«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
113
а) Ішкі интерференцияға, яғни тек неміс тілінің өзіне ғана байланысты
қиындықтар. Бұл қиындықтар тобы мынаған байланысты: неміс тілінде
фонемалар саны азырақ. Сондықтан неміс тілі сөздерін естігенде, оларды
ажырататын белгілер де азырақ.
Соның салдарынан жасалу жолы мен
жасалу орны жақын дыбыстарды
бір-бірінен ажырату оқушылар үшін қиынға соғады. Мысалы, неміс
тіліндегі мына дыбыстарды оқушылар жиі шатастырады:
1) дауысты дыбыстар: (o: -u): Ohr – Uhr, zog – Zug: (e: - i:): Leben –
lieben, Legen – liegen; (a - ae): aβ – Eis, Maβ – Mais, was – weiβ т . б.
2) дауыссыз дыбыстар: (b — d): Веіn — dein, Bauren — dauren; (b —g):
В1att — glatt; (p — k): Роsten — Коsten; (t — k: tгаnk — krank т. б [10].
Фонетикалық қиыншылықтар ағылшын тілі мен қазақ тілінің
дыбыстық құрамының айырмашылығында кездеседі. Ағылшын тілінің
дыбыстарын өз тілінің дыбыстарына ұқсатып айтады. Мына сөздерді
қиындықпен айтады:
Worked- wolked, first-fast-forced, lion-line, tired-tide, bought-boat-board.
ә) Неміс, француз тілдерінде тыңдап – түсінуге үйрену барысында
кездесетін қиындықтардың келесі тобы сыртқы интерференция
құбылысымен байланысты, яғни ана тілінің ықпалы нәтижесінде пайда
болатын қиындықтар:
1) неміс тілінде ұяң дауыссыздар қазақ және орыс тіліндегі ұяң
дауыссыздарға қарағанда әлдеқайда қатаң айтылады, соның салдарынан
оқушылар неміс тіліндегі сөзді тыңдап отырғанда ұяң дауыссыздар мен
қатаң дауыссыздарды ажырата алмауы салдарынан сөздің мағынасын қате
түсінеді. Мысалы, Blatt – platt, Wand – fand, Guβ – Kuβ т.б. Ағылшын
тілінде дауыс ырғағындағы айырмашылықтар да түсінуді қиындатады.
Мысалы: Good morning! Ал лексикалық қиындықтарға тоқталсақ: The horse
is slipping. The horse is sleping.
They worked till night. They walked till night. Міне, осындай
сөйлемдерді түсіну өте қиын, сөздерді шатастырады.
2) неміс тілінде дауысты дыбыстардың
қысқа және созылыңқы
айтылуына байланысты сөздің мағынасы өзгеріп отырса, қазақ тілі
мен оқушыларға таныс орыс тілінде дауыстылардың созылыңқылығы
сөз мағынасын ажыратпайды, соның нәтижесінде оқушылар неміс тілінің
қысқа және созылыңқы дауыстыларын ажыратпайды: Kam – Kamm, Ofen –
offen, fehlt – Feld т.б.
3)
жоғарғы курстада студентер көп мағыналы сөздермен,
омонимдермен және омофондармен танысады. Тыңдап – түсіну барысында
бұндай сөздердің мағынасын ажырату оқушыларға едәуір қиындық
келтіреді: immer - әрқашан; барған сайын: immer bereit — әрқашан
дайынмын; Er wird immer gröβer – Ол барған сайын үлкеюде; arm—кедей,
der Arm — білек; schön — көркем, сұлу, schon — әлдеқашан т. б.Аталған
«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
114
қиындықтарды жеңу үшін оқушыларды тыңдап – түсінуге жаттықтыру
керек. Сөйтіп, аудиокітаптар тыңдаушының
сөздік қорын кеңейтумен қатар, оның аудиокітаптарды қолданудың
күтілетін нәтижелер:
1. Аудиокітаптар тілдік дағды мен сауаттылық сапасын көтереді.
2. Аудиокітаптар оқушылардың оқуға деген ықыласын оятып, уақыт
қысқартады.
3. Аудиокітаптер аудиторияға тыңдармандарға тең мүмкіндік
жасайды.
Сондай-ақ аудиокітаптар жете талдап қарауға және негізгісін
ажыратуға үйрететін жаттығулардың маңыздысы болып табылады [22].
Аудиокітаптармен жұмыс әдістемесі кәдімгідей, бірақ, берек жемісі
берекелі. Бастамас бұрын мәтіннің жалпы ұғымын жинақтау керек.
Тыңдаған кезде әрбір сөздің бұлжытпай айтылуына зейін қойю керек.
Қандай да болмасын тексерудің мақсаты — сөз іскерлігінің қалыптасу
деңгейін анықтау және оқушылардың мәтінді қаншалықты толық және дәл
түсінгенін анықтау. Қазіргі таңда Пимслер әдісі бойынша аудиомәтінді
түсінудің мынадай деңгейлерін ажыратады:
фрагментарлы түрде (үстіртін) түсіну деңгейі;
глобалды түрде (жалпы түрде) түсіну деңгейі;
детальды түрде (толық) түсіну деңгейі;
сын көзбен қарау деңгейінде тусіну .
Үстіртін түсіну деңгейі – тыңдап - түсіну қабілетінің I
қалыптаспағандырының куәсі. Студентердің мәтінді қалай, қаншалықты
толық түсінгенін тексеру үшін түсінудің соңғы үш деңгейін тексеру керек.
Студент мәтінді жалпы түрде түсінгенін тексеру үшін мынадай
жаттығулар жасаған жөн:
а) мұғалім мәтіннің мазмұнына сұрақтар қояды да, әр сұраққа өзі екі
жауап ұсынады. Олардың бірі дұрыс жауап, екіншісі қате жауап. Студент
дұрыс
жауапты табуы керек;
ә) мәтінді тыңдағаннан кейін мұғалім үш-төрт сөйлем айтады. Соның
біреуі ғана тыңдаған мәтіннің мазмұнына сәйкес келеді. Студентер осы
сөйлемді табуға тиіс.
Аудиомәтінді толық түсінгенін тексеру үшін мынадай жаттығулар
жасалады:
а) мәтінді тыңдап болған соң, студентерге оның мазмұнын
жазбаша түрде қайталайтын мәтін береміз. Мұнда бірнеше сөздер қалып
қойған (2-3 сөзден 8-10 сөзге дейін). Студентер осы жазбаша мәтінді
оқып отырып, қалып қойған сөздерді қосып, толықтырады;
ә) мұғалім мәтіннің мазмұнына сұрақтар қойып, студентер сол
сұрақтарға жауап береді;