішін білдіру
Ұлжан Барласқа
қарап, бір сӛз
айтатындай пішін
білдірді
Белгі беру
Ымдау,
ишара
білдіру,
сыңай
таныту
Қасқайып
тұру, мұрнына
исі бару
VIІ. Жаңа білімді және іс-әрекеттерді бекіту кезеңі:
Тапсырма: а) Сен Абайға қандай бата берер едің?
ә) Ата-әже, әке-шешелеріңнен қонақты шығарып саларда қандай сый-сияпат
кӛргеніңді жаз.
б) Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтел жаз.
Тестпен жұмыс:
1.Ұлжан ақын қонақтарға қандай сый берді?
а) Шапан жапты б) астарына ат мінгізді
2. Абай тапқан бір ермек дос:
а) атқа отырып ел аралау б) әжесі мен шешесі
3. Барлас кім?
а) күй шабандозы б) әңгіме-жырдың дүкені
4. Әңгіме мазмұнына қандай мақал-мәтел сәйкес келеді?
а) баталы ер арымас б) Құтты қонақ келсе,
қой егіз табады
5. Әңгімеде қандай мәселе сӛз болған?
а) ӛнер-білім алу б) сӛз ӛнерінің құдіреті
6. Абайды ұлылыққа бастаған бұлақ?
а) сӛз ӛнеріне деген қызығушылықтың оянуы б) әкесі Құнанбай
VIII.Үйге тапсырма:
Әңгімеге жоспар құру,
мазмұндау, суретке қарап әңгіме құрастыру.
60
Қорытынды сабақ типінде сабақ жоспары. (10- сынып).
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы бойынша
оқушы білімін саралап қорытындылау.
1.Танымдық міндеттері:
Шортанбай Қанайұлы ақын ретінде, ӛскен ортасы, сол кездегі
қоғамдағы оқиғаларға әсерін таныту;
Ақын жеке тұлға ретінде ӛзіндік пайым, пікірлерінің шығармашы-
лығындағы кӛрінісін таныту;
Қазақ әдебиеті ғылымында Шортанбайдың
алар орнын пайымдау;
«Қазақ» концептісін таныту;
Оқушылар түсінігіндегі «діндар» адамға анықтама беру.
2.Тәрбиелік міндеті:
Ақынның ӛлеңдерін оқыта отырып, шығармадағы еңбек, білім, адам
бойындағы жеке қасиеттерді, яғни отансүйгіштік, ізгілік, адамгершілік қа-
сиеттерді саралап тану. Оқушылар бойындағы еліне, жеріне деген сүйіспен-
шілікті, ақын ӛлеңіндегі сүйіспеншілікпен ұштастыруды кӛздеу. Ақынның
елжанды, ұлтжанды кӛзқарастарын таныта отырып, оқушыларды отаншыл-
дық рухта тәрбиелеу. Саяси идеялық, имандылық тәрбие беру.
3.Дамытушылық міндеті:
Оқушылардың ақын ӛлеңдерінде қамтылған саяси, қоғамдық ӛміріндегі
ӛзгерістер жайында ӛз ойларын еркін жеткізу қабілеттерін дамыту, тіл
байлығын дамыту, іштей ой түюге баулу. Шортанбай поэзиясындағы діни
сӛздерге қатысты түсіндірме сӛздікпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, талдау.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы әдебиет.
Сабақтың кӛрнекілігі: Кесте, қанатты сӛздер, кітаптар кӛрмесі,
интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен оқу үдерісін бастауға даярлық, оқушы зейінін сабаққа
аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Шортанбай Қанайұлының ӛмірі мен шығармашылығы бойынша
оқушылардың алған білімін тексеру. Ш.Қанайұлының шығармашылығынан
берілген тапсырмаларды тексеру. Ш.Қанайұлының заман туралы жазылған
ӛлеңдерінен үзінділерді жатқа сұрау.
"Зар заман", "Бала зары" ӛлеңдерін жаттау.
3. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі: Баяндау әдісімен мынадай мәлі-
мет айтылады:
Сарыарқаның кең жайлауы үйір-үйір жылқы, қоралы қой, қорасы қара
малға ғана толы емес еді, соған қоса, жері құнарлы, егіні бітік, шаруалар