А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



жүктеу 2,39 Mb.
Pdf просмотр
бет31/103
Дата24.12.2019
өлшемі2,39 Mb.
#24826
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103

72 
 
жалғыз  орыстың  ғана  әдісқойларын  алып  сӛз  қылар  болсақ,  оның  ӛзі 
әлденеше журнал бетін аларлық сӛз болар еді».
1
  
Білім  алу  —  әдістемелік  деңгейдегі  ең  маңызды  әрі  басты  мәселенің 
бірі  болып  саналатындықтан,  оқыту  әдістері  ғылыми  мәселе    ретінде  еш 
уақытта да кез-келген ғылымнан кенже болып кӛрмеген. 
Олай болатын себебі, оқыту әдістері болмаса білім беру мәселелерінің 
жоғарғы  сапаға  ие  болуы,  онсыз  ғылымды  дамыту  мүмкін  болмаған  болар 
еді. Демек оқыту әдістерінсіз ешбір оқу тәрбие процесі, танымдық, тәрбиелік  
әрекеттер жүзеге  аспайтын да еді.  Сондықтан Батыс Европа  дидактиктері 
шығыс    ғалымдары,  орыс  педагогтары  мен    қазақ  әдіскерлерінің  жазған  
еңбектері,    әдістемелік  тәсілдері  қазіргі  таңда  ұсынылып,  қолданылып  келе 
жатқан жаңа әдіс-амалдары оқу-тәрбие  ғылымы саласында ӛз орнын табуда. 
Айталық,    дидактиканың  жалпы  мәселелеріне  байланысты  М.А.Данилов, 
М.Н.Скаткин,  М.И.Махмудов,  И.А.Ларнер,  Б.П.Есипов  секілді  орыс 
дидактиктерінің  еңбектерінде  бұл  мәселелер  жӛнінде    жақсы  пікірлер 
айтылса,  әдебиет  сабақтарының  дидактикалық  астарлары    Н.И.Кудряшев, 
Л.С.Айзерман, О.Ю.Багданова т.б. еңбектерінде кеңінен талданған. 
Оқыту  әдістері  арқылы  мұғалім  таным  қызметіне  басшылық  етеді. 
Бірақ  осы  уақытқа  дейін  оқыту  әдістерін  саралауда  бірізділік  жоқ  екені 
білгілі.  Бұл  тұрғысында  белгілі  педагог-ғалым  Т.А.Ильина  «Педагогика» 
оқулығында  былай  деп  тұжырым  айтады:  «Оқыту  әдістерінде  жақсы  бағдар 
алу  үшін    мұғалім  оларды  белгілі  жүйеде  түсінуі  тиіс.  Алайда  кеңес  
әдіскерлерінің  арасында    осы  күнге  дейін    әдістерді    классификациялау 
тұрғысынан алғанда пікір бірлігі жоқ екенін мойындау қажет болады»
2
).  
Оқу  —  білім  қоғамдық  даму  сатының  маңызды  құралы  болғандықтан 
әр  ғасырдағы  қоғам  және  мәдениет  қайраткерлері,  зерттеуші  ғаламдары 
оқыту  әдістеріне  және  оның  даму  жолдарының  қалыптасуына  сан  қилы 
анықтама  беріп  отырған.  А.Байтұрсыновтың  әдіске  берген  анықтамасында: 
«Әдіс  —  керекшілдіктен  шығатын  нәрсе.  Әдістің  жақсы-жаман  болмағы 
жұмсалатын орынның керек қылуына қарай.  Мәселен, сауаттау әдісін алсақ 
бір жұрттық сауаттау әдісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау 
ісіне  қолайлы  болуға  тиіс  деп  атауға  болмайды.  Екеуінің  тілінің  заңы, 
емлесінің  жүйесі  бірдей  болса,  біріне  қолайлы  болған  әдіс  екіншісіне  де 
қолайлы  болуы  мүмкін  емес.  Егер  де  тілінің  заңы,  емлесінің  немесе  әрпінің 
жүйесі  басқа  болса,  онда  біріне  жақсы  болған  сауаттау  әдісі  екіншісіне  де 
жақсы  болады  деп  ешкім  айта  алмайды».
3
  Абай  Құнанбаев  болса  ӛзінің 
қарасӛзінде  замана  бейіліне  қарай  оқыту,  білім  беру  қағидаларының  да 
ӛзгеріске  түсіп  және  оның  ғылымдар  тарапынан  жетілдіріліп  отырылуы 
қажеттігін  нақты  әрі  ұлағатты  мысалмен  білдіреді:  «Пайғамбарымыз 
саллаллаһу ғалайһи уассәлам «ақырзаман бір жылдық бір күн болар» дегенде 
сахаба и кәримлар (ғылым үйренушілер) «бұл бір жылдық күнде намаз нешеу 
                                                           
1
 Тіл тағлымы,– А. «Ана тілі», 1992. 
2
 Ильина Т.А. Педагогика.– А., Мектеп, 1997. 
3
 Байтұрсынұлы А.Тіл тағлымы.–А.,  Ана тілі, 1992.
 


73 
 
болар»  деп  сұраған  екен.  Сонда:  Оның  пәтуасын  сол  заманның  ғалымдары 
білер  деген  сӛзінен  ғибратланып  қарасаң,  заман  ӛзгерумен  қағидалар 
ӛзгергенін білдіргені мағлұм болады» – дейді
1

Ал  ХІХ  ғасырдағы  оқу–ағарту  саласында  да  оқытудың  тиімді  әдістері 
жайында  халқымыздың  ағартушы-ұстазы  Ыбырай  Алтынсарин  ӛзінің  досы, 
түркітанушы  ғалым  Н.И.Ильминскийге  1864  жылы  жазған  хатында:  «Мен 
балаларды  оқытуға  қойға  шапқан  аш  қасқырдай  ӛте  қызу  кірістім.  Бұл 
балалар да  менің  айызымды қандырып,  небәрі  үш  айдың ішінде  оқи  білетін 
және орысша, татарша жаза білетін болды. Мен әуелі оларға зат есімге ғана 
жататын заттарын үйретемін. Осылардан кейін зат есімді олардың сыны мен 
қосып: «ақ адам» деген сияқты сӛйлемдерді құрып үйретемін. Осыдан кейін 
келіп  самоучительден  сӛйлем  аудартып  үйретемін...  Шәкірттерім  аздап 
орысша  сӛйлей  бастаған  кезде  мен  оларды  осындағы  орыс  балаларымен 
араластырып  жіберемін.  Кейін  парақор  болып  шықпаулары  үшін  оларға 
адамгершілік жағынан  әсер  етуге  де  бар  күшімді салып  отырмын.  Күлсеңіз, 
күле  беріңіз,  мен  кейбір  оқытудан  бос  уақыттарымда  оларға  ресми  түрде 
молда да болып қоямын. Сӛйтіп оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған 
басқа  да  пайдалы  және  түсінікті  әңгімелерді  де  қосып  айтамын»  —  деп 
ұстаздық әдіс-тәжірибесін баяндайды.
2
  
Ы.Алтынсариннің  педагогикалық  жүйесі  алдыңғы  қатарлы  елдердің 
мәдениетінен  үйрену,  ғылымды  халық  мүддесіне  пайдалану  мақсатын 
кӛздеген.  
Ы.Алтынсарин  әдеби  оқу  жүйесін,  әдістемесін  қазақ  тәжірибесіне 
тұңғыш  рет  енгізе  отырып,  тӛрт  түрлі  факторды  бірге  алып  қарастырған. 
Олар:  
1.Материал. 
2.Материалдың берілу тәртібі мен әдістемесі. 
3.Оқушы. 
4.Мұғалім. 
Материал  —  балалардың  жас  ерекшелігіне,  педагогиканың  халықтың 
прогресшіл талаптарына лайық сұрыпталып алынған әдеби шығарма үлгілері 
болуын  кӛздейді.  Әдістемені  қалыптастыру  үшін    әуелі  бағдарлама  құрып, 
оқытудың  мақсат-мазмұнын  айқындау  қажет  болатыны  белгілі.  Дегенмен 
Ы.Алтынсарин  мектебінің  тұсында  мұндай  жағдай  болмағандықтан,  ол 
оқулық-хрестоматия жасауға кіріседі.  
Хрестоматия  жасай  отырып,  Ы.Алтынсарин  тұңғыш  рет  әдебиетті  пән 
ретінде  таныта  білді,  яғни  қазақ  әдістеме  ғылымына  жол  салды.  Хресто-
матияға халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің мазмұнды, мағыналы, ең 
жақсы  үлгілері  енді.  Мәтіндердің    білімдік,  тәрбиелік  және  эстетикалық  
жағы  тұтас  кӛзделді.  Бұл  оқулық  мектепке  ұлт  тілі  мен  ұлт  әдебиетін 
енгізудің жақсы бастамасы болды. 
                                                           
1
 Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы 2 том.– А., Жазушы, 1985.
  
2
 Алтынсарин Ы.  Таңдамалы «Қаз ССР Ғылым академиясы». – А:,

273б.  


жүктеу 2,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау