Методические рекомендации «читательская деятельность школьника»



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет23/127
Дата26.11.2018
өлшемі4,69 Mb.
#24594
түріМетодические рекомендации
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127

52 
 

жеке  ойлау  (ақпаратпен  жұмыс  істеудің  жеке  мәдениетін 
қалыптастырады). 

әлеуметтік ойлау (негізгі өзара әрекеттесу – ойтолғаныс ретінде жұмыс 
жұппен, топпен жүзеге асырылады). 
Негізгі  идея  -  оқушылар  мұғаліммен  белсенді  түрде  жұмыс  істейтін 
оқытудың  атмосферасын  құру  үшін,
 
оқу  үрдісін  саналы  ойланып,  қоршаған 
орта  туралы  сезімдерді  немесе  пікірлерді,  жаңа  идеяларды,  қадағалау  немесе 
кеңейту қажет. 
СТО технологиясының негізі - сабақтың үшбағыттық құрылымында: 
 
Ой шақыру; 
 
Ойлау; 
 
Кері байланыс (рефлексия); 
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы (СТО) - оқу және жазу 
арқылы ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыратын тұтас жүйе.
 
Бұл 
оқушының  қызығушылығын  тудыратын  әртүрлі  тәсілдердің  жиынтығы  (оны 
зерттеуді,  шығармашылық  белсенділікті  ояту  үшін),  содан  кейін  оны 
материалды түсіну үшін жағдайды қамтамасыз етуге және ақырында, алынған 
білімді қорытуға көмектеседі. 
Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясы  (CТО)  бүкіл  әлемдегі 
ғалымдар  мен  мұғалімдер  арасындағы  ынтымақтастықтың  жобасы  болып 
табылады.
 
ХХ  ғасырдың  90  жылында  американдық  ғалымдар  К.Меридит, 
С.Темпл,  Дж.  Стил,  ойлай  білуге  қалай  үйретуге  болады?»  деген  сауалға 
арнайы оқыту әдісі ұсынылды.
 
Ақпаратпен жұмыс істеу, сыныптағы жұмысын 
ұйымдастыру, жобаның авторлары ұсынатын топ,
 

бұл «түйін сөздер», әртүрлі 
сұрақтармен  жұмыс,  белсенді  оқу,  материалдарды  ұйымдастырудың 
графикалық тәсілдері болып табылады. 
Бұл  тәсілдердің  үшфазалы  технологиялық  циклдің  толық  нұсқасы 
контексінде  қолдану:  маңызды  міндет  –  ой  шақыру,  ойлау,  кері  байланыс 
(рефлексия). 
Бірінші  кезең  (фаза)  -  бұл  ой  шақыру.  Бұл  кезеңінде  оқушылардың 
бұрынғы  білімдері  мен  сезімдеріне  әсер  етіп,  жаңа  білімге  мазмұн  қалап, 
болашақта  зерттеу  жүргізуге  күш  алуларына  және  орындалуы  керек 
тапсырмалар  жөніндегі  жеке  және  топтық  түсініктерді  қалыптастыруларына 
көмектеседі.  Қызығушылықты  ояту  –  оқушылар  үшін  сабаққа  қатысудағы 
алғашқы  қадам  болып  табылады.  Олар  өз  еркімен  саналы  түрде  алға 
жылжитындықтарын  немесе  үйретілген  тақырыпқа  енетіндіктеріне  шешім 
қабылдайды.  Сонымен  қатар  оқушылардың  жаңа  идея  мен  мәліметтерді 
үйренуге,  оны  өзіндегі  білім  негізімен  ұштастыруда  іштей  немесе  сырттай 
белсенді болатын-болмайтындықтарын шешуі де алғашқы фазада іске асады. 
Оқушылардың  осы  кезеңдегі  қызметі:
 
оқушы  зерттеп  жатқан  мәселе 
туралы  біледі  (жорамал  жасайды),  оны  оқып  шыққанға  дейін  ақпаратты 
жүйелейді, оған жауап алғысы келетін мәселелерге сұрақтар қойылады. 
Мүмкін әдіс және тәсілдер: 

«белгілі  ақпараттар»  тізімін  құрастыру,  түйін  сөздердің  жорамалын 
әңгімелеу; 


53 
 

материалдарды (графикалық) жүйелеу: кластерлер, кестелер; 

шын және жалған мәлімдемелер; 

шиеленіскен логикалық тізбектер және т.б. 
Қорытынды:  бірінші  кезеңде  алынған  ақпарат  тыңдалады,  жазылады, 
талқыланады, жұмыс жекелей - жұпта - топтарда жүзеге асырылады. 
Екінші кезең (фаза) - мағынаны тану (түсіне білу).  
Бұл  кезеңде  ойлау  мен  үйренуге  бағытталған.  Оқушы  жаңа  ақпаратпен 
танысады,  тақырып  бойынша  жұмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның 
өзін  жұмыс  жасап,  белсенділік  көрсетуіне  жағдай  жасалады.
 
Бұл  кезеңдегі 
оқушының  негізгі  міндеті  –  жаңа  ақпарат  мазмұнымен  айналысып,  жаңа 
идеяның бұрынғы білім мен сенімдерімен байланысқандығы жөнінде хабардар 
болу. Оңтайлы түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа, өз әрекетіне оймен 
қарау, өзінің түсінгенін бақылауына мүмкіндік беру қажет. Жаңа ақпараттарды 
қабылдай отырып, белсенді түрде іс-әрекетті басқаруы қажет. Мағынаны тану 
кезеңінде  оқушылар  жаңа  білімді  бұрынғымен  біріктіре  отырып,  жаңа 
ақпараттың  қолданбалылығы  мен  қолайлылығын  қарастырады,  белгісізден 
белгіліге  қарай  жүретін  ақпарат  пен  идеяның  маңыздылығы  жөнінде  шешім 
қабылдайды.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясының  әдістері  мен  тәсілдері 
оқушының  жұмысын  сақтауға,  оқуды  немесе  тыңдауды  маңызды  етуге 
мүмкіндік береді. 
Мұғалімнің осы кезеңдегі қызметі: жаңа ақпаратпен тікелей жұмыс істей 
отырып,  тақырыпқа  деген  қызығушылықты  сақтау,  «ескіден»  «жаңа»  білімге 
дейін бірте-бірте жетілдіру. 
Оқушының  қызметі:
 
оқушы  мұғалім  ұсынған  белсенді  оқу  әдістерін 
пайдаланып  мәтінді  оқиды  (тыңдайды),  қағаздың  ашық  шетіне  белгі  қойып 
немесе жазбалар жазады, себебі жаңа ақпарат түсінікті болады. 
Мүмкін әдіс және тәсілдер:
 
белсенді оқу әдістері: 
-  «v», «+», «-
»,  «?»  белгішелерін  белгілеу  (олар  оқылған  кезде  оң  жақ 
шетіне орналастырылады); 

қосарлы  күнделіктер,  борт  журналдары  сияқты  түрлі  жазбаларды 
жүргізу; 

сабақтың бірінші бөлімінде қойылған сұрақтарға жауап іздеу және т.б. 
Қорытынды:
 
жаңа ақпаратпен (мәтін, фильм, дәріс, параграф материалы) 
тікелей байланыс бар, жұмыс жеке немесе жұппен жасалады. 
Үшінші  кезең  (фаза)  –
рефлексия  (ой  толғаныс).
 
Бұл  кезеңде  ақпарат 
талданады, түсіндіріледі, шығармашылық өңделеді. 
Мұғалімнің осы кезеңдегі қызметі:
 
оқушыларды түпнұсқалық жазбаларға 
қайтарады  -  ұсыныстар,  өзгертулер,  толықтырулар  енгізеді,  оқылған  ақпарат 
негізінде шығармашылық, ғылыми немесе тәжірибелік тапсырмалар береді. 
Оқушының  қызметі:  оқушылар  «жаңа»  ақпаратты  «ескі»  ақпаратпен 
салыстыра отырып, мәнін түсіну сатысында алынған білімді пайдалана отырып 
салыстырады. 
Мүмкін әдіс және тәсілдер: 

кластерлерді, кестелерді толтыру, ақпарат блоктарының арасында себеп-
салдарлық қатынастарды орнату; 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау