Методические рекомендации «читательская деятельность школьника»



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет30/127
Дата26.11.2018
өлшемі4,69 Mb.
#24594
түріМетодические рекомендации
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127

68 
 
Ф.В.  Вормсбехер  мен  В.А..  Кабин  тек  көзбен  оқуды  ұсынады.  Сөйлеу 
моторы  мен  есту  аппараттарын  (құлақ,  тіл,  тамшақ,  ерні)  айналып  өтетін 
оқырман миға графикалық ақпаратты тек көрнекі анализатор арқылы жібереді.  
 
«Сағатына  100  бет»  кітабының  авторлары  көз  кеңістігінің  кеңеюіне 
байланысты,  «артық»  ақпаратты  «сүзгіден»  өткізуге  мүмкіндік  беретін 
комплексті оқудан тек көз арқылы оқуға көшу (ішкі айтылуды, артикуляцияны 
тоқтату) негізгі резерв саналады - деп жазады, 
Динамикалық оқу   – уақыт талабы. Динамикалық оқуды меңгеру көбірек  
білім,  тәжірибе  алуға,  білімді  болуға,  шығармашылық  қабілетін  дамытуға, 
сөздік қорын байытуға мүмкіндік береді. 
 
«Сағатына  100  бет»  кітабының  авторлары  уақытқа  бағдарлап  мақсатты 
динамикалық оқу кезінде жады мен оқырманның жалпы психологиялық көңіл-
күйін жақсаратындықтан оқығанды меңгеруі 20-25% -ға арта бастайды. 
20-
шы ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап әртүрлі елдердің ғалымдары 
шапшаң  оқу  мәселесімен  айналыса  бастады.  Бұл  мәселеге  АҚШ-та  ерекше 
көңіл  бөлінді.  Алғашқы  курстар  Гарвард  университетінде  ұйымдастырылды. 
Одан  кейін  бизнесмендер,  саясаткерлер,  журналистер,  әкімшілер  қызыға 
бастады[15]. 
Шапшаң  оқу  дағдыларын  дамытқанға  дейін,  авторлар  мыналарды 
анықтауға кеңес береді: 
1. Бастапқы оқу жылдамдығы; 
2. Оқу мөлшерінің пайызы, 
3. Тиімді оқудың коэффициенті. 
«Мен білемін, бірақ қазір есімде жоқ» «Мен тіпті ұмыттым», «Басымнан 
шығып кетті», «Азырақ күтіңіз, есіме түсірейін»-деген сөздерді біз қаншалықты 
жиі  естиміз.  Бұл  ақпараттың  қабылданған,  ақпарат  жадында  сақталғаннан 
кейінгі жағдайлар. Бірақ ешқандай шығыс жоқ, еске алу жоқ! Уақытында еске 
алынбайтын  мұндай  ақпарат  пайдасыз,  оны  өмірлік  тәжірибеде  қолдануға 
болмайды. 
  
Ақпаратты  есте ұзақ сақтау үшін сыни кезең қажет. Бұл әр адам үшін 
ерекше және әртүрлі жағдайларда өзгешеленеді. 
Өңдеу процесінде ақпарат тек есте сақталып қоймай, сонымен қатар 
белгілі бір тәртіпке келеді, осылайша тез еске түсіруді қамтамасыз ететіндей ми 
қыртысында жақсы сақталады. 
Кез  келген  уақытта  ақпаратты  еске  түсіріп,  өмірде  пайдалану  үшін 
мыналарды ұсынамыз: 
1. Алынған ақпараттарды логикалық өңдеуді әдетке айналдыру. Оқуды 
қайталамаңыз, бірақ оқығаныңызды ақылмен өңдеңіз. 
2. Мәтін бойынша жұмыс істеу әдістерін үнемі өзгертіңіз: қарапайым 
ойлаудан бастап  мәтін мазмұнын сыни талдап, пікір жазуға дейін. 
3. Оқығаңынызды әлісін-әлсін ойға алыңыз. Ақпаратты төрт реттік 
логикалық өңдеу көбірек әсерлі болады: 
Біріншісі - оқудан кейін; 
Екінші - 20-30 минут арқылы, бірақ 3 тәуліктен кешіктірмей; 
Төртінші - 3 апта арқылы, бірақ 3 айдан кешіктірмей. 


69 
 
Бұл  тамаша  схема.  Әдетте  өмірде  біз  оны  байқамаймыз.  Бірақ  бірінші 
және  екінші  өңдеуді  жасау  керек.  Егер  бұл  болмаса,  ақпарат  із  қалдырмай 
жойылуы мүмкін. Адамның басында екі күннен соң тек 16% ғана қалады . 
Ұмытшақтық- әдетте, ішкі үйлесімсіздіктің, ойшылдықтың бәсеңдігінен, 
ақпараттың  жеткіліксіз  немесе  толыққанды  өңделмеуінің  нәтижесі  болып 
табылады [34]. 
 
ДИНАМИКАЛЫҚ ОҚУ (В.А.Бородина,  С.М.Бородин бойынша) 
«Оқуды .... үйренеміз: динамикалық оқу сабақтары» кітабының авторлары 
В.А.  Бородина,  С.М.  Бородиндер  оқырмандармен  жұмыс  істеген  көптеген 
жылдар  бойғы  тәжірибелер  негізінде  динамикалық  оқуды  үйрену  әдісін 
жасады,  бұл  тәжірибе  ұзаққа  созылды.  Авторлардың  пікірінше,  бұл  әдістің 
қолданылуы оқушылардың өнімділігін орташа алғанда екі-үш есеге арттырады. 
Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша авторлар адамның оқу үдерісі, 
оны  ұйымдастыру  барысында  қабылдау  барысында  адамның  психологиялық  
мүмкіндіктері, есте сақтау, ойлау, көңіл бөлу туралы қызықты деректер алды. 
«Оқуды .... үйренеміз: динамикалық оқу сабақтары» кітабының авторлары 
динамикалық оқуға үйрету әдісінің негізгі қағидаларын айқындайды, қабылдау, 
ойлау, көңіл бөлу, есте сақтау және сөздік қорын жақсарту бойынша ұсыныстар 
береді. Авторлар динамикалық оқуды «оқырмандардың дағдыларын жан-жақты 
дамытуға ықпал ететін мақсатты, жоғары өнімді, белсенді, икемді және дамып 
келе  жатқан  оқу  түрі,  оқу  дағдыларын  әрі  қарай  жүйелі  түрде  жақсарту  үшін 
жақсы негіз жасайтын оқу түрі» ретінде анықтады. 
Бәрі де оқи алғанымен, екінің бірі өнімді оқи алмайды.  
Динамикалық оқуды меңгеру сізге көбірек білім, тәжірибе алу, тәжірибелі 
адам  болу,  шығармашылық  қабілеттерді  дамыту  және  сөздік  қорды  байытуға 
мүмкіндік береді [В.А. Бородина, С.М. Бородин, 6]. 
Белгілі  болғандай,  кез-келген  оқыту  бағдарламасы  оны  меңгеру 
нормаларын ескере отырып салынған.  
Осылайша, оқу дегеніміз барлық көрсеткіштер бойынша білім беру мен 
өзін-өзі  оқытудың  барлық  салаларында  сандық  және  сапалық  көрсеткіштері 
оқырманның  әрбір  санатына  сәйкес  келетінін  ескере  отырып  ғылыми-
негізделген ақыл – ой жұмысы болып табылды.  
Оқуды  шапшаңдықпен  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқуды  меңгеру 
коэффициентімен, өнімділігімен және оқудың қалыпты өнімділігімен өлшеуге 
болады. 
Оқу жылдамдығы – анықталаған уақыт ішінде оқылған мәтіннің көлемі. 
Мәтін  көлемі  беттермен,  сөздермен,  буындармен,  белгілермен  анықталады. 
Уақыт  минутпен,  секундпен,  сағатпен  есептеледі.  Көбінесе  уақыт  бірлігі  бір 
минутта  оқылатын  сөз  санын  есептеу  арқылы  оқу  жылдамдығын  анықтауға 
көмектеседі. 
Меңгеру  коэффициенті  –  меңгерілген  мәтін  мазмұнының  саны.  Ол 
мәтінді түсінуді және есте сақтауды қамтиды. Меңгеру коэффициенті пайызбен 
немесе  бірлік  үлесімен  өлшенеді  және  меңгерілген  материалдың  жалпы 
мазмұнға  қатынасы  100%  немесе  бірлік  ретінде  қабылданғаны  анықталады. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау