Сборник материалов


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері»



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет58/94
Дата21.12.2019
өлшемі1,36 Mb.
#24742
түріСборник
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   94

«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
130 
 
функционалдылығы, оқушылардың араласуының сипаты мен әр түрлі 
тілдік  құралдардың  жүйесі.  Осының  арқасында  шынайылыққа  адекватты 
оқытудың  жағдайлары  жасалынады,  бұл  қабілеттерді  табысты  меңгеруді 
және  оларды  шынайы  қарым-қатынастың  жағдайында  қолдануды 
қамтамасыз етеді. 
Оқыту  процесінің  ұйымдастырылуының  жүйелілігі  тілді  меңгерудің 
дәрежелігін  білдіреді,  яғни  өзіне  оқу  процесінің  әр  түрлі  деңгейлерін 
кіргізеді: 
1)  оқыту  сатыларының  деңгейі  (бастапқы,  кіші,  орта,  жоғарғы); 
2)  сатылардың  ішінде  анықталатын  оқыту  кезеңдерінің  деңгейі; 
3)  кезеңдердің  деңгейі  (лексикалық,  грамматикалық  қабілеттердің 
қалыптасу сатысы, қабілеттердің жетілдірілу сатысы, қабілеттің дамуының 
сатысы); 
4)  оқыту  деңгейлерінің  сатылары,  олар  олар  сатылардың  ішінде 
анықталады  (орнына  қоюдың,  трансформациялауды,  репродукциялаудың, 
комбинациялаудың  деңгейлері).  Халықаралық қатынастар  мен  бизнес, 
туризм, әлемдік  экономика  мен  саясат,  білім  мен  ғылым  саласы,озық 
технология, құқық пен  мәдениет  салаларының халықаралық аренадағы 
негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр. 
Оқыту процесі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси 
жағдайлармен,  адамдардың  әрекеттері  және  тіршілік  қажеттіліктерімен, 
қазіргі  таңдағы  ғылыми-техникалық  прогрестің  жетістіктерімен  және  күн 
сайын  артып  отырған  оқушы  тұлғасына  қойылатын  талаптармен  де 
терминделеді.  Оқыту  процесі  терең,  берік  және дәл  білім алуға  ұмтылған 
студенттердің таным жолындағы қимылына байланысты. Оқыту процесі – 
бұл  оқытушы  мен  студенттердің  мақсатқа  бағытталған  өзара 
әрекеттесуінің  барысында  студенттерге  білім  беру  міндеттерін  шешу. 
Оқыту  процесі  –  тұтас  педагогикалық  процестің  бір  бөлігі.  Оқыту  екі 
жақты  процесс,  онда  оқытушы  мен  студенттердің  ынтымақтастық  іс-
әрекеттері жүзеге асырылады. 
Интерактивті оқытуда  сабақ өткізу  кезінде  мұғалім  кеңесші,  серіктес 
рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып бірін-бірі қолдау 
толықтыру  арқылы  сұхбат  құруға  үйренеді.  Екі  оқушының  сұхбатына 
үшіншісі  де араласа  алады.  Ол  қарсы  топтың оқушысы  да  болуы  мүмкін. 
Қарсы  топтан  болғандықтан  ол  сұхбатқа  өзінің  сұрағымен  немесе  екі 
оқушының  сұхбатында  айтылмаған  тақырыпқа  қатысты  тың  дерегімен  де 
кіре  алады.  Мұны  полилог  дейді.  Бұл  білім  алуды  жеделдетеді  және 
кездескен қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Интерактивтік әдісі – оқыту 
әдісінің  өзара  қатынасқа  батып  кетуі  (оқушы  белсенділігінің  мұғалім 
белсенділігінен  жоғары  болуы).  Интерактивті  әдіс  –  мұғалім  мен 
оқушының  қарым-қатынасының  мейлінше  артуы.  Бүгінгі  таңда  жаңа 
технологияның  әдіс-тәсілдері  топтамасына  дендеп  енген  интерактивтік 


«Жоғары оқу орындарында көптілді білім берудің өзекті мәселелері» 
аймақтық ғылыми-практикалық конференция, 30 қараша 2018ж. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
131 
 
оқыту әдіскер ғылымдардың назарын өзіне барынша аударып отыр. Себебі 
бұл 
әдіс  оқушының 
бойында 
төмендегідей  әдет  дағдыларды 
қалыптастырады. 
оқушы  өзін-өзі  батыл,  еркін  сезінеді.  Үйреніп  жатқан  пәнге  деген 
қызығушылығы  артады.  Яғни,  өз  қажеттілігі  үшін  үйренуге  ынтасы 
артады; 
өзіне  бөлінген  тақырып  бойынша  сөйлеу  барысында  ойлануға, 
ізденуге,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  тіпті  өзінің  бүкіл  түйсігін, 
сезімін белгілі бір мәселеге жұмылдыруға үйренеді; оқушылар топ болып, 
жұп болып әрекет етуге үйренеді; 
Бұл тәсілмен өткізілген сабақта мұғалім әр оқушыға жеке көңіл бөле 
алады.  Себебі  әрбір  оқушының  жеке  өзіне  ғана  бөлінген  тапсырмасы 
болады. Мұнда әр оқушы өз жұмысының нәтижелі болуын көздейді. Сөйте 
тұра  олар  топ  болып,  жұп  болып  жұмыс  істейтіндіктен  бірлескен 
әрекеттерінің  де  жеткілікті  болуын  мақсат  етеді.  Сондықтан  білімі  төмен 
оқушылар  озат  оқушылардан  кей  жерлерде  тапсырманың  орындалу 
барысынан көмек алса, ал озат оқушылар топтың әрекетте артта қалмауы 
үшін серіктесіне көмек береді. Осылайша интерактивті оқыту оқушыларды 
мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, әрі қызық, 
әрі тиімді. 
Педагогикалық  технология  өзіне  әр  түрлі  ғылыммен  тәжірибенің  әр 
саласында тараған мамандандыру технологияларын біріктіре алады, оларға 
жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық оқулықтар және т.б. жатады. 
Оқыту  технологиясы  –  бұл  жақын  ұғым,  бірақ  “педагогикалық 
технологиямен  тепе-тең  келмейді,  өйткені  ол  педагогикалық  технология 
таңдаған  мәселелер,  тақырып,  пәндерге  белгілі  шеңберде  нақты 
түсініктерді  игерудің  жолдарын  көрсетеді.”  Оқыту  технологиясы 
вариативті  және  жеке  әдістермен  туыстас  болып  келеді.  “Оқыту 
технологиясы”  ұғымын  алғаш  рет  педагогика  ғылымына  егізген 
А.Макаренко, қазір бұл ұғым оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданып жүр. 
Ал  “педагогикалық  технология”  ұғымына  алғаш  рет  жүйелі  зерттеу 
жүргізген  Т.Ильина.  Б.Лехачев  “педагогикалық  технология”  оқу  әдістері 
мен  тәсілдерін  анықтайтын  арнаулы  құралдар  жиынтығы  деп  жазса,  Г. 
Селевконың  түсініктерінде  “педагогикалық  технология”  үш  түрлі 
аспектілермен көрсетіледі. 
оқыту әдістері мен педагогикалық әдістерді жобалау және мазмұндау 
мақсаттарын  талдайтын  әрі  зерттейтін  педагогикалық  ғылымның  бір 
бөлігі; 
оқытудың жоспарланған нәтижеге жету көздері мен әдістері; 
педагогикалық  құралдар  мен  әдістемелік,  аспаптық,  технологиялық 
үрдістерді  жүзеге  асыру.  Г.Селевконың  “қазіргі  заманғы  білім  беру 


жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   94




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау