Методические рекомендации «читательская деятельность школьника»



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет19/127
Дата26.11.2018
өлшемі4,69 Mb.
#24594
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127

44 
 
Бірінші  сынып  оқушысы  меңгерген  мұндай  оқу  жылдамдығымен  оған 
шығарманы  оқуға  көп  уақыт  керек.  Балаға  бір-бір  жарым  сағат  өте  қиын 
жұмыс.  Ата-аналар  мынадай  үлкен  қателіктер  жасайды.  Біріншіден,  баланы 
шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын  жояды. Онан 
да  5  минуттан  бірнеше  бөліп  оқытса,  әлдеқайда  тиімді.  Осындай 
жаттығулардың  тиімділігі  бір  сағаттық  жаттығуларға  қарағанда  әлдеқайда 
жоғары. 
2. 
Ызыңдап оқу. Ызыңдап оқу дегеніміз – бұл бір мезгілде дауыстап  
сыныптастарына  кедергі  келтірмес  үшін  күбірлеп,  әрқайсысы  өз 
жылдамдығымен  біреуі  жылдам,  біреуі  баяу  барлық  оқушылардың  оқуы.  
Жаттығу 5 минут жүргізіледі. 
Қазір бұл элементті жалпыға таңылған, көптеген 
мектептерде  қолданады.  Бәлкім,  ызыңдап  оқудың  тиімділігін  сеніммен  айта 
алатын бірде-бір маман жоқ шығар.  Әдетте мұғалім дәстүрлі әдіс барысында 
сабақта оннан артық оқушыдан  сабақ сұрай алады.
 
Бұл жағдайда әрбір баламен 
2 минуттай жұмыс жасай алады. 
 
3. 
Әр  сабақ  сайын  бес  минуттық  оқу.    Бұл  әдіс  Моңғолияның 
мектептерінде қолданылады.  Онда жұмыс істейтін мұғалімдер тобы орыс тілін 
моңғол  балалары  орыс  балаларынан  да  жақсы  оқығанын  айтты.  Бұл 
ыңғайсыздау естіледі және табиғи қызығушылықты тудырды.  Мұнда айрықша 
әдістің  жоқ  екендігі  анықталды:  жай  ғана  партада    әр  баланың  алдында  орыс 
тілінде  кітап  жатады.  Әр  сабақтағы  бес  минуттық  оқу  кезінде  кез  келген 
сабақта  –  әдебиеттік  оқу,  көркем  еңбек,  математика,  қазақ  тілі  балалар  бес 
минут оқиды. Сабақ қосымша кітапты немесе арнайы  дайындалған  кестелерді 
ызыңдап оқу режимінде бес минут оқудан басталады, сосын сабақ ары қарай өз 
қалпымен  жүргізіледі.  Талдап  көрейік,  не  шығады?  Егер    мұғалім  дәстүрлі 
әдіспен  жұмыс  істеп  әдебиеттік  оқу  аптасына  3-4  сабақ  болса,  мұғалім  әрбір 
оқушыны  аптасына  екі  реттен  тексеріп  шыға  алады.  Бұл  ретте  оқушының 
жаттығу үшін аптасына 2- 3 минут уақыты болады.  
Мұндай  деңгейде  балаларды  оқуға  үйрету  екіталай.  Егер  отбасында 
баламен  жұмыс  жасап,  оқуға  үйретсе  жақсы.  Ал  егер  баланың  отбасы  сәтсіз 
болса?  
Бес минуттық оқу не береді. Көрелік. 
Әр  сабақтағы  бес    минуттық  оқуды  қарастырып  көрейік.  Мысалы,  Әр 
сабақта бес минут, әр күні 4 сабақ, аптасына 5 күн бар. Бір апталық жаттығу 100 
минут көлемінде болады.    
Дәстүрлі әдістермен 2-3 минутты салыңыз. Жаттығу уақытынын 50 есеге 
артқаны көрініп тұр.  Мұның бәрі де әдістемелік айласыз жүзеге асады. 
4. 
Ұйықтар  алдындағы  оқу.  Бұл  жақсы  нәтиже  береді.  Өйткені 
соңғы оқиғалар эмоционалды есте сақталып қалады, яғни адам ұйықтағанда, 8 
сағат бойы сол әсерде болады.  
5. 
Аялауыш  тәртіптегі  оқу  (егер  бала  оқуды  ұнатпаса). 
Жеткіншек  бір-екі  жолды  оқиды  және  содан  кейін  қысқа  мерзімге  демалады. 
Мұндай режим бала диафильм қарап отырса қиындықсыз орындалады.   Бала 
кадрдын астындағы 1 – 2 жолды оқып, суретті көреді де демалады.  Содан соң 
келесі  кадрды  солай  үзіп  –  үзіп  оқу  тиімді.  Балалары  оқып-үйренуді 


45 
 
қаламайтын  ата-аналарға  осы  тренингті  ұсыныс  жасауға  болады. 
К
өптеген 
эксперименттер  көрсеткендей,  оқуды  ұнатпайтын  жоғары  сынып  оқушысы  да 
аялауыш оқу арқылы әдеби оқуға үйренуі мүмкін.  
6. 
Жедел жадының дамуы. Мысалы, мынадай көріністі жиі байқауға 
болады:  бала  6-8  сөзден  тұратын  сөйлемді  оқыды.  Ортасына  дейін  жеткенде, 
бірінші  сөзді ұмытып  қалды.  Сондықтан  ол  барлық  сөздерді  біріктіре  алмай, 
сөйлемнің  мағынасын  түсіне  алмайды.  Бұл  жағдайда  жедел  жадыны  дамыту 
үшін қажетті жұмыс істеу керек. 
Бұл  профессор  И.Т.  Федоренко  әзірлеген  және  ұсынған  мәтіндері  бар 
көру  диктанттары  арқылы  жасалады.  Көру  диктанттары  18 құрамнан  тұрады. 
Ерекшелігі:  бірінші  құрамдағы  бірінші  сөйлем-8  әріптен,  он  сегізінші 
құрамдағы соңғы сөйлем-46 әріптен тұрады,  яғни әр  сөйлемдегі  сөз бір әріпке 
көбейіп отырады. Жұмыс жасау уақыты 18 құраммен-2 ай. Бұл мерзім ішінде 
оқушының қабылдауы жақсарады, ол 8-9 сөзден тұратын сөйлемді оқи алады, 
мағынасын түсінеді. Оқу оқушыны қызықтырады, сондықтан оқыту процесі тез 
жүреді 
Көру диктантын қалай өткізеді? 
Тақтада бір топтамадан 6  сөйлем жазылады және олар қағазбен жабылып 
тұрады.  Содан  кейін  оқушылар  шартты  мерзімде  ашылған  бір  сөйлемді 
(сөйлемнің үстіне ілінген қағазды төмен түсіргенде, жазылған сөйлем көрінеді) 
оқи  бастайды  және  оны  есте  сақтауға  тырысады.  Жарықтың  түсірілу  уақыты 
өте аз – барлығы 4-7 секунд. Осы уақыт өткеннен кейін мұғалім сөйлемді өшіріп 
тастайды  және  бұл  сөйлемді  дәптерге  жазуды  ұсынады.  Егер  бір  оқушы 
сөйлемді есте сақтамаса, оны көршісінің дәптерінен оқуды сұрайды.  Қазақ тілі 
сабағында бір топтамадан алты сөйлемге 5-8 минут қажет. Егер біраз оқушылар 
сөйлемдерді  есте  сақтап  жаза  алмаса,  онда  мұғалім  келесі күні  де топтаманы 
қайталайды. Келесі күні  бұл  жағдай  қайталанса,  үшінші  рет  қайталау  қажет, 
төрт күн қатарымен қайталануы да мүмкін. Мәтінді барлық оқушылар өздігінен 
жаза алғаннан кейін, келесі топтамаға көшуге болады. 
Орташа  әр  топтамаға  3  күн,  18  топтамаға  54  күн,  екі  ай  көлеміндегі 
уақыткетеді. Екі ай ішінде жедел жадты дамытуға мүмкіндік бар. Бұл шартты 
міндетті түрде сақтау керек. Көру диктанты күнде жазылуы қажет. Егер күн 
ара жазылса, онда мұндай жаттығу жедел жадты дамытпайды. Егер екі күн не 
болмаса үш күннен кейін жазылса, ол ешқандай нәтиже бермейді. 
Әлбетте,  жаттығу  жұмыстары  бір  айдан  кейін  оқылымға  үйретуде 
алғашқы  нәтижелерін  береді:  оқушылар  сөйлемнің  мағынасын  жылдамырақ 
ұғынады,  ынталана  оқиды. 
Егер  сөйлем  сабақ  тақырыбына  сай  келмесе,  оны 
әріп саны бірдей  сөйлеммен өзгертуге болады. 
Диктант  мәтінін  параққа  жазамыз.  Парақтар  тексерілмейді  де,  өзіне 
қайтарылмайды. Жұмысты қарап шықса болғаны. 
Сонымен  қатар,  негізгі  мндеттерімен  қатар    тәрбие  беретін  орыс 
халқының    мақал-мәтелдеріне  негізделген  И.  Т.  Федоренконың  көру 
диктанттарын    мақсатты  береді.  (Я.В.  және  В.С.Беспаловтар  құрастырған). 
Мақал-мәтелдер  әділдікке,  батылдыққа,  еңбекқорлыққа,  қайырымдылыққа 
тәрбиелейді. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау