Методические рекомендации «читательская деятельность школьника»



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет22/127
Дата26.11.2018
өлшемі4,69 Mb.
#24594
түріМетодические рекомендации
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127

50 
 
Келесі  кезеңде  оқушылардың  мүмкіндіктерінің  артуы,  көлемді,  оқиға 
желісі  жетілген  шығармаларды  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Күнделікті 
минутына бір сөзге арттыру арқылы дыбыстық бағдар қарқын алады, бұл алға 
жылжу тенденциясын қалып тастырады. 
Бұл  жерде  алдыңғы  сыртқыдан  ішкіге  ауысу  байқалады:  айтылумен 
қатар мұғалімнің бір мезгілде мәтін бойынша меңзеп отыруы – сұқ саусақпен 
жолды  жүргізіп  отыру  –  өз  бетінше  көзбен  жүргізіп  оқу  –  «орталық»  көруін 
жолдан ажырату және үдерісті ерікті деңгейге дейін автоматтандыру. Мәтіннің 
айтылу  жылдамдығы  күнделікті  минутына  бір  сөзге  артып  отырады және  бұл 
кезеңнің аяғында минутына 50-ден 70 сөзге дейін құрайды. 
Енді оқушыға диктормен қосылып, сыбырлап оқуды ұсынамыз. Бірақ абай 
болу қажет! Мұндай тапсырманы дәйекті түрде жекелеген оқушыларға ұсынуға 
болады, ерікті – кітаптағы мәтінді қиындықсыз жүргізіп оқи алатын. Мұғалім 
осы  жаттығуды  орындауға  дайын  әрбір  білім  алушының  қасына  кезегімен 
барады,  оларды  бір-екі  минуттың  көлемінде  тыңдайды.  Мысалы,  мұғалім 
оқушының  қасына  жақындап,  қолын  иығына  қояды,  бұл  дикторға  қосылып 
дауысын шығарып оқуға болатынын білдіреді. Неғұрлым баяу болса, жақсырақ 
болады – оқып отырып басқаларға кедергі келтірмейді. 
Басында  оқушы  диктормен    бірге  тек  жекелеген  сөздерді  ғана  қосылып 
айта  алады.  Сөзді  диктормен  бірге  айту  үшін,  графикалық  және  айтылып 
жатқан мәтінді теңдестіріп қана қоймай, сонымен бірге, диктор айтқанға дейін, 
өз  бетінше  сөздің  артикуляциялық  моделін  қалыптастыра  алуы  керек,  бұл 
жағдай,  айтылып  жатқан  мәтіннен  көзбен  жүргізіп  оқу  озып  отырғанда  ғана 
мүмкін болады. Басқаша айтқанда, қарапайым формадағы өз бетінше оқу пайда 
болады – графикалық  бейненің  негізінде сөздің артикуляциялық моделін қайта 
қалпына келтіру. 
Бұл тәсілді қолдану өте нақты және шектеулі функцияны жүзеге асырады 
– 
хабарламаның  артикуляциялық    формасын    қалпына    келтіру  қабілетін 
көрсетеді  және  соған  ынталандырады.  Оқушы  өзінің  қабілеттілігін 
көрсеткеннен кейін,  жұмыстың бұл түрі тез арада тоқтатылады. 
Жұмыстың бұл түрі мен бұл кезеңдерінің мерзімі, әрбір бала үшін жеке, 
әрі қатаң сақталады, жаттықтыру түрінде болмауы қажет. Бұл қатаң талап. Бұл 
жаттығумен  әуестену  артикуляциялық  автоматизмнің  бекуіне  алып  келеді, 
оқуды  дамытуды  ақпараттық  үдеріс  ретінде  қабылдауға  барынша  кедергі 
келтіреді. 
Мына  нәрсеге  назар  аудару  қажет,  үлгерімі  нашар  білім  алушылар 
күштілердің  алға  жылжуына  кедергі  келтірмейді,  ал  күштілер  қалыс  келе 
жатқандардың сәтсіздігін көрсететін жағдай туғызбайды – барлығы өте қауырт: 
қызықты  оқиға  желісі,  магнитофон  үнемі  жұмыс  ритмін  ұстап  тұрады,  қалыс 
келе жатқандар мазмұнды жеткілікті жақсы түсінеді, бұл оларға оны белсенді 
зерделеуге,  түсінуін  бағалауда  табысты  болуға,  бағамдауға  мүмкіндік  береді, 
мұғалімнің әрқайсына көңіл бөлуге уақыты болады. 
Оқуға ауысу – «меңгеру». Оқушылардың үштен екісі мәтінді диктормен 
бірге дыбыстай алатын деңгейге жеткеннен бастап, яғни өздігінен оқи алатын, 


51 
 
дыбысталатын мәтіннің жылдамдығын минутына 120 сөзге жеткізу қажет және 
күніне бір сөзге арттырып отыру керек. 
Бақылау  барысында  барлығы  үлгеріп  отырғаны  байқалса  –  жылдамдық 
өте  баяу.  Егер  төрт  немесе  бес  оқушыда  қиындықтар  кездессе,  қалыпты  деп 
саналады.  Оларға  үнемі  көмектесе  отырып,  мұғалім  өзінің  назарын  осы 
оқушыларға  аударады.  Егер  оқушы  мәтіндегі  керекті  жерін  жоғалтып  алса, 
жағдайды күрделендірмей, тез арада  көрсетіп  жіберіп  және   оның  талабына 
қолдау  көрсету  қажет.  Оқушының  қолын  өз  қолыңа  алып,  үлгеріп  отыруға 
көмектесуге  болады  немесе  парталас  көршісінің  кітабына  қарап,  өз  бетінше 
қиындықтан тез шығудың жолдарын көрсету қажет және т.б. 
Алғашқы кезде назардың барлығы дыбысталатын сөзге тура бағытталады, 
кейін  сатылап  ауқымды  дәрежедегі  перифериялық  көру  шеңберіне  ауысады. 
Ақпараттық бөліктерге бөліп оқудың психофизикалық негізі қалыптасады. 
Оқушыны  сөздердің  мағынасын  ажыратудың  қиындықтарынан  алып 
шыққаннан  кейін,  мағынасы  белгілі  сөздер  мен  дайын  артикуляциялық 
моделді  графикамен  байланыстыру  мәселесі  туындайды,  таныс  сөздердің 
сөздігі жылдам қалыптаса бастайды – мағынасы бірден еске түсетін сөздер.  
Біздің    жаттығуларымыздың  бірегей  жетістіктерінің  бірі  -  динамикалық 
әңгімелерді  «ми  орталығымен»    емес,  «тараптық»  көздер  арқылы  да  көбірек 
қабылдай алуымызда. Адам ойланбаған жағдайда, ішкі түйсікке жол береді. Бұл 
қиялға ерік беру болып табылады. Одаң ары белгілі, ескі әдетінше  бөтелкеден 
«мейірімді жын» шыға келеді ... 
 
3. 
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  технологиясының  негізгі 
ережелері. 
Бұл  білім  беру  технологиясының  мақсаты  -  оқуға  ғана  емес,  сонымен 
қатар  кәдімгі  өмірге  қажет  оқушылардың  ойлау  дағдыларын  дамыту 
(бұл 
ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі, ақпаратты алу ғана емес, 
сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу 
арқылы қолдану). 
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  бұл  алынған  нәтижелерді  стандарттық  және 
стандарттық  емес  жағдайларда  сұрақтар  мен  мәселелер  туындағанда 
қолданылатын  логикалық  және  тұлғалық-психологиялық  тәсілмен  ақпаратты 
талдау  қабілеттілігі.  Бұл  жаңа  мәселелер  қойып,  әртүрлі  дәлелдер  келтіріп, 
ойластырылған дербес шешімдерді қабылдау қабілеттілігі. 
Сын тұрғысынан ойлау белгілері: 

үйрету  мен  үйрену  бірлігінен,  үйренудің  қызығушылығынан  тұратын, 
үйренушінің сеніміне негізделген құрылым; 

күрделі  мәселелерді  шешуге,  аса  маңызды,  жауапты  шешімдер 
қабылдауға құштарлық; 

ой елегінен өткізу арқылы ойын дәлелдеу (сенімді дәлелдер ойластырған 
шешімдер жасауға мүмкіндік береді) 

көп қырлы ойлау (түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге) 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау