84
5.Кӛркем шығарманы оның сахналық қойылымымен салыстыру;
6.сахналық қойылымға ӛзіндік баға беру;
7.Киноқойылымға, кӛркем ӛнер, бейнелеу ӛнері туындысына, радио-
қойылымға, ӛлкелік зерттеу жұмыстарына баға беру;
8.Оқушы пікірлері, кӛзқарастарының қорытындылары баяндама,
шығарма түрінде, сынып сағаттарында, пікір-сайыстарда айтқан ойлары
арқылы, мектептің әдеби үйірмелері мен қабырға газеттерінде, әдеби жур-
налдарында жазған мақала түрінде кӛрінеді.
Аталған әдіс негізінде тек мұғалімнің басшылығымен ғана оқушы
нақты әдебиеттану ғылымының негізгі әдістерін жете меңгере алады. Зерттеу
әдісінде оқушының шығарманы талдауы жолын меңгеруіне, ӛз пікірін,
кӛзқарасын нақты дәлелмен жеткізуіне кӛп кӛңіл бӛлінеді. Бұл әдіс
оқушылардың кітапхана қорын, кітаптар тізбегін дұрыс пайдаланып, ӛзіне
қажетті кітапты таба білуге, нақты деректі қолдана алуға, ӛзін қызықтырған
материалды тиімді қолдана алуға, оны конспектілеуге, дәйексӛз алу, ӛз
пікірін басқа кӛзқарастармен дәйектей білуге, ӛзінің ауызша, жазбаша
баяндамасын жоспарлай алуға үйретеді.
Эвристикалық әдіс пен зерттеу әдісін дұрыс пайдаланған жағдайда
оның оқушылардың ойлау қабілетін оқу пәні негізінде жұмыс әрекеті мен
білім, білігін жетілдіретіні анық. Дегенмен кеңес мектебі тәжірибесінде
аталған әдістер ӛз дәрежесінде соншалықты жиілікпен жүргізіліп, кӛп нәтиже
берді деуге келе бермейді. Ӛйткені аталған әдістердің ӛзіндік қиындықтары
да жоқ емес. Себебі оқушылардың ӛзіндік білім алып белгілі бір тақырып
тӛңірегінде ізденуіне кӛптеген факторлар кері әсер етеді: біріншіден, жалпы
білім беретін мектептердің уақыт мӛлшері оқушылардың ӛздігінен ізденуіне
мүмкіндік туғызбайды; кейбір тарихи-әдеби деректер ойлану, толғануды
қажет ете бермейді, ал энциклопедиялық еңбектер мен терең ғылыми
еңбектерге оқушыларды бағыттай беру нақты нәтижеге әкеле бермейді.
Мұндай жағдайда ғылыми еңбектерге сүйене отырып дәлелденген мәселе-
лерді оқуды мұғалімнің ӛзі ұсынуы, оқу құралдарындағы материалдарды
меңгеруге жағдай туғызуы керек. Осылайша әдебиетті оқытуда репро-
дуктивті әдісті қолдану қажеттілігі туындайды.
Репродуктивті оқу әдісі. Бұл әдіс бойынша оқушылар білімді мұға-
лімнің сӛзінен, лекциясынан, оқу құралынан, оқулықтан, ғылыми еңбектен,
сыни мақаладан дайын күйінде қабылдайды.
Репродуктивті әдісті догма деуге болмайды, себебі дайын күйіндегі
беріліп отырған материалдың ӛзі жаттанды түрде қабылданбай, саналы түрде
меңгеріледі. Сонымен қатар білімнің беріктігі жаттап алуға ғана байланысты
емес. Оқушылардың ойлау әрекетінің (интенсивтілігіне) ұшқырлығына да
байланысты. Репродуктивті әдісте мұғалім кӛтерілген мәселені әр қырынан
түсіндіре отырып, бұны шешудің әртүрлі жолдарын кӛрсетеді. Сол арқылы
оқушы ойын дамытады. Мұғалім нақты деректерді дайын күйінде ғана
ұсынбай, сонымен қатар оны талдаудың жолдарын да кӛрсетеді. Әңгімелеуші
мәселен, шағын кӛлемді шығарманың, ӛлеңнің не жеке эпизодтың, кӛркем
бейненің талдану үлгісін кӛрсете отырып, талдау жолдары мен әдістеріне
85
баса назар аудартуына, сол арқылы жеке тапсырмалар беруіне болады. Сонда
репродуктивті әдісте тек ақпарат қана беріліп қоймайды, ӛнер мен ғылым-
ның дамуындағы жалпы білім қамтылады.
Репродуктивті әдіске тән тәсілдер:
1.Жазушы ӛмірі мен шығармашылығы туралы мұғалім әңгімесі.
2.Шолу лекциясы.
3.Техникалық құралдарды қолдану, оқулық пен оқу құралы бойынша
тапсырма.
Оқушы әрекеті:
1.Лекцияның жоспары мен конспектсін жазу.
2.Оқулықтан оқыған материал, сыни мақала бойынша конспект, тезист
жазу, жоспар құру, синхронды таблица құру, дайын материал бойынша
баяндама жасау т.б.
Оқушы берілген материалды саналы түрде қабылдап, әр мәселе
тӛңірегінде ойлана алатын болса, аталған әдіс оқушыны кӛп білім қорымен
қаруландыра алады.
Аталған әдістердің қолдануында берілетін оқу материалының мазмұнын
ескеріп, тек тиімдісін ғана қолданған дұрыс.
Лекция әдісі. Лекция әдісі әдебиет пәнін оқытуда жиі қолданылатын
әдістің түрі. Әдіскер-ғалым В.В.Голубков әдістердің қалыптасу тарихын
зерделей келіп, лекция әдісінің ӛткен ХІХ ғ. Ресей гимназияларында, ХХ ғ.
дамытылған мектептерде белсенді қолданылғанын атап ӛтеді. Лекция жоғары
сыныптар мен жоғары мектепте бүгін де белсенді қоланылып жүрген
әдістердің бірі. Лекция әдісі мен лекция сабақ бір-біріне ӛте жақын. Лекция
сабақ — лекция әдісін жетекші орынға алу арқылы ұйымдастырылатын сабақ
түрі. Лекция сабақтарының уақыт кӛлемі ӛтілетін сынып ерекшелігіне
байланысты белгіленеді. Жоғары сынып оқушыларына 20-25, 30-35 минут
лекция әдісін тиімді пайдалануға болады. Лекция әдісінің ӛзіндік
ерекшеліктері мен тәсілдері болады. Лекция әдісінің ӛзіндік талаптары бар.
Лекцияның мақсат, міндеттері:
1.Сабақтың идеялық бағытын қамтамасыз ету;
2.Оқушыларға белгілі бір ғылым саласы бойынша ғылыми ақпаратты
жеткізу;
3.Ғылыми дәйектемелер, негіздемелер арқылы басты ақпаратты
ғылыми кең арнада таныту;
4.Дәрістің эмоциялық қабылдануын қамтамасыз ету;
5.Ойды ретімен жүйелі түрде ұсыну;
6.Басты ойлар мен пікірлерді, кӛзқарастарды ерекшелей кӛрсету;
7.Түсінікті тілмен баяндай білу;
8.Жаңадан ұсынылатын терминдер мен атауларды түсіндіру.
Лекция әдісінің тиімділігі бірнеше факторларға қатысты:
а) материалдың кӛлеміне;
ә) материалдардың мазмұнына;
б) берілетін уақыт кӛлеміне;
в) қойылатын сұрақтарға;
Достарыңызбен бөлісу: |